АУДАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Салымшылардың алтын уақыты үнемделеді

БЖЗҚ жоғары технологиялық байланыс құралдарының көмегімен қашықтан байланыс жасау арналарын дамытып жатыр. Бұл қазіргі өркениеттің қарыштап дамып жатқан кезеңінде өте маңызды екені сөзсіз.

Интернет – белсенді қолжетімділік құралы, ал ұялы қосымша – ақпарат алудың заманауи тәсілі. Қазіргі уақытта олар көпшілік салымшылар үшін ең сұранысқа ие қызметтердің біріне айналған.

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) мен құпиясөз немесе электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы кез келген уақытта www.enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетке кіріп, зейнетақы жинақтарының жай-күйін, табыстылығын көруге болады. ЖСН мен құпиясөз және ЭЦҚ ұялы телефонға жүктелген ENPF ұялы қосымшасында авторлану үшін де қолданылады. Ұялы қосымшаны Android және iOS базасында жұмыс істейтін кез келген смартфон немесе планшетке тегін жүктеп алуға болады. Пайдаланушыларға ыңғайлы болуы үшін бұл қызмет қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді. Салымшылар ENPF ұялы қосымшасы арқылы: зейнетақы шоттарының жай-күйін, зейнетақы жинақтарын төлеу жөніндегі өтініштің орындалу барысын, зейнетақы жүйесіндегі барлық өзгерістерді, Қордың жақын жердегі кеңсесінің мекенжайын анықтап, байланыс орталығына хабарласа алады.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Қор қызметі туралы барлық сұрақтар бойынша жауап алу үшін БЖЗҚ байланыс орталығына 1418 нөмірі бойынша хабарласуға болады (Қазақстан бойынша телефон шалу тегін). Ағымдағы жылдың 5 айы ішінде Қор операторлары 171 290 қоңырауға жауап берген.

Қор сайты арқылы тиісті нысанды толтырып, кері қоңырау шалуға тапсырыс беруге болады. Қор мамандары өтініште көрсетілген уақытта хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді. Бұдан басқа Қор сайты арқылы жазбаша түрде сұрақ қойып, жауап алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ онлайн кеңес беруші қызметі арқылы да онлайн тәртібінде ақыл-кеңес алуға  болады.

Жоғарыда аталған байланыс арналарынан бөлек, «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрмановтың жеке блогы үлкен танымалдыққа ие. Сол арқылы салымшылар Қор басшысына тікелей хабарласып, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Қор қызметі туралы өздерін толғандырған барлық сұрақтар бойынша жан-жақты жауаптар ала алады.

2019 жылдың қаңтар-мамырында осы блог арқылы 114 сұраққа жауап берілді. Ақпараттардың толыққандылығы және ашықтығы БЖЗҚ-ға деген сенімді арттыра түседі.

What’s Арp сервисі арқылы +7 777 000 1418 нөмірі бойынша Қор маманына хабарласып, өзіңізді қызықтырған ақпаратты ала аласыз.

Telegram-bot қызметі де салымшылар арасында сұранысқа ие болып отыр. Сол арқылы зейнетақы шотыңыздан кішігірім үзінді көшірме алып, оны электронды поштаңызға жібере аласыз. Айтпақшы, осы сервистің көмегімен Жеке кабинетке арналған пароліңізді қалпына келтіріп, Қордың маңызды жаңалықтарымен және ағымдағы көрсеткіштерімен танысып, жақын маңдағы кеңсесінің мекенжайын анықтауға болады.

Қашықтан байланысу арналарын дамыту уақытты үнемдеп қана қоймай, сонымен қатар қазіргі жастарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тартуға септігін тигізеді. Ал олар әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушылары екені белгілі. Сәйкесінше Қордың «Одноклассники», «Facebook», «В контакте», «Twitter» және «Instagram» әлеуметтік желілерінде ресми парақшалары жұмыс істейді. 2019 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша оларға жазылушылардың жалпы саны 38 мыңнан асты.

