АУДАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

 Байланыс саласындағы бірқатар мемлекеттік қызмет бойынша қызмет көрсету мерзімі қысқартылды

 

Қазақстанда байланыс саласындағы бірқатар мемлекеттік қызмет бойынша қызмет көрсету мерзімі қысқартылды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу бойынша ведомствоаралық комиссияның шешімімен, байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру, сондай-ақ нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру қызметтері бойынша қызмет көрсету уақыты қысқарды.

Бұдан бөлек, «Азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларының импортына лицензия беру» және «Импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытынды беру» сияқты екі мемлекеттік қызмет біріктірілді.

Оңтайландырылған «Импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар және (немесе) олардың импортына лицензия беру» қызметі бойынша лицензия алу мерзімі 16 жұмыс күнінен 8-ге дейін қысқарды.

Айта кетейік, байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия алу мерзімі 15-тен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Ал «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» қызметін 20 жұмыс күнінің орнына, 5 күн ішінде алуға болады. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру, жою, ұзарту және қайта ресімдеу» қызметі толықтай автоматтандырылды, дайын рұқсат құжаты 20 күн ішінде беріледі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Баспасөз қызметі

14.01.2019

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Тілектер шыршасы» орнатылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы фронт-офистерінде «Тілектер шыршасын» орнатты. ХҚО-ға мемлекеттік қызмет алуға келуші кез келген азамат шыршаға ілінген бала тілегін орындап, шатыққа бөлей алады.

Жаңа жыл қарсаңында Мемлекеттік корпорация бастамасымен аймақтардағы ХҚО-да «Тілектер шыршасы» орнатылды. Онда тұрмысы төмен отбасынан шыққан балалардың арман-тілектері жазылған хаттар ілінген. «Бұл бастаманы біз былтыр алғаш рет Алматы мен Астана қалаларында ғана өткізіп, 60 баланың тілегін жүзеге асырдық. Балаға қуаныш сыйлап, армандарын орындауға ниетті жомарт жандардың көп екенін білеміз, сондықтан бұл шараны биыл біз барлық облыстағы фронт-офистерде өткізуді жөн көрдік. Балалардың сұрататындары өте қарапайым дүниелер. Сыйлықты әперуші азамат бүлдіршінді шат-шадыман әсерге бөлеп қана қоймай, жан жылуымен бөлісіп, бала үмітін ақтайды, армандарына қанат бітіреді», – дейді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.

Шыршаға тілек жазушы балалар аймақтардағы әкімдіктер мен қайырымдылық қорларының ұсынысымен таңдап алынған, олардың арасында көп балалы отбасылар да бар. Әр шыршаға шамамен 20-30 бүлдіршіннің тілек хаты ілінген, ондағы балалардың «Аяз атадан»  сұрап жатқан сыйлықтары да әртүрлі. Мысалы, қарағандылық 10 жасар Бексұлтан сырғанайтын конькиді қалайды, ал болашақта ақын болуды армандайтын талдықорғандық Диана А.С. Пушкиннің өлеңдер жинағын алғысы келеді.

ХҚО-ға келуші кез келген азамат қалауынша хаттың біріндегі тілекті орындай алады. Қайырымдылық жасап, бүлдіршіндердің армандарын орындаған азаматтардың сыйлығы ХҚО-да арнайы мерекелік шара барысында табыс етілетін болады.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында баланың ізгі тілегін орындап, әлеуметтік маңызы зор бастаманы қолдауға шақырамыз. «Тілектер шыршасы» орнатылған ХҚО мекенжайлары:

  1. Астана қ., Байқоңыр ауданы, №5 ХҚО бөлімі, Абай даңғ., 80
  2. Алматы қ., Медеу аудандық ХҚО, Марков к-сі, 44
  3. Шымкент қ., №1 ХҚО бөлімі, Мәдәлі қожа к-сі, 1/16
  4. Ақтөбе қ., №2 ХҚО бөлімі, Сәнкібай батыр к-сі, 249
  5. Ақтау қ., №1 ХҚО бөлімі, 15 шағын аудан, 67б
  6. Атырау қ., №1 ХҚО бөлімі, Қ.Сәтбаев к-сі, 23
  7. Көкшетау қ., №2 ХҚО бөлімі, Абай к-сі, 96
  8. Қарағанды қ. №3 ХҚО бөлімі, Шахтерлар даңғ., 5/2
  9. Қостанай қ., №1 ХҚО бөлімі, Тәуелсіз к-сі, 46
  10. Қызылорда қ., №1 ХҚО бөлімі, Ғ.Мұратбаев к-сі, 2Е
  11. Павлодар қ., №3  ХҚО бөлімі, Павлов к-сі, 48
  12. Петропавл қ., №1 ХҚО бөлімі, Әуезов к-сі, 157
  13. Орал қ., №2 ХҚО бөлімі, Шаған жағажай к-сі, 84
  14. Өскемен қ., №4 ХҚО бөлімі, Қазақстан к-сі, 159/4
  15. Талдықорған қ., Тәуелсіздік к-сі, 67б
  16. Тараз қ.,№5 ХҚО бөлімі, Рысбек батыр к-сі, 14
  17. Түркістан қ., мамандандырылған ХҚО, Қызылорда тасжолы, 35а

