АУДАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Инвестициялық табыс деген не және ол қалай есептеледі?

Инвестициялық табыс салымшылар мен алушылардың шоттарына күн сайын есептеледі. Оның көлемі шоттағы жинақ ақшаның сомасына және оған түсетін жарналардың мөлшеріне және олардың тұрақты аударылуына тәуелді.

Инвестициялық табысты есептеу шартты зейнетақы бірлігінің (ШЗБ) құнына байланысты. Әрбір жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары теңгеде және шартты зейнетақы бірлігінде есепке алынады. Зейнетақы шотына түскен әрбір зейнетақы жарнасының сомасын Қордағы шартты зейнетақы бірлігіне бөлу арқылы ШЗБ саны есептеп шығарылады. Мысалы, Сіздің жеке зейнетақы шотыңызға 10 000 теңге көлемінде зейнетақы жарнасы келіп түсті делік. 2019 жылдың 20 ақпанына қарай ШЗБ құны – 748 теңге дейтін болсақ, Сіздің шотыңызға есептелетін ШЗБ саны 13,4 бірлік болады (10 000 теңге/ 748 теңге).

Ал 2019 жылдың 21 ақпанындағы жағдай бойынша ШЗБ құны 750 теңге болды делік. Бұл ретте шотқа есептелген инвестициялық табыс ескерілді. Енді осы күнгі ШЗБ санын есептеп шығару керек. Сіздің шотыңызға есептелген ШЗБ саны ШЗБ-ның ағымдағы құны негізінде былайша қайта бағаланады: 13,4 ШЗБ * 750 теңге = 10 050 теңге. Осылайша Сіздің зейнетақы жинақтарыңыз 2019 жылдың 21 ақпанына қарай 10 050 теңге болады. Бұл ретте зейнетақы жинақтары инвестициялық табыстан (50 теңге) және есептелген жарналардан (10 000 теңге) құралады.

Сонымен зейнетақы жинақтары инвестициялық табысты есептеуге байланысты көбейді. Соның арқасында ШЗБ құны 2 теңгеге артты (750 теңге – 748 теңге). Зейнетақы жинақтары мен инвестициялық табыстың мөлшері жарналардың сомасы мен аударылу кезеңіне тәуелді. Сондықтан жарналарды жеке зейнетақы шотына уақытылы және толық көлемде аудару өте маңызды мәселе.

06.04.2019

Зейнетақы шотын ашу үшін не істеу керек?

2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті рәсімдеу үшін БЖЗҚ-ға, оның ішінде Қордың веб-сайты арқылы жүгінудің қажеті жоқ. Енді жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады.

Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша сәйкестендіріледі. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады.

06.04.2019

2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне шолу

2019 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,49 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 115,8 млн теңгеге өсті. Олардың ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 9,29 трлн теңгені құрады (жалпы соманың 97,8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 204,9 млрд теңге (бүкіл жинақтың 2,2%) және ерікті зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) жинақтар сомасы 1,9 млрд теңге болды (0,02%).

Шарттардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны 10,4 млн бірліктен асты.

Жыл басынан бері Қор салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 12,1 млрд теңгеге жетті. Зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 12 ай ішінде (2018 жылдың наурызы мен 2019 жылдың ақпаны) 11 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 4,8 пайызды көрсетті. Осылайша зейнетақы активтерінің табыстылығы инфляциядан жоғары болып отыр.

2019 жылдың екі айы ішінде зейнетақы төлемдері 43,0 млрд теңгені құрады. Оның ішінде жасына байланысты төлемдер 28,3 млрд теңгені, ал сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 4,4 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Қордан 62,8 млрд теңге төленді. Оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 2,6 млрд теңге болды.

БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды үнемі жетілдіріп келеді. Жыл басынан бері салымшылар мен алушыларға 4,4 миллионнан астам қызмет көрсетілді. Бұл ретте электрондық тәсілмен қызмет көрсету басымдыққа ие – 3,7 миллионнан астам операция (немесе 85%) (шоттан берілген үзінді көшірмелерді есепке ала отырып) электрондық форматта жүзеге асырылды.

