АУДАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Тұрғындардың назарыңа! Жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтарын төлеу мерзімі таяп қалды!

«Жеке тұлғалармен мүлік және жер салықтарын төлеу тәртібі, мерзімдері және салық міндеттемелерін орындамағанда қолданылатын шаралар туралы»
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, тұрғындардың назарына, 2017жыл үшін жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтарын төлеу мерзімі ағымдағы жылдың 1 қазанында аяқталатынын мәлім етеді.
Осы салықтарды есептуге негіз болып құндық бағасы, салық салу объектісінің иесі және басқа да мағлұматтар көрсетілетін жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша мәліметтер табылады. Бұл мәліметтер жыл сайын жер қатынастары және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркейтін саладағы уәкілетті органдармен мемлекеттік кірістер органдарына табыс етіледі.
ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (ары қарай – Салық кодексі) нормаларына сәйкес, салықты төлеуден босауға құқығы бар азаматтар санаты көрсетілген, оларға жеңілдік салық салу объектісінің құндық бағасына және жер учаскесінің түріне байланысты беріледі.
Жеке тұратын зейнеткерлерге жеңілдікке құқық беру үшін негіз болып ХҚО мекен-жай анықтамасы, басқа тұлғалар бойынша – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалынан (әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы) мәліметтер табылады. Жыл ағымында жеңілдік пайда болған кезде салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органына қатынасу қажет, ал жеңілдікке құқық осындай құқық туындаған айдың 1-күнінен бастап қолданылады.
Осымен бірге, есептелінген соманы төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда жеке тұлғаның дербес шотында салықтық берешек пайда болатының мәлім етеміз. Оны өндіру үшін мемлекеттік кірістер органдарымен бірқатар жұмыстар жүргізіледі. Осылайша, салық төлеушіге жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы хабарлама табыс етіледі, хабарламаны ерікті түрде орындау – отыз жұмыс күні өткен соң, салық органы жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады және оны шығарған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жеке тұлғаға жібереді. Жеке тұлға салықтық берешегін өтемеген кезде салық органы жеке тұлғаға салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осындай салық бұйрығын

Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындау үшін атқарушылық іс жүргізу органдарына жібереді.
Сонымен қатар, салықтарды төлеу бойынша салықтық міндеттеме заңмен белгіленген мерзімде орындалмаса, жеке тұлғаға салықтық міндеттемені орындаудың мерзімі өткен әрбір күні үшін өсімпұл есепке жазылады.
ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, егер борышкер белгіленген мерзімде орынды себептерсіз атқару құжаттарында қамтылған талаптарды орындамаса, сот орындаушысы ҚР кетуіне уақытша шектеу туралы шешім қабылдауға құқылы, ал өндіріп алушының арызы бойынша қаулы шығаруға міндетті.
2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасында кейбір заңнамалық өзгертулер қабылданды, бұл атқарушы органдарға әкімшілік, азаматтық айыппұлдар мен қарыздар, басқа да төлемдер бойынша қарызы бар тұлғаларды елден шығаруды болдырмауға өкілеттік береді.
Осылайша, атқарушы орган қызметіне кірісетін атқарушы құжат болған жағдайда, шығыс шектелген адамдар тізілімінде борышкердің атауын енгізеді. Бұл ерекше қара тізімге бюджетке берешегі бар борышкерлер де енгізіледі.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап, Салық кодексінің 24 бабына сәйкес, екінші деңгейдегі банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіге банктік шоттар ашудан бас тартуға міндетті.
Халықтың негізгі бөлігі күнделікті өмірде банктік карталарды белсенді пайдаланатының есепке ала отырып, сатып алу, аудару, несие карталарын жасау, жалақы алу және т.б., банктік шоттар мен карточкалар ашудың өзектілігі жоғары және жұмысқа қабылдау кезінде де, қаржы операцияларымен байланысты жекелеген әрекеттерді орындаған кезде де қажетті талаптар болып табылады.
Осыған байланысты, өсімпұлдың есептелуін алдын-алу, қаржылық ұйымдарға жүгінгенде келеңсіз жайттарды болдырмау және жоғарыда мазмұндалған процедураларды қолданбау үшін салықтық міндеттеме болған кезде ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін мүлік және жер салықтарын уақтылы төлеуге тұрғындарды шақырамыз.
Төлемдерді «Казпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейлі банктер және, банкоматтар арқылы жүргізуге болады.
Ыңғайлылық үшін 2018 жылдың 1 тамызынан бастап, еGov.kz порталында барлық салықтарды және бюджетке төлейтін міндетті төлемдерді авторизация жасамай және ЭСҚ қол қоймау мүмкіндігінсіз ақ салықтарды төлеу бойынша жаңа қызмет пайда болды.
eGov.kz порталында «Салықтар және қаржылар» – «Салық салу» – «Салықтарды және бюджетке төлнетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» және «Онлайн ресімдеу» батырманы басып, қызметке тапсырыс беруге болады. Салықтөлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік сыныптамасының кодын таңдағаннан кейін жүйе салықты төлеу бөліміне өтуді автоматты түрде ұсынады. Барлық процедура аяқталғаннан кейін төлем болғанын растайтын электронды чек беріледі.
Салық төлеуші жеке тұлға ретінде авторизациялану және БСН деректерін толтырып және керсінше заңды тұлға салықтарын төлеу мүмкіндігіне ие болады.
Бүгінгі күнде порталда 18 түрлі салықтар бойынша төлеу мүмкіндігі бар: корпоративтік табыс салығы; жеке табыс салығы; әлеуметтік салық; ЗТ және ЖК мүлiгіне салынатын салықтар; жер салығы; ЗТ көлiк құралдарына салынатын салық; бірыңғай жер салығы; қосылған құн салығы; акциздер; арнайы төлемдер және жер қойнауын пайдаланушылар салығы; экспортқа салынатын рента салығы; ойын бизнесіне салық; тіркелген салық; алымдар; төлемдер; кедендік төлемдер; басқа төлемдер және баждар.

