АУДАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар тегін психологиялық көмекке онлайн жүгіне алады

  «Азаматтарға арналған үкіметтің» әлеуметтік сала бойынша кеңес беретін 1411 тегін нөміріне қоңырау шалу арқылы мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырғандар псилохологиялық көмек алу кезегін брондай алады.

Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға психологиялық кеңес беретін онлайн қолдау қызметін құру жөніндегі әріптестік келісім ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және Қазақстан-Ресей медицина университетінің арасында 2015 жылы жасалған.

Онлайн қолдау қызметі құрылғалы бері барлық аймақтан2,4 мың өтініш келіп түскен. Қоңыраулардың дені Алматы, Атырау және Түркістан облыстарына тиесілі.

1411 байланыс орталығына хабарласқандар онлайн көмек алу уақытын белгілеп, кезекке тұрады. Медицина университетінің мамандарымен байланыс «Skype» бағдарламасы арқылы жүзеге асады, ол үшін белгіленген уақытта krmu1411 аккаунтына онлайн қоңырау шалу қажет.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына психологиялық көмекті медицина университетінің психиатрия, жалпы медициналық психология және педагогика кафедраларының кәсіби мамандары береді.

Психологтардың қызметіне жүгіну – балаларды тәрбиелеу және оқыту бағдарламаларын таңдау бойынша ақылы мамандардың қызметін төлей алмайтын және кәсіби мамандардың қабылдауына бара алмайтын шалғайдағы елдімекендерде тұратын ата-аналар үшін жақсы мүмкіндік.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

баспасөз қызметі

04.02.2019

22 өңірлік ХҚО бөлімінде жүргізуші куәлігін ауыстыруға болады

Еліміздің 11 облысы бойынша 19 аудандық және 3 қалалық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы аймақ тұрғындары жүргізуші куәлігін ауыстыра алды. Онда көлікті тіркейтін және жүргізуші куәлігін ауыстыру жұмыстарымен айналысатын аудандық әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан алу бөлімінің мамандары қызмет көрсетеді. 2018 жылы аталған аудандық ХҚО-лар арқылы 12 мыңдай көлік жүргізушісінің куәлігі берілген.

Бұл секторлар арқылы азаматтар мерзімі бітуге таяу жүргізуші куәлігін жаңасына алмастыра алады, бұл ретте тиісті емтихандарды тапсырып, медициналық тексерістен өтудің қажеті жоқ. Аймақ тұрғындары көлік жүргізу құжатын жоғалтқан жағдайда аталған ХҚО-ларда уақытша құжат ала алады. Оның жарамдылық мерзімі 1 ай, кейін «жоғалғанның орнына» белгісімен жаңа көлік жүргізу куәлігі беріледі.

Бұл ретте көлік жүргізу құқығынан айырылған тұлғалар жүргізуші құжатын қалпына келтіру үшін тиісті емтихандарды тапсыру керектігін еске саламыз.

Сондай-ақ астаналық көлік иелерінің назарына жүргізуші куәлігін мамандандырылған ХҚО-дан бөлек Тәуелсіздік даңғ., 32 мекенжайындағы ХҚО-да алмастыруға болатынын хабарлаймыз.

Бұдан бөлек, көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру қызметінің электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асыруға болатынын еске саламыз. Бұл үшін көлік жүргізушісінің электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы шарт. Портал арқылы өтінішпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суреті де жолданып, баж салығы төленеді. Жеке кабинетке құжаттың дайын болғандығы туралы хабарлама келген соң, (мобильді азаматтар базасына тіркелген жағдайда хабарлама SMS түрінде келеді) мамандандырылған ХҚО-ға барып, дайын жүргізуші куәлігін алып кетуге болады.

 

Жүргізуші куәлігін ауыстыруға болатын аудандық ХҚО мекенжайлары

 

Облыс атауыАудан атауыОблыс атауыАудан атауы
Алматы облысыЕңбекшіқазақ ауданы 

 

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы
Ақмола облысыЕсіл ауданыЖалағаш ауданы
Ақкөл ауданыАрал ауданы
Степногорск қаласыЖаңақорған ауданы
Жамбыл облысыСарысу ауданыҚармақшы ауданы
Талас ауданыШиелі ауданы
ШҚОЖарма ауданыПавлодар облысыАқсу қаласы
БҚОҚазталов ауданыСҚОТайыншы ауданы
Бөрілі ауданыМаңғыстау облысыБейнеу ауданы
Қарағанды облысыҚарқаралы ауданыТүркістан облысыТүркістан қаласы
Осакаров ауданыСайрам ауданы

 

04.02.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл жастарға тың серпін беріп, үлкен жауапкершілік артты. Осы орайда аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Сайлыбаев Мұрат Кенжебекұлының Жастар жылы туралы ой-пікірін назарларыңызға ұсынамыз:

