АУДАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары туралы

Алматы, Қазақстан – Бүгінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) барлық 18 филиалында өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары жұмыс істеп тұр. Олар салымшылар мен алушыларға оператордың қатысуынсыз, өз бетімен зейнетақы қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді.

Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалының корпусы тұтас темірден жасалған. Алдыңғы жағының жоғарғы бөлігінде сенсорлық экраны бар. Корпустың ішіне жаңа үлгідегі жүйелік блок орналастырылған. Ол терминалдың барынша жылдам жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Терминалдарда ай сайын орта есеппен шамамен 1 550 операция жүзеге асырылады. Олардың ішінде ең сұранысқа ие қызметтер: шарт жасасу (операциялардың 48,62%) және деректемелерге өзгеріс енгізу (43,03%).

Қазіргі кезде өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы арқылы: зейнетақы шоттарының бар-жоғы туралы анықтама алу, жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзінді-көшірме алу, берілген өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау және шарттардың көшірме нұсқасын алу секілді қызметтерді салымшылар мен алушылар ЖСН мен құпия сөз (пароль) және жеке куәліктегі электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен ала алады. Ал міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша шарт жасасу жөнінде өтініш беру және жеке деректемелерді өзгерту үшін салымшыны танып білу әдісі ретінде тек жеке куәліктегі ЭЦҚ қажет.

БЖЗҚ» АҚ 2017-2021 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясы аясында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және тікелей, қашықтықтан және өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесін дамыту арқылы Қор салымшыларға зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға ұйымдық тұрғыда жәрдемдеседі.

Өткен жылы Қор сайтында зейнетақы қызметтерінің барлық негізгі түрлері электрондық форматта қолжетімді болды. Олар, атап айтар болсақ: МЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу, ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша ЖЗШ ашу, салымшының (алушының) жеке деректемелеріне өзгерістер енгізу, сонымен қатар I және II топтардағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш беру. 2018 жылдың 9 айы ішінде Қор кеңселерінде және электрондық форматта шамамен 15,7 млн операция орындалған. Олардың ішінде 11,5 млн операция электрондық түрде жүзеге асырылды. Ал бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 млн операцияға көп, яғни өсім – 25 пайызды құрады.

«БЖЗҚ» АҚ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оларды барынша жетілдіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Осылайша, салымшылар мен алушыларға ыңғайлы, заманауи қызметтер көрсетіліп жатыр. Таяу уақытта VTM-терминалдарды іске қосу жоспарлануда. Олар салымшыларға Қор операторымен бейне-байланыс арқылы ақыл-кеңес алуға мүмкіндік береді.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

10.12.2018

5 сұрақ

  1. Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін қайда жүгінуге болады? Осы жөнінде толығырақ айтып берсеңіз.

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. Соған сәйкес болашақ зейнеткерлерді зейнетақымен қамту жауапкершілігі мемлекет, жұмыс беруші және салымшы арасында оңтайлы үлестірілген.

«Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде мемлекет алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, оның атына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепiлдiк бередi. Зейнетақы жинақтары салымшының меншігі болып табылады және мұраға қалдырылады.

Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін: зейнеткерлік жасқа толған азаматтар, I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар, шетелге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және осы төлемді алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері алуға құқылы. Бұл ретте Қорда зейнетақы жинақтары бар, I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар мен шетелге қоныс аударған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақы жинақтары есебінен төлемдерді алу үшін Қорға жүгінеді. Ал мемлекеттік зейнетақылар мен мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін бірыңғай (бір) өтінішпен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жергілікті бөлімшесіне (халыққа қызмет көрсету орталығына) өтініш береді. Ал зейнет жасына толған азаматтар биыл қазан айында енгізілген жаңа Композиттік қызмет аясында мемлекеттік зейнетақылар мен Қор төлемдерін және мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін бірыңғай (бір) өтініш пен қажетті құжаттарды тек бір жерге – осы мемлекеттік корпорацияға тапсырады. Яғни, айырма төлемін алу үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ.