«БЖЗҚ» АҚ тұрғындар арасында тұрақты негізде ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар ұйымдар мен кәсіпорындарда және сауда орындарында көшпелі таныстырылымдық шаралар өткізеді. Жыл басынан бері 4 мыңнан астам таныстырылымдық шара өткізіліп, оған 140 мыңнан астам адам қатысты.

2019 жылдың басынан бері бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеу аясында БЖЗҚ-дағы 19 605 жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 10,7 млн теңгеге (4,7 млн теңге республикалық және облыстық маңызға ие қала тұрғындарынан, ал 5,9 млн теңге басқа елдімекендердің тұрғындарынан) 21 986 жарна келіп түсті. БЖТ төлеу аясында 2019 жылдың ақпан айында жарна сомасы 4,1 есеге ұлғайды. Сонымен қатар БЖТ бойынша жарналары саны 4,5 есеге және осы жарналар түсетін зейнетақы шоттарының саны 4,4 есеге артты.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

04.04.2019

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТЕДІ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңестің 2019 жылғы 16 қаңтардағы шешімімен түзілген, Кеңес мүшелерінің азаматтарды жеке қабылдау кестесіне сәйкес, Кеңес мүшесі, «Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіподақтар Орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Әуесханов Серік Елемесұлы 29 наурыз күні сағат 11-00-де азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдайды. 
Жеке қабылдау Департамент ғимаратында (Түркістан қаласы, Отырар шағын ауданы, н/з) өтеді.

27.03.2019

БЖЗҚ-да «2019 жылы күшіне енген, ҚР зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер» тақырыбы бойынша Ашық есік күні өткізілді

2019 жылдың 19 наурызында БЖЗҚ-ның барлық филиалында биылғы жылы алғашқы «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.  

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жалғастырып келеді. Осы жұмыстар аясында салымшылар мен алушыларға зейнетақы жүйесіне қатысты маңызды сұрақтар бойынша тұрақты түрде ақпарат беріліп жатыр.

Аталмыш шараның тақырыбы – зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістер.  

Зейнетақы жүйесін жаңғыртудағы басты мақсат – зейнетақы төлемдерінің тиімділігін арттыру.   

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстар мен қызметтер атқаратын жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеу рәсімін оңайлату мақсатында зейнетақы заңнамасына мынадай өзгерістер енгізілді:

– егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бір тарабы салық агенті болса, жеке тұлғаларға, олардың ішінде фрилансерлерге берілетін табыстан міндетті зейнетақы жарналарын осы салық агенті төлейтін болады;

– егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жеке тұлғамен жасалған болса, міндетті зейнетақы жарналарын төлеу – фрилансердің міндеті емес, құқығы болып табылады;  

– егер жеке тұлға жалдамалы жұмысшы болса және азаматтық-құқықтық сипаттағы шартты салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғамен жасаса, онда осы шарт бойынша міндетті зейнетақы жарналарын төлеу – оның міндеті болып есептелмейді. Бұл ретте жарналарды есептеу үшін алынатын ең жоғары жиынтық жылдық табыс республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінің 12 еселенген сомасынан аспауы тиіс.

Биылғы жылғы жаңа енгізілімдердің бірі – жеке зейнетақы шоттарының автоматты түрде ашылуы. Яғни, 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналары бойынша шот ашу үшін Қорға жүгінудің қажеті жоқ. Жеке тұлғаның Қорда міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша шоты жоқ болса, онда алғашқы жарна түскен сәтте шот автоматты түрде ашылады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) іске қосылды. Сол арқылы қатарынан төрт төлемді:

– мемлекеттік кірістер органына төленетін жеке табыс салығын;

– БЖЗҚ-ға төленетін міндетті зейнетақы жарналарын;

– Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды;

– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік жарнаны жүзеге асыруға болады.