СЕНІМ ҮДЕСІНЕН ШЫҒУ МІНДЕТ

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы жастарды бір серпілтіп, бойына жігер сыйлағандай. Үнемі жастарды қолдап, жастар саясатын дамытуды көздейтін Ұлт Көшбасшысы 2019 жылды Жастар жылы деп атауды ұсынды. Демек, Елбасы бізге сенім артып отыр, ал біз осы үдеден шығуымыз керек.
Бұл жылы не атқарылуы тиіс? Қандай түйткілге басымдық берген абзал? Ұрандатып, желеулетіп өткізетін жыл емес. Біз тек сөзімізбен емес, әр ісімізбен, әр қадамымызбен болашақ елдің иесі екенімізді, бізге тізгінді сеніп тапсыруға болатынын дәлелдеуіміз керек. Жарқын болашақ үшін не жасалуы керек? Жастардың бүгінгі бетпе-бет келіп отырған мәселесі қандай? Сұрақ көп, бірақ біз әрбіріне жауап бере отырып, ісімізді ілгерілетіп, елдігімізді дәлелдейміз.
Қоғамның маңызды бөлігін құрайтын жастарға кең мүмкіндік берілсе, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге байланысты ісшаралар қолға алынып, нақты нәтижеге қол жеткізуін қадағаласақ құба-құп. Бүгінде жастардың көбісінің баспанасы мен тұрақты жұмысы жоқ. Қалаға жұмыс іздеп барған кейбіреулерінің тауы шағылып, түрлі қылмыстық әрекеттерге бой алдыратыны да жасырын емес. Жұмыс берушілер көбіне еңбек өтілін сұрайды. Осы орайда ұжымда тәлімгерлік мектеп қалыптастыру арқылы бұл мәселені шешуге болады. Бұрын мұндай мектеп болған, соны қайта жаңғырту керек. Жастарды жұмысқа бейімдеп тәрбиелейтін тәлімгер маманның жалақысына үстеме ақы төлеу меха¬низ¬мін қарастырудың да артықтығы жоқ. Негізі, Қазақстанда жұмыс істеймін деген адамға жұмыс бар. Жұмыс таппаса демек адам мәселені өзінен іздеуі керек. Мысалы, АҚШ пен Еуропа елдерінде жастарға бөліп-жарып қолдау жасамайды. Заң алдында бәрі тең құқылы. Кез келген жас болашақ мамандығын өзі таңдайды, оқитын оқу орнын да өзі шешеді. Ал, ол оқуын бітіре алды ма, жоқ па – өзі жауапты. Бізде баспанамен қамта¬ма¬сыз етуге мүмкіндік беретін бағдар¬ламалар да жетерлік. Тек олардан жастардың көбі бейхабар, себебі ізденіп зерттемейді.
Жастар — қоғамның қозғаушы күші екені белгілі. Бүгінгі жастар бұрынғыдан өзгеше. Креативті пікірге ие. Түрлі үйірме, дарынды балаларға арналған мектептердің оқушылары, студенттер инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жобалар ұсынады. Түрлі жаңа технологияның игіліктерін біліп, көріп жүрген де солар. Халықаралық сайыстардан арнайы грант ұтып алғандары да бар. Оларды әрі қарай ғылыми тұрғыда жүзеге асыруға қаржылық қолдау қажет. Мемлекет тарапынан озық идеяларға, ұтымды жобаларға арнайы қаржы қарастырылып, жүзеге асуына септігі тисе нұр үстіне нұр. Сонда шекара асып, шетелге емес өз еліне пайдасын тигізетін жастар қатары артады. Ауданымызда заманауи технологияларға қызығатын оқушыларға арналған арнайы ІТ-сынып ашылды. Оған қатысушылар «Нұр Отан» партиясының арнайы жобасы аясында осындай мүмкіндік алды. Бұрыннан робототехника, интернет мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға дағдыланған балаларға бұл ерекше серпін бергені рас. Осындай қолдаулар арқылы олар білімге құштарлығын арттырып, жаңалық ашуға бір қадам болса да жақындайды.
Ауданымызда талантты, талапты жастар көп. Бірақ, шалғай ауыл жастары қалалықтарға қарағанда көп мүмкіндіктен қалыс қалуда. Елбасы мұны да назардан тыс қалдырмай, ауыл жастарына кәсіп ашып, іс бастауға көмек қолын созу керектігін ескертті. Бүгінгі жастар — ертеңгі кәсіби білікті маман, болашақ отбасының тірегі. Сондықтан әрбірі қоғамда өз орнына ие болу үшін кез келген қоғамдық мәселеге бейжай қарамауы тиіс. Отансүйгіштік те, рухани ерік-жігер де ортамен араласудан туындайды. Жасыратыны жоқ, соңғы кезде жастарды тек мереке кезіндегі флэшмоб сынды көңіл көтеретін ойын-сауықтық ісшараларға ғана пайдаланатындай. Асылында, олай емес. Біздің Жастар ресурстық орталығы тынымсыз әрі тындырымды еңбек етуде. Түрлі шығармашылық байқаулар, ұлттық салт-дәстүрді жаңғыртатын сайыстар ұйымдастырып, жастар мен жасөспірімдер арасында ұлттық рухты оятуға өзіндік үлесін қосуда. Атқаратын ісімізге Жастар жылы қарсаңында қолдануға берілген Жастар сарайы тың серпін берері сөзсіз.
Аудан ғана емес, оңтүстік өңіріндегі бірден-бір Жастар сарайы Елбасының Тәуелсіздік күні қарсаңында тартуы деп білеміз. Мұнда түрлі қызықты конференция, пікірталас ұйымдастыруға, концерт тамашалауға, салауатты өмір салтын ұстану үшін жағдай жасалған. Спортпен айналысуға арнайы құрал-жабдықтар қойылған. Жазғы алаң да бар. Бәрі тегін.
Алдағы уақытта жоғары оқу орнын бітірген жерлестерімізді туған жерін көркейтуге, өсіруге үлес қосу үшін шақыратын түрлі ісшара ұйымдастыру жоспарымызда бар. «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде білім алып, ауыл мектебінде жемісті еңбек етсе несі айып?! Керісінше, ондай ұстаздың сабағына қатысып, шетел көрген адамнан білім алудың өзі оқушыларды қызықтыруы тиіс.
Сонымен қатар жастардың наза¬рын рухани құндылықтарға аударуымыз керек. Себебі, олар мате¬риал¬дық құндылықтарға көбі¬рек мән береді. Ең маңыздысы — жастардың өз құқы үшін күресе алатындай мүмкіндік қарастыру.
Өзі жұмыс іздемей, өзгеден сылтау іздейтіндер бар. Өзіне сенбейді. Одан да бөлек психологиялық қиындықтары болса біздің орталық жанындағы психологиялық сүйемелдеу секторының қызметкерлері олардың мұңын тыңдап, көмектесуге әркез дайын. Сектор қызметкерлері жұмыс жоспарына сәйкес, әлеуметтік мәселелер, соның ішінде жас отбасылардың мәселесін, бала тәрбиесі мәселесін жиі көтереді. Жас отбасылардың ажырасу себептеріне талдау жасайды.
Бір өкініштісі — бүгінгі жастар ата-енеге емес, тренингтерге көбірек сенеді. Отбасын сақтап қалу үшін күресетіндері аз. Ал, әр отбасы — шағын мемлекет. Олардан біздің кең байтақ Қазақстан құралады. Жастарға барлық жағдайды жасап, тың мүмкіндік беріп отырған егемен еліміздің көркеюіне кішкентай үлесіміз үлкен мәселені шешуге себеп болуы мүмкін екенін естен шығармайық.
Жаңа келген Жастар жылы жағымды жаңалыққа толы болсын!

26.01.2019

«ЦИФРЛЫҚ АГЕНТ»

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен «Цифрлық агент» (Digital agent) мобильді қосымшасы іске қосылды. Аталған мобильды қосымшаның ерекшелігі қызмет алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын шынайы уақыт режимінде бағалай алады.

Ол үшін «Play Market» және «App Store» сервистік бағдарламалары арқылы мобильді қосымшаны жүктеп, орнатылғаннан кейін тіркеуден өту қажет. Содан соң, бағалайтын қала мен мекемені таңдайды. Бағалау жолданғаннан кейін Агенттіктің тиісті аумақтық бөлімшелерінің жауапты тұлғалары өз құзыреті шегінде әрекет етеді.

Қәзіргі уақытта қызмет алушылар Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, қала және аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының, сондай-ақ, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаментімен  көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалай алады.

Енді әрбір азамат көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша кері байланыс бере отырып, Агенттіктің көмегімен мәселесін шеше алады.

МҚІжСЖҚА Түркістан  облысы
бойынша департаменті

25.01.2019

Балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидалары

Ыстық тамақ.

Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру,сондай-ақ мектепке

дейінгі ұйымдарда, жетім балалар

мен ата-анасының қамқорлығынсыз

қалған балаларға арналған білім

беру ұымдарында тәрбиеленетін

және білім алатын балаларды

тамақтандыруды қамтамасыз етумен

байланысты тауарларды сатып алу

қағидаларына 1- қосымша

«Бекітемін»

«Ордабасы аудандық білім бөлімі»                

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                                                                    

_________________Ш.Нұрабаева 

 

Көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды сатып алу жоспары 2019 жыл.

 

БСН:060140003950

Түркістан облысы Ордабасы аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесі                                   Государственное учреждение Ордабасынского районного отдела образования Туркестанской области

2019 год.

п/п

Сатып алу

мәнінің түрі

Сатып алынатын

қызметтің немесе тауардың

мемлекеттік

тілдегі

атауы

Сатып алынатын

қызметтің немесе тауардың

орыс

тілдегі

атауы

Сатып алынатын

қызметтің немесе тауардың

мемлекеттік

тілдегі

сипаты

Сатып алынатын

қызметтің немесе тауардың

орыс

тілдегі

сипаты

Өлш

бірлігі

СаныБір бірлігі үшін баға

теңге

Сатып алу үшін бекітілген сомасы (ҚҚС-сыз)Қызметті көрсету және тауарды жеткізу мерзіміҚызметті көрсету және тауарды жеткізу орныАванстық төлем мөлшері, %
12345678910111213
 Таңдау рәсіміБір мезгілдік ыстық тамақРазовый  горячий питаниеЫстық тамақпен қамтамасыз етуОбеспечение горячим питаниемшкола13316-5013 343 640-00наурыз- желтоқсанМектеп бойынша 

0

            Бас бухгалтер:                                      Қ.Сейітқасымов.

 

Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру,сондай-ақ мектепке

дейінгі ұйымдарда, жетім балалар

мен ата-анасының қамқорлығынсыз

қалған балаларға арналған білім

беру ұымдарында тәрбиеленетін

және білім алатын балаларды

тамақтандыруды қамтамасыз етумен

байланысты тауарларды сатып алу

қағидаларына 2- қосымша

Жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттама 

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу.

 

Түркістан облысы Ордабасы ауданы  «Ордабасы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

БСК:KKMFKZ2A, БСН:060140003950, ЖСК:KZ54070103KSN5803000. Ордабасы аудандық Қазынашылық басқармасы. Код:4649600. Бек:12. Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылы Т.Рысқұлов к-сі №13.

