14
01 / 2020

ЖЕҢІС АУЫЛ ОКРУГІ ӘКІМІ М.ТӨРЕЕВТЫҢ «2019 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ 2020 ЖЫЛҒА АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР ТУРАЛЫ» БАЯНДАМАСЫНЫҢ ТЕЗИСІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” деген тақырыппен халыққа жолдауы мақаласын түсіндіру, насихаттау әрі оны жүзеге асыру мақсатында ауыл округінің көрнекі жерлеріне 1 билборд және мемлекеттік мекемелерде бұрыштамалар ілінді. Ауыл тұрғындарымен 5 кездесу өткізілді.

2019 жылға Жеңіс ауыл округі әкімі аппаратына бюджеттен 90 млн. 942 мың теңге қаралып, толығымен игерілді.

Жер салығы -266, мүлік – 244 мың теңге, көлік -2683 теңге. Жергілікті өзін-өзі басқару функциялары бойынша салық түріне жатпайтын түсімдер – 90 мың теңге.

Ауыл округінің негізгі саласының бірі – ауыл шаруашылығы. Ауыл тұрғындары ауыл шаруашылық саласы, оның ішінде егін және мал шаруашылығымен айналысады.

Ауыл округінде егін шаруашылығымен айналысатын 13 заңды тұлға, оның ішінде 1 өндірістік кооператив,12 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 290 шаруа қожалығы жұмыс істейді.

«Агроөнеркәсіп кешенін 2017-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы» аясында үш жақты келісім-шарт бойынша тапсырма 3 736 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланса, нақты 3 736 га жерге егіліп, тапсырма 100  пайызға орындалды.

Тамшылатып суару әдісін енгізу тапсырмасы 40 га, нақты орындалғаны 40 га, яғни 100 пайызға орындалды.

Техниканы жаңарту бойынша 3  жаңа техника алу жоспарланған, нақты 5 жаңа техника алынып, жоспар 120 пайыз болды.

Суармалы жердің көлемін ұлғайту тапсырмасы 157 га болса, нақты 126,7 га суармалы жер ұлғайтылып, тапсырма 80,7 пайызға орындалды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша нақты тапсырма берілмеген, алайда  90  ірі қара малға 3 асыл тұқымды бұқа алынды.

«Құлан» бағдарламасы бойынша 30 жылқы алуға тапсырма берілсе, 31 жылқы алынып, тапсырма 103,3 пайызға жетті.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 100  ұсақ мал алу тапсырма берілсе, 450 ұсақ мал алынып,  350  ұсақ малға артық алынды.

10-15 бастық шағын мал бордақылау алаңдарын құру тапсырмасы бойынша нақты ауыл округінде 10 мал бордақылау алаңдары ашылып, жұмыс істеуде.

2019 жылға 3 мал бордақылау алаңдарын ашу жоспарланса, нақты – 3, яғни 100 пайыз орындалып отыр.

1 шағын жанұялық сүт фермаларын салу жоспарланған еді. Бұл көрсеткіште 100 пайызға орындалды.

Жүзім шаруашылығын дамытуға тапсырма 10 га болса, тапсырма  орындалмады.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 424 тонна жеңілдікпен берілетін жанар-жағар май, 210 тонна минералды тыңайтқыш толығымен алынды.

300 млн. теңге инвестиция тарту белгіленсе,  145 млн. 157 мың теңгесі орындалған.

Агроөнеркәсіптік кешеннің электрондық қорлары (ресурстары) және ақпараттық жүйелеріне Жеңіс ауыл округінен 3392 га жерді  енгізу белгіленсе, нақты 3782,4 гектар енгізіліп, тапсырма 111 пайызға орындалды. Жайылымдық жер көлемі бойынша жоспар 3 923 га болып белгіленсе, нақты 2 893,9 га жайылымдық жер көлемі енгізіліп, тапсырма 77,1 пайыз болды.

1 малды қолдан ұрықтандыру бекеті, 1 мал өлекселерін тастайтын «Беккери» шұңқыры және 1 мал тоғытатын купка бар. Жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар егу 100 пайызға орындалды.

21 шағын және орта кәсіпкерлік нысанда 34 адам жұмыспен қамтылған. Мал бордақылау алаңын ашқан 12 жеке кәсіпкер, 1 шаруа қожалық жұмыс істейді.

Ауыз суды тұтынатын 381 үйге тәулігіне 24 сағат ауыз су берілуде. 381 үйдің су есептегіш құралдарының 267-і  ауыстырылды.

Көгалдандыру-абаттандыру бағдарламасына сәйкес 18 сенбілік пен тазалық күндері өткізіліп, ауыл орталығындағы 13 көше күл-қоқыстан тазартылды. Көктемде 2 000 түп, күзде 200 жеміс ағаш көшеттері отырғызылды.

Аудандық бюджеттен ағымдағы жылы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы 21 500 мың теңгеге ұзындығы 1520 метрді құрайтын Ө.Жәнібеков және Арыстанбап көшелеріне ағымдағы жөндеу (асфальт салу), қосымша осы мердігер тарапынан ұзындығы 530 метрді құрайтын Жамбыл көшесіне тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Бұхар жырау, Түркістан көшелерінің 1,5 шақырымына тас төселді.

Бестам аумағына 1 жаңа трансформатор қойылды және Арыстанбаб көшесі бойындағы ауызсу мұнарасы аймағында жаңа трансформатор қойылды. Жеңіс ауылындағы Ө.Жәнібеков көшесі бойындағы – 7, М.Әуезов көшесі бойындағы – 5, С.Қожанов көшесі бойындағы 12 дана көше жарықтандыру құралдары ауыстырылды.     Б.Момышұлы, Ө. Жәнібеков, М.Шохай, Арыстанбап көшелеріне 11 данадан барлығы 33 дана көше жарықтары орнатылды.

136 отбасы жаңа формат бойынша атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдіріп, тағайындалған 85 отбасына (514 адам) 59 млн. 667 мың 800 теңге бөлініп, оның ішінде 11 отбасының 61 адамына шартсыз көмек алуға 8 млн. 331 мың 500 теңге. 74 отбасының (453 адам) шартты түрде көмек алуға 51 млн. 336 мың 300 теңге жеке есеп шоттарына аударылды.

Ө.Тұрманжанов атындағы жалпы орта мектепте 595 оқушы екі аусымда білім алуда. Ауыл округінде 1 мемлекеттік «Қызғалдақ» бала бақшасында 6-топта 120 бала тәрбиеленуде.

Ауыл округінде 1-дәрігерлік емхана, 1-фельдшерлік акушерлік бекет халыққа қызмет көрсетуде.

14 спорттық іс-шарар ұйымдастырылып, оған 550 адам тартылды. Ауыл округінде 1 спорттық нысан бар.

Сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілді. Ауылдарда арнайы мал ұрлығының алдын алу, жастар тәрбиесі, нашақорлық және есерткі бизнесінің алдын алу және тағы басқа өзекті мәселелер тақырыптары бойынша 6 рет жиналыс пен кездесу ұйымдастырылды. 2019 жылы тіркелген қылмыстар жоқ.