Бұдан басқа, 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты электрондық үкімет порталы арқылы алу оңай бола түсті.

Осы күннен бастап кез келген салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені тек электрондық цифрлық қолтаңба ғана емес, бір реттік sms-парольдің көмегімен де ала алатын болды. Бұл үшін салымшы (алушы) электрондық үкімет порталының жеке кабинетінде тіркеліп, үзінді көшірме алуға сауал жолдайды. Содан кейін mGov мобильдік азаматтар базасында тіркелген салымшының (алушының) ұялы телефонына бір реттік sms-пароль жіберіледі.        

2019 жылдың ақпанында «Е-нотариат» жүйесі мен БЖЗҚ ақпараттық жүйесінің өзара ықпалдастығы жүзеге асырылды. Енді нотариустар «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі арқылы өздерінің өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша (мұрагерлер өтініш берген жағдайда) қайтыс болған салымшылардың (алушылардың) Қорда жеке зейнетақы шотының және онда ақшаның болуы туралы БЖЗҚ-ға онлайн тәртібінде (хат жүзінде сауалдар жолдамастан) сауалдар жолдай алады.      

Зейнетақы жүйесіне енгізілген өзгерістер Ашық есік күніне келушілер мен Қор мамандары арасында қызу талқыланды. Қатысушылар бүгінгі кездесудің пайдалы және достық сипатта өткендігін ерекше атап өтті.  

Айта кетелік, БЖЗҚ-да Ашық есік күні осымен үшінші жыл қатарынан әрбір үш ай сайын өткізілуде. Өткен жылы бұл шараға еліміз бойынша 20 мыңнан астам адам қатысқан болатын.

Бүгінгі шараға қатысушылар биылғы жылы күшіне енген, зейнетақы заңнамасындағы барлық өзгерістер туралы толыққанды және маңызды мәліметтерді, сондай-ақ өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша ақыл-кеңес алды.           

Қандай да бір себептермен Ашық есік күніне келе алмағандар зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша Қордың www.enpf.kz сайты арқылы Басқарма Төрайымының блогына сұрақ қоюға, байланыс орталығының 1418 телефон нөміріне қоңырау шалуға (Қазақстан бойынша қалалық және ұялы телефон арқылы хабарласу тегін) болады. Сонымен қатар салымшылар мен алушылар өз өтініштерін Қордың әлеуметтік желілердегі негізгі парақшалары және WhatsApp арнасы арқылы жолдай алады.

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

27.03.2019

Бірыңғай жиынтық төлем азаматтарға не береді?

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) режимі формалды емес жұмыспен қамтылғандарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ кәсібін жүргізуге мүмкіндік береді.

    Табыс табу мақсатында бейресми кәсібін жүргізіп отырған,  жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбай, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін немесе олардың жұмысын атқаратын, жеке қосалқы шаруашылықтың өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер болып танылады.

    БЖТ төлеушілер мынадай мүмкіндіктерді иеленеді:

    Бірінші: міндетті медициналық сақтандыру аясында барлық медициналық қызмет түрлеріне қол жеткізе алады. Медициналық ұйымды таңдау құқылы болады.

    Екінші: Зейнетақы жүйесінде еңбек өтілін жинап, базалық және жинақталған компоненттер есебінен тиісті көлемде зейнетақы алатын болады. Бұл орайда БЖТ төлеушілердің базалық зейнетақы көлемі еңбек өтіліне сәйкес есептеледі.

    Үшінші: міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысады және еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан айырылу жағдайларына, жүктілік және босану, жаңа туған нәрестені асырап алу, 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер алуға құқылы болады.

    БЖТ төлеу өз еркімен, қалауымен жүзеге асырылады. Бұл жүйеге қатысу, қатыспау құқығы азаматтың өз шешіміне байланысты болады. Бұл орайда БЖТ төлемегені үшін қандай да бір жауапкершілікке тарту шарасы қарастырылмаған.

