АУДАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Мүгедектер үшін  жұмыс орындарына  квота белгілеу туралы

           Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің  18 бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан  Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 2 тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес, Ордабасы ауданы әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиян, қауiптi жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екiден төрт пайызға дейiнгi мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгiленсiн.
  2. «Ордабасы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Ордабасы ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Ордабасы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары
    А.Оралбаевқа жүктелсiн.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

            Аудан  әкімінің  міндетін

            уақытша атқарушы                                                         Ғ.Усенбаев

2

 

Ордабасы ауданы

әкімдігінің 2018 жылғы

06 қыркүйектегі  №455
қаулысына қосымша

 

 

Мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындары квотасының мөлшерi

 

Ұйым атауыЖұмыскерлердің тізімдік саны (адам)Квотаның мөлшері (%)Жұмыс орындарының саны
1Ордабасы аудандық білім бөлімінің «А. Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі9822
2Ордабасы аудандық білім бөлімінің «Карақұм» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі11933
3Ордабасы аудандық білім бөлімінің «Атамекен» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі15234
4Ордабасы аудандық білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі15234
5Ордабасы аудандық білім бөлімінің «Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме315412
 Барлығы836 25

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

 облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 12.09.2018

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 4722 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Аппарат акима Туркестанской области – Руководитель отдела Берік Манапұлы Алтынбеков, 11.09.2018 09:06:36, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

Аппарат акима Туркестанской области – Заместитель акима района Галимжан Карабаевич Усенбаев, 11.09.2018 09:26:44, положительный результат проверки ЭЦП

25.09.2018

Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлері толықтырылды

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 тамыздағы № 758 бұйрығымен, салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерінің тізбесі ағымдағы жылдың 1-ші қазанынан бастап қосымша келесі қызмет түрлерімен толықтырылғанын хабарлайды:

11. Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату
12. Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу
13. Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды көтерме саудада сату
14. Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды бөлшек саудада сату
15. Сусындарды көтерме саудада сату
16. Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату
17. Тоқыма бұйымдарын сату
18. Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату
19. Киімдерді сату
20. Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату
21. Сағат және зергерлік әшекейлерді сату
22. Ломбард қызметі
23. Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі
24. Сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару
25. Жарнама агенттіктерінің қызметі
26. Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі
27. Уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметі

 

Ордабасы ауданы бойынша  Мемлекеттік кірістер басқармасы

18.09.2018

Мүлік және жер салықтары бойынша  зейнеткерлерге жеңілдіктер

Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні хабарлайды.
Салық кодексінің 515 және 533 баптарына сәйкес, мүлік және жер салықтарын есептеу үшiн 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салықтық кезең болып табылады.
Бүгінгі күні, мемлекеттік кірістер органдарымен жеке тұлғалардың төлеуге тиісті 2017 жылдың мүлік және жер салықтары есептеліп, облыс тұрғындарына хабарлама тарату жұмыстары жүргізілуде. Есептелген мүлік және жер салықтарын 2018 жылдың 1-қазанынан кешіктірілмей төленуі тиіс.
Бұл ретте, Салық кодексінің 526 және 498-баптарына сәйкес, бөлек тұратын зейнеткерлерге мүлік және жер салықтары бойынша жеңілдіктер қарастырылған.
Яғни, меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiсінiң жалпы құнынан айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде ғана мүлік салығы бойынша жеңілдіктер берілген (2017 ж. 2 269 АЕК х 1 000 2 269 000 теңге). Егер, мүлік құны көрсетілген шектен аспаған жағдайда, мүлік салығынан толық босатылады. Ал, асқан жағдайда, көрсетілген шектен асқан мүлік құны бойынша салық төленеді.
Мысалы, бөлек тұратын зейнеткердің 2-бөлмелі пәтерінің бағалау құны 3 783 213 теңге болса, 2 269 000 теңгені құрайтын жеңілдік сомасын алып тастағанда салық салу базасы 1 514213 теңге болады, яғни мүлік салығы 757 теңге есептелініп төленуі тиіс. (1 514 213 х 0,05%). Және де, бұл тұлғалар тұрғын үй қоры, оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi және үй маңындағы жер учаскелерi бойынша жер салығын төлеуден босатылады.
Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдар, тылдағы жұмыс істеген адамдар және мүгедектерге 1500 АЕК мөлшері шегiнде жеңілдіктер қарастырылған (2 269 × 1 500 = 3 403 500 тенге). Ал, жер салығын төлеуден тұрғын-үй қоры, оның iшiнде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi, үй маңындағы жер учаскелерi, құрылыс алып жатқан жердi қоса алғанда, жеке (қосалқы) үй шаруашылығын жүргiзу, бағбандық және саяжай құрылысы үшiн берiлген жер учаскелерi және гараждар орналасқан жер учаскелерi бойынша босатылады.
Осылайша, зейнеткерлерге қарастырылған жеңілдіктер салықтардан толығымен босату емес, тек салық сомасын азайтуға мүмкіндік береді.