Инд:160600. Ordabasy-raiOO@mail.ru

 

Білім беру ұйымдарының 2019 жылға наурыз,сәуір, мамыр-желтоқсан айларындағы аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының тамақтануына ас мәзірі бойынша сатып алынатын тауарлардың тізбесі:

 

Ақ бидай наны

Қара бидай наны

Макарон

Сұлы

Қарақұмық

Ноқат езбесі

Сиыр еті

Қой еті

Құс еті

Балық

Сүт С дәуменімен

Сары май

Сүзбе

Шай әселмен

Кисель

Алма шырыны

Алма

Қызылша салаты

Қырыққабат

Сәбіз салаты

Қызынақ салаты

Картоп езбесі

Қияр салаты.

Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру,сондай-ақ мектепке

дейінгі ұйымдарда, жетім балалар

мен ата-анасының қамқорлығынсыз

қалған балаларға арналған білім

беру ұымдарында тәрбиеленетін

және білім алатын балаларды

тамақтандыруды қамтамасыз етумен

байланысты тауарларды сатып алу

қағидаларына 1- қосымша

 

Көрсетілетін қызметті алушылар санатының тізбесі

Түркістан облысы Ордабасы ауданы  «Ордабасы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі                               бойынша конкурс

 

Конкурс ұымдастырушының

атауы

Білім беру

ұйымындағы

көрсетілетін қызметті алушылардың жалпы (бала) саны

Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен тегін тамақтандыру мен қамтамасыз етілетін білім алушылар (бала)Қызмет көрсету мерзімдеріҚызмет көрсету орныБілім алушыларды тегін тамақтандыру мен қамтамасыз етуге бюджет қаражаты есебінен бөлінген сома
1234567
 «Ордабасы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

 

310310Наурыз-желтоқсанМектептер бойынша13 343 640-00

Күні

Бөлім басшысы:___________________________Ш.Т.Нурабаева. 

 

Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру,сондай-ақ мектепке

дейінгі ұйымдарда, жетім балалар

мен ата-анасының қамқорлығынсыз

қалған балаларға арналған білім

беру ұымдарында тәрбиеленетін

және білім алатын балаларды

тамақтандыруды қамтамасыз етумен

байланысты тауарларды сатып алу

қағидаларына 2- қосымша

 

Сатып алынатын тауарлардың тізбесі.

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу бойынша конкурс.

 

Лот

Тапсырыс берушінің атауыТаурлардың атауыӨлш.

бірлігі

Саны

көлемі

Жеткізу шарттарыТауарларды жеткізу мерзіміТауарларды жеткізу орныАванстық

төлем

Сатып алуға бөлінген сома           (№лот бойынша) тенге
1Амангелді ЖОМБір мезгілдік ыстық тамақбала50Жеткізіп беруНаурыз-желтоқсанТемірлан ауылы02 152 200-00
2Ә.Молдағұлов ЖОМБір мезгілдік ыстық тамақбала20Жеткізіп беруНаурыз-желтоқсанШұбар ауылы0860 880-00
3Достық ЖОМБір мезгілдік ыстық тамақбала50Жеткізіп беруНаурыз-желтоқсанШұбарсу ауылы02 152 200-00
4Теспе ЖОМБір мезгілдік ыстық тамақбала10Жеткізіп беруНаурыз-желтоқсанТеспе ауылы0430 440-00
5«Кәусар» гимназиясыБір мезгілдік ыстық тамақбала35Жеткізіп беруНаурыз-желтоқсанТемірлан ауылы01 506 540-00
6Нысанбайұлы ЖОМБір мезгілдік ыстық тамақбала25Жеткізіп беруНаурыз-желтоқсанКөктөбе ауылы01 076 100-00
7С.Ысмайлов ЖОМБір мезгілдік ыстық тамақбала20Жеткізіп беруНаурыз-желтоқсанҚажымұқан ауылы0860 880-00
8«Шұбар» ЖОМБір мезгілдік ыстық тамақбала15Жеткізіп беруНаурыз-желтоқсанШұбар ауылы0645 660-00
9Б.Оңтаев ЖОМБір мезгілдік ыстық тамақбала30Жеткізіп беруНаурыз-желтоқсанҚараспан ауылы01 291 320-00
10Абай ЖОМБір мезгілдік ыстық тамақбала15Жеткізіп беруНаурыз-желтоқсанБөржар ауылы0645 660-00
11М.Әуезов ЖОМБір мезгілдік ыстық тамақбала20Жеткізіп беруНаурыз-желтоқсанҚайнар ауылы0860 880-00
12М.Х.Дулати ЖОМБір мезгілдік ыстық тамақбала10Жеткізіп беруНаурыз-желтоқсанЫқылас темір ауылы0430 440-00
13Қ.Мүсірепов ЖОМБір мезгілдік ыстық тамақбала10Жеткізіп беруНаурыз-желтоқсанБірлік ауылы0430 440-00
Жиынағы:хх310хххх13 343 640-00

Он үш миллион үш жүз қырық үш мың алты жүз қырық теңге.

 Конкурсты ұйымдастырушы басшының лауазымы,            Тапсырыс беруші басшысының лауазымы,

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы                       тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

___________________Ш.Т.Нурабаева.                                 ___________________Ш.Т.Нурабаева.

Күні__________________2019 жыл.                                 Күні_____________________2019 жыл.

 

Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру,сондай-ақ мектепке

дейінгі ұйымдарда, жетім балалар

мен ата-анасының қамқорлығынсыз

қалған балаларға арналған білім

беру ұымдарында тәрбиеленетін

және білім алатын балаларды

тамақтандыруды қамтамасыз етумен

байланысты тауарларды сатып алу

қағидаларына 3- қосымша

 

Жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма

 

Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету. Осы техникалық тапсырмада «Ордабасы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2019 жылға білім алушыларды тамақтандырудыұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтің сәкес келуі тиіс сандық және сапалық сипаттамалар беріледі.

130 білім алушыға, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен ҚҚС-мен 14 944 877-00 теңге сомасында, оның ішінде ҚҚС-ы 1 601 237-00 теңге, ҚҚС-н қоспағанда 13 343 640 теңгеге 310 білім алушыға тамақтандыру ұсынылады.

«Ордабасы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру кезіндегі негізгі мақсаттар мен міндеттер жас ерекшелігі бойынша тағамдық заттар мен қуатына физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкес оқушыларды тиімді тамақтандырумен қамтамасыз ету болып табылады.

Білім алушыларды тамақтандыру мектеп асханасында (білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру орны, асхана және (немесе) буфет) жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті беруші ас әзірлейтін бөліктің және оның қызметкерлерінің жұмысына басшылық жасайды, сондай-ақ тамақ дайындау технологиясына, азық-түліктерді салудың, порциялардың шығу нормасының сақталуына, білім алушыларға өнімдер мен тағамдардың берілуіне және жеткізілетін азық-түліктердің сапасына, оны сақтау және тарату қағидаларының сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді.

Көрсетілетін қызмет беруші ас әзірлейтін бөлікте, өндірістік және қойма бөлмелерінде санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық қағидаларды сақтауды қамтамасыз етеді.

Өнім беруші білім беру ұйымының Санитариялық қағидалармен бекітілген нысан бойнша дайын өнімнің сапасына (бракераж) бақылау журналын жүргізуге жағдайды қамтамасыз етеді.

Тағамдардың, тамақ өнімдерінің және аспаздық бұйымдардың тұтынушылық қасиеттері, олардың органолептикалық ерекшеліктері, технологиясы және дайындау жағдайлары балаларға арналған тағам өнімдерінің қауіпсіздігі бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес болуы тиіс.

Мектептердің (білім беру ұйымының атауын көрсету) асханасына және (немесе) буфетіне тағамдарды мектептік тамақтандырудың базалық ұйымдарынан жеткізілген жағдайда тиісті температураны сақтауды қамтамасыз ететін арнайы ыдыстар (термоконтейнерлер) қолданылады.

__________ (басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсету) директоры бекіткен білім алушыларды тамақтандырудың белгіленген тәртібіне сәйкес бірінші ауысым үшін білім алушыларға _______ (уақытын және үзілісті көрсету), екінші ауысым үшін _______ (уақытын және үзілісті көрсету) ыстық тамақ ұсынылады.