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

Коммерциялық емес

Акционерлік қоғамының

Баспасөз қызметі

21.12.2018

Әлеуметтік – еңбек саласы бойынша ақпарат қыжет болса – 1411 нөміріне қоңырау шалу  тегін әрі тиімді

1411 нөмірі арқылы кез келген тұрғын орталықтың қызмет көрсету басқармасына хабарласып, зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру, еңбек қатынастары, жұмыспен қамту, мүгедек балаларды тәрбиелеушілерге онлайн-психологиялық кеңес беру туралы өтінімдерді қабылдау мәселелері бойынша кеңес ала алады.

Сондай-ақ, байланыс-орталығына info@info.mintrud.kz электрондық почта және www.info.mintrud.kz web-порталы арқылы жүгінуге болады. Жұмыс іздеп жүргендер 1411 нөміріне SMS- хабарламаны тегін жібере отырып, өз елді мекеніндегі бос жұмыс орындары туралы ақпарат  алуға мүмкіндік бар. Сұраудан кейін ұялы телефоныңызға сұратылатын мамандық бойынша бос жұмыс орындары бар жұмыс берушілердің байланыс ақпаратымен хабарлама жіберіледі. SMS-хабарламаның үлгісі:

*жұмыс* қаланың коды*мамандық#

Мысалы:
•*жұмыс*7172*жүргізуші#
•*жұмыс*7282мұғалім#
•*жұмыс*72834*медбике#
SMS хабарламаны қабылдау және жіберу тегін. Әлеуметтік-еңбек саласында ақпараттық-кеңес беру қызметін көрсету жөніндегі басқармаға халық сенбі және жексенбі, мереке күндерінен басқа, кез келген күні сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін хабарласа алады.

20.12.2018

Аудан және ауыл округі әкімдерінің есеп беру кездесуіндегі тұрғындардың ұсыныстарын, ескертулерімен пікірлерін жинау үшін белгіленген жерлерде ақпарат жинауға арналған жәшіктердің ауыл округтеріндегі орналасқан орындары

Ауыл округі атауыЖәшіктердің орналасқан орны
Төрткүл ауыл округіТөрткүл ауылы, Д.Қонаев көшесі №2 үй, Әкімшілік ғимараты
Шұбар ауыл округіШұбар ауылы, Қ.Сағырбаев көшесі №5 үй, Әкімшілік ғимараты
Шұбар ауылы, О.Жандосов көшесі №8,

18 колледжінің ғимараты

Қараспан ауыл округіҚараспан ауылы, Бимырза көшесі №6 үй, Әкімшілік ғимараты
Бөржар ауыл округіҰялыжар ауылы, Төлеби көшесі №2 үй, Әкімшілік ғимараты
Бадам ауыл округіБадам ауылы, Ә.Шопақүлы көшесі №1А үй, Әкімшілік ғимараты
Шұбарсу ауыл округіШұбарсу ауылы, Д.Қонаев көшесі, М.Исламқұлов мектебінің ғимараты
Шұбарсу ауылы, Аргосад – 3 алабы, Б.Нұрлыбеков мектебінің ғимараты
Жеңіс ауыл округіЖеңіс ауылы, С.Қожанов көшесі №14 үй, Әкімшілік ғимараты
Жеңіс ауылы, Ә.Жәнібеков көшесі, нөмерсіз үй, Тұрманжанов атындағы мектебінің ғимараты
Қарақұм ауыл округіҚарақұм ауылы, Қажымұқан көшесі №19 үй, Әкімшілік ғимараты
Қажымұқан ауыл округіҚажымұқан ауылы, С.Ысмайлов атындағы мектебінің ғимараты
Ынталы ауылы, Қ.Бектаев мектебінің ғимараты
Темірлан ауылы, Әзімбаев көшесі №30, Кәусар гимназиясының ғимараты
Көктөбе ауылы, Н.Нысанбаев атындағы мектебінің ғимараты
Амангелді ауылы, Ғ.Мұратбаев атындағы мектебінің ғимараты
Бөген ауыл округіБөген ауылы, М.Әуезов көшесі №30 үй, Б.Кенжебаев атындағы мектебінің ғимараты

Аппарат басшысы                                       М.Ақмұратов

Орын М.Туреев Тел 2-10-90

20.12.2018

Аудан әкімі мен ауыл округі әкімдерінің «Ауданның 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2019 жылға алда тұрған міндеттері туралы» есеп беру кестесі

«Б Е К І Т Е М І Н»

Аудан әкімінің м.у.а _________Ғ.Үсенбаев 

2018 жылғы «____»  желтоқсан.