    БЖТ мөлшері республикалық және облыстық маңызы бар қала тұрғындары  үшін – 1 айлық есептік көрсеткішті (2019 жылы 2 525 теңге), басқа елді мекендердің тұрғындары үшін – айлық есептік көрсеткіштің жартысын  (2019 жылы 1 262,5 теңге) құрайды (тұрғылықты жерінде тіркелуіне сәйкес).

    БТЖ төлеуші салықтық органдарына есеп бермейді.

    БТЖ үлесі мынандай:

    – 10% – жеке табыс салығы;

    – 20% – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар;

    – 30% – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарнасы;

    – 40% – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар.

    БЖТ Мемлекеттік корпорацияның есебіне екінші деңгейлі банктер мен Казпошта бөлімшелері және терминалдары, сондай-ақ kaspi.kz мобильдік қосымшасы арқылы төлеуге болады.

    БЖТ құрамына кіретін әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік корпорация тиісті әлеуметтік қорларға бөлуді дербес жүзеге асырады.

    Төлемдердің мерзімділігі – айына бір рет, бірден тоқсан үшін, алты айға, бір жылға алдын-ала, әркімнің ыңғайына қарай төлеуге болады. Бұл орайда, БЖТ төленетін әрбір айды жеке көрсету қажет.

27.03.2019

Зейнетақы қоры салымшыларының шотындағы инвестициялық табыс күн сайын есептеледі

2018 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) салымшыларының шоттарына 847,1 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары түсті. Бұл 2017 жылдың сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда 92,7 млрд теңгеге, яғни 12 пайызға жоғары. Салымшылар мен алушылардың шоттарына үлестірілген таза инвестициялық табыс 917,1 млрд теңгеге жетті. Ол 2017 жылғы көрсеткішпен (550,5 млрд теңге) салыстырғанда 67 пайызға жоғары. Яғни, 2018 жылы 1 теңге жарнаға 1 теңге инвестициялық табыс есептелді. Бұл Қор құрылғаннан бергі рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды «БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметі.   

    2018 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы 11,27 пайыз болса, осы кезеңде инфляция деңгейі 5,3 пайызға жеткен. Яғни, бір жыл ішінде зейнетақы активтері бойынша нақты, таза табыстылық – 5,97 пайызды құрады. Салыстырып қарайтын болсақ, 2017 жылы зейнетақы активтерінің табыстылығы 7,92 пайыз, ал инфляция деңгейі 7,1 пайыз болған.

    Жалпы зейнетақы активтерінің өсімі шамамен 21 пайыз болды. Зейнетақы активтері жарналардан, төлемдерден және инвестициялық табыстан құралады.

    Зейнетақы жинақтарының нақты табыстылығы 2019 жылдың алғашқы айларында да инфляция деңгейінен 6,1 пайыздық тармаққа жоғары болып отыр: соңғы 12 ай ішінде (2018 жылдың ақпаны мен 2019 жылдың қаңтары аралығында) зейнетақы активтерінің табыстылығы 11,3 пайыз болса, осы кезеңде инфляция деңгейі 5,2 пайызды көрсетті.

    2019 жылдың алғашқы айында салымшылар мен алушылардың шоттарына үлестірілген таза инвестициялық табыс 15,4 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,6 млрд теңгеге (немесе 57%-ға) жоғары. Инвестициялық табыс салымшылар мен алушылардың шоттарына күн сайын есептеледі. Оның көлемі шоттағы жинақ ақшаның сомасына және оған түсетін жарналардың мөлшері мен шотқа тұрақты аударылуына тәуелді.   

    Инвестициялық табысты есептеу шартты зейнетақы бірлігінің (ШЗБ) құнына байланысты. Әрбір жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары теңгеде және осы шартты зейнетақы бірлігінде есепке алынады. Зейнетақы шотына түскен әрбір зейнетақы жарнасының сомасын Қордағы шартты зейнетақы бірлігіне бөлу арқылы ШЗБ саны есептеп шығарылады.