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес буфет өнімдерін тарату үшін жағдайлар жасалады.

Дайын аспаздық өнімдер мен тамақ өнімдерін тарату сағат ______ (асхананың және (немесе) буфеттің жұмыс уақытын көрсету) жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызмет беруші ай сайын _____________ (орта білім беру ұйымы басшысының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсету) тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, білім алушылар үшін пайдаланатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәлімет ұсынады.

Әлеуетті өнім беруші шығарылатын өнімнің ассортименттік тізбесін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес бекітеді.

Тамақтанудың іс жүзіндегі рационы бекітілген перспективалы мәзірге сәйкес келуі тиіс. Санитариялық-эпидемиологиялық заңнама талаптарына сәйкес, ерекше жағдайларда бір өнімді, тағамды және аспаздық бұйымдарды басқаларымен ауыстыруға жол беріледі.

Жекелеген оқушыларға жеңіл (емдәм) тамақтандыру ұйымдастырылады.

Көрсетілетін қызметті беруші тағамды дайындау технологиясын және дайын тағамдарды каллориялығына сәйкестігін сақтау үшін ас әзірлейтін бөліктерде бірыңғай тағамды дайындау картотекасының бар болуын қамтамасыз етеді.

Тағамдар картотекасын пайдалану арқылы тамақты дайындау жүзеге асырылады, онда өнімдердің таратылуы, тағамдардың түсімі, әр тағамның құрамы туралы және оның тағамдық құндылығы (ақуыздың, майлардың, көмірсулардың, витаминдердің болуы) және әр тағамның (аспаздық бұйымның) энергетикалық құндылығы (калориялығы) мен әр тамақты қабылдау жиынтығы туралы толық ақпарат көрсетіледі.

Асхананың ас әзірлейтін бөлігінде тағамдарды және аспаздық өнімдерді дайындаудың технологиялық процесін қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыруды өндіріс меңгерушісі қамтамасыз етеді.

Ас әзірлейтін бөлікте санитариялық-эпидемиологиялық заңнама талаптарына сәйкес қажетті құжаттама болуы тиіс (шикі өнімдердің, дайын тамақтың бракераж журналдарын, ас блогы жұмыскерлерінің денсаулық жағдайын тіркеу журналдарын, тамақты витаминдеуді жүргізу журналдарын, мәзірді, тағамдарды дайындаудың технологиялық карталарын, тамақ өнімдеріне кіріс құжаттарын, жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын растайтын құжаттарын (жөнелтпе құжаттар, сәйкестік сертификаттары, сапа куәлігі, ветеринариялық-санитариялық сараптама құжаттар, ұсыныс-пікірлерге арналған кітап және тағы басқалары) атап көрсету) атап көрсету).

Өнім берушіде ас әзірлейтін бөліктің әр қызметкеріне жұмысқа рұқсатымен медициналық кітапшалары бар.

Өнім беруші бар технологиялық, тоңазытқыш және санитариялық-техникалық жабдықтардың жөнділігін және уақытылы мемлекеттік тексерілуін (өлшем құралдары үшін) қамтамасыз етеді.

Отандық қызмет көрсетушілерді, тауар өндірушілерді қолдау үшін өнім беруші тамақтандыруды ұйымдастыру шеңберінде тамақ өнімдерінің кемінде 80% (сексен пайызын) отандық қызмет көрсетушілерден, тауар өндірушілерден сатып алады.

Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілген қызметтің әлеуетті өнім берушісінің өтінімдері, егер:

1) 2015 жылғы 4 желтоқсандағы “Мемлекеттiк сатып алу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптасатын мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiнде тұрса;

2) егер әлеуетті өнім берушінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары және (немесе) аталған әлеуетті өнім берушінің өкілі өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін конкурстарда конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылса;

3) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса;

4) бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) болса қабылданбайды.

Тауарларды жеткізу. Техникалық тапсырмада жеткізілетін тауарларға сәйкес болуы тиіс сатып алынатын тауарлардың толық сипаты және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамалары беріледі, кепілдік мерзімі, шығару орны көрсетіледі.

Тауарларға берілетін техникалық тапсырмада функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларын сипаттау функционалдық шектерді, техникалық сипаттама параметрлерін, үздік сипаттаманы айқындау мақсатында тауардың мақсатын қамтитын тиісті бөлімдерге бөлінуге тиіс.

Сатып алынатын өнімдер тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін өнім беруші тамақтандыруды ұйымдастыру шеңберінде тамақ өнімдерінің кемінде 80% (сексен пайызын) тауар өндірушілерден сатып алады.

Тауарлардың әлеуетті өнім берушісінің өтінімдері, егер:

1) “Мемлекеттiк сатып алу туралы” 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптасатын мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiнде тұрса;

2) егер әлеуетті өнім берушінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары және (немесе) аталған әлеуетті өнім берушінің өкілі өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін конкурстарда конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылса;

3) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса;

4) бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) болса қабылданбайды.

Қағиданың 90,91 тармағына сәйкес әлеуетті өнім беруші немесе оның өкілі сенімхат бойынша бекітілген құжаттар пакетін 2019 жылдың 18 ақпаны күні сағат 11-00 дейін конкурсты ұйымдастырушы Ордабасы ауданы «Ордабасы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, индекс 160000 Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылы Т.Рысқұлов к-с № 13 үйіде орналасқан мекен жайы бойынша жібереді немесе комиссияның хатшысына қолма-қол тігілген және нөмірленген, басшының қолы қойылып, мөрімен (бар болса) бекітілген құжаттар пакетін мерзімі аяқталуына дейін жолдайды.

 

Күні____________________2019 жыл.

Конкурсты ұйымдастырушының (конкурстық

құжаттаманы бекіту кезінде) немесе

қызметтерді немесе тауарларды әлеуетті өнім

беруші (конкурсқа қатысу үшін конкурстық

өтінішті ұсыну кезінде) қолы________________________Ш.Т.Нурабаева.

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымын көрсету)

 

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру
бойынша қызметті немесе
тауарларды жеткізушіні,
сонымен қатар мектепке дейінгі
ұйымдарында, жетім балалар
мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру
ұйымдарында тәрбиеленетін
және білім алатын балаларды
тамақтандыруды қамтамасыз
етуге байланысты тауарларды
берушіні таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық құжаттамаға
4-қосымша

нысан

 Конкурсқа қатысуға өтінім (заңды тұлғалар үшін)

Кімге:  Ордабасы ауданы «Ордабасы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

(конкурсты ұйымдастырушының атауы)

Кімнен _________________________________________________________________________

(әлеуетті өнім берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  1. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер:
Әлеуетті өнім берушінің заңды, почта мекенжайы және байланыс телефондары
Заңды тұлғаның банктік деректемелері (БСН, БСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы
Заңды тұлғаның бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Заңды тұлға “Мемлекеттік сатып алу туралы” 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде бар ма
Заңды тұлғаның басшысында және (немесе) аталған заңды тұлғаның өкілінде өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болатын жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары бар ма не олар өткізілетін конкурстарда конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылады ма
Заңды тұлғаның резиденттігі

2.________________________________________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы)

осы өтініммен _____________________________________________________________

(конкурстың толық атауы)

конкурсқа әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада

көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес

________________________________________________________________________________

(қажетін көрсету керек)

қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісім береді.

3.________________________________________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы)

осы өтініммен заңнамада көзделген бұзушылықтардың жоқтығын растайды.

4.________________________________________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы)

конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға және конкурстық

комиссияға өзінің құқықтық қабілеті, біліктілігі, сапалық және

______________________________ көрсетілетін қызметтердің (қажетін көрсету керек)

өзге де сипаттамалары туралы дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілігі,

сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де

шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.

________________________________________________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы)

осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.

  1. Осы конкурстық өтінім 45 күн ішінде қолданылады.
  2. ________________________________________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы)

жеңімпаз деп танылған жағдайда, біз шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шарттың

жалпы сомасының кемінде үш пайызын құрайтын сомада енгізуге міндеттенеміз.