 

Аудан әкімі мен ауыл округі әкімдерінің «Ауданның 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2019 жылға алда тұрған міндеттері туралы» есеп беру кестесі

 

қ/сАуыл округі атауыАудан, ауыл округі әкімдерінің аты-жөніӨткізілу күніӨткізілу уақытыӨтетін орны
1Төрткүл ауыл округіАуыл округі әкімінің 2018 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындысы және 2019 жылға алда тұрған міндеттері туралы есебі.16.01.2019 жылсағат
11-00
Елшібек батыр ауылы, «Төрткүл төбе» жалпы орта мектебі
16.01.2019 жылсағат
15-00
Қызылжар ауылы, «Қызылжар» жалпы орта мектебі
17.01.2019 жылсағат
11-00
Көкарал, Еңбекші, Жайылма ауылдары, М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебі
17.01.2019 жылсағат
15-00
Арыстанды, Нұра ауылдары, «Бөген» жалпы орта мектебі
18.01.2019 жылсағат
11-00
Спатаев ауылы, Қ.Сыпатаев атындағы жалпы орта мектебі
18.01.2019 жылсағат
15-00
Ақсары ауылы, Ақсары бастауыш мектебі
Аудан әкімінің «Ауданның 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2019 жылға алда тұрған міндеттері туралы» және ауыл округі әкімінің қорытынды есебі. 22.01.2019 жылсағат      11-00Төрткүл ауылы, Б.Төлепбаев атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы
2Қарақұм ауыл округіАудан әкімінің «Ауданның 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2019 жылға алда тұрған міндеттері туралы» және ауыл округі әкімінің қорытынды есебі. 22.01.2019 жылсағат
15-00
Қарақұм ауылы, «Қарақұм» жалпы орта мектебінің мәжіліс залы
3Жеңіс ауыл

округі

Аудан «Ауданның 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2019 жылға алда тұрған міндеттері туралы» және ауыл округі әкімінің қорытынды есебі. 23.01.2019 жылсағат
11-00
Жеңіс ауылы, Ө.Тұрманжанов атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы
4

 

Бөген ауыл

округі

Аудан әкімінің «Ауданның 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2019 жылға алда тұрған міндеттері туралы» және ауыл округі әкімінің қорытынды есебі. 23.01.2019 жылсағат
15-00
Бөген ауылы, Б.Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы
5Шұбар ауыл округіАуыл округі әкімінің 2018 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындысы және 2019 жылға алда тұрған міндеттері туралы есебі.16.01.2019 жылсағат
11-00
Аққойлы ауылы, «Аққойлы» бастауыш мектебі
16.01.2019 жылсағат
15-00
Жусансай ауылы, «Жусансай» ауылдық клубы
17.01.2019 жылсағат
11-00
Сарытоғай ауылы, Сарытоғай бастауыш мектебі.
17.01.2019 жылсағат
15-00
Тоқсансай ауылы, Тоқсансай жалпы орта мектебі
  Аудан әкімінің «Ауданның 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2019 жылға алда тұрған міндеттері туралы» және ауыл округі әкімінің қорытынды есебі. 24.01.2019 жылсағат
11-00
Шұбар ауылы, №18 колледждің мәжіліс залы
6Шұбарсу ауыл округіАудан әкімінің «Ауданның 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2019 жылға алда тұрған міндеттері туралы» және ауыл округі әкімінің қорытынды есебі. 24.01.2019 жылсағат
15-00
 «Б.Нұрлыбеков» атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы
7Бадам ауыл округіАуыл округі әкімінің 2018 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындысы және 2019 жылға алда тұрған міндеттері туралы есебі.16.01.2019 жылсағат
11-00
Ақбұлақ ауылы, «Ақбұлақ» жалпы орта мектебі
16.01.2019 жылсағат
15-00
Қарабастау ауылы, «Қарабастау» бастауыш мектебі
17.01.2019 жылсағат
11-00
Ордабасы ауылы, «Ордабасы» жалпы орта мектебі
17.01.2019 жылсағат
15-00
Дербес ауылы, С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебі
18.01.2019 жылсағат
11-00
Мамыр ауылы, Бадам ауыл округі әкімі аппараты ғимараты мәжіліс залы
Аудан әкімінің «Ауданның 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2019 жылға алда тұрған міндеттері туралы» және ауыл округі әкімінің қорытынды есебі. 25.01.2019 жылсағат
11-00
Бадам ауылы, Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы
8

 

 

 

 

Бөржар ауыл округі

 

 

 