Ордабасы ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

06.09.2018

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей декларациялау енгізіледі.

Көлеңкелі экономиканың мөлшерін азайту мақсатында жеке кірістерді салық салуды кең көлемді басқару мәселесін шешудің маңызды шарты халықтың табысы мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау болып табылады.
Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты – көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күресу үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүліктерін тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту.
Жалпыға бірдей декларациялау енгізген кезде, келесі тұлғалар декларацияларды тапсыруға тиісті:
– Қазақстанның кәмелетке толған азаматтары; оралмандар; тұруға ықтиярхаты бар адамдар;
– кәмелетке толмаған адам болып табылатын жеке тұлғалар- егер оларда тіркелген мүлік болса немесе олар табыс тапса;
– шетелдік адамдар – егер Қазақстанда меншік бар болса немесе салық салуға жататын қазақстандық көздерден жеке табыс алса (төлем көзінен емес).
2020 жылы декларациялау жүйесіне кірген кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларация (бір реттік декларация) тапсырылады, онда меншік құқығындағы мүлікті көрсету қажет, соның ішінде пәтерлер, автокөліктер, банктердегі салымдар және т.б., сондай-ақ 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жеке тұлғаның міндеттемелері.
Болашақта тұрғындар алған табыстар, сатып алынған мүлік бойынша жылдық декларацияны тапсырады.
Сонымен қатар, жалақы, зейнетақы, стипендия алған және басқа табыстарға ие болмаған немесе мүлікті сатпаған тұлғалар кез-келген сан көрсетпестен бір парақтағы қысқаша мәлімдеме береді.
Егер адам кірістердің кең ауқымын иеленсе, басқа табысты алады немесе мүлікті, бағалы қағаздарды немесе қаржы активтерін сатып алса, ол толық мәлімдеме беруі керек.
Декларацияларды берудің екі мерзімі бар:
– 15 шілдеден кешіктірмей – қағаз жеткізгіште
– 15 қыркүйектен кешіктірмей – электрондық түрде.

Ордабасы ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

06.09.2018

Үздік журналистік материалға байқау

«БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы және даму келешегі» тақырыбы бойынша үздік журналистік материалға байқау өткізетіндігін жариялайды.

Байқауға қатысуға Қазақстан Республикасының республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында 2018 жылдың 1 қаңтары мен 31 тамызы аралығында жарияланған немесе эфирге шығарылған қазақ және орыс тілдеріндегі материалдар қабылданады.

Байқауға ұсынылған жұмыстар әр түрлі жанрда болуы мүмкін: мақала, очерк, сұхбат, репортаж, радио және бейнесюжет, талдамалы бағдарлама және т. б.

Жұмыстарды 2018 жылдың 31 тамызына дейін (қоса алғанда):

  • press@enpf.kz электрондық поштасына – материалдың сканерден өткізілген көшірмесін немесе сілтемесін (мысалы материал файл алмасу хостингіне орналастырылуы мүмкін) материалдың шығарылғандығын растайтын эфирлік анықтамамен бірге;
  • Қордың заңды мекенжайына (Алматы қ. Әуезов көшесі, 82) – материалдың түпнұсқасын немесе көшірмесін (оның ішінде материал электрондық тасымалдауыш: диск немесе флеш-жинақтауышта болуы мүмкін) материалдың шығарылғандығын растайтын эфирлік анықтамамен бірге жіберу қажет.