Мемлекеттік корпорация зейнетақы жинақтарының сомалары туралы Қордан алынған мәліметтерді алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляцияны ескере отырып, осы кезеңде енгізілген зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырып тексереді. Егер алушының Қордағы зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті және міндеті кәсіптік зейнетақы жарналары сомасынан артық немесе оған тең болса, айырма сомасы төленбейді. Ал егер зейнетақы жинақтарының сомасы енгізілген жарналардың сомасынан төмен болса, Мемлекеттік корпорация айырма төлемін есептейді. Бұл сома 10 жұмыс күні ішінде республикалық бюджет есебінен алушының банк шотына аударылады.

  1. Фрилансерлер де зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті ме?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2018 жылғы 2 шілдедегі № 165-VІ Заңы) енгізілген өзгерістерге сәйкес азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар өз пайдасына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) алатын табысының 10 пайызы мөлшерінде (бірақ ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес және 75 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес) міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеуге міндетті.

Осылайша, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшін МЗЖ аудару тәртібі мынадай:

– азаматтық-құқықтық шарттар бойынша қызмет көрсететін жеке тұлғалар (қызмет көрсетушілер) міндетті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банктер арқылы табыстар алынған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей төлейді;

– екінші деңгейдегі банктерде шоттары жоқ жеке тұлғалар міндетті зейнетақы жарналарын кейіннен Мемлекеттік корпорацияға аудару үшін оларды банкке қолма-қол ақшамен енгізеді;

– екінші деңгейдегі банктер ТМК (төлем мақсатының коды) 010 кодын қолдана отырып, Мемлекеттік корпорацияға төлем тапсырмасын әзірлейді. Одан әрі, салымшылардың МЗЖ сомасы Мемлекеттік корпорацияның шотына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде МТ-100 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен БЖЗҚ-ға аударылады.

Қандай да бір кезеңде табыс болмаған жағдайда бұл тұлғалар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебінен өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жоқ болған жағдайда, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қою арқылы міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қажет. БЖЗҚ ішкі құжатымен бекітілген өтініш үлгілері БЖЗҚ ресми сайтында орналастырылған:

https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/4ad/4addeb793dfa25a5136d50e27570398a.pdf

Жеке зейнетақы шотын ашу жөніндегі өтінішті Қордың кез-келген бөлімшесінде және электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен enpf.kz сайты арқылы беруге болады.

  1. БЖЗҚ филиалдарында орнатылған өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы қандай қызметтерді алуға болады?

Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары салымшылар мен алушыларға оператордың қатысуынсыз, өз бетімен зейнетақы қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді. Терминалдың корпусы тұтас темірден жасалған. Алдыңғы жағының жоғарғы бөлігінде сенсорлық экраны бар. Корпустың ішіне жаңа үлгідегі жүйелік блок орналастырылған. Ол терминалдың барынша жылдам жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы арқылы: зейнетақы шоттарының бар-жоғы туралы анықтама алу, жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзінді-көшірме алу, берілген өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау және шарттардың көшірме нұсқасын алу секілді қызметтерді салымшылар мен алушылар ЖСН мен құпия сөз (пароль) және жеке куәліктегі электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен ала алады. Ал МЗЖ бойынша шарт жасасу жөнінде өтініш беру және жеке деректемелерді өзгерту үшін салымшыны танып білу әдісі ретінде тек жеке куәліктегі ЭЦҚ қажет.

Барлық филиалдарда өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдардарын қолдану арқылы ай сайын орта есеппен шамамен 1 550 операция жүзеге асырылады. Олардың ішінде ең сұранысқа ие қызметтер: шарт жасасу (операциялардың 48,62%) және деректемелерге өзгеріс енгізу (43,03%) қызметтері.

  1. Зейнетақы активтері не үшін екінші деңгейдегі банктерге инвестицияланады? Олар бірінен-соң бірі жабылып жатыр емес пе?