Ауыл округі әкімінің 2018 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындысы және 2019 жылға алда тұрған міндеттері туралы есебі.16.01.2019 жылсағат
11-00
Жамбыл ауылы, Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебі
16.01.2019 жылсағат
15-00
Бірлік ауылы, «Бірлік» бастауыш мектебі
17.01.2019 жылсағат
11-00
Қалаш ауылы, «Қалаш» бастауыш мектебі
17.01.2019 жылсағат
15-00
Ынтымақ ауылы, С.Ысқақов атындағы жалпы орта мектебі
18.01.2019 жылсағат
11-00
Ықыластемір ауылы, «Дулати» ЖОМ
18.01.2019 жылсағат
15-00
Теспе ауылы, «Теспе»жалпы орта мектебі
21.01.2019 жылсағат
11-00
Қайнар ауылы, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі
Аудан әкімінің «Ауданның 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2019 жылға алда тұрған міндеттері туралы» және ауыл округі әкімінің қорытынды есебі. 25.01.2019 жылсағат
15-00
Ұялыжар ауылы, Абай атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы
9Қараспан ауыл округіАуыл округі әкімінің 2018 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындысы және 2019 жылға алда тұрған міндеттері туралы есебі.16.01.2019 жылсағат
11-00
Батыр ата ауылы, І.Есенберлин атындағы жалпы орта мектебі
16.01.2019 жылсағат
15-00
Берген ауылы, К.Омаров атындағы  жалпы орта мектебі
17.01.2019 жылсағат
11-00
Көлтоған ауылы, Е.Ерназаров атындағы жалпы орта мектебі
17.01.2019 жылсағат
15-00
Төреарық ауылы, Тәукехан атындағы жалпы орта мектебі
18.01.2019 жылсағат
11-00
Мақташы ауылы, «Мақташы» жалпы орта мектебі
18.01.2019 жылсағат
15-00
Сарыарық ауылы, Ә.Махамбетов атындағы мектебі
21.01.2019 жылсағат
11-00
Ақжол ауылы және Жаңа тұрмыс «Жамбыл» жалпы орта мектебі
21.01.2019 жылсағат
15-00
Жұлдыз Мәдениет, Ынтымақ Ақпан Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебі
Аудан әкімінің «Ауданның 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2019 жылға алда тұрған міндеттері туралы» және ауыл округі әкімінің қорытынды есебі. 29.01.2019 жылсағат
11-00
Қараспан ауыл округі әкімі аппаратының мәжіліс залы
10Қажымұқан ауыл округіАуыл округі әкімінің 2018 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындысы және 2019 жылға алда тұрған міндеттері туралы есебі.16.01.2019 жылсағат
11-00
Қызылсеңгір, Боралдай ауылдары, Н.Оразбаев атындағы жалпы орта мектебі
16.01.2019 жылсағат
15-00
Көктөбе ауылы, Н.Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебі
17.01.2019 жылсағат
11-00
Қажымұқан ауылы, С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебі
17.01.2019 жылсағат
15-00
Амангелді ауылы, Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебі
18.01.2019 жылсағат
11-00
Ынталы ауылы, Қ.Бектаев атындағы жалпы орта мектебі
Аудан әкімінің «Ауданның 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2019 жылға алда тұрған міндеттері туралы» және ауыл округі әкімінің қорытынды есебі. 29.01.2019 жылсағат
15-00
Темірлан ауылы, «Кәусар» гимназиясының мәжіліс залы
11Аудан әкімінің қорытынды есебіАудан әкімінің «Ауданның 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2019 жылға алда тұрған міндеттері туралы»  қорытынды есебі. 01.02.2019 жылсағат
11-00
Темірлан ауылы, аудандық мәдениет үйі

 

Аудан әкімі аппаратының басшысы                                                      М.Ақмұратов

20.12.2018

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2018 жылғы «12»  желтоқсан

Нұр Отан» партиясының Шымкент қаласындағы филиалында қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қорытындылары мен даму келешегі талқыланды.

 12 желтоқсан 2018 жылы Шымкент қаласында  «Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 20 жылдығы. ҚР зейнетақы жүйесінің негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Форум-кеңес түріндегі отырыс БЖЗҚ бастамасы бойынша ұйымдастырылды. Оған Қор қызметкерлері және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, Медициналық сақтандыру қоры, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының өкілдері, сондай-ақ кәсіподақтар, кәсіпкерлер палатасы және «Нұр Отан» партиясының мүшелері мен аталмыш жүйенің бастауында тұрған тұлғалар, БАҚ өкілдері, сарапшылар және салымшылар (алушылар) қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізу себептерін, БЖЗҚ-ны құрудың артықшылықтары мен кемішін тұстарын, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму келешегін талқылады. Сонымен қатар қазақстандықтар, әсіресе жастар арасында зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетін қалыптастыру және өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды жүйеге тарту мәселелері, сондай-ақ зейнетақы капиталын қалыптастыруда ерікті зейнетақы жарналарының алар орны бойынша пікір алмасты.

