14
01 / 2020

ҚАРАСПАН АУЫЛ ОКРУГІ ӘКІМІ Қ.ЗИЯБЕКТІҢ «2019 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ 2020 ЖЫЛҒА АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР ТУРАЛЫ» БАЯНДАМАСЫНЫҢ ТЕЗИСІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Жолдауын түсіндіру, насихаттау және жүзеге асыру мақсатында ауыл округінің көрнекі жерлеріне 6 билборд, мемлекеттік мекемелерде бұрыштамалар ілінді. Ауыл тұрғындарымен 14 кездесу өткізілді.

2019 жылға Қараспан ауыл округі әкімі аппаратына бюджеттен 98 млн. 154 мың теңге қаралып, толығымен игерілді.

Жер салығы – 1 467,8 теңге, мүліктен – 1 074,9 теңге, көліктен – 13 866,7 теңге. Жоспар 100 пайыз орындалды.

Ауыл округінің негізгі саласының бірі – ауыл шаруашылығы.

«Агроөнеркәсіп кешенінің 2017-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы» аясында ауыл шаруашылығы бөлімімен үш жақты келісімшарт түзіліп, онда көрсетілген тапсырмаларды орындау бойынша бірқатар жұмыс атқарылды.

Суармалы жерді игеру, жаңадан қосылатын суармалы жер, тамшылатып суару технологиясын ендіру бойынша – 101 пайыз, жылыжай құрылысын ұлғайтудан 75 пайызға орындалды.

«Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдар­ламаларына сәйкес, шаруаларды ұйымдастыру арқылы 2 асыл тұқымды бұқа, 400 қой, 30 жылқы сатып алынып, 100 пайызға орындалды. 4 шағын мал бордақылау алаңын құру жоспары толығымен жүзеге асты. Сүт фермаларын құру жоспарындағы 2 бірлік 100 пайызға орындалды.

Қолдан ұрықтандыру бойынша тапсырма 223  ІҚМ болса,  нақты 223 бас ІҚМ қолдан ұрықтандырылып, 100 пайызға орындалды.

 

Қараспан  ауыл округі бойынша мал түрлері төмендегідей:

 

Мал түрі2018 ж.2019 ж.
1ІҚМ89899045
2Жылқы47224724
3Уақ мал7251874378
4Құс3208831168

 

Ауыл округі бойынша 2019 жылға бюджеттік емес мекемелерден 299 млн. теңге инвестиция тартылды.

Ауыл округі көлемінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандар – 343, жұмыспен қамтылғаны 102 адам.

Атаулы әлеуметтік көмек бойынша шартсыз 80 отбасындағы 291 адамға 30 млн. 133 мың 256 теңге, шартты 659 отбасындағы 3024 адамға 253 млн. 182 мың 973 теңге төленді.

Қараспан ауыл округі бойынша 8 жалпы орта, 3 бастауыш мектепте оқушыларға білім берілуде. Бір мемлекеттік «Айгөлек» балабақшасы және 3 жекеменшік балабақшалары бар. Тоғыз мектеп – заманға сай типтік, қалған екеуі – ыңғайластырылған. Аумақтағы 1 емхана, 1 жедел жәрдем бекеті, 8 ФАП, 2 ФП емдеу мекемелерінде 10 акушер, 23 кіші қызметкер еңбек етеді. Бейсен елдімекенінде жаңа типті ФАП ғимараты іске қосылды. Ақжол, Мәдениет елді­мекендерінен жаңа типті ФАП құрылысы салынуда. Көлтоған, Бейсен, Мақташы елдімекендерінде жаңа трансформатор қойылды.

Көлтоған ауылындағы А.Батырханов атындағы көшеге орташа жөндеу жұмысына 35 млн. теңге қаралып толық игерілді. Көлтоған, Мақташы, Қараспан, Ақпан елді мекендеріндегі көшелерге тас төселді. Мақташы елді мекенінде көше жарығына 12 млн. теңге қаралып, толық игерілді. Көлтоған елді мекеніндегі Е.Ерназаров мектебінің тұсынан Арыс-Шымкент жол бойына бағдаршам қойылды.

«Жасыл аймақ» бағдарламасы бойынша ауыл округінде 4413 қара ағаш егілді. 34 рет сенбілік өтті. Тұрғындар мен жеке кәсіпкерлерге тазалық жөнінде 6 ескерту берілді. 2019 жыл­дың мамырынан бастап ауыл округіне қарасты 14 ауылда 2300 отбасы мен «Жаса-4» ЖШС жариялық келісімшартпен жұмыс атқаруда.

Ауыл округінде 1 мемлекеттік және 1 жеке меншік клуб, 6 кітапхана жұмыс істейді. Қараспан ауылдық округінің клубтарында өткен жылы 17 ісшара өткізілді. Қамтылған көрермен – 1206 адам. Аумақтағы кітапханаларда 33 ісшара өткен.

Қараспан ауыл округінде 5 спорт алаңы (стадионы), 6 мектеп жанындағы спорт залы, 27 спорт алаңшасы бар. Жыл көлемінде 17 спорттық шара өткізілді. Оған 7463 адам қатысты.

2019 жылдың 12 айында 19 қылмыс орын алды,  ашылғаны – 16, ашылмағаны – 3.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Қараспан ауыл округі әкімі аппараты қызметкерлері мекеме қызметкерлерімен, ауыл тұрғындарымен, қоғамдық ұйым мүшелерімен 11 рет кездесіп, «дөңгелек үстелдер» өткізілді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары тұрақты жүргізілуде.