Қазіргі уақытта зейнетақы активтері бірыңғай оператор – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында шоғырландырылған. Оның құрылтайшысы және жалғыз акционері – Қазақстан Республикасының үкіметі. «БЖЗҚ» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті ҚР Ұлттық Банкнің сенімгерлік басқаруына берілген. Зейнетақы активтерін басқаруды Ұлттық Банк ҚР Ұлттық Қорды басқару жөніндегі кеңесімен бірлесе отырып жүзеге асырады. Сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімін жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі біршама диверсификацияланған, яғни әртараптандырылған. Сәйкесінше зейнетақы активтері тәуекелі төмен, табысы тұрақты, ұлттық және шетелдік валютада номинирленген әр түрлі  қаржы құралдарына инвестицияланады. Басты мақсат – ұзақ мерзімді болашақта тұрақты инвестициялық табыс алып тұру. Бұл – басты стратегия.

Портфельдің негізгі бөлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына (47%), екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздарына (17%) және шет мемлекеттердің бағалы қағаздарына (11%) инвестицияланған.

БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған осы және өзге де қаржы құралдары теңгеде (68%) және шет мемлекеттердің валютасында (32%) номинирленген.

Зейнетақы активтерін екінші деңгейдегі банктердің облигацияларына инвестициялау нарық жағдайында жүзеге асырылады. БЖЗҚ банктердің облигацияларына қатысты жалғыз инвестор емес. Ол бұл бағалы қағаздарды кез келген уақытта сатып алуға және сатуға құқылы.

Ұлттық Банк зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша барлық шешімдерді ашықтық қағидатын ұстана отырып қабылдайды. Инвестициялық портфельдің құрылымы ай сайын БЖЗҚ сайтында жарияланып отырады. Оны кез келген адам көре алады.

 

  1. Зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты қалай алуға болады?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап оның кез келген күнге қатысты сұрауы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты тегін беруге, сондай-ақ зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетімділігінің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етуге міндетті. Ал ақпарат алу тәсілін салымшы өзі таңдайды. Шоттан үзінді-көшірме алудың мынадай тәсілдері бар:

– пошта байланысы арқылы  – жылына бір рет;

– таңдап алынған төлем кестесіне сәйкес электрондық пошта арқылы – (ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын, жыл сайын);

– БЖЗҚ кеңсесіне тікелей өзі келгенде – шек қойылмайды;

– интернет-хабарландыру арқылы (сайт немесе смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасы бойынша) – онлайн режимінде  шектеусіз;

– enpf.kz сайтына тіркелу жолымен оның «Жеке кабинет» арқылы немесе ЭЦҚ бар болса egov.kz электрондық үкімет сайты арқылы –  шектеусіз.

Егер Сіз зейнетақы шотыңыз жайында үзінді-көшірме алу тәсілін таңдамаған болсаңыз немесе оны интернет байланысы арқылы алғыңыз келсе жеке басыңызды куәландыратын құжатпен жақын жердегі Қор кеңсесіне келіп, хабарлау тәсілі туралы қосымша келісім жасай аласыз. Қор бөлімшелерінің мекенжайлары мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.enpf.kz/kz/adresa-i-kontakty/regionalnaya-set/

Электрондық цифрлық қолтаңба бар болса оны Қор сайты арқылы да жасауға болады. Бұл операция бар болғаны бірнеше минутты алады.

Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты интернет арқылы алу  – қазіргі уақытта өте танымал. Ол зейнетақы жинақтарын кез келген уақытта онлайн тәртібінде бақылап отыруға мүмкіндік береді.

 

10.12.2018

Хабарландыру

Ордабасы ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілдің функциясы жүктелген мемлекеттік қызметші Сыздық Зулфия Құлбабақызы 2018 жылғы 14 – желтоқсан күні сағат 15:00-де Ордабасы ауданы әкімі аппараты ғимаратында мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау өткізеді.

Ордабасы ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілдің функциясы жүктелген мемлекеттік қызметші – мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырды, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация береді.

Қабылдауға аудан әкімі аппаратындағы 8 (725-30) 2-12-85, 2-12-41 сымтетік арқылы алдын ала жазылуға болады.