  1. Конкурсқа қатысуға өтінім біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін атқарады.

Күні Басшының қолы _______________________________________________________

(тегін, атын, әкесінің лауазымын көрсету)

М.О.

Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру
бойынша қызметті немесе
тауарларды жеткізушіні,
сонымен қатар мектепке дейінгі
ұйымдарында, жетім балалар
мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру
ұйымдарында тәрбиеленетін
және білім алатын балаларды
тамақтандыруды қамтамасыз
етуге байланысты тауарларды
берушіні таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық
құжаттамаға
5-қосымша

нысан

 Конкурсқа қатысуға өтінім (жеке тұлға үшін)

Кімге:    Ордабасы ауданы «Ордабасы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

(конкурсты ұйымдастырушының атауы)

Кімнен__________________________________________________________________________

(әлеуетті өнім берушінің толық атауы)

  1. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер:
Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (№, кім берген)
Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің тіркелген мекенжайы
Тіркеу туралы куәліктің, патенттің не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурс мәніне сәйкес келетін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқық беретін өзге де құжаттың нөмірі
Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері (СТН, БСН, ЖСК), сондай-ақ жеке тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы
Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің байланыс телефондары, почта мекенжайы мен электрондық почта мекенжайы (болған жағдайда)
Жеке тұлға “Мемлекеттік сатып алу туралы” 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде бар ма
Жеке тұлғада және (немесе) аталған жеке тұлғаның өкілінде өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болатын жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары бар ма не олар өткізілетін конкурстарда конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылады ма
Жеке тұлғаның резиденттігі
  1. ________________________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі)

осы өтініммен конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) әлеуетті өнім беруші

ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен

шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуді (қажеттісін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім

білдіреді.

  1. ________________________________________________________________________

(әлеуетті өнім берушінің атауы)

осы өтініммен заңнамада көзделген бұзушылықтардың жоқтығын растайды.

  1. ________________________________________________________________________

(әлеуетті өнім берушінің атауы)

конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға өзінің

құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (қажеттісін көрсету) дұрыс

емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының

қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар

етілгендігін растайды.

________________________________________________________________________________

(әлеуетті өнім берушінің атауы) осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін

құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті

қабылдайды.

  1. Осы конкурстық өтінім 45 күн ішінде қолданылады.

 

6.________________________________________________________________________

(әлеуетті өнім берушінің атауы)

конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, біз шарттың атқарылуын қамтамасыз

етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгізуді міндеттенеміз (егер

де конкурстық құжаттамада шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса

көрсетіледі).

  1. Конкурсқа қатысуға өтінім біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін атқарады.

Күні Басшының қолы _______________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымын көрсету)

 

Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру
бойынша қызметті немесе
тауарларды жеткізушіні,
сонымен қатар мектепке дейінгі
ұйымдарында, жетім балалар
мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру
ұйымдарында тәрбиеленетін
және білім алатын балаларды
тамақтандыруды қамтамасыз
етуге байланысты тауарларды
берушіні таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық
құжаттамаға
6-қосымша

нысан

 Әлеуетті өнім берушінің қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде толтырады)

  1. Әлеуетті өнім берушінің атауы _____________________________________________
  2. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды

ұйымдастыру бойынша қызметті көрсету үшін __________________________________

(атауын, әлеуетті өнім берушінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсету)

әлеуетті өнім берушіде қажетті штат қызметкерлері бар.

Қызметкерлердің жалпы саны ____ құрайды, оның ішінде растайтын құжаттарының

көшірмелері қоса берілген ____ аспазшы, ____ технолог, ____ диетолог және _____ басқа

қызметкерлерді құрайды:

Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)Білімі (арнайы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары) және мамандығы (диплом №)Білімі (қысқа мерзімді курстар) және біліктілігі (куәлік №)Атқаратын жұмысыМамандығы бойынша еңбек өтіліБіліктілікті арттыру курстары туралы мәліметтерЖұмыс істеуге рұқсат берілгендігі туралы мәліметтер (рұқсат беру туралы белгісі бар медициналық кітапшалардың көшірмелері)
1234567
Барлығы
  1. Растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып,

________________________________ соңғы бес жыл ішінде конкурста

(әлеуеттi өнiм берушiнің атауын көрсету)

бұған дейін қоғамдық тамақтану саласында көрсетілген қызмет көлемі

Көрсетiлген қызметтердiң атауыТапсырыс берушiлердiң атауыҚызметтерді көрсету орны және жылы
123
  1. Әлеуетті өнім беруші қызмет көрсету үшін ресурстардың бар екені туралы қосымша

мәліметтерді көрсетеді.

Бiлiктiлiгi туралы барлық мәлiметтердiң дұрыстығын растаймын.

Күні

Басшының қолы ____________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымын көрсету)

М.О.

 Әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер  (әлеуетті өнім беруші тауарларды сатып алу кезінде толтырады)

  1. Әлеуетті өнім берушінің атауы _____________________________________________

________________________________________________________________________________

  1. Конкурста сатып алынатын, әлеуетті өнім берушінің бұған дейін жеткізген

(шығарған) осындай тауарлардың көлемі (болған кезде), теңгемен

________________________________________________________________________________

Тауардың атауыТапсырыс берушілердің атауы және олардың телефон нөмірлеріТауарды жеткізу орны және күніШарттың құны, теңге (әлеуетті өнім берушінің қарауы бойынша)
1234
  1. Ұсынымдар туралы мәліметтер, олар болған кезде. Басқа заңды және (немесе) жеке

тұлғалардың ұсыным хаттарын, пікірлерін тізбелеп көрсету және қоса беру қажет.

 

Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру
бойынша қызметті немесе
тауарларды жеткізушіні,
сонымен қатар мектепке дейінгі
ұйымдарында, жетім балалар
мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру
ұйымдарында тәрбиеленетін
және білім алатын балаларды
тамақтандыруды қамтамасыз
етуге байланысты тауарларды
берушіні таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық
құжаттамаға
7-қосымша