 

Ордабасы ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы

18.09.2018

Тауарлармен электронды сауда жасаудың маңызды мәселелері

Салық кодексінде, интернет арқылы тауарлармен электрондық сауда жасайтын салық төлеушілер үшін корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығына жаңа жеңілдіктер қарастырылған.
Ол үшін мынадай шарттарды сақтаған кезде:
– тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;
– тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;
– тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса, не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік немесе пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен келісім-шарттары болған жағдайда;
Аталған жеңілдіктер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін кірістер жылдық жиынтық кірістің кемінде 90% құраған жағдайда қолданылады. Осы шарттар сақталмаған кезде салық төлеуші аталған жеңілдіктерді қолдануға құқылы емес.
Жеңілдіктерді пайдалану үшін, тауарлармен электрондық сауда жасайтын тұлға, бірінші кезекте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркеу есебіне тұруы қажет және жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны мемлекеттік кірістер органдарына жолдауы тиіс.
Тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар салық органының сұрау салуы бойынша мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынады.

 

Ордабасы ауданы бойынша

 Мемлекеттік кірістер басқармасы

18.09.2018

Құрметті Ордабасы ауданының тұрғындары!

Ағымдағы жылдың 21-ші мамырынан бастап ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ұйымдастыруымен «Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал»! кезекті жалпымемлекеттік акциясының өтіп жатқанын ескерте отырып, барлық тұрғындарды акцияға белсенді қатысуға шақырамыз.

18.09.2018

Тауар нарықтарында алыпсатарлық бағаның өсуіне жол бермеу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Оңтсүітк Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) Комитеттің 2018 жылғы              7 қыркүйектегі № 35-11-17 / 1387 тапсырмасына сәйкес, қазіргі таңда доллар бағамының көтерілуіне байланысты орын алған жағдайға қатысты келесіні хабарлайды.            Қазіргі жағдайда жекелеген нарық субъектілері түрлі тауарлардың, соның ішінде отандық өнімдердің сату бағасын жасанды түрде көтеруіне (қымбаттатуына) бағытталған түрлі алып-сатарлық әрекеттері орын алуы мүмкін.            Осыған байланысты, сондай орын алған әрекеттер, сондай-ақ, тауарларды өндіру мен өткізуді негізсіз шектеуге бағытталған әрекеттері Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексімен (бұдан әрі – Кодекс) тыйым салынған  бағаны белгілеу және ұстап тұруға бағытталған бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер мен бәсекелестікке қарсы келісімдер, үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері Департаментпен қарастырылуы мүмкін.             Сонымен қатар, осындай әрекеттерді жасау үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабына сәйкес, барлық монополиялық кірістерді (негізсіз алынған табыс) тәркілей отырып, кірістердің (түсімдердің) 3% -дан 5%-ға дейінгі мөлшерде әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған.             Кодекстің 90-2-бабында монополияға қарсы органның міндеттерінің бірі монополияға қарсы заңнаманы бұзудың алдын алу болып табылады.            Осыған байланысты, Департаментпен аталған фактілер бойынша монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды тергеуді болдырмау және тиісті шаралар қабылдау үшін,  Қазақстан Республикасының қолданыстағы қатаң заңнамасына сәйкес қызмет көрсету қажеттілігін ескертеміз.            Сонымен қатар, басқа нарық субъектілердің, сондай-ақ тауар бағасының өсуіне әсер ететін жеткізушілер тарапынан бағаның өсуі орын алған жағдайда, Сіздерге сол субъектінің атауын, мекен-жайын, телефон нөмірлерін, жеткізу бағаларын және Сіздің сату бағаңызды көрсете отырып, тиісті ақпараттарды (негізді материалдарды,  шот-фактуралардың көшірмелері, және т.б.) жолдау қажет екендігін хабарлаймыз.            Ақпараттарды мына мекен-жай бойынша: Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы 82, 2-қабат, 211 кабинет, тел: 8 (7252) 53-42-75 (тауар нарықтарында монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды тергеу бөлімі) жолдауыңызды сұраймыз.