Бұдан басқа, қатысушы бекітілген нысанға сәйкес (өтінім нысаны ұсынылған) толтырылған өтінімді қосу тіркеуі тиіс.

Байқау қорытындысы 2018 жылдың 10 қыркүйегіне дейін шығарылып, Қордың www.enpf.kz ресми сайтында жарияланады.

Қазылар алқасы «Үздік журналистік материал» санаты бойынша мемлекеттік тілде үш жеңімпазды және орыс тілінде үш жеңімпазды анықтайды. Әрбір аталымда жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады:

– бірінші орын үшін – ноутбук;

– екінші орын үшін – планшет;

– үшінші орын үшін – диктофон.

 

БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы.

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

ӨТІНІМ

«Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы және даму келешегі» тақырыбы бойынша үздік журналистік материалға өткізілетін байқауға қатысуға арналған.

 

  1. Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ТАӘ);
  2. Туған жылы, айы, күні;
  3. Жеке куәлігінің көшірмесі;
  4. Байланыс деректері (тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы);
  5. Жанр және материалдың тілі;
  6. Материал жазылған тасымалдауыш (диск, флеш-жинақтауыш).
28.08.2018

«БЖЗҚ» АҚ салымшыларды ескертеді

«БЖЗҚ» АҚ салымшыларды белгісіз тұлғалардың Қор атынан телефон мен электрондық пошта арқылы жұртшылыққа «БЖЗҚ» АҚ сыйлық ұтысын ұйымдастырғаны туралы жалған ақпарат таратып жатқанын ескертеді. Алаяқтар Қор салымшыларына сыйлықты алу үшін сілтемеде көрсетілген өзге ресурстарға кіріп, өзінің банк деректемелерін жіберуді ұсынуда. Осылайша, зейнетақы қоры салымшыларының жеке деректемелері туралы ақпараттарды заңсыз иелену әрекеті жасалуда.

«БЖЗҚ» АҚ барлық салымшыларды Қор қандай да бір ұтыстар ұйымдастырумен, жеке мәліметтерді электрондық әдіспен жинаумен айналыспайтыны туралы және өз атынан мұндай іс-әрекет жүргізуге өзге тұлғаларға құзырет бермейтінін ескертеді.

Құрметті салымшылар! Өздеріңіздің жеке мәліметтеріңіздің құпиялығын қамтамасыз ету үшін мұндай электрондық хабарламаларға, телефон қоңырауларына, СМС-хабарламаларға жауап бермеңіздер және электрондық жолдаудағы сілтемелерге кірмеңіздер. Алаяқтардың алдауына түспеу үшін мұқият сақ болыңыздар! Олар ірі компаниялардың атын жамылып әрекет етеді. Сондықтан жеке мазмұндағы ақпараттарды бөтен адамдарға ашпаңыздар! Сыйлықтар мен ұтыстар туралы уәделерге сенбеңіздер! Бұл туралы жақындарыңыз бен таныстарыңызды ескертуді ұмытпаңыздар! Өтініш: мұндай қоңыраулар мен жолдаулар туралы міндетті түрде БЖЗҚ-ның 1418 байланыс орталығына хабарлаңыздар!

«БЖЗҚ» АҚ белгісіз тұлғалардың жоғарыда айтылған ұтыстарды өткізуге байланысты әрекеттеріне жауапты емес екенін ескертеді.

28.08.2018

Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын азаматтар зейнетақы жарналарын төлеуге міндеттеледі

Алматы, Қазақстан – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы негізінде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, оның ішінде 25-бабына өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес енді азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін азаматтар міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті. Бұл жарналардың мөлшері алған табыстың 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес және ең төменгі жалақының 75 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан аспайтын мөлшерде белгiленедi.Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын азаматтар зейнетақы жарналарын төлеуге міндеттеледі

Айта кетелік, бұл тәртіп адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар үшін күні бүгінге дейін міндетті негізде қолданылып келеді. Ал азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын азаматтар бұған дейін тек міндетті зейнетақы жарналарын төлеу құқығына ие болатын. Енді жоғарыда атап көрсетілген түзетулер күшіне енген соң, міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге міндеттеледі. Бұл ретте олар бұл жарналарды Қорға өз бетінше аударулары тиіс.