 Көрсетілетін қызмет берушіні таңдау өлшемшарттары

ӨлшемшарттарБалдар
1Қызмет нарығында жұмыс тәжірибесі (10 балдан артық емес)Қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесі – әр жылға 0,5 балданБілім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесі – әр жылға 1 балдан
2.Экологиялық менеджмент жүйесін қанағаттандыратын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметке қолданылатын сәйкестік сертификатының бар болуыЖоқ
(0 балл)
Бар
(1 балл)
3.Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметке қолданылатын менеджмент сапасы жүйесі сертификатының бар болуыЖоқ
(0 балл)
Бар
(1 балл)
4.Аспазшылардың біліктілігі (10 балдан аспайды)Арнайы орта білім (білім туралы құжатын 2007 жылғы 27 шілдеге дейін алған жағдайда) немесе техникалық және кәсіптік білім 3 разряд (1 балл)Арнайы орта білім (білім туралы құжатын 2007 жылғы 27 шілдеге дейін алған жағдайда) немесе техникалық және кәсіптік білім 4 разряд (2 балл)Арнайы орта білім (білім туралы құжатын 2007 жылғы 27 шілдеге дейін алған жағдайда) немесе техникалық және кәсіптік білім 5 разряд және (немесе) жоғары білім (3 балл)
5.Технологтың (қоғамдық тамақтану саласында), диетологтың болуы (2 балдан аспайды)Жоқ
(0 балл)
Бір маман ғана бар
(1 балл)
Бар
(2 балл)
6.Технолог біліктілігі бар өндіріс меңгерушісінің болуы (қоғамдық тамақтану саласында), (1 балдан аспайды)Жоқ
(0 балл)
Бар
(1 балл)
7.Конкурс ұйымдастырушысының техникалық тапсырмаға тіркеген перспективтік ас мәзіріне Санитариялық қағидаларға сәйкес шығарылатын өнімнің ассортименттік тізбесінің болуы10-нан кем ас атауы
(1 балл)
10-нан 30-ға дейін ас атауы
(2 балл)
30-дан 50-ге дейін ас атауы
(3 балл)
8.100% қызметкерде жұмысқа рұқсаты бар болуы (1 балдан аспайды)Бір қызметкерде жоқ
(0 балл)
Барлық қызметкерде бар
(1 балл)
9.Отандық өндірушілерден сатып алынатын тамақ өнімдерінің көлемі (3 балдан аспайды)85-тен 90 %-ға өнімдер
(2 балл)
90-нан 100%-ға дейін өнімдер
(3 балл)
10.Мектептік тамақтандыруды ұйымдастыру барысында пайдаланылатын тамақ өнімдерінің жеке өндірісінің бар болуы (шаруа немесе фермерлік қожалығы, жылыжай және басқалары) (2 балдан аспайды)Жоқ
(0 балл)
Бар
(2 балл)
11.Тамақты дайындаудың технологиялық картасының болуы (1 балдан аспайды)Қолданылмайды
(0 балл)
Қолданылады
(1 балл)
12.Ұсынылатын қызметтің тиісті сапасын қамтамасыз ететін тағамдарды дайындау кезінде жеке қуат үнемдеуші жабдықтарды пайдалану (2 балдан аспайды)Жоқ
(0 балл)
Ішінара
(1 балл)
Толық көлемде бар
(2 балл)
13.Тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесі бойынша аспазшылардың біліктілігін көтеру туралы сертификаттың болуы (1 балдан аспайды)Жоқ
(0 балл)
Бар
(1 балл)
14.Өндірістік бақылау жоспарының болуы (1 балдан аспайды)Жоқ
(0 балл)
Бар
(1 балл)
15.Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсеткен білім беру ұйымдары ата-аналар комитеті төрағаларының қолы, мектептер директорларының қолы қойылған және мөрімен бекітілген көрсетілетін қызмет берушіге ата-аналар тарапынан берілген сипаттамалардың болуы (3 балдан аспайды)Жоқ
(0 балл)
Бар
(әр сипаттамаға 1 балдан, бірақ 3 балдан аспайды)
16.Әлеуетті өнім берушілердің конкурс өткізілетін тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында, астанада тіркелуінің бар болуыЖоқ
(0 балл)
Тіркелген
(3 балл)

Ескертпе: 1-тармақ бойынша білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесінің бар болуы бұған дейін жасасқан шарттармен расталады, 4-тармақта әр маманға балдар қойылады, 10-тармақ бойынша балдарды қою үшін алдағы жылы өндірілген азық-түлікті алуға жасасқан шарттар туралы мәліметтер қолданылады, 14-тармақ бойынша жабдықтарға құқық белгілеуші құжаттарды ұсыну қажет (жабдық паспорты, төлем құжаттары және басқасы)

 

Орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру
бойынша қызметті немесе
тауарларды жеткізушіні,
сонымен қатар мектепке дейінгі
ұйымдарында, жетім балалар
мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру
ұйымдарында тәрбиеленетін
және білім алатын балаларды
тамақтандыруды қамтамасыз
етуге байланысты тауарларды
берушіні таңдау жөніндегі
үлгілік конкурстық
құжаттамаға
8-қосымша

 Тауарларды берушіні таңдау өлшемшарттары

ӨлшемшарттарБалдар
1.Конкурстың мәні болып табылатын тауар нарығындағы жұмыс тәжірибесіӘр жылға 1 балдан, бірақ 10 балдан аспайды
2.Отандық тауар өндірушілер үшін тауарларды ерікті түрде сертификаттау туралы құжаттың бар болуыЖоқ
(0 балл)
Бар
(1 балл)
3.Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) бар болуыЖоқ
(0 балл)
Бар
(1 балл)
4.Ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) және (немесе) экологиялық таза өнім стандартына сәйкестікті растаудың бар болуыЖоқ
(0 балл)
Бар
(1 балл)
5.Отандық өндірушілерден сатып алынатын тамақ өнімдерінің көлемі (3 балдан аспайды)85-90%-ға дейін өнімдер
(2 балл)
90-ден 100%-ға дейін өнімдер
(3 балл)
6.Мектептік тамақтандыруды ұйымдастыру барысында пайдаланылатын тамақ өнімдерінің жеке өндірісінің бар болуы (шаруа немесе фермерлік қожалығы, жылыжай және басқалары) (2 балдан аспайды)Жоқ
(0 балл)
Бар
(2 балл)
7.Азық-түлікті арнайы көлікпен жеткізу шарттары (3 балдан аспайды)Жалдап алу, өтеусіз пайдалану, лизинг және басқа шарттар негізінде көліктің болуы
(2 балл)
Жеке көлігінің болуы
(3 балл)
8.Әлеуетті өнім берушілердің конкурс өткізілетін тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында, астанада тіркелуінің бар болуыЖоқ
(0 балл)
Бар
(3 балл)

Ескерту: 1-тармақ бойынша тәжірибе бұған дейін жасасқан шарттармен расталады, 5-тармақ бойынша балл қою үшін алдыңғы жылы өндірілген өнімдерді сатып алу туралы жасасқан шарттардың деректері қолданылады.

18.01.2019

Еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының 46% трансформацияланады

       «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2019 жылы еліміздегі мемлекеттік қызмет көрсетіп жатқан 152 фронт-офис қызметін трансформацияламақ.

Бүгінде республика бойынша халыққа қызмет көрсетуші 326 фронт-офис бар.  Азаматтардың электрондық қызметтерді пайдалану деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттік корпорация 60/40 жаңа қағидатына сәйкес, фронт-офистерде кеңауқымды трансформациялауды бастады.

«60/40 қағидаты фронт-офистегі жұмыс аймағының 40% қызмет көрсететін операторларға тиесілі екенін, ал азаматтардың қызметтерді өз бетінше алу аймағы – Connection point пен қоғамдық қолжетімді пункттердің үлесі 60 % жететінін меңзейді. Осылайша, біз болашақта қызмет алушылардың осы принцип бойынша анықтамалар мен басқа да керекті құжаттарды өздігінен алуын қамтамасыз етпекпіз», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.

Аталған қағидат бойынша елімізде бүгінде 174 фронт-офис қызмет етеді. Нәтижесінде азаматтардың 2018 жылы өз бетінше алған қызметтерінің саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 млн артып, 12 млн құрады. Бұл көрсеткіштің өсуіне электрондық үкімет порталында жұмыс істеу және электрондық қызметтерді пайдалану дағдыларына 8 млн астам азаматтыңүйретілуі де әсер еткен.

Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 2018 жылы 31,9 млн қызмет көрсетілді, оның 16 млн электрондық форматта.

 Анықтама: «Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтер реестрінде қамтылған 741 қызметтің 598-і қолжетімді.Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін 326 фронт-офис, 6 секторы бар 16 мамандандырылған ХҚО (оның ішінде 4 сектор Алматыда және 2 сектор Түркістан облысында), 70 мобильдік ХҚО және Қазпоштаның 1656 бөлімшесі қамтамасыз етеді.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

баспасөз қызметі

15.01.2019

Биометрия жобасы шеңберінде 1,5 мың адам өз деректерін қалдырды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2018жылғы 12 желтоқсанда биометрия жобасын іске қосты. Бір ай ішінде деректер базасына тіркеліп, мәліметтерін қалдырған азаматтардың саны 1473-ке жетті.

Үкімет үйінде өткен брифинг барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов: «Бүгінде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы белсенді жүргізілуде. Бұл ретте, біз мемлекеттік қызметтерді алу процесін жеңілдету үшін қызмет алушылардың жеке басын растаудың жаңа механизмін іске қостық. Биометрия – жеке мәліметтердің ақпараттық қауіпсіздігін күшейтуге көмектесетін құрал», – деп атап өтті.

Биометрия жобасы шеңберінде мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаты не электрондық цифрлық қолтаңбасы қажет емес. Бұл үшін бет-бейне скан көшірмесі немесе саусақ іздерінің болуы жеткілікті. Бұл деректерді азаматтар Астана қаласының 3 және Алматы қаласының 1 халыққа қызмет көрсету орталығында қалдырып, мәліметтер базасына енгізе алады.

Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Аблайхан Оспановтың айтуынша, биометрия  өз бетінше алынатын қызметтер санының артуына,  қызметтерді алу кезінде бөгде азаматтардың қатысуын болдырмауды қамтамасыз етеді.

Биометрия жобасының шеңберінде азаматтарға 52 мемлекеттік қызметтің көрсетілуі қарастырылуда. Олардың екеуі – мекенжай және жылжымайтын мүліктің болу/болмауы жөніндегі анықтамалар қазірдің өзінде қолжетімді.

Айта кетейік, биометрия базасықаржы, коммерциялық қызмет көрсету және қауіпсіздік салаларында, сондай-ақ ғимаратқа кіру жүйесінде пайдаланылуы мүмкін. Шетелдік тәжірибеде биометрия әдісін Ұлыбритания, Үндістан, Нидерланд королдігі ұтымды пайдалануда.

Бір ай бұрын Астана және Алматы қалаларында енгізілген биометрия пилоттық жобасы биыл қыркүйек айына дейін барлық облыстарда іске қосылады деп жоспарланған.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

баспасөз  қызметі

15.01.2019

Бірыңғай жиынтық төлем және оның артықшылықтары

Жаңа 2019 жыл отандастарымыз үшін бірқатар республикалық заңдарға енгізілген өзгерістерден басталды. Солардың бірі – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ).

 

Бұл не және не үшін енгізілді?

Бірыңғай жиынтық төлем өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалардың бейресми қызметін тіркеуді оңайлатуға бағытталған. Сол арқылы төрт міндетті төлемді: мемлекеттік кірістер органына төленетін жеке табыс салығын (ЖТС), Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ, Қор) төленетін міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды бір төлеммен жүзеге асыруға болады.

 

Бұл бізге қандай мүмкіндіктер береді?

Жеке кәсіпкер ретінде кәсіпкерлік қызметін тіркелместен жүзеге асыратын, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: БЖТ төлеген, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын, қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін және (немесе) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, өзінің жеке қосалқы шаруашылығында өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер деп танылады.

Ал сауда-ойын-сауық орталықтары аумағында жұмыстар атқаратындар (қызметтер көрсететін), тұрғын емес орынжайларды жалға берушілер, жеке практикамен айналысатын адамдар, оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдар БЖТ төлеушілер ретінде танылмайды.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес БЖТ төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өз пайдасына Қорға төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 1 еселенген мөлшерінің және басқа елдімекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерінің 30 пайызын құрайды. Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК мөлшері қолданылады.

БЖТ төлеу мүмкіндігіне ие азаматтар барлық төлемдерді оңайлатылған тәртіпте төлеп, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатыса алады. Сонымен қатар БЖТ төлеу арқасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында медициналық қызметтерге толық көлемде қол жеткізіледі, яғни, көрсетілетін медициналық қызметтердің бағасы мен түрі бойынша шек қойылмайды және медициналық мекемелерді таңдау құқығы беріледі. Бұдан басқа БЖТ төлеуші қазақстандықтар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысып, жинақтарын молайтады және қатысу өтіліне қарай мемлекеттік базалық зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға үміт арта алады.

Жүйеге қатысушы жұмыстан, еңбекке қабілеттілігінен, асыраушысынан айырылған жағдайда, сонымен қатар жүктілік, бала туу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жоғары мөлшерде әлеуметтік төлемдер алу мүмкіндігіне ие болады.

Осылайша алатын табысты растаудың арқасында азаматтардың несие өтеу қабілеті арта түседі. Сәйкесінше олар өздерінің төлем қабілеттілігін растап, банктен несие ала алады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалар БЖТ-ны «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына екінші деңгейдегі банктер немесе жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар (мысалы, «Қазпошта» АҚ) арқылы төлейді. Әрі қарай Мемлекеттік корпорация төлемді төрт бағыт бойынша: жеке табыс салығы ретінде мемлекеттік кірістер органына, әлеуметтік аударым ретінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, міндетті зейнетақы жарналары ретінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және әлеуметтік аударым ретінде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударады.

БЖЗҚ салымшылары үшін тағы бір жағымды жаңалық! Бұған дейін МЗЖ есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) жеке тұлғаның БЖЗҚ-ға ұсынған ЖЗШ ашу жөніндегі өтініші негізінде ашылатын. Енді 2019 жылдың қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу үшін жеке тұлғаға БЖЗҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ. Енді жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша сәйкестендіріледі. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері және тұрғылықты мекенжайы бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады.

Ескере кететін жәйт, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мен ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша ЖЗШ ашу тәртібі бұрынғыша өзгеріссіз қалады.

Сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) бар болған жағдайда, ЕЗЖ (өз пайдасына) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын БЖЗҚ сайтында онлайн тәртібінде ашуға болады. Бұл салымшылар мен алушылар үшін өте ыңғайлы.

15.01.2019

Субсидиялау туралы

Ордабасы ауданы әкімі аппаратының басшысы М.Ақмұратовқа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 256 бұйрығының 1-қосымшасымен Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітіліп, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 тамызда № 17306 болып тіркелген.

Бұл ретте, Қағидалардың 3-тармағында Субсидиялауға жататын бағыттары айқындалған. Атап айтқанда:

1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға:

ірі қара малдың, қойлардың, шошқалардың, маралдардың (бұғылардың) аналық басымен, сондай-ақ балараның ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізуге жұмсалған шығындарды арзандату;

отандық және шетелдік шаруашылықтардан асыл тұқымды немесе таза тұқымды ірі қара малдың аналық басын, етті бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын, асыл тұқымды тұқымдық қошқарларын, өнімдік бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырларын, асыл тұқымды тұқымдық түйелерін, асыл тұқымды және таза тұқымды шошқалардың аналық басын, асыл тұқымды ешкілердің аналық басын сатып алуға жұмсалған шығындарды арзандату;

отандық және шетелдік шаруашылықтардан құстардың етті бағыттағы ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын сатып алуға жұмсалған шығындарды арзандату;

республикалық палаталарда тіркелген құс фабрикаларында алынған құстардың жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын сатып алуға жұмсалған шығындарды арзандату;

оператордың тауарлық табынның/отардың өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын/асыл тұқымды тұқымдық қошқарларын күтіп-бағуға жұмсалған шығындарын арзандату;

жеке және заңды тұлғалардың қоғамдық табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағуға жұмсалған шығындарын арзандату;

сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының сатып алынған бір жынысты немесе қос жынысты ұрығының құнын арзандату;

асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтардың шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларының ұрығымен ірі қара малдың аналық басын, сондай-ақ қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерін субсидиялау;

эмбриондарды телу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау;

2) мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiм сапасын арттыруға:

сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген бұқашықтардың құнын арзандату;

сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарының бұқашықтарды бордақылауы кезіндегі шығындарды арзандату;

ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорындардың сиыр етін дайындау құнын арзандату;

өткізілген қозылар құнын арзандату;

құс етiн (бройлер тауығының етін, күркетауық, суда жүзетін құс етін), тағамдық жұмыртқа (тауық жұмыртқасы), сүт (сиырдың, биенің, түйенің сүті), биязы және жартылай биязы жүн өндіру құнын арзандату;

сүтті бағыттағы аналық мал басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату.

Осы Қағидалардың 7-тармағында «Жыл сайын тиісті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) субсидиялар алуға арналған өтінімдерді (бұдан әрі – өтінім) аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдігінің интернет-ресурсында қабылдауды бастағанға дейін күнтізбелік бес күннен кеш емес мерзімде субсидиялау үшін өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру орналастырады. Өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылғы 20 қаңтардан басталады.» және 9-тармағында «Тауар өндірушілердің, жеке және заңды тұлғалардың субсидиялар алуының қажетті талабы өтінім берген сәтте осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларда көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келу болып табылады.» – делінген.