06.12.2018

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 19 қарашадағы № 312 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 19 қарашада № 4786 болып тiркелдi
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17306 болып тіркелген “Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 256 бұйрығына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері осы қаулыға 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Түркістан облысы әкімдігінің:
1) 2018 жылғы 14 мамырдағы № 133 “Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы” (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4604 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 мамырда “Оңтүстік Қазақстан” газетінде және 2018 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық банкінде жарияланған);
2) 2018 жылғы 20 шілдедегі № 211 “Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 133 “Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы” қаулысына өзгеріс енгізу туралы” (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4696 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 шілдеде “Оңтүстік Қазақстан” газетінде және 2018 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық банкінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. “Түркістан облысы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Түркістан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;
4) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.Т.Нүкеновке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі Ж. Түймебаев
Қ.Т. Нүкенов
Т.К. Сәрсембаев
А.Е. Тұрғымбеков
Е.Қ. Тасжүреков
Е.Ә. Садыр
А.С. Сәбитов
Ұ. Сәдібеков
А.Б. Тасыбаев

Түркістан облысы әкімдігінің
2018 жылғы “19” қарашадағы
№ 312 қаулысына
1-қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері

№ Субсидиялау бағыты Өлшем бірлігі 1 бірлікке арналған субсидия нормативі, теңге Субсидия көлем Субсидия сомасы, мың теңге

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемі
Етті мал шаруашылығы
1. Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
1.1 Тауарлық аналық бас бас 10 000 5 365 53 650,0
1.2 Асыл тұқымды аналық бас бас 20 000 493 9 860,0
2. Отандық етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқаларын сатып алу бас 150 000 150 22 500,0
3. Импорттық асыл тұқымды немесе таза тұқымды аналық басын сатып алу бас 225 000 500 112 500,0
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы
1 Асыл тұқымды бұқалардың ұрығын сатып алу
1.1 бір жынысты доза 10 000 205 2 050,0
1.2 қос жынысты доза 5 000 755 3 775,0
2. Асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу
2.1 отандық немесе ТМД елдерінен импортталған бас 150 000 100 15 000,0
3. Сүтті бағыттағы аналық бастың азығына жұмсалған шығындарын құнын арзандату бас 120 000 1 469 176 280,0
Қой шаруашылығы
1. Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру бас 1 000 90 500 90 500,0
2. Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
2.1 асыл тұқымды аналық бас бас 2 500 112 000 280 000,0
2.2 тауарлы аналық басы бас 1 500 605 146 907 719,0
3. Асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар сатып алу тұсақтар бас 8 000 100 800,0

Жылқы шаруашылығы
1. Асыл тұқымды айғырлар сатып алу бас 100 000 120 12 000,0

Балара шаруашылығы
1. Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу балара ұясы 5 000 4 187 20 935,0
Барлығы

1 707 569,0
Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері
Етті мал шаруашылығы
1. Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1 000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген бұқашықтардың құнын арзандату тонна 200 1 730 346 000,0
Сүтті және сүтті-етті бағыттағы мал шаруашылығы
1. Сүт өндіру құнын арзандату:
1.1 бағымдағы аналық бас саны 600 бастан басталатын шаруашылық тонна 35 3 200 112 000,0
1.2 бағымдағы аналық бас саны 50 бастан басталатын шаруашылық тонна 10 1 636,67 16 366,7
1.3 Ауыл шаруашылығы кооперативі тонна 10 1 000 10 000,0
Етті құс шаруашылығы
1. Құс етін өндіру құнын арзандату
1.1 күрке тауық етін өндіру құнын арзандату тонна 200 2 350 470 000,0
Жұмыртқалы құс шаруашылығы
1. Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату
1.1 150 миллион данадан басталатын нақты өндіріс мың дана 2,7 25925,9 70 000,0
1.2 20 миллион данадан басталатын нақты өндіріс мың дана 2 16 687 33 374,0
Қой шаруашылығы
1. Қозы өткізу құнын арзандату бас 3 000 6 000 18 000,0
Жылқы шаруашылығы
1. Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату тонна 60 166,7 10 000,0
Түйе шаруашылығы
1. Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату тонна 55 500 27 500,0
Барлығы

1 113 240,7

Түркістан облысы әкімдігінің
2018 жылғы “19” қарашадағы
№ 312 қаулысына
2- қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері
№ Субсидиялау бағыты Өлшем бірлігі 1 бірлікке арналған субсидия нормативі, теңге Субсидия көлемі Субсидия сомасы, мың теңге