    Мысалы, Сіздің жеке зейнетақы шотыңызға 10 000 теңге көлемінде зейнетақы жарнасы келіп түсті делік. 2019 жылдың 20 ақпанына қарай ШЗБ құны – 748теңге дейтін болсақ, Сіздің шотыңызға есептелетін ШЗБ саны 13,4 бірлік болады(10 000 теңге/ 748 теңге).

    2019 жылдың 21 ақпанындағы жағдай бойынша ШЗБ құны 750 теңге болды делік. Бұл ретте шотқа есептелген инвестициялық табыс ескерілді. Енді осы күнгі ШЗБ санын есептеп шығару керек. Сіздің шотыңызға есептелген ШЗБ саны ШЗБ-ның ағымдағы құны негізінде былайша қайта бағаланады: 13,4 ШЗБ * 750 теңге = 10 050 теңге. Осылайша Сіздің зейнетақы жинақтарыңыз 2019 жылдың 21 ақпанына қарай 10 050 теңге болады. Бұл ретте зейнетақы жинақтары инвестициялық табыстан (50 теңге) және есептелген жарналардан (10 000 теңге) құралады.   

    Сонымен зейнетақы жинақтары инвестициялық табысты есептеуге байланысты көбейді. Соның арқасында ШЗБ құны 2 теңгеге артты (750 теңге – 748 теңге). Зейнетақы жинақтары мен инвестициялық табыстың мөлшері жарналардың сомасы мен аударылу кезеңіне тәуелді. Сондықтан жарналарды жеке зейнетақы шотына уақытылы және толық көлемде аудару өте маңызды мәселе.

27.03.2019

“ЕЛБАСЫ ЕСІМІН ЕЛОРДАҒА БЕРУДІ ҚОЛДАЙМЫЗ”

  

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің өсуі жолында кәсіпкерлікті дамытудың қаншалықты маңызды екенін назардан тыс қалдырған емес.​ Соның нәтижесінде Біз де,​ кәсіпкерлер,​ мемлекет тарапынан тиісті​ қолдауларға тұрақты қол жеткізіп келеміз.

Мен Ұялыжар ауылындағы 17 гектарға тамшылатып суғару әдісімен бау өсіруді қолға алдым.​ Бүгінде​ бау қарқынды өсіп, алғашқы жемісін беріп те үлгерді.​ Жобаның жалпы құны 172 млн.552 мың теңге. Оның 109 млн.895 мың теңгесі “ҚазАгроФинанс” Акционерлік қоғамы арқылы игерілді . Жеке қаржымыз 62 млн.676 мың теңгені құрады. Бауда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтыдық.
Кәсіпкерліктің дамуы ол -​ жұмыс орындарының ашылуы,​ әлеуметтік мәселелердің шешілуі,​ әрі табыстың артып,​ елдің ахуалының жақсаруы.
Біз,​ “Александровский сад” ЖШС ұжымы Елбасы есімінің Астанаға берілуін толық қолдаймыз.​ Әрі,​ Нұрсұлтан Әбішұлының ел алдындағы ерен еңбегіне басымызды иеміз.
Бахтияр Тағаев,
“Александровский сад” ЖШС бас директоры.​

21.03.2019

НҰР-СҰЛТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚ ЖҰМЫСШЫЛАР ҚОЛДАЙДЫ

«Тәуелсіз Қазақстанның екінші Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордамыздың атын оның бас сәулетшісі, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен атауды ұсынды. Бұл өзекті уақытта, өз шешімін тапқан ой болды.​
Кәсіпорынымыз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін мәңгі есте сақтауға бағытталған бастамалардың түгелін қолдайды. Бас қаламыздың жаңа атауы жаңа жеңістер мен жетістіктерге жетелейді.
М. Тағаев,
“Ордабасы құс” ЖШС директоры

21.03.2019