АУДАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ҮЛЕСІМДІ ҚОСАМЫН

20 жыл бойы партия жақсы нәтижелерге қол жеткізді, 1998 жылдың 21 қазанында «Президенттікке үміткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб» қоғамдық бірлестігі құрылды. Қысқа уақыт ішінде 14 облыста және Астана, Алматы қалаларында 16 облыстық партия ұйымдары, 204 аумақтық партия ұйымдары мен партияның 150 мыңнан астам мүшелерін біріктіретін 6,600 бастауыш партия ұйымдары құрылды.

2006 жылғы 22 желтоқсанда «Отан» партиясының Х-шы кезекті съезінде Аграрлық және Азаматтық партиялар біріктірілді. Жаңа партия «Нұр Отан» атауын алды. Осы орайда Президент Н.Назарбаев: «Партиялардың бірігуі Қазақстан алдында тұрған жаңа стратегиялық міндеттерге сәйкес келеді және біз барлық қоғамның күш-жігерін жұмылдыру, көшбасшылық психологияның жаппай көріністері болған жағдайда ғана біздің мақсаттарымызға қол жеткізе аламыз» деген болатын.

Партияның бүгінгі съезінде партиялық қызметтің жаңа векторы анықталды, партияның жарғысы мен бағдарламасы жаңартылды. “Нұр Отан” партиясының мүшесі ретінде бүгінгі айтылған ұсыныстарды қолдаймынжәне олардың іске асуына өз үлесімді қосамын.
Ғалымжан Зиябек,
Ордабасы аудандық мәслихатының депутаты.

27.02.2019

Көпбалалы отбасыларда назардан тыс қалмады.

Елбасы  Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға қолдау шараларын күшейту керек. Әсіресе, көпбалалы отбасыларға деген көмек барынша сезілуі шарт. «Бүгінде елімізде шамамен 340 мың отбасыда төрт бала бар. Қазірдің өзінде жыл сайын көпбалалы отбасыларға 500 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп тұрады. Бірақ аталған санаттағы отбасылардың табысы әртүрлі. Біреуі табысты көп табады, енді біреуі аз табады. Сондықтан қолдау шараларын жасағанда осыны ескеру керек. Жақсы табысы барларға қолдау жасаудың қажеті қанша. Сол себепті ең алдымен табысы төмен көпбалалы отбасыларға көмек берген жөн», – деді.
«Үкіметке әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарды, әсіресе, көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын кеңейтуді тапсырды. Аталған көрсеткішті күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін жеткізуді, ал атаулы көмек алып отырған көпбалалы отбасылардың әрбір баласына берілетін жәрдемақыны 21 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырды.
Аталған көмекті барынша жеңілдету керек. Халық ары-бері шапқылап жүрмесін. Сосын ондай отбасылардың табысын есептегенде басқа әлеуметтік жәрдемақыларды санауды алып тастау қажет. Әйтпесе, соның бәрін санағанда көпбалалы отбасылар бай азаматтар болып шыға келеді», – деп атап көрсетті Н.Назарбаев.
Президент көпбалалы отбасыларға көп көңіл бөлу керектігін тапсырды.
Айгүл Сейдрахман,
аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкері.

27.02.2019

ЕЛ МҮДДЕСІ ҮШІН

Бүгінгі өтіп отырған партияның съеэінде елдің жағдайын арттыруға, жақсартуға багытталған арнайы құжат қабылданды. Партияның 20 жыдығымен тұспа-тұс келип отырған партияның съезінің шешімдерінің іске асырылуына қоғамдық ұйым мүшелерінің ат салысатынына сенемін.
Гүлия Тайтелиева,
аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы.

27.02.2019

АЛҒАН БАҒЫТ АДАСТЫРМАЙДЫ

Қоғамды одан əрі демократияландыруды көздейтін экономикалық жəне саяси реформаларды жүзеге асыруды, азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруді, тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз етуді, ұлтаралық жəне конфессияаралық келісімді нығайтуды, өскелең ұрпақты ел-жұртымызды сүюге, ұлттық құндылықтарымызды бағалап, қадірін білуге үндеуді басты мақсаты санайтын, сондай-ақ, осы бағыттағы нəтижелі жұмыстарының арқасында ел сеніміне ие болған «Нұр Отан» партиясы қазіргі дағдарыс жағдайында халыққа одан сайын жақындап, осы алған бағыттан тайынбай, алған қойған мақсаттарға жете бермек деп білемін.
Қойшыбай Әріпбаев,
зейнеткер, Ордабасы ауданының Құрметті азаматы.

