14
01 / 2020

ҚАЖЫМҰҚАН АУЫЛ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ М.У.Қ.А. С.БОХАННЫҢ «2019 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР ТУРАЛЫ» БАЯНДАМАСЫНЫҢ ТЕЗИСІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын түсіндіру, насихаттау және жүзеге асыру мақсатында ауыл округінің көрнекі жерлеріне 4 билборд және мемлекеттік мекемелерде бұрыштамалар ілінді. Ауыл тұрғындарымен 6 кездесу өткізілді.

Ауыл округінің жалпы жер көлемі – 33 260 га. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер – 29 760 га, оның ішінде: егістік тәлімі жер – 11 637 га, суармалы жер – 3 134 га, жайылымдық жер – 14 989 га, үйіргелік жер – 387 га. Елді мекен  – 7, тұрғындар  –  21 611  адам,  үй  – 4 246.

2019 жылда Қажымұқан ауыл округі әкімі аппаратына бюджеттен 601 млн. 666 мың теңге қаралып, 100 пайызға игерілді.

Ауыл округінің негізгі саласының бірі – ауыл шаруашылығы. «Агроөнеркәсіп кешенінің 2017-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы» аясында ауыл шаруашылығы бөлімімен үш жақты келісім-шарт түзіліп, онда көрсетілген тапсырмаларды орындау бойынша бірқатар жұмыстар атқарылған. Атап айтсақ, үш жақты келісім-шарт  бойынша 9408 га жерге ауыл шаруашылық дақылдарын егу жоспарланған, нақты 9440 га құрап, 100,3  пайызға орындалып отыр. Жаңадан қосылатын суармалы жер бойынша тапсырма 385 га, нақты 147 га жер қосылып, 38,2 пайызға орындалды.

Ауыл округі бойынша 2019 жылы 70 гектарға тамшылатып суару әдісін ендіру жоспарланып, нақтысы 70 ганы құрап, 100 пайыз орындалды.

Жылыжай құрылысын ұлғайту бойынша тапсырма – 3,8 га, орындалғаны – 1 га,  26,3 пайызды құрады.

Көктемгі егіске мемлекет тарапынан жеңілдікпен берілетін 231 жанар-жағар май,  112 тонна тыңайтқыш алынды.

«Сыбаға» бағдарламасымен 60 асыл тұқым­ды ірі қара мал алу жоспарланса, 95-і сатып алынып, тапсырма 158,3 пайызға орындалды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 304 уақ мал алу тапсырылса, орындалғаны – 350, тапсырма 115,1 пайызға орындалды.

«Құлан» бағдарламасы бойынша 30 асыл тұқымды жылқы алу тап­сырылған, «Жан-2004» ӨК 35 мал алып, тапсырма 116,7  пайызға орын­далды.

Шағын мал бордақылау алаңын құру жос­пары – 4, нақтысы – 7 немесе 175 пайыз.

Шағын жанұялық сүт аулаларын құру жос­пары – 3,  нақтысы – 3  немесе 100 пайыз.

4 дана жаңа ауыл шаруашылық техникаларын алу жоспарланса, тапсырма 100  пайызға орындалды.

Қажымұқан ауыл округінде жалпы 13 канал (Қараой, Найман, Қазыналық, Құртай, Ақжар, Бозтоған, Теспе, Бозарық, Маса, Шабай, Боз­шымыр, Айыр, Қызылсеңгір)  және 5 қашыртқы бар.

Ауыл округінде 14 601 ірі қара, 4 810  жылқы,  69 550  уақ мал,  13 306   құс бар. Бруцеллезге, Сі­бір жарасына қарсы вакциналар бөлініп, егу жұмыстары жүргізілді. Көктемгі және күз айларында Қырым қанды қызбасына қарсы елді мекендердегі 486 876 шаршы метр аула мен қоралар, 93 432 шаршы метр суаттар мен мал иірімдері залалсызданырылып,  малдар тоғытылды.

Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік нысандар – 360,  оларда оларда жұмыспен қамтылғаны  – 2 865 адам.

Ауыл округі бойынша бөлшек сауда тауар айналымымен айналысатын 120 дүкен бар. 2019 жылы 2  азық-түлік дүкені, 1  дәріхана іске қосылды. 7 елді мекеннің 5-і құбырлы таза ауыз сумен қамтылған (халықтың 95,8 пайызы), 2 елді мекенде баспа құдық суын (халықтың 4,2 пайызы) пайдалануда. Қызылсеңгір ауылынан су ұңғымасы қазылып, сынамасы алынып, жер асты су қоры тексерілген.

Атаулы әлеуметтік көмек бойынша шартты 1 328 отбасының, 6 175 адамына 601 млн. 328 мың 238 теңге төленді, шартсыз 254 отбасының 723 адамына 77 млн. 997 мың 830 теңге төленді.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына сәйкес 247 млн. 920 мың теңге қаржы қаралып, Темірлан ауылындағы «Аққу» балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ауыл округін көріктендіру, көгалдандыру, санитарлық тазалық мақсатында 56 сенбілік пен “Тазалық күндері” ұйымдастырылып, 105 көше қамтылып, 546 текше метр күл-қоқыс шығарылды. Күз айларында 2794 түп қара ағаш отырғызу жоспарланып, бүгінгі таңға толықтай жүзеге асырылды.

Ауыл округінде 10 жалпы орта және 1 бастауыш мектеп, 4 мемлекеттік балабақша, 9 жекеменшік балабақша бар. Жалпы ауыл округі бойынша 5 жасқа дейінгі балалар – 2 134, бүгінгі таңда балабақшамен қамтылғаны – 1799  немесе 84,3 пайыз.

Ауыл округінде 1 орталық аурухана бар. 1 жедел-жәрдем, 6 фельдшерлік, 6 фельдшерлік-акушерлік бекет  халыққа қызмет көрсетуде.

Мәдениет саласы бойынша 26 мәдени іс-шара өткізіліп, 4256 адам қатыстырылды. Ауылдардағы кітапханаларда 41 рет іс-шара өткізілді.

33 спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, 12 480 адам тартылды. Білім мекемелерінде 11 спорт алаңшалары мен 9 спорттық залдар, 4 елді мекенде спорт алаңшасы бар.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» бағдарламасы бойынша бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес 4 жиналыс өткізілді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Құқық бұзушылықтың алдын алу іс-шаралары жоспары бойынша 4 профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, жастар тәрбиесі ауылдарда мал ұрлығының, нашақорлық және есірткі бизнесінің алдын алу және тағы басқа өзекті мәселелер бойынша 4 жиналыс кездесу ұйымдастырылды.