Отырысты БЖЗҚ АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры Байдуанов Самат Стаханұлы ашты. Ол, бүгінгі жиынға қатысуға келген азаматтарға алғысын білдіріп, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметіне қатысты мәселелерді талқылауда жемісті еңбек тіледі. Өз сөзінде филиал басшысы Қор тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы хабардарлығын, сондай-ақ қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстарды ерекше атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар бұдан 20 жыл бұрын Қазақстанның  ТМД елдері арасында тұңғыш рет зейнетақы реформасын жүргізіп, дұрыс қадам жасағанды туралы тұжырым жасады. Бүгінде жүйе орнықты және өзінің дағдарысқа төзімділігін дәлелдеді және даму әлеуеті жоғары. Жиынға қатысушылар сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуы, табыстылығы, барабарлығы көп жағдайда елдегі экономикалық ахуалға тәуелді екендігін атап өтті. Өйткені экономиканың нақты салаларының өсуі еңбек өнімділігі мен халық табысының артуына септігін тигізеді. Инфляцияның төмендеуі, экономикада бағалардың тұрақталуы зейнетақы жинақтарының нақты құнына оң әсер етеді. Экономикалық тұрғыда белсенді халықтың жұмыспен барынша толық қамтылуы оларға алған табыстан өз пайдасына зейнетақы жарналарын тұрақты аударып тұруға мүмкіндік береді.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

14.12.2018

Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары туралы

Алматы, Қазақстан – Бүгінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) барлық 18 филиалында өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары жұмыс істеп тұр. Олар салымшылар мен алушыларға оператордың қатысуынсыз, өз бетімен зейнетақы қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді.

Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалының корпусы тұтас темірден жасалған. Алдыңғы жағының жоғарғы бөлігінде сенсорлық экраны бар. Корпустың ішіне жаңа үлгідегі жүйелік блок орналастырылған. Ол терминалдың барынша жылдам жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Терминалдарда ай сайын орта есеппен шамамен 1 550 операция жүзеге асырылады. Олардың ішінде ең сұранысқа ие қызметтер: шарт жасасу (операциялардың 48,62%) және деректемелерге өзгеріс енгізу (43,03%).

Қазіргі кезде өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы арқылы: зейнетақы шоттарының бар-жоғы туралы анықтама алу, жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзінді-көшірме алу, берілген өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау және шарттардың көшірме нұсқасын алу секілді қызметтерді салымшылар мен алушылар ЖСН мен құпия сөз (пароль) және жеке куәліктегі электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен ала алады. Ал міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша шарт жасасу жөнінде өтініш беру және жеке деректемелерді өзгерту үшін салымшыны танып білу әдісі ретінде тек жеке куәліктегі ЭЦҚ қажет.

БЖЗҚ» АҚ 2017-2021 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясы аясында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және тікелей, қашықтықтан және өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесін дамыту арқылы Қор салымшыларға зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға ұйымдық тұрғыда жәрдемдеседі.

Өткен жылы Қор сайтында зейнетақы қызметтерінің барлық негізгі түрлері электрондық форматта қолжетімді болды. Олар, атап айтар болсақ: МЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу, ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша ЖЗШ ашу, салымшының (алушының) жеке деректемелеріне өзгерістер енгізу, сонымен қатар I және II топтардағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш беру. 2018 жылдың 9 айы ішінде Қор кеңселерінде және электрондық форматта шамамен 15,7 млн операция орындалған. Олардың ішінде 11,5 млн операция электрондық түрде жүзеге асырылды. Ал бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 млн операцияға көп, яғни өсім – 25 пайызды құрады.

«БЖЗҚ» АҚ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оларды барынша жетілдіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Осылайша, салымшылар мен алушыларға ыңғайлы, заманауи қызметтер көрсетіліп жатыр. Таяу уақытта VTM-терминалдарды іске қосу жоспарлануда. Олар салымшыларға Қор операторымен бейне-байланыс арқылы ақыл-кеңес алуға мүмкіндік береді.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

10.12.2018

5 сұрақ

  1. Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін қайда жүгінуге болады? Осы жөнінде толығырақ айтып берсеңіз.

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. Соған сәйкес болашақ зейнеткерлерді зейнетақымен қамту жауапкершілігі мемлекет, жұмыс беруші және салымшы арасында оңтайлы үлестірілген.

«Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде мемлекет алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, оның атына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепiлдiк бередi. Зейнетақы жинақтары салымшының меншігі болып табылады және мұраға қалдырылады.

Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін: зейнеткерлік жасқа толған азаматтар, I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар, шетелге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және осы төлемді алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері алуға құқылы. Бұл ретте Қорда зейнетақы жинақтары бар, I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар мен шетелге қоныс аударған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақы жинақтары есебінен төлемдерді алу үшін Қорға жүгінеді. Ал мемлекеттік зейнетақылар мен мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін бірыңғай (бір) өтінішпен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жергілікті бөлімшесіне (халыққа қызмет көрсету орталығына) өтініш береді. Ал зейнет жасына толған азаматтар биыл қазан айында енгізілген жаңа Композиттік қызмет аясында мемлекеттік зейнетақылар мен Қор төлемдерін және мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін бірыңғай (бір) өтініш пен қажетті құжаттарды тек бір жерге – осы мемлекеттік корпорацияға тапсырады. Яғни, айырма төлемін алу үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ.

