14
01 / 2020

ШҰБАР АУЫЛ ОКРУГІ ӘКІМІ Қ.ЕНДІБАЙДЫҢ «2019 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР ТУРАЛЫ» БАЯНДАМАСЫНЫҢ ТЕЗИСІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын түсіндіру, насихаттау және жүзеге асыру мақсатында ауыл округінің көрнекі жерлеріне 1 билборд және мемлекеттік мекемелерде бұрыштамалар ілінді. Ауыл тұрғындарымен 11 кездесу өткізілді.

Ауыл округінің жалпы жер көлемі – 17 181 га. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер – 15 954 га, оның ішінде: егістік тәлімі жер – 4 386 га, суармалы жер – 1 427 га, жайылымдық жер – 9 252 га, үйіргелік жер – 232 га. Елді мекен – 6, тұрғындар –  8 345  адам,  үй – 1 235.

2019 жылы Шұбар ауыл округі әкімі аппаратына бюджеттен 80 млн. 622  мың теңге қаржы қаралып, игерілді.

Жер салығы – 1 млн. 255 мың 900 теңге немесе 129 пайызға, мүлік салығы 797 мың 400 теңге немесе 103,9 пайызға, көлік салығы 10 млн. 136 мың 200 теңге немесе 109,8 пайызға, заңды тұлғалардың көлік салығы 132 мың теңге немесе 100 пайызға орындалды. Жергілікті өзін-өзі басқару функциялары бойынша салық түріне жатпайтын түсімдер жоспары – 300 мың теңге, нақты 100 пайызға орындалды.

«Агроөнеркәсіп кешенінің 2017-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы» аясында 4 494 гектарға ауыл шаруашылық дақылдарын егу жоспарланған, нақты 4 626,4 гектарға егіліп, тапсырма 102,9  пайызға орындалды.

Суармалы жерді игеруден нақты 1 384 га құрап, 104,8 пайыз құрады.

Жаңадан қосылатын суармалы жер тапсырмасы – 184 гектар, нақты қосылып, 100 пайызға игерілді.

Тамшылатып суару технологиясын ендіру 40 гектарға жоспарланып, нақты 44 гектар болып, тапсырма 110 пайызды құрады.

Жылыжай құрылысын ұлғайту тапсырмасы – 3 га, орындалғаны – 3,65 га, 121,7 пайыз. Қарқынды бау шаруашылығын дамыту бойынша жоспар 10 гектар болса, тапсырма 100 пайызға орындалды.

Ауыл округінде 78 ауыл шаруашылық техникалары бар. 2019 жылы 4 дана жаңа техника алу жоспарланса, 4-і алынып, тапсырма 100 пайызға орындалды.

2019 жылға 10-15 басқа арналған шағын мал бордақылау алаңдарын ашу бойынша 4 бірлік тапсырма беріліп, нақты орындалған 6 бірлік немесе 150 пайызға  орындалды.

Ет өндіру бойынша жоспар – 1862 тонна болса, ол 1863 тоннаға немесе 100,1 пайызға орындалды.

Шағын жанұялық сүт фермаларын ашу жос­пар 1 бірлік, орындалғаны 100 пайыз.

Сүт өндіру бойынша жоспар – 2819 тонна, орындалғаны – 2 835 тонна немесе 100,5 пайыз.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша алынатын уақ мал жоспар бойынша 200 болса, нақты 219  алынып, 109,5 пайызға орындалды.

«Құлан» бағдарламасы бойынша 24 жылқы алу жоспарланса, нақты 25-ке орындалып 104,1 пайызды құрады.

Шұбар ауыл округі бойынша 4 349 ірі қара, 2 958  жылқы, 30 597 уақ мал, 9 765  құс бар. Бруцеллезге, Сібір жарасына қарсы вакциналар бөлініп, егу жұмыстары жүргізілді. Көктемгі және күз айларында Қырым қанды қызбасына қарсы елді мекендердегі 241 572 шаршы метр аулалар мен қоралар, 143 800 шаршы метр суаттар мен мал иірімдері залалсыздандырылып, ірі қара бүркіліп, уақ малдар тоғытылды.

Ауыл округі көлемінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік нысандар – 63, оларда жұмыспен қамтылғаны – 151 адам.

2019 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға 349 азамат өтініш білдірген. Ауыл округі әкімі аппараты жанынан құрылған учаскелік комиссияда 319 азаматтың құжаты оң қортындысын алып, шартты түріне 189 отбасыға, шартсыз түрі бойынша 10 отбасыға барлығы 119 млн. 082 мың 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек тағайындалған.

Бөлшек сауда тауар айналымымен айналысатын 32 дүкен бар. 2019 жылы 1 ұсақ-түйек дүкені және 120 орындық дәмхана ашылып, іске қосылды.

Сарытоғай және Аққойлы елді мекендеріне ауыз су жүйесін жүргізу үшін 405,7 мың теңгеге ЖСҚ әзірленіп, құрылыс жұмыстары 2020 жылы жүргізіледі деп күтілуде. Береке елді мекеніндегі мектепке баратын жаңа көшеге 1 млн. 442 мың теңгеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді және Шұбар елді мекеніндегі Т.Рысқұлов көшесіне 13 млн. 034 мың теңгеге ағымдағы жөндеу (асфальт төсеу) жұмыстары жүргізілді.

Ауыл округін көріктендіру, көгалдандыру, санитарлық тазалық мақсатында ағымдағы жылы 38 сенбілік пен тазалық күндері ұйымдастырылып, онда 38 көше қамтылып, 148 текше метр күл-қоқыс шығарылды. Ағымдағы жылдың көктем айларында 8 500 түп түрлі ағаш көшеттері отырғызылды.

Шұбар ауыл округіне қарасты 6 елді мекенге газ құрылысын жүргізу үшін ЖСҚ жасауға 72 млн. 731 мың 600 теңге қаржы қаралып, жеңімпаз мердігер мекемелер анықталып, ЖСҚ әзірленуде.

Шұбар ауыл округі бойынша 4 жалпы орта,  2 бастауыш мектеп, 1 мемлекеттік және 2 жеке меншік балабақша бар. Жалпы ауыл округі бойынша 5 жасқа дейінгі балалар – 1 059, бүгінгі таңда балабақшамен қамтылғаны – 511 немесе 48,2 пай­ыз.

Шұбар ауылында 1 дәрігерлік емхана 2 фельдшерлік-акушерлік, 2 медициналық бекет халыққа қызмет көрсетуде.

2019 жылы 35 мәдени іс-шаралар өткізіліп, оған 4 510 адам қатысты. Шұбар, Жусансай кітапханаларында 32 іс-шара ұйымдастырылды.

2019 жылы 25 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, 5312 адам тартылды. Ауыл округінде 20 спорттық нысан бар. Оның ішінде білім мекемелерінде 14 спорт алаңшалары мен 5 спорттық зал, 3 ауылда спорт алаңшасы бар.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» бағдарламасы бойынша бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес 7 рет кездесулер ұйымдастырылып, 4 рет әлеуметтік желілерге мақалалар жарияланған. «Сенім» телефоны жазылған билборд тақтайшалары елді мекеннің орталық көшелеріне орнатылған. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.