14.09.2018

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Түркістан облысы бойынша мамандары автокөлік иелері үшін ерекше акция өткізді.

Бүгін мемлекеттік корпорацияның мамандары EGOV.KZ көмегі арқылы көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін ауыстыру бойынша мемлекеттік қызметтерін алуды кеңінен насихаттау мақсатында акция өткізді.  Іс-шара аумақтағы мамандандырылған ХҚО, Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы автокөлік базары, автосалон және автодүкендерін қамтыды..              Акция барысында  300 жуық  автокөлік жүргізушілеріне кеңес берілді. Ауызша түсіндіру автокөлік иелеріне электрондық үкімет порталындағы  толық нұсқаулар мен  таныстырлымдар көрсетілген ақпараттық парақшаларды беру арқылы жүргізілді. Осылайша, ЭЦҚ өтінімін тіркеу, мобильді үкіметке тіркелу, айыппұлдар мен салықтарды төлеу жүйелері біртіндеп көрсетілді. Сондай –ақ, автокөлік иелері онлайн режимінде «Көлік құралдарын онлайн тіркеу» және «Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету процесін қалай алуға болатындығын үйретті.

Мамандандырылған ХҚО басшысының орынбасары Тоқтамысов Ерқанат бүгінгі акцияның мақсаты – электрондық цифрлық қолтаңба мен электрондық үкімет порталының мүмкіндіктерін барынша ашу екендігін атап өтті. Азаматтар автокөлікті қайта тіркеу немесе жүргізуші куәлігін мамандандырылған хқо-ға немесе ІІМ-нің тіркеу және емдеу бөліміне бармай-ақ ала алады. Бұл жүйе азаматтардың уақытын үнемдеп қана қоймай, сонымен қатар мамандандырылған ХҚО жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.                «Бұған дейін көлік құралдарын тіркеу қызметіне өтініш беру үшін сатушы мен сатып алушыға «Азаматтарға арналған үкіметтің» фронт-офисіне баруға тура келетін. Ал енді онлайн режимінде қызмет алу үшін egov.kz порталына тіркелу арқылы өзіңіз сатқан автокөлік туралы ақпаратты енгізуге, айыппұлдардың бар-жоқтығын тексеруге, салық қарыздары мен техникалық тексерістерді сұрата аласыз, ал егер қарызыңыз бар болған жағдайда, электрондық үкімет порталы арқылы төлем жасай аласыз. Сатып алушы электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетіндгі өтінімдерімен таныса алады. Сатып алушы өзінің ЭЦҚ-сы арқылы смарт-келісімін растайды және ол нөмірлік белгілерін алу үшін мамандандырылған ХҚО-ға барады немесе үйге жеткізіп беру қызметін пайдалана алады», -дейді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Түркістан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметінің жетекшісі Алтынай Татаева.                Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап ҚР ІІМ автомобильдерді қайта тіркеуден бас тартты. Сәйкестік тек алғаш рет тіркелген көліктерде ғана сақталып қалды.

Анықтама: Ағымдағы жылдың 7айында көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу бойынша 153 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, 28 619 жүргізуші куәлігі берілген.

ХҚО-лардың жұмыс кестесі: ДБ-CН сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз қызмет көрсетеді.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Түркістан облысы бойынша филиалының

баспасөз қызмет

11.09.2018

Жұлдыздардың  ХҚО-дағы бір күні

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының келушілеріне бүгін қазақ эстрадасы мен телевидение жұлдыздары мемлекеттік қызметтерді көрсетті. Азаматтарға арналған  үкімет бір күнге Қыдырәлі Болманды, Құрмаш Маханды, Ғани Жапишевті, Шахаризат Сейдахметованы, Айжан  Нұрмағамбетованы, Марат Омаровты, Мырзахан Махановты және Әзімбек Байлинды «жұмысқа қабылдады». Шоу-бизнес өкілдері электрондық кезек талондарын, ақпараттық анықтамаларды және дайын құжаттарды беріпотырды.

