14
01 / 2020

ШҰБАРСУ АУЫЛ ОКРУГІ ӘКІМІ А.ТҰРСЫНБАЕВТЫҢ «2019 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ 2020 ЖЫЛҒА АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР ТУРАЛЫ» БАЯНДАМАСЫНЫҢ ТЕЗИСІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Жолдауын түсіндіру, насихаттау және жүзеге асыру мақсатында ауыл округінің көрнекі жерлеріне 3 билборд және мемлекеттік мекемелерде бұрыштамалар ілінді. Ауыл тұрғындарымен 15 кездесу өткізілді.

2019 жылға Шұбарсу ауыл округі әкімі аппаратына бюджеттен 61 млн. 424 мың теңге қаралып, 99,9 пайызға игерілді.

Жер салығы – 4445,6, мүліктен – 2928,1 мың теңге, көліктен – 27636,7 мың теңге, табыс салығынан – 8814,3 мың теңге, ерікті алымдардан – 100 мың теңге, сыртқы жарнамадан 32,3 мың теңге. Жалпы салық түсімдері бойынша 43 млн. 957 мың теңгеге орындалды.

«Агроөнеркәсіп кешенінің 2017-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы» аясында ауыл шаруашылығы бөлімімен үш жақты келісім-шарт түзіліп, онда көрсетілген тапсырмаларды орындау бойынша бірқатар жұмыс атқарылды.

Үшжақты келісім-шартқа сәйкес, ауыл округіне берілген жылыжай құрылысын жүргізудің жылдық жоспары – 0,70 соттық, ал есепті кезеңде 1,15 га жерге жылыжай құрылысы салынып, 164 пайызға орындалды.

«Мал шаруашылығын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған іс-шаралар бағдарламасын» іске асыру мал бордақылау алаңшаларын ашу бойынша 5 тапсырма толық орындалды. Ауыл округі азаматтары өз қаражаттары есебінен Муталиев Алмас 20 жылқы, Жораев Ермек, Утенов Манат, Садиков Хабибулла, Умирбаев Мейрамбек 10-15 ірі қараға арналған мал бордақылау алаңшаларын ашты.

Жанұялық сүт фермасы бойынша берілгені 3 тапсырма – 3, ашылғаны – 3. Кожахметов Орал 32, Бейсеев Мухтар 37 және Ұябаев Онғар 31  сиырларды өз қаражаттары есебінен сатып алып, жанұялық сүт фермаларын ашты.

Көктемгі-күзгі мезгілде 188042 ш.м. қора-жайларды дезинсекциялау жұмыстары жүргізілді. Мал иірімдері мен суаттарды дезинсекциялау жоспары – 20386 ш.м., орындалғаны 100 пайыз. Ірі қара малды бүрку – 3769, уақ мал­ды тоғыту – 4472. Жоспар толығымен орындалды.

Шұбарсу ауыл округі бойынша мал түрлері төмендегідей:

Мал түрі2018 ж.2019 ж.
1ІҚМ37413928
2Жылқы202251
3Уақ мал60656565
4Құс26433098

 

Ауыл округі бойынша 2019 жылға бюджеттік емес мекемелерден 1 млрд. теңге инвестиция тарту бойынша жоспары нақтыланып, тартылған инвестиция көлемі 2019 жылдың 12 айында 1 млрд. 10 млн. теңгені құрап, артығымен орындалды.

Ауыл округі көлемінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандар – 180 болса,  оларға жұмыспен қамтылғандар 400-ге жуық адамды құрады.

2019 жылдың көлемінде 1889 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, соның ішінде:  шартты түріне 1615 отбасы қамтылып, 7427 адамды құрады, тағайындалған сомасы – 1 млрд. 494 млн. 307 мың 480 теңге, шартсыз түріне: 274 отбасының 1008 адамына тағайындалған сомасы – 128 млн. 145 мың 516 теңге.

Есепті кезеңде  жалпы сомасы 2 млн. 530 мың теңгенің көмегі көрсетілді.

Ауыл округіндегі Қазыбек би көшесінің ой-шұңқұрларына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарға 10 млн.504 мың теңге қаражат жұмсалып, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, «Жанат» алабының ішкі 1,50 шақырым  жолдарына 7,5 млн. теңгеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді. «Агросад-3» және «Шымкентпромстрой-1» алаптарына, 7,5 млн. теңгеге 2 дана трансформаторлар орнатылды.

Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, ауыл аумағында санитарлықтазалық жұмыстары тұрақты жүргізілуде. «Шымкент-Самара» тас жолының және ауылдың үлкен көшелерінің жиегіндегі ағаштар мен электр бағаналары әктеліп, көше бойындағы жарықтандыру бағаналары сырланды. Ауыл ішіндегі көрнекілік-ақпарат құралдары түгелдей жаңартылған.

«Жасыл аймақ» бағдарламасы аясында көктемгі маусымда 3224 түп ағаш көшеттері отырғызылды.

Ауыл тұрғындарына 1 – «Медикал Центр Шұ­барсу» медицина орталығы мен 1 бастапқы санитарлық-медициналық көмек /ауылдық емхана/, 1 фельдшерлік-акушерлік бекет қызмет атқаруда.

Шұбарсу ауыл округі әкімі аппараты қызметкерлерінің ұйымдастыруымен айтулы мерекелік күндерінде өткізілген 11  іс-шараға, 5800-ден астам адам қатыстырылды.

Есепті кезеңде салауатты өмір салтын қалыптастыру, мәдени дәстүрді жандандыру мақсатында 11 іс-шара өткізіліп, 3700-ден астам адам қатыстырылды.

2019 жылдың 12 айында жалпы 49 қылмыс орын алып, оның ішінде 45-і ашылды, ашылмағаны  – 4.

Құқық бұзушылықтың алдын-алу іс-шаралары жоспары бойынша 2019 жылдың 12 айында 18 рет профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, ауылдарда мал ұрлығының алдын алу, жастар тәрбиесі, нашақорлыққа қарсы жиналыстар мен кездесулер ұйымдастырылды.