27.02.2019

Ж.ТҮЙМЕБАЕВ ЖАСТАРДЫҢ ТЫҢ ИДЕЯЛАРЫНА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Түркістан қаласында «Жаңарған Түркістан – жаңа мүмкіндіктер алаңы» атты өңірлік жастар форумы өтті. Оған Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова қатысты. Еркін форматта өткен жиында түрлі салада еңбек етіп жүрген өңір жастары өз жобалары мен жұмыстары туралы баяндап, облыс әкіміне талап-тілектері мен ұсыныстарын да жеткізе білді.

Мәселен, Ақерке Әліпова атты жас кәсіпкер қаланың орталығынан ұлттық сусындар мен тағамдар ұсынатын үлкен дәмхана ашып, өз кәсібін кеңейткісі келетінін айтса, Азия ойындарының чемпионы Дидар Хамза Түркістан жастарына заманауи спорт ғимараттары қажет екеніне тоқталды. Өзге де жастар пікірлерін ортаға салды.

Әрбір жастың сөзін мұқият тыңдаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев осы жиындағы ұсыныстар түгел хаттамаға енгізіліп, арнайы жұмыс жүргізілетінін айтты.

«Елбасымыз «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты жастар форумында жастарды қолдау бағытында нақты міндеттер жүктеді. Осыған орай, Түркістан облысында да жұмыстар қолға алынып жатыр. Биыл «Жастарды тұрғын үймен қамту» жобасы аясында түрлі көздерден 260 жас үймен қамтылады. Жалпы жастарды баспанамен қамту ісі жанданады. Жыл сайын облыста 4 мыңдай оқушы жоғары немесе арнаулы оқу орнына түсе алмайды екен. Олардың арасында көпбалалы отбасыдан шыққандар көп. Сол жастар үшін біз “Мобильді оқу орталықтары” жобасын қолға алып,  4000 баланы еңбек нарығында сұраныс жоғары мамандықтарға дайындаймыз. Бүгінгі ашылған жастар орталығы жастар үшін қызмет ететіндіктен мұнда бюрократия емес, демократия болсын. Осы орталықта жастар үшін елге танымал азаматтармен «Рухани жаңғыру дәрістері» тақырыбында кездесулер тұрақты өткізілгені жөн. Түркістанда спорт кешендері де, сәулетті ғимараттар да салынады. Бұның бәрі жастар үшін жасалып отырған мүмкіндік», – деді Жансейіт Түймебаев.

Сондай-ақ өңірде 100 гид арнайы оқу курсынан өтіп, жұмысқа орналасады және «Жастардың туристік ассоциациясын» құрылады. Елбасы қолдауымен Түркістанда салынып жатқан ғимараттардың құрылысына өңірдің 3000 жас өрені жұмысқа тартылып, 1300 жас «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы жұмыспен қамтылады. Жас кәсіпкерлерге 4 пайызбен 2 млн. теңгеге дейін несие беріледі. “Жастар практикасы” бағдарламасы аясында 5500-ге жуық жасқа қолдау білдіру үшін 2 млрд. теңге бөлінеді.

Жиында ҚР қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова да құттықтау сөз сөйлеп, Түркістан жастарының еңбекқорлығы мен белсенділігін жоғары бағалады.

Форумнан кейін Түркістан облысында жастар жылының ашылуына орай «Махаббат мұнарасы» мюзиклі көпшілік назарына ұсынылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

21.02.2019

ТҮРКІСТАНДА ЗАМАНАУИ КӨПФУНКЦИОНАЛДЫ ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Түркістан қаласында жастар жылына орай, алғаш рет көпфункционалды заманауи, жаңа үлгідегі «Жастар ресурстық орталығы» ғимараты ашылды.