«Жұлдыздың ХҚО-дағы бір күні» атты іс-шара бүгін бір мезетте Ақмола облысындағы Ақмол ауылында, Алматы облысының Қаскелен қаласындағы фронт-офистері мен Алматы қаласының Медеу аудандық ХҚО-да және Астана қаласының мамандандырылған  ХҚО-да өтті. Қызметалушылар өз кумирлерінің қолынан анықтамалар алып қана қоймай, олар мен суретке түсу мүмкіндігін де жіберіпалмады.

Мысалы, Шахаризат Сейдахметов мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында автокөліктердің дайын нөмірлік белгілері мен техпаспорттарын беріп отырды. “Адамдармен жұмыс істеу қашанда қиын. Келушілер әртүрлі. Біреулер оңкөз қараспен келсе, кейбіреулер бірден  негативті көңіл күйде болады.  Бұндай халық легін игеру үшін өзің аздап психолог болуың  керек. Ең бастысы әрқашан күлімдеуді ұмытпаған жөн”, – деді әнші.

Белгілі тележүргізуші Ғани Жапишев анықтама секторында тұрып өзін кеңесші рөлінде сынап көрді.  “Мен үшін бұл біржаңа тәжірибе болды.  Кеңесші болған екі сағат ішінде мен шынайы стрестік жағдайда болдым және ХҚО қызметкері жұмысының қаншалықты ауыр екендігінтүсіндім. Мұнда тек білікті маман болып дұрыс кеңес беру аздық етеді екен, себебі келушілер әртүрлі, олардың түрлі мәселелері мен түрлі көңіл күйлері маманннан қарым қатынас жасаудың жоғары біліктілігін талап ететіндігін” – Ғани атап айтты.

Азаматтарға арналған үкіметтің  314 фронт-офисінде 8 818 адам қызмететеді. Бұл аптасына алты күн  сағат 9-дан  кешкі 8-ге дейін талмай еңбек етіп халыққа мемлекеттік қызметтерді алуға көмектесетін адамдар.  Бүгінде ХҚО арқылы  600-ден астам мемлекеттік қызмет алуға болады. Біржылда орта есеппеналғандаазаматтар 38 миллионнан астам қызметті халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алады.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Баспасөз қызметі

11.09.2018

Кеден одағы кедендік аумағына енгізілетін тауарлар жөнінде алдын-ала міндетті ақпараттандыруды

