14
01 / 2020

ТӨРТКҮЛ АУЫЛ ОКРУГІ ӘКІМІ Ө.МҰХТАРХАННЫҢ «2019 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ 2020 ЖЫЛҒА АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР ТУРАЛЫ» БАЯНДАМАСЫНЫҢ ТЕЗИСІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Жолдауын түсіндіру, насихаттау және жүзеге асыру мақсатында ауыл округінің көрнекі жерлеріне 1 билборд және мемлекеттік мекемелерде бұрыштамалар ілінді. Ауыл тұрғында­рымен 10 кездесу өткізілді.

2019 жылға Төрткүл ауыл округі әкімі аппаратына бюджеттен        151 млн. 235 мың теңге қаралып, толығымен игерілді.

Жер салығы – 1 млн. 704 мың теңге, мүлік – 1 млн. 754 мың теңге, көлік – 15 млн. 058 мың теңге. Жергілікті өзін-өзі басқару функциялары бойынша жеке және заңды тұлғалардың ерікті алымдары жоспары – 445 мың теңге, яғни 100 пайызға, сыртқы (көрнекті) жарнаманы орналастырғаны үшін жоспар – 40 мың теңгенің орнына – 51 мың теңге болып, жоспар 127 пайызға, төлем көзінен ұсталмайтын жеке табыс салығы бойынша жылдық жоспар – 6 млн. 655 мың теңгенің орнына – 7 млн. 113 мың теңге болып, жоспар 107 пайызға орындалды.

«Агроөнеркәсіп кешенінің 2017-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы» аясында суармалы жерлердің игерілгені – 10661 га, яғни жоспар 100 пайызға орындалды.

Суғармалы жерлердің көлемін ұлғайту жоспары – 238 га, ұлғайтылғаны – 250 га, 105 пайызға игерілді.

Тамшылатып суғару (су үнемдеуші технологиялар) – жоспар – 300 га, «Рамазан Агро» ЖШС-і жерге жаңбырлатып суғару технологиясын 300 гектарға қолданып, жоспар 100 пайызға орындалды.

Ауыл шаруашылық техникаларды жаңарту тапсырмасының орындалуы – 13 дана,  108 пайыз.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша – ірі қара малдың алынғаны – 275, тапсырма 110 пайызға орындалды.

«Құлан» бағдарламасы бойынша – 29 жылқы алынды, жоспар 100 пайызға орындалды.

7 Шағын мал бордақылау алаңдарын ашу жоспарланса, тапсырма 117 пайызға орындалды.

4 Шағын жанұялық фермалар ашу керек еді, бұл көрсеткіш 100 пайызға орындалды.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша – егістік алқаптардың геокартаға енгізілгені – 8686,99 га, 86,8 пайыз, жайылым жер бойынша орындалуы 5053,41 га яғни, 84,6 пайыз.

Мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер – жеңілдетілген минералды тыңайтқыштың алынғаны  2116 тн.

Жанар-жағар май: ауыл шаруашылығының дала жұмыстарына алынғаны – 459,2 тн.

Ауыл округі бойынша мал басы саны

р/сМал түрі01.07.2018ж01.07.2019жӨсім %
1ІҚМ10249102600,1
2Уақ мал42607432341,4
3Жылқы906109020
4Түйе3023050,9
5Құс540055001,8

 

Шағын несие ұйымдары мен ЖШС арқылы 639 млн. теңге ауыл шаруашылығына тартылды, құрылыс бойынша – 982 млн. теңге, техника – 169 млн. 234 мың, барлығы 1 мрд. 151 млн. 234 мың теңге инвестиция кірісіне алынды.

Төрткүл ауыл округі бойынша шағын және орта кәсіпкерліктегі кәсіпорындар — 1292. Оның ішінде заңды тұлға – 28, жеке кәсіпкерлер – 159 және шаруа (фермер) қожалықтар – 1105, мақта зауыты -1. 2019 жылы 2 дүкен, 1 дәріхана, 1 тіс емдеу кабинеті, 1 автожуу бекеті іске қосылды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына қатыстыру жоспары – 539 адам, орындалуы – 560 адам, жоспар 103,8 пайыз орындалды.