Салтанатты ашылу рәсіміне  облыс әкімі Ж.Түймебаев пен ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Ж.Омарбекова, сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Түркістан облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасов,  мәслихат депутаттары мен қоғам қайраткерлері қатысты. Барлық аудан қала әкімдері, басқарма басшылары, республикалық қоғамдық ұйымдардың өкілдері  мен аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтарының басшылары және өңірдің  200-ден астам белсенді жастары келді.

Өңір басшысы Жансейіт Түймебаев Жастар жылының басталуымен және Түркістан облысы жастарының жаңа ғимаратының ашылуымен құттықтады.

«Мен бүгін сіздермен әкім ретінде емес, замандастарыңыз ретінде еркін пікір алмасқым келеді. Өйткені ең талантты, ең дарынды, ең отаншыл, ең еңбекқор жастар Түркістан облысында тұрады деп есептеймін! Биыл жастарымыз үшін ерекше жыл болғалы тұр.  Елбасымыздың тікелей тапсырмасымен елімізде жастарды қолдау бағытындағы жұмыстар күшейтіледі. Облысымызда да жоспарлар жасалып, нақты жұмыстар басталып кетті. Осы кездесудің алдында мен жаңадан ашылған ғимаратты аралап, танысып шықтым. Мұнда жастардың жан-жақты дамуына, бойындағы өнері мен қабілеттерін арттыруына толық жағдай жасалған. Мысалы, кәсіпкерлікпен айналысам деушілерге Коворкинг орталығы, ІТ-park, заңгерлік кеңестер қарастырылған. Сонымен бірге еріктілер клубы, «Жас сарбаз», электронды кітапхана, тілдер мектебі, интернет желісі, мәжіліс залы, спорт алаңшалары және тағы басқа игіліктер бар. Бұл – Сіздер үшін жасалған үлкен қолдау. Енді осы жастар орталығында өрендеріміз өз-өздерін дамытып, білімдерін шыңдаулары қажет», – деді Жансейіт Түймебаев.

Көп функционалды жаңа үлгідегі Жастар орталығы – бір мезетте 400-ге жуық жасқа қызмет көрсете алады. Орталықта «Жастарға қызмет көрсету» орталығы, «Мобильді топ», Turkistan HUB coworking zone, IT PARK, Робототехника мектептері, Коворкинг алаңы, электронды кітапхана, «Жас сарбаз», «Еріктілер мектебі», «Құрылыс жасақтары», «Тілдер мектебі», түрлі жастар ұйымдары,  медиа студия және  психологиялық терапия т.б көптеген жастар клубтары, мектептер мен үйірмелер жұмыс жасайды. Сондай-ақ, ғимарат ішінде «relax zone» демалыс аймағы, ғимараттың сыртқы бөлігінде футбол, валейбол, баскетбол, теннис ойнауға арналған спорттық алаңшалар орналасқан. 

Айта кетейік, бүгінгі таңда Түркістан облысында жалпы халықтың 25,2 пайызын құрайтын,   501 369 жас бар. Оның ішінде 86 416 жас қалалық жерден болса, 414 953 жас ауылдық  жерден.

Сонымен қатар, аймақтың барлық ауыл, қалаларында жастарға қызмет көрсететін әкімдікке қарасты «Жастар ресурстық орталықтары» мен 4 республикалық жастар ұйымдарының филиалы және этномәдени орталықтарының жанында жастар қанаттары жұмыс істейді.

21.02.2019

ТҮРКІСТАНДА TURKESTAN HUB IT ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласында Тurkestan hub IT орталығы ашылды. Бұл –  IT саласындағы кәсіпкерлердің, жас мамандардың, инвесторлардың ынтымақтастығы үшін жағдай жасалған ашық алаң. Мұнда қатысушылар тәжірибе алмасып, идеяларды іске асыра алады. Бүгін ашылған «Жастар ресурстық орталығының» ғимаратында орналасқан бұл орталыққа елімізге танымал ІТ саласының өкілдері жоғары баға беріп отыр.

Орталықтың ашылуына Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова қатысып, жастарға сәттілік тіледі.