Аударымдарды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген, жарналарды аудару Қағидаларымен[1] реттеледі. Осы Қағидалардың қолданыстағы редакциясына сәйкес жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар міндетті зейнетақы жарналарын «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына табыстар алынған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей төлеуге міндетті. Қазіргі уақытта бұл Қағидалар жоғарыда енгізілген заңнамалық өзгерістерге сәйкес нақтыланып жатыр.

Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда шоттары жоқ жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар міндетті зейнетақы жарналарын кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін оларды екінші деңгейдегі банктің мына деректемелеріне қолма-қол ақшамен енгізеді:

Бенефициар банкі«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Бенефициар БСКGCVPKZ2A
Бенефициар ЖСКKZ12009NPS0413609816
Бенефициар БСН160440007161
ТМК«Төлем мақсатының коды» 010

 

Қандай да бір кезеңде табыс болмаған жағдайда бұл тұлғалар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебінен өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жоқ болған жағдайда, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қою арқылы міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қажет. БЖЗҚ ішкі құжатымен бекітілген өтініш үлгілері БЖЗҚ ресми сайтында орналастырылған. Жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішті жеке басты куәландыратын құжатпен БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесінде немесе электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен enpf.kz сайты арқылы беруге болады.

Аталмыш түзетулер міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты және толық көлемде аудару есебінен азаматтардың зейнетақы жинақтарын арттыру мақсатында енгізіліп отыр.

Бүгінде Қазақстанда үш деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. Ол мемлекетті, жұмыс берушілерді және барлық жұмыс істеуші азаматтарды, олардың ішінде жалданып жұмыс істемейтін азаматтарды да қамтиды. Уақыт өте келе зейнетақы жүйесінің жинақтаушы бөлігі басымдыққа ие болады. Сондықтан жұмыспен қамтылған тұрғындарды зейнетақы жүйесімен барынша қамту қажет. Сәйкесінше міндетті зейнетақы жарналарын Қорға уақытылы және тұрақты негізде  аударып отыру – азаматтардың барлық санаты, оның ішінде азаматтық-құқықтық шарттар аясында жұмыс істейтін азаматтар үшін өте маңызды. Бұл зейнетақы жинақтарының сомасын арттырып қана қоймайды, сонымен қатар базалық зейнетақының мөлшерін арттыруға да мүмкіндік береді. Өйткені 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны есептеу барысында 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріледі.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы.

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

[1] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 Қаулысымен бекітілген, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері

28.08.2018

Дәстүрлі «5 сұрақ» айдарын жалғастыра отырып, оқырман назарына келесі ақпараттарды ұсынамыз. 

  1. Саламатсыз ба! Зейнетақы жинақтарымның жай-күйі туралы ақпаратты қалай алуға болады?

Жауап: Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап оның кез келген күнге қатысты сұрауы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты тегін беруге, сондай-ақ зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетімділігінің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етуге міндетті. Ал ақпарат алу тәсілін салымшы өзі таңдайды. Шоттан үзінді-көшірме алудың мынадай тәсілдері бар:

  • пошта байланысы арқылы – жылына бір рет;
  • таңдап алынған төлем кестесіне сәйкес электрондық пошта арқылы – (ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын, жыл сайын);
  • БЖЗҚ кеңсесіне тікелей өзі келгенде – бұған шек қойылмайды;
  • интернет-хабарландыру арқылы (сайт немесе смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасы бойынша) – онлайн режимінде – шектеусіз;
  • kz сайтына тіркелу жолымен оның «Жеке кабинет» арқылы немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) бар болса egov.kz электрондық үкімет сайты арқылы – шектеусіз.

Егер Сіз жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйі туралы үзінді-көшірмені дәстүрлі пошта байланысы немесе электрондық пошта арқылы алып келген болсаңыз және ол келмей қалса, бұған тұрғылықты мекенжайыңызды немесе электрондық поштаңызды ауыстырғаныңыз және осы өзгерістер туралы Қорға дер кезінде хабарламағаныңыз себеп болуы мүмкін.

Егер Сіз зейнетақы шотыңыз жайында үзінді-көшірме алу тәсілін таңдамаған болсаңыз немесе оны интернет байланысы арқылы алғыңыз келсе жеке басыңызды куәландыратын құжатпен жақын жердегі Қор кеңсесіне келіп, хабарлау тәсілі туралы қосымша келісім жасай аласыз. Қор бөлімшелерінің мекенжайлары мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.enpf.kz/kz/adresa-i-kontakty/regionalnaya-set/

Электрондық цифрлық қолтаңба бар болса оны Қор сайты арқылы да жасауға болады. Бұл операция бар болғаны бірнеше минутты алады.

Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты интернет арқылы алу  – қазіргі уақытта өте танымал. Ол үнемді әрі зейнетақы жинақтарын кез келген уақытта онлайн тәртібінде бақылап отыруға мүмкіндік береді.

 

  1. Саламатсыз ба! Мен Ресейге көшіп кетіп едім. Бір айдан соң, Алматыға қайтып ораламын. Сондықтан зейнетақы жинақтарымды алудың қандай жолы бар екендігін білгім келеді. Бұл қанша уақытты алады?

Жауап: Зейнетақы төлемдерін алушы ҚР аумағынан тысқары жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін алу үшін Қорға жеке өзі келгенде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзге жағдайлар көзделмесе, шетелдік паспорттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

2) алушының банк шоты туралы мәліметтері.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы аясында қызмет атқарады. Сондықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі өтінішті қараған кезде мына Қағидаларды басшылыққа алады. Ол:

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы №1042 қаулысымен бекітілген, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидалары».

Соған сәйкес, егер Қазақстан азаматы, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ адам шетелге көшетін болса, онда ол бірінші кезекте елден кетуге арналған құжаттарды рәсімдейді. Бұл не үшін керек? Бұл Қазақстанда орындамаған (салық, мүлік, сот, мерзімді әскери қызметті өтеу және т. б.) міндеттемелерін анықтау үшін қажет.

Бұл үшін ол ҚР Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) аумақтық бөлімшелеріне немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚО) барып өтініш жасайды.

Айта кетейік, Қазақстаннан кетуді рәсімдеуге арналған ақпараттардың барлығын ҚР Ішкі істер министрлігі ҚР Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорына жіберіп отырады.

Бұдан кейін шетелге көшетін азамат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өтініш жасайды. Өзі келіп өтініш жасайтын болса: шетелдік паспортының түпнұсқасын, зейнетақы жинақтарын аударатын банк шоты туралы мәліметті ұсынады және өтініш жазады.

Айта кетелік,  құжаттарды үшінші тұлға (сенім артылған) немесе пошта байланысы арқылы да ұсынуға болады.

Зейнетақы Қоры құжаттарды тексеруге алған соң, өтініш берушінің шетелге көшетіндігін растау үшін Мемлекеттік дерекқорға сауал жібереді.

Құжаттарға қатысты оң жауап алынса, ескертпелер болмаса, Қор құжаттар қабылданған немесе келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде төлемдерді алушының өтінішінде көрсетілген банк шотына аударады. Ал егер құжаттарға қатысты жағымсыз жауап алынса немесе ескертпелер болса, зейнетақы Қоры өтінішті орындаудан бас тартып, алушыға бұл жайында ескертіп, себебін түсіндіреді.   Өкінішке қарай, бүгінде шетелге көшкен немесе көшетін кейбір азаматтар құжаттарды дұрыс рәсімдемейді. Алдымен шетел азаматтығын алып, кейін Қазақстанның азаматтығынан айрылады. Бұл дұрыс емес.

Ең алдымен, Қазақстанға келіп, белгіленген тәртіпте елден кетуге арналған құжаттарды рәсімдеу қажет. Кейін Қазақстан азаматтығынан бас тартуға болады. Бұдан кейін егер зейнетақы жинақтары болса, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына келіп өтініш жасай алады.

Құжаттардың барлық тізбесін, оларды рәсімдеу талаптарын, сондай-ақ, өтініш бланкалары мен толтыру үлгілерін «БЖЗҚ» АҚ ресми сайтынан мына сілтеме бойынша таба аласыз:

https://www.enpf.kz/kz/uslugi/pensioneram/poryadok-oformleniya-pensionnykh-vyplat/vyplaty-v-svyazi-s-vyezdom-na-pmzh-za-predely-respubliki-kazakhstan.php

 

  1. Саламатсыз ба! Мен өзіме зейнетақы шотын ашуым керек еді. Бұған ақша төлеу керек пе? Қандай құжат керек?

Жауап: Зейнетақы шоты тегін ашылады. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт  (қосылу шарты) Заңда көзделген құқықтарды, міндеттерді және жауапкершілікті, сондай-ақ  БЖЗҚ мен салымшы (кейіннен зейнетақы төлемдерін алушы) арасындағы құқықтық қатынастардың басқа да ерекшеліктерін бекітеді.

Егер Сіз бұған дейін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаспаған болсаңыз, жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу жөнінде өтінішті толтыруыңыз қажет.

Жеке зейнетақы шоты – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) міндетті зейнетақы жарналары немесе міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары не ерікті зейнетақы жарналары, инвестициялық табысы, өсiмпұл және өзге де түсiмдер есепке алынатын және зейнетақы төлемдері жүргізілетін жеке атаулы шоты.