Бұған қоса, Қағидалардың 5-тармағында «Субсидиялау көлемдері осы Қағидалар күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде және одан кейін жыл сайын   5 ақпаннан кешіктірілмей, облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдігінің қаулысымен бекітіледі. Қаулы қабылданғаннан кейін облыстың, Астана және Алматы қалаларының әкімдігі екі жұмыс күні ішінде оны өз ресми интернет-ресурсына орналастырады.» – деп, нақты көрсетілген.

Қағидалардың 14-тармағына сәйкес, Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыты бойынша тауар өндірушілер өтінім беру үшін негіздер туындаған және тауар өндіруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өлшемшарттарға сай келген сәттен бастап, мынадай мерзімдер бойынша өтінімдер береді:

1) тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық басымен, сондай-ақ балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге, табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға жұмсалатын шығындарды арзандату – ағымдағы жылғы 15 сәуірден 1 қазанға дейін;

2) қойлардың, маралдардың (бұғылардың) аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге, тауарлық отардың өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды күтіп-бағуға жұмсалатын шығындарды арзандату – ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін;

3) асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтардың шаруа (фермер) қожалықтары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерінің сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара малының, сондай-ақ қойларының аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерін субсидиялау, эмбриондарды телу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау – ағымдағы жылғы 1 мамырдан 1 желтоқсанға дейін;

4) өтінім беруге негіздер туындаған сәттен бастап алты айдан аспаған отандық және шетелдік шаруашылықтардан асыл тұқымды немесе таза тұқымды жануарларды сатып алу құнын арзандату, отандық және шетелдік шаруашылықтардан құстардың етті бағыттағы ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын және жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын сатып алуға жұмсалған шығындарын арзандату; сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларының сатып алынған бір жынысты және екі жынысты ұрығының құнын арзандату – ағымдағы жылғы 25 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін;

5) ірі қара малдың, шошқалардың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу – ағымдағы жылғы 25 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін.

Тауар өндірушілер осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестікті мынадай мерзімде қамтамасыз етеді:

1) тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу – ағымдағы жылғы 1 қазанға дейін;

2) қойлардың, шошқалар мен маралдардың (бұғылардың) аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу – ағымдағы жылғы 1 желтоқсанға дейін;

3) табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу – ағымдағы жылғы 1 шілдеге дейін;

4) тауарлық отардың өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды күтіп-бағу – ағымдағы жылғы 1 желтоқсанға дейін.

Бұл ретте, Қағидалардың 15-тармағына сәйкес, Тауар өндірушілер асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағыты бойынша тиісті негіздер туындауына қарай осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:

1) қағаз түрінде “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

2) электрондық түрде селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасымен (бұдан әрі – АТЖ) авторландыру бөлігінде интеграцияланған www.egov.kz “электрондық үкімет” веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтінімдер жолдайды.

Өтінім осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген өлшемшарттарды ескере отырып, АТЖ-ға енгізілген деректерді өңдеу нәтижелері бойынша АТЖ-да қалыптастырылады. АТЖ тауар өндіруші өтінімде көрсеткен деректердің бар-жоғын салыстырып-тексереді.

Тауар өндірушінің деректері осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келмеген жағдайда, АТЖ өтінім қалыптастырмайды.

Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде өтінімді Бөлімге жолдайды.

Тауар өндірушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық өтінім автоматты түрде Бөлімге өңдеу үшін жолданады.

Сондай-ақ, Қағидалардың 20-тармағына сәйкес, Тауар өндірушілер көрсетілген субсидиялау бағыттары бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім бергенге дейін АТЖ-ға мыналарды орналастырады:

– екінші деңгейдегі банктің немесе Ұлттық почта операторының ағымдағы шоттың бар-жоғы туралы анықтамасының электрондық көшірмесі (жылына бір рет немесе банктік шот ауысқан жағдайда беріледі);

– осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша қойлардың аналық басын ұрықтандыру туралы акт және осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша ірі қара малдың аналық басын ұрықтандыру және буаздыққа зерттеп қарау актісі – шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларының ұрығымен аналық басты/қойларды қолдан ұрықтандыру кезінде.

Бөлім осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес елді мекендер тұрғындары жиынының асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды бекітіп беру және пайдалану жөніндегі шешімінде көрсетілген деректерге сәйкес ағымдағы жылғы 1 шілдеге дейін АТЖ-да аналық басты тіркей отырып, сондай-ақ асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды бекітіп бере отырып, қоғамдық табын қалыптастырады.

Сонымен қатар, Қағидалардың 22-тармағына сәйкес, Тауар өндірушілер мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бағыты бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өлшемшарттарға сай келген жағдайда және өнімді өткізіп, өткізілген өнімге ақы алған сәттен бастап бір ай ішінде, ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан бастап 20 желтоқсанына дейінгі мерзімде өтінімдер береді.

Тауар өндірушілер мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бағыты бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:

1) Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз түрінде;

2) АТЖ-мен авторландыру бөлігінде интеграцияланған портал арқылы электрондық түрде өтінім береді.

Өтінімдер осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген өлшемшарттарды ескере отыра, АТЖ-ға енгізілген деректерді пысықтау нәтижелері бойынша АТЖ-да қалыптастырылады.

Мемлекеттік корпорация арқылы өтінім берген жағдайда, тауар өндірушілер АТЖ-да қалыптастырылған өтінімді басып шығарады.

Мемлекеттік корпорация өтінімді бір жұмыс күні ішінде Бөлімге жолдайды.

Тауар өндірушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық өтінім автоматты түрде Бөлімге өңдеу үшін жолданады.

Қағидалардың 23 және 24-тармақтарының талаптарына сәйкес, Субсидиялар алудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құс фабрикалары/ сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары/тауарлық сүт фермалары және ауыл шаруашылығы кооперативтері/қой союды жүзеге асыратын ет комбинаттары осы Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге, жеке және заңды тұлғаларға қойылатын өлшемшарттарға сәйкестігіне арнайы комиссияның қорытындысын алады. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының деңгейінде құрылатын комиссиялардың құрамы “Атамекен” ҚР ҰКП-ның өңірлік кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық салалық одақтардың/қауымдастықтардың/ республикалық палаталардың өкілдерінен және Бөлім маманынан қалыптастырылады. Комиссияның қалыптасу рәсімі мен жұмысы “Атамекен” ҚР ҰКП-ның шешімімен регламенттеледі.

Арнайы комиссия кәсіпорындардың инфрақұрылымының бар-жоғын салыстырып-тексереді және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды береді, оның сканерленген көшірмесі АТЖ-да орналастырылады. Қорытындыда көрсетілген сәйкес келу/сәйкес келмеу туралы ақпарат АТЖ-ға енгізіледі.

Тауар өндірушілердің өлшемшарттарға сәйкестігін анықтау бес жұмыс күні ішінде өтеусіз негізде “Атамекен” ҚР ҰКП-ның өңірлік кәсіпкерлер палатасына тауар өндірушінің жазбаша хабарламасы негізінде жүзеге асырылады. Қарау мерзімі тауар өндірушімен келісім бойынша 5 жұмыс күнінен аспайтындай ұзартылуы мүмкін.

Тауар өндірушілердің арнайы комиссия өлшемшарттарына сәйкестігін салыстырып-тексеру үш жылда бір рет не осы Қағидаларда белгіленген өлшемшарттар мен талаптар өзгерген кезде жүзеге асырылады.

Осы Қағидалардың 6 және 8-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкессіздік және өтінімде көрсетілген ақпараттың қоса тіркелген құжаттардағы ақпаратпен сәйкессіздігі анықталған жағдайда, Бөлім тауар өндірушіге көрсетілген мерзім ішінде бас тарту себептерін көрсете отырып, Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз түрінде не АТЖ арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама жолдайды.

Сондай-ақ, осы Қағидалардың 1-қосымшасымен бекітілген субсидиялар нормативтері мен 2 және 3-қосымшаларда көрсетілген өлшемшарттар мен талаптарды ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері мен жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткізу үшін аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуына ықпал жасауыңызды сұранамын.

Қосымшалар

Бөлім басшысы                                  Б.Дүйсембаев

15.01.2019