14
01 / 2020

ҚАРАҚҰМ АУЫЛ ОКРУГІ ӘКІМІ А.ДОСЫМОВТЫҢ «2019 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ 2020 ЖЫЛҒА АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР ТУРАЛЫ» БАЯНДАМАСЫНЫҢ ТЕЗИСІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Жолдауын түсіндіру, насихаттау және жүзеге асыру мақсатында ауыл округінің көрнекі жерлеріне 1 билборд және мемлекеттік мекемелерде бұрыштамалар ілінді. Ауыл тұрғындарымен 8 кездесу өткізілді.

2019 жылға Қарақұм ауыл округі әкімі аппаратына бюджеттен 103 млн. 378 мың теңге қаралып, толығымен игерілді.

Жер салығы – 365 мың, мүлік – 462 мың теңге, көлік – 4 млн. 145 мың теңге. Жергілікті өзін-өзі басқару функциялары бойынша салық түріне жатпайтын түсімдер – 75 мың теңге.

«Агроөнеркәсіп кешенінің 2017-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы» аясында ауыл шаруашылығы бөлімімен үш жақты келісім-шарт түзіліп, онда көрсетілген тапсырмаларды орындау бойынша бірқатар жұмыс атқарылды.

Суармалы жерді игеру, жаңадан қосылатын суармалы жер, тамшылатып суару технологиясын ендіру –100 пайызға орындалды.

«Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларымен шаруаларды ұйымдастыру бойынша 25 асыл тұқымды бұқа, 10 жылқы сатып алынып, 100 пайызға орындалды.

2 шағын мал бордақылау алаңын құру жоспарланса, 3 бірлік шағын мал бордақылау алаңы ашылып, тапсырма 150 пайызға орындалды. Сүт фермаларын құру жоспары 1 бірлік, орындалғаны 2 бірлікке жетіп, 200 пайызға орындалды.

Жеке кәсіпкер Т.Бейсенов 50 млн. теңгеге 100 бас ірі қараға мал бордақылау алаңын ұлғайтты.

Қарақұм ауыл округі бойынша мал түрлері төмендегідей:

Мал түрі2018 ж.2019 ж.
1ІҚМ2512         2612
2Жылқы418518
3Уақ мал80889075
4Құс16001709

 

Ауыл округі бойынша 2019 жылға бюджеттік емес мекемелерден 400 млн. теңге инвестиция тарту жоспарланса, 55,7 млн. теңгені құрап, 14 % орындалды.

Ауыл округі көлемінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік 16 нысанда  28 адам жұмыспен қамтылған.

«Атаулы әлеуметтік көмек» жобасы бойынша шартсыз 12 отбасыға, 62 адамға 6 млн. 924 мың 338 теңге, шартты 121 отбасыға, 669 адамға 70 млн. 411 мың 231 теңге төленіп, ауыл азаматтары кәсібін дамытуда.

Қарақұм ауыл округінде 1 жалпы орта мектеп бар. Бір мемлекеттік балабақша жұмыс істейді. 5 жасқа дейінгі 180 бала бала­бақшада тәрбиеленуде.

Б.Досымов көшесіне 9 млн. 586 мың теңгеге  асфальт төселді.

7 млн. 494 мың теңгеге 1 жаңа трансформатор қойылды.

Ауыл округін көріктендіру-көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарына 28 сенбілік өтті. Онда 21 көше қамтылып, 140 текше метр күл-қоқыс шығарылды. 1 190 түп ағаш көшеттері отырғызылды.

Ауылда 1 дәрігерлік амбулатория бар. Дәрігерлік амбулаторияда 1 жоғары білімді дәрігер, 8 орта буын медицина қызметкері тұрғындарға қызмет көрсетуде. 60 нәресте өмірге келіп, 0-5 жасқа дейін  бала өлімі орын алмаған. Ана өлімі тіркелмеген.

Қарақұм ауыл округінде 1 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері 14 мәдени іс-шара өткізіліп, оған 789 адам қатысты. Мереке күндері ауыл тұрғындарына концерттік бағдарламалар көрсетілді.

Ауыл округінде 1 спорттық нысан бар. Жас­тар – 892. 13 спорттық іс-шараға 596 адам тартылды.

2019 жылы қылмыс орын алса,  ашылғаны – 3.

Құқық бұзушылықтың алдын-алу іс-шаралары жоспары бойынша 4 рет профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, ауылдарда мал ұрлығының алдын алу, жастар тәрбиесі, нашақорлыққа қарсы жиналыстар мен кездесулер ұйымдастырылды.