Салымшы ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті рәсімдеу үшін Қор бөлімшесіне өзі келгенде мынадай құжаттарды ұсынады:

– жеке өзі келгенде – жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);
– сенім білдірілген тұлға өтініш жасағанда – сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа), нотариат куәландырған сенімхат не оның нотариат куәландырған көшірмесі, салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі.

Сонымен қатар Сіз ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті мына сілтеме бойынша онлайн тәртібінде рәсімдей аласыз:

https://www.enpf.kz/kz/uslugi/budushchim-pensioneram/otkrytie-individualnogo-pensionnogo-scheta-ips-za-schet-obyazatelnykh-pensionnykh-vznosov-opv.php

Бұл үшін қолыңызда электрондық цифрлық қолтаңбаның өзекті кілті (ЭЦҚ) болуы керек немесе Қор сайтының Жеке кабинеті Сіз үшін қолжетімді болуы қажет.

  1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болғанда оның жинақтары мұрагерлерге қалай беріледі?

Жауап: Зейнетақы жинақтары өсиет бойынша және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 31-33 – баптарына сәйкес мұраға қалдырылады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, зейнетақы Қоры қажет жағдайда алдымен оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшерінде (биыл ол: 2405*52,4 = 126 022 теңге) жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді. Бірақ бұл сома жеке зейнетақы шотында жатқан қаражаттан аспауы тиіс.

Мұрагерлікке құқығы бар тұлғалардың толық тізімі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көрсетілген. Қайтыс болған салымшының зейнетақы жинақтарын алуға қажетті негізгі құжаттардың бірі – мұрагерлік құқығы туралы куәлік.

Мұраны қабылдау мұра ашылған жердегi нотариусқа өтiнiш беру арқылы жүзеге асырылады. Заң бойынша, мұрагерлікті қабылдау туралы өтініш, мұраға қалдырушы қайтыс болғаннан кейін 6 айдан кешіктірілмей берілуі тиіс. Егер уақыт өтіп кетсе, онда сотқа жүгінуге тура келеді.

Барлық зейнетақы шоттарындағы жинақтар мерзімсіз сақталады. Салымшылар қайтыс болған жағдайда мұрагерлеріне беріледі. Мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарын алуға арналған құжаттардың толық тізімі Қопрдың www.enpf.kz сайтының «Қызметтер» айдарының «Алушыларға» деп аталатын бөлімінде орналастырылған.

 

  1. Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй үшін бастапқы жарна төлеу үшін алуға бола ма? Біз жас отбасымыз. «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекаға үй алуға мүмкіндігіміз бар. Қазір пәтер жалдап тұрамыз.

Жауап: Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тек заң аясында ғана қызмет атқарады. Сәйкесінше «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға (ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге биыл 58,5 жасқа толғанда), сондай-ақ, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектігі мерзiмсiз болып белгiленген жандарға төленеді.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

Яғни, ағымдағы заңда БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары есебінен несиені өтеу, жылжымайтын мүлік сатып алу, оқу ақысын төлеу және басқа да шығындарға жұмсау мүмкіндіктері қарастырылмаған.

Жалпы, Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесі тұрақты түрде дамып келеді. Салымшылардың сауалдары мен өтініштеріне сараптама, ал зейнетақы жарналарына мониторинг жүргізілуде. Актуарлық есептемелер жасалып, әлемдік тәжірибелерге талдау жүргізіліп жатыр. Сондықтан Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы әңгіме қозғауға әлі ерте.

28.08.2018

“Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің  «Ауыл шаруашылығы жерлерін конкурс арқылы жалға беру  ережесі туралы» 2016 жылғы 18 қазандағы №437  бұйрығына сәйкес ОҚО  Ордабасы ауданы әкімдігі  Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына (шетелдіктердің қатысуынсыз) шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын ұсыну тәртібі мен рәсімдері туралы заңда көзделген ережелер мен шектеулерді ескере отырып:

         “Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің  «Ауыл шаруашылығы жерлерін конкурс арқылы жалға беру  ережесі туралы» 2016 жылғы 18 қазандағы №437  бұйрығына сәйкес ОҚО  Ордабасы ауданы әкімдігі  Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына (шетелдіктердің қатысуынсыз) шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын ұсыну тәртібі мен рәсімдері туралы заңда көзделген ережелер мен шектеулерді ескере отырып:

               Конкурсқа келесі жер телімдері қойылуда:

 