2012 жылғы 17 шілдеден бастап Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы «Кеден одағы кедендік шекарасына автомобильді көлікпен енгізілген тауарлар жайлы міндетті алдын-ала ақпараттандыруды енгізу туралы» №899 Шешіміне сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясының 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағы кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын-ала ақпаратты ұсыну және алмасу туралы келісіміне (бұдан әрі – Келісім) байланысты, Қазақстан Республикасында Еуразиялық экономикалық одағы аумағына автомобильді көлікпен енгізілген тауарлар туралы міндетті алдын-ала ақпаратандыру енгізілген.
2013 жылғы 17 қыркүйектегі Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясының № 196 Шешіміне сәйкес тауарларды Еуразиялық экономикалық одағы аумағына теміржол көлігімен тасымалдау үшін міндетті алдын-ала ақпараттандыру 2014 жылғы 1 қазаннан бастап енгізілген, ал тауарларды әуе көлігімен тасымалдау үшін 2015 жылғы 01 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясының № 158 Шешіміне сәйкес 2017 жылғы 1 сәуірде енгізілген.
Сондай-ақ, су көлігімен тасымалданатын тауарлар үшін міндетті алдын-ала ақпараттандыру 2018 жылғы 10 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясының № 51 Шешіміне сәйкес 2018 жылғы 1 қазаннан бастап енгізіледі.
Міндетті алдын-ала ақпараттандыру Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы шекараларындағы өткізу пунктерінің өткізу қабілеттілігін арттыру мақсатында енгізіледі, сондай-ақ, уақыттың қысқаруына байланысты, келу орындарында кедендік операциялар және шекарадағы өткізу пунктіне тауарлар мен көлік құралдарының келуіне дейін бақылау объектісін таңдауға тиісті кедендік бақылау тиімді жүргізіледі.
КОК-тың осы шешімімен, келу орындарында кедендік транзит кеден рәсіміне тауарларды орналастыру үшін алдын-ала ақпарат бекітілген көлемде берілген жағдайда, берілген алдын-ала ақпарат транзиттік декларацияның электронды көшірмесі ретінде қолданылатыны қарастырылған, егер транзиттік декларация ретінде қолданылған құжаттардағы мәліметтер мен алдын-ала ақпаратта ауытқулар болмаса.
Бұндай тәртіп, СЭҚ қатысушылардың транзиттік декларацияның көшірмесін құрастыру үшін өткізу пунктінде кедендік өкілдерге (делдалдарға) жүгіну қажеттілігін болдырмайды, бұл СЭҚ қатысушылар үшін уақыттық және қаражаттық шығындарын азайтады.
Қазіргі кезде, Қазақстан Республикасы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен мемлекеттік кірістер органдарының Web-порталы көмегімен алдын-ала ақпараттарды қабылдау ұйымдастырылған.
Алдын-ала ақпараттың мәліметтер құрамына, оның құрылымы және түріне сәйкес келмеген жағдайда, қызығушылық білдірген тұлғаға, себебін көрсете отырып алдын-ала ақпараттың қабылданбағаны туралы электронды хабарлама жіберіледі.
Берілген алдын-ала ақпаратта қателік болмаған кезде, қызығушылық білдірген тұлғаға, тасымалдың бірегей теңдестірілген нөмірі (ТБТН) бар электронды хабарлама жіберіледі.
Бір көлік құралында бірнеше тауарлар топтамасы тасымалданған жағдайда, алдын-ала ақпарат әрбір тауар топтамасына жеке берілуі тиіс. Әрбір тауар топтамасына жеке ТБТН беріледі, яғни транзиттік декларацияны құрастыру бекітілген ережесі бойынша.
Алдын-ала ақпарат ТБТН берілген күннен бастап 30 тәулік кеден органдардың мәліметтер қорында сақталады. Кедендік операцияларды жүргізу үшін, ТБТН қызығушылық білдірген тұлғамен кеден органына Web-порталдан басылып шығарылған немесе көлік құжаттарында оның нөмірі көрсетілген түрінде Еуразиялық экономикалық одағы кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының тасымалдану орнында беріледі.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының Web-порталы алдын-ала ақпараттарды (pi.customs.kz) беру үшін барлық СЭҚ қатысушыларға шектеусіз ашық. Бұның өзінде, порталға ену, әдеттегідей қолданушыны тіркеу жолымен жүзеге асырылады.

Ордабасы ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

06.09.2018

Қосылған құн салығы бойынша қосымша есепке алуды қолданатын салық төлеушілер бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы

Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы,  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 156-VІ ЗРК Заңымен Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 194, 411 баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігін хабарлайды.
Салық кодексінің 411-бабында көзделген қызметтің түрлерінен басқа осындай салық төлеуші басқа қызмет түрлерін жүзеге асырған жағдайда, Салық кодексінің 411-бабына сәйкес қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) бойынша қосымша есепке алуды қолданатын салық төлеушінің ҚҚС бойынша бөлек декларациясын ұсынуы бөлігінде Салық кодексінің 194 бабына өзгерістер енгізілген.
Салық кодексінің 411-бабына осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте және өзге де қызметте бір мезгілде пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызуға рұқсат етілген және есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомаларын анықтау үшін осы бапта көзделген қызмет түрлерін және басқа да іс-шараларды жүзеге асыратын салық төлеушілерге арналған ережелер енгізілген.
Сондай-ақ, Салық кодексінің 411-бабының 1-тармағында көзделген қызметте және өзге де қызметте бір мезгілде пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген және есепке жатқызуға рұқсат етілмеген ҚҚС сомаларын анықтауға арналған формула қарастырылған.
Бұл ретте, Салық салынбайтын айналымдар болған кезде өзге де қызмет бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы осы Салық кодексінің 408 және 409 баптарына сәйкес ескеріле отырып айқындалады.

Ордабасы ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

06.09.2018