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемі
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы
1 Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу
1) отандық шаруашылықтардың асыл тұқымды ірі қара малы бас 170 000 257 43 690,0
Мал шаруашылығы
2 Қоғамдық және тауарлы табындарда етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағу бас 100 000 368 36 800,0
Қой шаруашылығы
2 Асыл тұқымды қойлар сатып алу
1) тұқымдық қошқарлар бас 20 000 319 6 380,0
Жылқы шаруашылығы
1. Асыл тұқымды аналық бас сатып алу бас 40 000 20 800,0
Барлығы

87 670,0
Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері
Мал шаруашылығы
1. 100 бастан бастап тірі салмақтағы бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату
1) 400-ден 450 килограмға дейін бас 45 000 3 447 155 115,0
2) 451-ден 500 килограмға дейін бас 60 000 2 093 125 580,0
3) 501-ден 550 килограмға дейін бас 65 000 832 54 080,0
4) 551-ден 600 килограмға дейін бас 75 000 6 321 474 075,0
2. ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату бас 20 000 1 504 30 080,0
Сүтті және сүтті-етті бағыттағы мал шаруашылығы
1. Сүт өндіру мен дайындаудың құнын арзандату
3) ауыл шаруашылығы кооперативтері тонна 10 814,87 8 148,7
Жұмыртқалы құс шаруашылығы
1. Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату
2) 20 млн. данадан басталатын нақты өндіріс мың дана 2 13 360,5 26 721,1
Шошқа шаруашылығы
1. Шошқа етін өндіру құнын арзандату
1) нақты бордақыланғаны
3 000 бастан бастап тонна 100 52,4 5 240,0
Қой шаруашылығы
2. Қайта өңдеуге өткізілген биязы және жартылай биязы жүн өндіру құнын арзандату
1) сапасы 60-тан басталатын жүн тонна 150 45,42 6 813,9
2) сапасы 50-ден басталатын жүн тонна 100 4,78 477,7
Жылқы шаруашылығы
1. Бие сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін тонна 110 84,66 9 312,7
2. Жылқы етін өндіру құнын арзандату тонна 120 369,37 44 324,4
Барлығы

939 968,5

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” ШЖҚ РМК

04.12.2018

«Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал!» акциясы аяқталуға жақындады

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы ағымдағы жылдың 12-қарашасында «Қажымұхан» ауылының тұрғындарымен «Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал!» акциясын насихаттау және «Тауарлармен электронды сауда – жаңа мүмкіндіктерін түсіндіру мақсатында жеке тұлғалармен кездесу өткізді.

Кездесуде қатысушылар назары акцияның негізгі мақсаты түсіндірілді, яғни, салық төлеушілердің құқығын қорғау, салықтық сауаттылықты көтеріп, салықтық мәдениетке тәрбиелеу, кәсіпкерлерді адал бәсекелестікке ынталандыру, көлеңкелі экономиканың алдын алу, көлеңкелі бизнес иелерін қоғам болып әшкерелеп, адал кәсіпкерлікке үндеу екенін және қазына халыққа әлеуметтік төлемдер болып қайтатынын айта келе, акцияның аяқталуына бір ай қалғанын ескере отырып, чекті талап етіп, салық түсімінің өсуіне ықпал етумен ел экономикасының дамуына өз үлестерін қосуға шақырды.

Сонымен қатар, тауарлармен электрондық сауда жасайтын салық төлеушілер үшін Салық кодексімен 2018 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, интернет-сауданы қолдау мақсатында, корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығына жаңа жеңілдіктер қарастырылғанын және оны қолдану үшін қандай шарттар қажеттігі түсіндірілді.
Кездесу соңында, Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлері қатысушылардың барлық сұрақтарына қанағаттандырарлық жауаптар беріп, істеріне сәттілік тіледі.

27.11.2018

Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен «Ашық есік күні» өткізілді

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен қолданыстағы салық және кеден заңнамаларының талаптарын түсіндіру мақсатында, ауданның тұрғындарына «Ашық есік күні» өткізілді.