Ауыл округ атауыБарлық жер көлемі гаоның ішіндеЖалға беру мерзімі, жылЖерді  жалдау құны,тенгеКепілдік жарна, 50 % айлық есептік көрсеткіш, тенгеЖер телімінің пайдалану мақсаты
СуармалыТәліміЖайылым
1Бадам15,0  15,01069,5120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
2Бөген7,87,8  10386,1120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
3Бөген3,03,0  10148,5120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
4Бөген7,57,5  10371,2120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
5Бөген3,83,8  10188,1120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
6Бөген2,52,5  10123,75120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
7Бөген9,09,0  10445,5120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
8Бөген5,55,5  10272,25120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
9Бөген7,57,5  10371,25120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
10Бөген7,07,0  10346,5120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
11Бөген13,013,0  10643,5120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
12Бөген3,53,5  10173,25120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
13Бөген3,53,5  10173,25120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
14Бөген6,56,5  10321,75120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
15Бөген5,15,1  10252,45120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
16Бөген4,34,3  10121,85120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
17Бөген8,48,4  10415,8120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
18Бөген2,02,0  1099120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
19Бөген5,05,0  10247,5120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
20Бөржар4,84,8  10237,6120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
21Бөржар2,52,5  10123,75120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
22Жеңіс16,0  16,01074,16120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
23Жеңіс6,76,7  10331,65120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
24Жеңіс15,015,0  10742,5120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
25Жеңіс16,016,0  10792120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
26Жеңіс8,28,2  10405,9120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
27Жеңіс6,36,3  10311,85120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
28Төрткөл4,34,3  10212,85120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
29Төрткөл7,07,0  10346,5120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
30Төрткөл6,46,4  10316,8120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
31Төрткөл4,04,0  10198120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
32Төрткөл10,010,0  10495120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
33Төрткөл6,56,5  10321,75120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
34Төрткөл13,013,0  10643,5120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
35Төрткөл22,0  22,010101,97120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
36Төрткөл25,0  25,010115,87120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
37Төрткөл13,413,4  10663,3120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
38Төрткөл15,0  15,01069,525120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
39Қажымұқан1,51,5  1074,25120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
40Қажымұқан5,45,4  10267,3120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
41Қажымұқан15,0  15,01069,525120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
42Қажымұқан5,05,0  10247,5120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
43Қажымұқан150,0 150,0 10695,25120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
44Қажымұқан5,05,0  10247,5120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
45Қажымұқан5,05,0  10247,5120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
46Қажымұқан167,0 167,0 10774,04120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
47Қажымұқан19,0  19,01088,065120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
48Қажымұқан17,0  17,01078,79120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
49Қажымұқан50,0  50,010231,75120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
50Қажымұқан15,0  15,01069,525120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
51Қажымұқан22,0  22,010101,97120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
52Қажымұқан15,0  15,01069,525120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
53Қажымұқан33,0  33,010152,95120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
54Қараспан6,86,8  10336,6120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
55Қараспан60,0  60,010278,1120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
56Қараспан120,0 120,0 10556,2120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
57Қараспан150,0  150,010695,25120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
58Қараспан25,0  25,010115,87120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
59Қараспан3,03,0  10148,5120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
60Шұбар15,0  15,01069,525120250А/ш өндірісін жүргізу үшін
 Барлығы:1226,7260,7437529    

 

Конкурс өткізу туралы хабарландыру мерзімді баспасөз басылымында, сатушының ресми интернет-ресурсында және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде конкурс қорытындылары шығарылған күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жарияланады. Конкурсқа қатысушылардың конверттерін ашу және конкурс қорытындыларын шығару жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы  2018 жылғы  24 қыркүйектегі  күні  сағат 16.00-де Темірлан ауылы, Рыскулов көшесі, № 14  үй мекенжайда орналасқан Ордабасы ауданы  әкімдігінің үлкен  залында өтеді.

                   Конкурсқа  қатысу  шарттары

Конкурс өткізу туралы хабарландыруда белгіленген мерзімнен кешікпей конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеген және осы Қағидалардың 43-тармағында көзделген міндетті құжаттардың тізбесін ұсынған жеке және заңды тұлғалар конкурсқа қатысуға жіберіледі.
Конкурсқа қатысушыларды тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және конкурс өткізуден үш күн бұрын аяқталады. Конкурсқа қатысушылар конкурстық құжаттаманың көшірмесін қол қойып алады.
Конкурсқа қатысуға өтінім бергеннен кейін өтінім беруші конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде жер учаскесінің бағасы және оны пайдалану жөніндегі жеке конвертте мөрленген ұсыныстарды (конкурстық өтінімді) береді.
Конкурсқа қатысуға өтінім берген тұлғалар туралы мәліметтер жариялауға жатпайды.