Мемлекеттік корпорация зейнетақы жинақтарының сомалары туралы Қордан алынған мәліметтерді алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляцияны ескере отырып, осы кезеңде енгізілген зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырып тексереді. Егер алушының Қордағы зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті және міндеті кәсіптік зейнетақы жарналары сомасынан артық немесе оған тең болса, айырма сомасы төленбейді. Ал егер зейнетақы жинақтарының сомасы енгізілген жарналардың сомасынан төмен болса, Мемлекеттік корпорация айырма төлемін есептейді. Бұл сома 10 жұмыс күні ішінде республикалық бюджет есебінен алушының банк шотына аударылады.

  1. Фрилансерлер де зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті ме?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2018 жылғы 2 шілдедегі № 165-VІ Заңы) енгізілген өзгерістерге сәйкес азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар өз пайдасына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) алатын табысының 10 пайызы мөлшерінде (бірақ ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес және 75 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес) міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеуге міндетті.

Осылайша, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшін МЗЖ аудару тәртібі мынадай:

– азаматтық-құқықтық шарттар бойынша қызмет көрсететін жеке тұлғалар (қызмет көрсетушілер) міндетті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банктер арқылы табыстар алынған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей төлейді;

– екінші деңгейдегі банктерде шоттары жоқ жеке тұлғалар міндетті зейнетақы жарналарын кейіннен Мемлекеттік корпорацияға аудару үшін оларды банкке қолма-қол ақшамен енгізеді;

– екінші деңгейдегі банктер ТМК (төлем мақсатының коды) 010 кодын қолдана отырып, Мемлекеттік корпорацияға төлем тапсырмасын әзірлейді. Одан әрі, салымшылардың МЗЖ сомасы Мемлекеттік корпорацияның шотына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде МТ-100 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен БЖЗҚ-ға аударылады.

Қандай да бір кезеңде табыс болмаған жағдайда бұл тұлғалар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебінен өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жоқ болған жағдайда, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қою арқылы міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қажет. БЖЗҚ ішкі құжатымен бекітілген өтініш үлгілері БЖЗҚ ресми сайтында орналастырылған:

https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/4ad/4addeb793dfa25a5136d50e27570398a.pdf

Жеке зейнетақы шотын ашу жөніндегі өтінішті Қордың кез-келген бөлімшесінде және электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен enpf.kz сайты арқылы беруге болады.

  1. БЖЗҚ филиалдарында орнатылған өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы қандай қызметтерді алуға болады?

Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары салымшылар мен алушыларға оператордың қатысуынсыз, өз бетімен зейнетақы қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді. Терминалдың корпусы тұтас темірден жасалған. Алдыңғы жағының жоғарғы бөлігінде сенсорлық экраны бар. Корпустың ішіне жаңа үлгідегі жүйелік блок орналастырылған. Ол терминалдың барынша жылдам жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы арқылы: зейнетақы шоттарының бар-жоғы туралы анықтама алу, жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзінді-көшірме алу, берілген өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау және шарттардың көшірме нұсқасын алу секілді қызметтерді салымшылар мен алушылар ЖСН мен құпия сөз (пароль) және жеке куәліктегі электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен ала алады. Ал МЗЖ бойынша шарт жасасу жөнінде өтініш беру және жеке деректемелерді өзгерту үшін салымшыны танып білу әдісі ретінде тек жеке куәліктегі ЭЦҚ қажет.

Барлық филиалдарда өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдардарын қолдану арқылы ай сайын орта есеппен шамамен 1 550 операция жүзеге асырылады. Олардың ішінде ең сұранысқа ие қызметтер: шарт жасасу (операциялардың 48,62%) және деректемелерге өзгеріс енгізу (43,03%) қызметтері.

  1. Зейнетақы активтері не үшін екінші деңгейдегі банктерге инвестицияланады? Олар бірінен-соң бірі жабылып жатыр емес пе?

Қазіргі уақытта зейнетақы активтері бірыңғай оператор – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында шоғырландырылған. Оның құрылтайшысы және жалғыз акционері – Қазақстан Республикасының үкіметі. «БЖЗҚ» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті ҚР Ұлттық Банкнің сенімгерлік басқаруына берілген. Зейнетақы активтерін басқаруды Ұлттық Банк ҚР Ұлттық Қорды басқару жөніндегі кеңесімен бірлесе отырып жүзеге асырады. Сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімін жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі біршама диверсификацияланған, яғни әртараптандырылған. Сәйкесінше зейнетақы активтері тәуекелі төмен, табысы тұрақты, ұлттық және шетелдік валютада номинирленген әр түрлі  қаржы құралдарына инвестицияланады. Басты мақсат – ұзақ мерзімді болашақта тұрақты инвестициялық табыс алып тұру. Бұл – басты стратегия.