Ашық есіктер күні бойынша жасалған үрдіске 24 салық төлеушілер жүгініп, негізінен оларға салық және кедендік әкімшілендіру жаңалықтары бойынша түсіндірмелер берілді.
Салық төлеушілерді негізгі өзекті мәселелер ретінде кәсіпкерлікті тіркеу және есептен шығару, салық салу режимін өзгерту, салық есептілігін тоқтата тұру процесі, сондай-ақ, а.ж. онлайн режимдегі БКМ қолдану тәртібі, әрекетсіз заңды тұлғаның таратылуы, ҚҚС бойынша тіркелу есебінен шығу, мүліктік кіріс, жергілікті салықтарды есептеу және төлеу мерзімдері бойынша сұрақтар қойылды. Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдарымен электронды форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша да түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында, ауданның салық төлеушілері мен тұрғындары тарапынан қойылған барлық сұрақтарына басқарма қызметкерлерімен толық жауаптар берді.

27.11.2018

Базар аумағында оn-line бақылау касса машиналарын қолдану тәртібін түсіндіру бойынша кездесу

Ағымдағы жылдың 12-қарашасында Ордабасы ауданы  бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен келесі жылдан бастап деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау касса машиналарын ашық сауда базарлар аумағында қолдану тәртібі жөнінде түсіндірілді.

Іс-шараға Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері, «Аиамекен»кәсіпкерлік палатасының өкілдерімен және жеке кәсіпкерлер қатысты.

Жиналыста Салық кодексімен көзделген 2019 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде (патент негізінде арнаулы салық режимiн қолданатын тұлғалардан басқа) жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер оn-line бақылау касса машиналарын қолдану міндеті туындайтынына назар аударып, іс-шараға қатысушыларға бақылау касса машиналарын қолдану ережелері мен тәртібі туралы түсіндірме берді.

Жиналыс барысында сұрақтар қойылып пікірлер алмасты. Ордабасы ауданыны Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшылары А.Бердімұрат және Н.Реңдібаев  жиналысқа қатысушыларға алғыс білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

27.11.2018

ЕАЭО-қа мүше мемлекеттерден импорт (экспорт) кезіндегі салықтық міндеттемелер бойынша кездесу өткізілді

Ағымдағы жылдың қараша айы басында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің аумақтық басқармаларымен жергілікті «Атамекен» ҰКП өкілдерімен бірлесіп сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында 2018 жылдың 9 қазанында «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен шектеспейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің өзара іс-қимыл тәртібін бекіту туралы» бұйрықпен ҚР ҚМ МКК төрағасының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 221 және ҚР ҰҚК     Шекара қызметі директорының 2018 жылғы 6 маусымдағы № 405-ПА бірлескен бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы қатысушылар назарына жеткізілді.

Бұл ретте, негізгі міндеттің бірі, Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін барлық жүктер мен тауарларға қатысты мониторинг, оның ішінде ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің аумағына Мемлекеттік шекара арқылы Тізбедегі тауарлардың шығу мониторингін жүргізу болып табылатыныдығы түсіндірілді. Жоғарыда аталған бұйрықты жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 640 бұйрығымен ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды, оларды өткізу кезінде есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі бекітілген нұсқаулықтың 7-тармағында, салық төлеушілер электрондық түрде шот-фактураларды жазып беру қағидалары белгіленген.

Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағына тізбеге енген тауарларды шығарылған жағдайда кедендік декларация көшірмесі, тауардың шығу тегі туралы СТ-1 нысан сертификаты, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштердің көшірмесі және электронды шот-фактураның (ЭШФ) көшірмесімен ілеспе құжаттар ретінде Мемлекеттік кірістер органдарымен талдау жүргізілген қорытындысымен растап, мөрімен бекітіледі немесе кемшіліктер анықталған жағдайда бас тартылып салық төлеушіге кері қайтарылады.

Жоғарыда аталған талаптарды сыртқы экономикалық қатысушылармен сақтамаған жағдайда, ҚР ӘҚтК-нің 280-1 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы ескертілді.

Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

27.11.2018

Салық төлеушілердің назарына!