Тurkestan hub IT орталығында «ІТ park» жас бағдарламашылар мектебі іске қосылды. Мақсат – түркістандық жастарды осы салаға бейімдеп, олардың цифрлық сауаттылығын арттыру. Мамандар даярлай отырып,   отандық ІТ өнімдері мен жаңа компаниялар ашу. Кез келген жас осында келіп, ІТ саласы бойынша білім алып, білімдерін жетілдіріп, жаңа стартап жобалары мен тың идеяларын ұсына алады. ІТ park мектебінің шәкірті атануға 14 пен 29 жас аралығындағы облыс жастарының мүмкіндігі бар. Сонымен бірге мұнда жастарға модельдеу, бағдарламалау, смартфондарға арналған мобильдік қосымшаларды іске қосу мен сайт ашу және тағы басқа жұмыстар бойынша тәжірибелік сабақтар ұсынылады.  Тек қана оқытып қана қоймай, жоба әзірленіп, коммерциализация жасалынады. Жастардың жобаларына инвесторлар тарту арқылы өз кәсібін ашуға мүмкіндіктер қарастырылған.

Сондай-ақ мұнда Түркістан базасында хаб прототиптеу зертханалары мен отандық IT-компанияларды зерттеуге арналған орталықтарды орналастыру көзделіп отыр. Бұл қатысушыларға прототиптерді әзірлеуге және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта бұл орталық елге пайдалы жобалардың ұстаханасына айналады деген сенім бар.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

21.02.2019

ТҮРКІСТАНДА «SMARTCITY» АЯСЫНДА «ҚАУІПСІЗ АУЛА» ЖӘНЕ «АҚЫЛДЫ АЯЛДАМА» ЖОБАЛАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Түркістан облысындағы 902 мектептің 775-і немесе 86,1 пайызы интернет желісіне қосылған. Сондай-ақ, 735 білім ұясында, яғни 81,4 пайызында WI-FI нүктелерімен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін шалғай ауылдардағы 127 мектепті кең жолақты интернетпен және 167 мектепті WI-FI нүктелерімен толық қамту осы жылдың жұмыс жоспарына енгізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Бастар Есқараев мәлімдеді.
2018 жылды қорытындылған басқарма басшысы өңірде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы 5 бағыт бойынша жүзеге асып келе жатқанын айтты.
«Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша “SmartCity” тұжырымдамасы іске асырылуда. Атап айтқанда, Түркістан қаласындағы Отырар мөлтек ауданында 10 көп қабатты тұрғын үйге «E-SHANYRAQ» жүйесіне толықтай интеграциялау жұмыстары жасалынды. Бұл, импульсті қашықтықтан басқарылатын есептегіштер арқылы суды, жылуды және электр энергиясының көздерін берілуін бақылау. Яғни, осы арқылы шығындарды бекіту, қаржатты жұмсау мәселелерінде қызметінің ашықтығы қамтамасыз етіледі, тұрғындар интернет арқылы есептеулер мен есеп айырысулардың дұрыстығын тексере алады, үй бойынша шығындармен табыстарды бақылауда болады және ТКШ мәселелері бойынша онлайн түрде өтініштер қабылданады», – деді Бастар Әуелханұлы.
Сонымен қатар, «SmartCity» бағдарламасы негізінде биыл пилоттық жоба ретінде Түркістан қаласындағы саябақтар мен көшелерге «Ақылды жарықтандыру» жобасын енгізу жұмыстары қолға алынды. Бұл жарық беру аймағында өздігінен автоматты түрде жарық сөндіріледі немесе азаяды, сондай-ақ автокөліктер жарықтандыру аймағын кесіп өткен кезде ғана автоматты түрде қайта қосылуына мүмкіндік береді. Қазіргі таңда, облыс бойынша 700 көше күн панельдері жүйесінде фотореле датчиктері бар жарық шамдары орнатылған. Облыс бойынша механикалық таймер жүйесі бойынша 1294 ақылды жарық шамдары орнатылды.
Одан бөлек, қаладағы тұрғын үйлерге 8 дана бейнебақылау камералары орнатылды және пилоттық жоба ретінде жол ережелерін бақылау үшін 6-бейнекамералармен қамтамасыз етілді.
Цифрландыру жүйесі әсіресе мемлекеттік қызмет көрсету саласында кең қолданыста. Мәселен, 2018 жылы 10,955 мың мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның 9,350 мыңы электрондық түрде, қаған 1 372 мыңы қағаз түрінде іске асырылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
21.02.2019