Портфельдің негізгі бөлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына (47%), екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздарына (17%) және шет мемлекеттердің бағалы қағаздарына (11%) инвестицияланған.

БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған осы және өзге де қаржы құралдары теңгеде (68%) және шет мемлекеттердің валютасында (32%) номинирленген.

Зейнетақы активтерін екінші деңгейдегі банктердің облигацияларына инвестициялау нарық жағдайында жүзеге асырылады. БЖЗҚ банктердің облигацияларына қатысты жалғыз инвестор емес. Ол бұл бағалы қағаздарды кез келген уақытта сатып алуға және сатуға құқылы.

Ұлттық Банк зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша барлық шешімдерді ашықтық қағидатын ұстана отырып қабылдайды. Инвестициялық портфельдің құрылымы ай сайын БЖЗҚ сайтында жарияланып отырады. Оны кез келген адам көре алады.

 

  1. Зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты қалай алуға болады?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап оның кез келген күнге қатысты сұрауы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты тегін беруге, сондай-ақ зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетімділігінің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етуге міндетті. Ал ақпарат алу тәсілін салымшы өзі таңдайды. Шоттан үзінді-көшірме алудың мынадай тәсілдері бар:

– пошта байланысы арқылы  – жылына бір рет;

– таңдап алынған төлем кестесіне сәйкес электрондық пошта арқылы – (ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын, жыл сайын);

– БЖЗҚ кеңсесіне тікелей өзі келгенде – шек қойылмайды;

– интернет-хабарландыру арқылы (сайт немесе смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасы бойынша) – онлайн режимінде  шектеусіз;

– enpf.kz сайтына тіркелу жолымен оның «Жеке кабинет» арқылы немесе ЭЦҚ бар болса egov.kz электрондық үкімет сайты арқылы –  шектеусіз.

Егер Сіз зейнетақы шотыңыз жайында үзінді-көшірме алу тәсілін таңдамаған болсаңыз немесе оны интернет байланысы арқылы алғыңыз келсе жеке басыңызды куәландыратын құжатпен жақын жердегі Қор кеңсесіне келіп, хабарлау тәсілі туралы қосымша келісім жасай аласыз. Қор бөлімшелерінің мекенжайлары мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.enpf.kz/kz/adresa-i-kontakty/regionalnaya-set/

Электрондық цифрлық қолтаңба бар болса оны Қор сайты арқылы да жасауға болады. Бұл операция бар болғаны бірнеше минутты алады.

Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты интернет арқылы алу  – қазіргі уақытта өте танымал. Ол зейнетақы жинақтарын кез келген уақытта онлайн тәртібінде бақылап отыруға мүмкіндік береді.

 

10.12.2018

Хабарландыру

Ордабасы ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілдің функциясы жүктелген мемлекеттік қызметші Сыздық Зулфия Құлбабақызы 2018 жылғы 14 – желтоқсан күні сағат 15:00-де Ордабасы ауданы әкімі аппараты ғимаратында мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау өткізеді.

Ордабасы ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілдің функциясы жүктелген мемлекеттік қызметші – мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырды, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация береді.

Қабылдауға аудан әкімі аппаратындағы 8 (725-30) 2-12-85, 2-12-41 сымтетік арқылы алдын ала жазылуға болады.

06.12.2018

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 19 қарашадағы № 312 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 19 қарашада № 4786 болып тiркелдi
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17306 болып тіркелген “Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 256 бұйрығына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері осы қаулыға 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Түркістан облысы әкімдігінің:
1) 2018 жылғы 14 мамырдағы № 133 “Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы” (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4604 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 мамырда “Оңтүстік Қазақстан” газетінде және 2018 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық банкінде жарияланған);
2) 2018 жылғы 20 шілдедегі № 211 “Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 133 “Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы” қаулысына өзгеріс енгізу туралы” (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4696 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 шілдеде “Оңтүстік Қазақстан” газетінде және 2018 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық банкінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. “Түркістан облысы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Түркістан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;
4) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.Т.Нүкеновке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі Ж. Түймебаев
Қ.Т. Нүкенов
Т.К. Сәрсембаев
А.Е. Тұрғымбеков
Е.Қ. Тасжүреков
Е.Ә. Садыр
А.С. Сәбитов
Ұ. Сәдібеков
А.Б. Тасыбаев

Түркістан облысы әкімдігінің
2018 жылғы “19” қарашадағы
№ 312 қаулысына
1-қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері

№ Субсидиялау бағыты Өлшем бірлігі 1 бірлікке арналған субсидия нормативі, теңге Субсидия көлем Субсидия сомасы, мың теңге