Тері бұйымдарын таңбалау бойынша

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы  2017 жылдың 27 қарашасынан бастап табиғи теріден жасалған киімдерді таңбалауға бағытталған пилоттық жобаның «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» Ережесі күшіне енгенін ескертеді.

Таңбалаудың мақсаттары:
– тұтынушы сатып алатын тауары туралы толық ақпаратпен қамтамасыз етіліп, контрафактілік өнімнен қорғалады;
– кәсіпкерлерге бизнес жүргізу үшін бәсекелестік жағдай теңестіріліп, нарықты заңсыз өнімдерден қорғау және зияткерлік меншік құқықтарын сақтау жүзеге асырылады;
– мемлекет үшін көлеңкелі экономика көлемін қысқартып, бюджетке салықтардың түсімін арттыруға мүмкіндік ашылады.

Тауар тізімдемесіне сәйкес таңбалауға табиғи теріден жасалған төмендегі заттар жатады:
1) қара күзен – 4303 10 9010 ЕАЭО СЭҚ ТН (ТН ВЭД ЕАЭС);
2) саз кәмшат – 4303 10 9020 ЕАЭО СЭҚ ТН (ТН ВЭД ЕАЭС);
3) түлкі – 4303 10 9030 ЕАЭО СЭҚ ТН (ТН ВЭД ЕАЭС);
4) қоян, үй қоян – 4303 10 9040 ЕАЭО СЭҚ ТН (ТН ВЭД ЕАЭС);
5) жанат – 4303 10 9050 ЕАЭО СЭҚ ТН (ТН ВЭД ЕАЭС);
6) қой терісі – 4303 10 9060 ЕАЭО СЭҚ ТН (ТН ВЭД ЕАЭС);
7) өзгелері (өзге терілерден жасалған киім) – 4303 10 9080 ЕАЭО СЭҚ ТН (ТН ВЭД ЕАЭС).

Киімнің табиғи теріден жасалған жағасы, жеңі, қалталардың айналасы, сонымен қатар қолғап, былғары бас киімдер таңбалауға жатпайды.
Осыған қоса, жеке тұлғалар өздері кию үшін әкелген тері бұйымдары бақылау, яғни сәйкестендіру белгілерімен таңбаланбайды.

Ең бастысы, бірінші кезекте сатылмаған тері бұйымдары да міндетті таңбалануға жататынын ескере отырып, салық төлеушілер табиғи теріден жасалған киімдердің қалдықтарына түгендеу жұмыстарын жүргізуі қажет.

ҚР аумағында таңбалау енгізілуі іске асырылған уақыттан бастап, сауда айналымында тек бақылау белгілерімен белгіленген табиғи теріден жасалған киімдер ғана сатылуға рұқсат етілетіні туралы салық төлеушілердің назарына жеткіземіз.

Сонымен қатар, табиғи теріден жасалған киімдердің қалдықтарын таңбалау мәселесі бойынша толық ақпаратты Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасынан алуға болады

27.11.2018

Көлік салығын төлеушілер назарына!

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Ордабасы ауданы  бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке тұлғалардың 2018 жылға көлік салығын 2018 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей төлеу қажеттігін ескертеді.

Жеке тұлғалар салық төлеуді тұрақты тіркелген тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында орналасқан «Электрондық сервистар» / «Калькуляторлар» бөлімінде «Көлік құралдары салығы бойынша есеп-қисабы» сервисі арқылы 2018 жылдың көлік салығының сомасын есептеуге болады.

Сонымен қатар, еgov.kz порталында авторизация жасамай және электрондық цифрлық қолтаңбасыз салықтарды электронды түрде төлеуге болатынына назар аударады. Ол үшін, Egov.kz порталында «Салықтар және қаржылар» – «Салық салу» – «Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» және «Онлайн ресімдеу» батырманы басып, қызметке тапсырыс беруге болады. Салық төлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік сыныптамасының кодын таңдағаннан кейін жүйе салықты төлеу бөліміне өтуді автоматты түрде ұсынады. Барлық процедура аяқталғаннан кейін төлем болғанын растайтын электронды чек беріледі.

Және де, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы да (post.kz, kaspi.kz, homebank.kz және т.б.) төлеуге болады.

27.11.2018