Осы Қағидалардың 52-тармағына сәйкес ұсынылатын жер учаскесінің бағасы және оны пайдалану жөніндегі ұсыныстар (конкурстық өтінім) мыналарды қамтиды:
заңды тұлғалар үшін:
қатысушы еркін нысанда ұсынатын бизнес-жоспары немесе жер учаскесін пайдаланудың өндірістік бағдарламасы;
кәсіпорынның штатында ауыл шаруашылығының тиісті салаларында мамандықтары бойынша біліктілігі мен жұмыс өтілі көрсетілген, кем дегенде екі маманы болуы туралы, бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған, заңды тұлғаның мөрі басылған анықтамасының түпнұсқасы;
ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу үшін қажетті ауыл шаруашылығы машиналарының болуы туралы (бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, заңды тұлғаның мөрі басылған) анықтаманың түпнұсқасы және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызметтерді сатып алу және т.б.) шартының көшірмесін ұсыну;
жеке тұлғалар үшін:
қатысушы ұсынатын бизнес-жоспар немесе ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу үшін қажетті ауылшаруашылық машиналарының іс жүзінде болуы көрсетілген ерікті нысандағы жер учаскесін пайдаланудың өндірістік бағдарламасы және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызметтерді сатып алу және т.б.) шартының (немесе ниеттер хаттамасының) көшірмесін ұсыну;
білімі туралы дипломның көшірмесі (болған жағдайда) немесе ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек қызметі және жұмыс өтілі туралы мәліметтері бар өмірбаяны.
Сауда-саттыққа қатысушының бағасы және жер учаскесін пайдалану жөніндегі ұсынысында (конкурстық өтінімінде) осы құжаттардың болмауы конкурстық өтінімді қабылдамау үшін негіз болып табылады.
Кез-келген қатысушы өз бастамасымен өндіріс көлемін және салықтық аударымдарды өсіруге, жер учаскесі орналасқан аумақта ауыл округінің әлеуметтік инфрақұрылымын қолдауға және дамытуға ықпал ететін қосымша міндеттемелерді өзіне алуы жөніндегі ұсыныстарды енгізеді. Мұндай ұсыныстардың болмауы ұсыныстарды (конкурстық өтінімді) қабылдамау үшін негіздеме болып саналмайды.

 

Конкурсқа қатысу үшін кепілдік жарна мына депозиттік шотқа аударылады:

Ордабасы аудандық жер қатынастары бөлімі ММ, БСН: 161040024704

БСК: ККMFKZ2A,  ЖСК: KZ640705034633517001

28.08.2018

Шымкенттегі мамандандырылған хқо-да 17-ші аймақпен нөмірлік белгісі беріле бастады

«17» сандық белгілік нөмірдің алғашқы иелерінің бірі Шымкент қаласының тұрғыны Әлия Оңалбек болды. Бүгін ол өзінің автокөлігін мамандандырылған ХҚО-да рәсімдеді.
Баршаңызға белгілі, жақында Шымкент республикалық маңызы бар қаланың мәртебесін алды, ал Түркістан облыстық орталыққа айналды.

Осыған байланысты автокөлік құралдарын рәсімдеу кезінде өзгерістер орын алды. Енді Шымкент қаласының тұрғындарына«17» сандық нөмірлі белгілер шығарылатын болады. Ал, Түркістан облысында автокөлік жүргізушілері үшін «13» сандық нөмірі өзгеріссіз қалады. Айта кетейік, «Автокөлік құралдарын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандартына сәйкес, Шымкентті қоса алғанда, басқа аймақтарда да өзгеріс болмайды.
Түркістан облысының тұрғындарының сөзіне қарағанда, Шымкенттің 8 ХҚО-ғын есепке алғанда, мемлекеттік корпорацияның 25 фронт-офисі қызмет көрсетеді. Солардың бірі – автокөлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру мемелкеттік қызмет түрлерін көрсететін мамандырылған ХҚО. Сондай-ақ, мамандандырылған ХҚО ғимаратында қажеттілігіне қарай, жүргізуші куәлігін алу үшін нарколог, психиатр анықтамаларын алып, медициналық тексеруден өте алады. Одан бөлек, автожүргізушілер көліктерін Түркістан және Сайрам аудандарындағы мамандандырылған ХҚО секторы арқылы тіркеуге болады.
Шымкенттегі мамандандырылған ХҚО арқылы жыл басынан бері 25 мыңнан астам жүргізуші куәлігі беріліп, 130 мыңнан астам автокөлік тіркелген.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ

АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

87777730446

25.08.2018