Тауарлармен электронды сауда жасаудың маңызды мәселелері туралы семинар-кеңестер өткізілді

Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшы орынбасары М.Сағымбек және бөлім басшылары А.Бердімұрат және Б.Данешов Қарақұм, Қараспан, Бадам, Бөржар, Шұбарсу, Төрткөл ауыл округтерінде ҚР “Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы” Кодексіне 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап  енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша және Тауарлармен электронды сауда жасаудың маңызды мәселелері туралы ауыл тұрғындарына түсіндірме жұыстарын жүргізу мақсатында  Ордабасы ауданының ауыл округтерінде семинар-кеңестер өткізілді.  Жиын барысында Салық Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ауыл тұрғандардың назарына жеткізді. Елбасымыздың ағымдағы жылдың 5 қазанында Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті заңсыз әкімшілік қысымнан салық амнистиясын жасау арқылы қорғау туралы толық түсіндіріп өтті. Аталған  іс-шара 2019 жылдың 1 қаңтарынан басталып, негізгі салықты төлеген шағын және орта бизнес субъектілерінің өсімақылары мен айыппұлдарын кешірілетінін түсіндірді. Осы жиналыста қозғай кететін тағы бір мәселе Бірыңғай жиынтық төлем туралы. 2019 жылдан бастап Салық кодексіне «Бірыңғай жиынтық төлем» деп аталатын 24-бөлім және 89-тарау енгізілді.   Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер ретінде кім салық төлеуші болып табылады, кім төлемейді осы туралы толық мағлұмат берді. Және де Онлайн БКМ көшу бойынша күшіне еніп, 2019 жыл аралығында ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (онлайн БКМ) қолдану міндеті туындайтын қызмет түрлері ұлғайтылды.  2019 жылы онлайн БКМ қолдануға барлық қызмет түрлері толығымен қосылатынын, онлайн БКМ қолдану бойынша ережелерi мен  Заңдары толық түсіндірілді. Сонымен қатар, электрондық сауда бойынша , тауарларды өткізужәне сатып алу бойынша. электрондық сауда жасайтын салық төлеушілер үшін корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығына жаңа жеңілдіктері туралы қатысушылар тарапына жеткізе отырып,  жиынды қорытындылады.

20.02.2019

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ 1000 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ ЖОЛҒА ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРЕДІ

Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 18 147 шақырымды құрайды. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 2018 жылдың жоспары ретінде 70,7 пайыз болып белгіленгенсе, меже 71,2 пайызға жетіп, асыра орындалды. Аталған көрсеткішті 2019 жылы 74,1 пайызға жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бекзат Тілегенов мәлімдеді.

Сондай-ақ,  өткен жылы 956,6 шақырым жол мен көшелер немесе 73 нысанға (7 көпір) құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оның 52 нысаны немесе 521,9 шақырымы пайдалануға берілді. Ал 2019 жылы автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен қаржы қаралып, нәтижесінде 974,2 шақырым жол мен көшелер немесе 69 нысан құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылатын болады. Оның 653,2 шақырымы немесе 49 нысан ағымдағы жылы пайдалануға берілетін болады.

Қазіргі таңда, өңірде жол жамылғысының негізіне «Soil Grip» химиялық тұрақтандырғышын пайдаланып, негізгі қабатты арнайы техникамен өңдеу технологиясы бойынша 2018 жылы жалпы – 217,9 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізіліп, оның 93,9 шақырымы пайдалануға берілсе, қалған 124 шақырым жол пайдалануға ағымдағы жылы беріледі.

Басқарма басшысының айтуынша, облыс аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 410 көпір орналасқан. 2018 жылы 7 көпірге құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылып, жыл қорытындысымен барлық көпірлер пайдалануға тапсырылған. Сондай-ақ, бүгінгі таңда, 28 көпір жөндеуді қажет етеді, оның 9 көпіріне ЖСҚ әзірленген. 2019 жылы 5 көпір жөндеу жұмыстарымен қамтылып, пайдалануға берілетін болады.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

19.02.2019