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемі
Етті мал шаруашылығы
1. Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
1.1 Тауарлық аналық бас бас 10 000 5 365 53 650,0
1.2 Асыл тұқымды аналық бас бас 20 000 493 9 860,0
2. Отандық етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқаларын сатып алу бас 150 000 150 22 500,0
3. Импорттық асыл тұқымды немесе таза тұқымды аналық басын сатып алу бас 225 000 500 112 500,0
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы
1 Асыл тұқымды бұқалардың ұрығын сатып алу
1.1 бір жынысты доза 10 000 205 2 050,0
1.2 қос жынысты доза 5 000 755 3 775,0
2. Асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу
2.1 отандық немесе ТМД елдерінен импортталған бас 150 000 100 15 000,0
3. Сүтті бағыттағы аналық бастың азығына жұмсалған шығындарын құнын арзандату бас 120 000 1 469 176 280,0
Қой шаруашылығы
1. Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру бас 1 000 90 500 90 500,0
2. Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
2.1 асыл тұқымды аналық бас бас 2 500 112 000 280 000,0
2.2 тауарлы аналық басы бас 1 500 605 146 907 719,0
3. Асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар сатып алу тұсақтар бас 8 000 100 800,0

Жылқы шаруашылығы
1. Асыл тұқымды айғырлар сатып алу бас 100 000 120 12 000,0

Балара шаруашылығы
1. Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу балара ұясы 5 000 4 187 20 935,0
Барлығы

1 707 569,0
Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері
Етті мал шаруашылығы
1. Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1 000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген бұқашықтардың құнын арзандату тонна 200 1 730 346 000,0
Сүтті және сүтті-етті бағыттағы мал шаруашылығы
1. Сүт өндіру құнын арзандату:
1.1 бағымдағы аналық бас саны 600 бастан басталатын шаруашылық тонна 35 3 200 112 000,0
1.2 бағымдағы аналық бас саны 50 бастан басталатын шаруашылық тонна 10 1 636,67 16 366,7
1.3 Ауыл шаруашылығы кооперативі тонна 10 1 000 10 000,0
Етті құс шаруашылығы
1. Құс етін өндіру құнын арзандату
1.1 күрке тауық етін өндіру құнын арзандату тонна 200 2 350 470 000,0
Жұмыртқалы құс шаруашылығы
1. Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату
1.1 150 миллион данадан басталатын нақты өндіріс мың дана 2,7 25925,9 70 000,0
1.2 20 миллион данадан басталатын нақты өндіріс мың дана 2 16 687 33 374,0
Қой шаруашылығы
1. Қозы өткізу құнын арзандату бас 3 000 6 000 18 000,0
Жылқы шаруашылығы
1. Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату тонна 60 166,7 10 000,0
Түйе шаруашылығы
1. Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату тонна 55 500 27 500,0
Барлығы

1 113 240,7

Түркістан облысы әкімдігінің
2018 жылғы “19” қарашадағы
№ 312 қаулысына
2- қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері
№ Субсидиялау бағыты Өлшем бірлігі 1 бірлікке арналған субсидия нормативі, теңге Субсидия көлемі Субсидия сомасы, мың теңге

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемі
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы
1 Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу
1) отандық шаруашылықтардың асыл тұқымды ірі қара малы бас 170 000 257 43 690,0
Мал шаруашылығы
2 Қоғамдық және тауарлы табындарда етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағу бас 100 000 368 36 800,0
Қой шаруашылығы
2 Асыл тұқымды қойлар сатып алу
1) тұқымдық қошқарлар бас 20 000 319 6 380,0
Жылқы шаруашылығы
1. Асыл тұқымды аналық бас сатып алу бас 40 000 20 800,0
Барлығы

87 670,0
Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері
Мал шаруашылығы
1. 100 бастан бастап тірі салмақтағы бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату
1) 400-ден 450 килограмға дейін бас 45 000 3 447 155 115,0
2) 451-ден 500 килограмға дейін бас 60 000 2 093 125 580,0
3) 501-ден 550 килограмға дейін бас 65 000 832 54 080,0
4) 551-ден 600 килограмға дейін бас 75 000 6 321 474 075,0
2. ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату бас 20 000 1 504 30 080,0
Сүтті және сүтті-етті бағыттағы мал шаруашылығы
1. Сүт өндіру мен дайындаудың құнын арзандату
3) ауыл шаруашылығы кооперативтері тонна 10 814,87 8 148,7
Жұмыртқалы құс шаруашылығы
1. Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату
2) 20 млн. данадан басталатын нақты өндіріс мың дана 2 13 360,5 26 721,1
Шошқа шаруашылығы
1. Шошқа етін өндіру құнын арзандату
1) нақты бордақыланғаны
3 000 бастан бастап тонна 100 52,4 5 240,0
Қой шаруашылығы
2. Қайта өңдеуге өткізілген биязы және жартылай биязы жүн өндіру құнын арзандату
1) сапасы 60-тан басталатын жүн тонна 150 45,42 6 813,9
2) сапасы 50-ден басталатын жүн тонна 100 4,78 477,7
Жылқы шаруашылығы
1. Бие сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін тонна 110 84,66 9 312,7
2. Жылқы етін өндіру құнын арзандату тонна 120 369,37 44 324,4
Барлығы

939 968,5

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” ШЖҚ РМК

04.12.2018