«Атаулы әлеуметтік көмек» жобасы бойынша шартсыз 53 отбасыға, 233 адамға 22 млн. 815 мың 281 теңге, шартты 458 отбасыға, 2 534 адамға 262 млн. 120 мың 821 теңге тағайындалды.

Арыстанды ауылындағы 200 орындық «Бөген» жалпы орта мектебінің 2018-2019 жылдарға өтпелі құрылыс жұмыстарын жүргізуге 532 млн. теңге қаржы қаралған. Қыркүйек айында құрылысы бітіп, пайдалануға берілді.

Арыстанды ауылының ауыз су жүйесінің құрылысына облыстық бюджеттен 2018-2019 жылдарға 80 млн. 640 мың теңге қаржы қаралған. Қазір құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Ақсары ауылында ауыз су жүйесін жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттамасын дайындауға аудандық бюджеттен 2 млн. 688 мың теңге қаралған, ЖСҚ дайындалып, сараптамаға өткізілді. Жеңімпаз мердігер «Қаз Нұр» ЖШС-і.

Нұра ауылында ауыз су жүйесін жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттамасына аудандық бюджеттен ЖСҚ дайындалып, сараптама қортындысы шыққан, қаржысы  153 млн. теңге.

Төрткүл елді мекеніндегі Арнасай көшесіне 18 млн. теңге, М.Жұмабаев көшесіне 18 млн. 760 мың теңге, Т.Рұсқұлов көшесіне 13 млн. 458 мың теңге бөлініп, асфальттау жұмыстары толығымен аяқталды.

Елді мекендерді газдандыру мәселесі: Төрткүл ауыл округіне қарасты 10 ауылға газ құрылысын жүргізу үшін ЖСҚ жасауға 95 млн. 943 мың теңге қаралған. Қазір Төрткүл ауыл округі бойынша табиғи газдың сараптама қорытындысы шыққан елді мекендер: Төрткүл – 933 млн. 835 мың, Сыпатаев – 240 млн. 102 мың, Көкарал – 172 млн. 604 мың теңге.

Төрткүл, Сыпатаев ауылдарына 7 млн. 494 мың теңгеге 2 жаңа трансформатор қойылды.

Ауыл округін көріктендіру-көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарына 30 сенбілік өтті. 5496 түп ағаш көшеттері егілді.

Төрткүл ауыл округінде 7  жалпы орта, 3  бастауыш мектеп, 1 мемлекеттік, 4  жекеменшік балабақша бар. Жалпы ауыл округінде мектепке дейінгі 933 баланың 80 пайызы балабақшамен қамтылған.

Ауыл округінде  1 аурухана, 1емхана, 1жедел жәрдем бекеті, 1 емхана жанынан ашылған 4 категориялы жедел жәрдем бекет, 3 фельдшерлік амбулаториялық бекет, 5  фельдшерлік бекет халыққа қызмет көрсетеді.

Төрткүл ауыл округінде 1 мәдениет үйі, 1 клуб, 5 кі­тапхана халыққа қызмет көрсетеді. Ауыл округінде жыл басынан бері 35 мәдени іс-шара өткізіліп, оған 3801 адам қатысты.

Спорттық іс шаралар 27 рет ұйымдастырылды. Қатысқан спортшылар – 8149  адам.

Төрткүл ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Омар Әділбек өз қаражаты есебінен 20 млн. теңгеге жабық спорт алаңшасының құрылысын аяқтап, 2019 жылғы қазан айында іске қосылды.

Қызылжар ауылында демеушілер есебінен 3,5 млн. теңгеге 1 бокс залы ашылды.

2019 жылы 12 қылмыс болса,  ашылғаны – 9, ашылмағаны – 3.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Төрткүл ауыл округі әкімі аппараты мекемелермен, ауыл тұрғындарымен, қоғамдық ұйымдармен 12 рет кездесу, дөңгелек үстел жиындарын  өткізді.