Осылайша Қордың қашықтықтан байланыс жасау арналарын пайдалана отырып, салымшылар мен алушылардың жинақтары туралы мәліметтерді қоспағанда, БЖЗҚ қызметтері мен жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпараттар және ақыл-кеңестер алуға болады. Бұл ретте салымшылар мен алушылардың жинақтары туралы мәліметтер құпия болып саналатындықтан, оны Жеке кабинет арқылы ЭЦҚ немесе ЖСН және құпиясөздің көмегімен анықтауға болады.

08.08.2019

«БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысын жариялады

2019 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша БЖЗҚ қызметінің негізгі көрсеткіштері сенімді оң динамиканы көрсетеді: 2019 жылдың 1 шілдесіне қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,99 трлн. теңгені құрап, жыл басынан бері 7% – ға немесе 615 млрд.теңгеге ұлғайды.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында жинақталған зейнетақы қаражатының өзгеруі 464,8 млрд.теңге мөлшерінде зейнетақы жарналарының,  107,6 млрд.теңге мөлшеріндегі зейнетақы төлемдерінің, сондай-ақ, 257,5 млрд.теңге көлеміндегі инвестициялық кірістің түсулерімен байланысты.

01.07.2019 ж. қарай міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары 9,8 трлн. теңгені, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен – 220,0 млрд.теңгені, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен – 1,9 млрд. теңгені құрады.

2019 жылдың 1 шілдесіне қарай МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны (техникалық шоттарды қоспағанда) 10,3 млн. шотты құрап, жыл басынан бастап 1,2%-ға немесе 119,3 мың шотқа өсті (жүйеден шыққан қатысушылар бойынша шоттардың жабылуын ескере отырып).

Бұл ретте МЗЖ бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны (техникалық шоттарды есепке алмағанда) жыл басынан бастап 1%-ға немесе 100 мың шотқа (жүйеден шыққан қатысушылар бойынша шоттардың жабылуын ескере отырып) ұлғайып, 9,7 млн.шотты құрады.

Техникалық (сәйкестендірілмеген) шоттар саны есептік кезеңде 216,3 мыңнан 201,8 мың шотқа дейін 7%-ға азайды.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында БЖЗҚ-да 155 821 салымшы үшін жеке зейнетақы шоттары ашылды. Алғаш рет БЖЗҚ-да шот ашқандардың 22%-ы 20 жасқа дейінгі топты құрады, 36,2% – 21-ден 30 жасты, 18,3%- 31-ден 40 жасты, 13,6%- 41-ден 50 жасқа дейінгі, 9,9% – 51 жастан жоғары топтарды құрады.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы зейнетақы төлемдерінің жалпы сомасы 107,6 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте жасына байланысты төлемдер 41 млрд.теңгені құрап, сақтандыру ұйымдарына 30 млрд. теңге аударылды, 21 млрд. теңге ҚР шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төленді. Салыстыру үшін – өткен жылдың осы кезеңінде зейнетақы төлемдерінің жалпы сомасы 100,9 млрд.теңгені құрады.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс 257,5 млрд. теңгені құрады.  Соңғы 12 айда зейнетақы активтерінің табыстылығы инфляция 5,4% болғанда 9,4% құрады. Осылайша зейнетақы активтері соңғы 12 айда 4% мөлшерінде нақты оң кірістілікке ие.

«БЖЗҚ» АҚ салымшылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. 01.01.2017 ж. – 01.07.2019 ж. аралығында Қор қызметкерлері 59,8 мың көшпелі тұсаукесерлер өткізіп, оған 1,8 млн. адам (немесе елдің жұмыспен қамтылған халқының 21%) қатысты.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында Қор кеңселерінде күн сайын Қазақстан бойынша 13 мыңнан астам қызмет көрсетілді.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында Қор қызметінің 80,5%-ы электронды форматта (он-лайн) жүргізілді.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында Қор әртүрлі байланыс арналары арқылы келіп түскен 300 мыңға жуық салымшылардың (алушылардың) өтініштерін қабылдап, өңдеді.

31.07.2019

Бірыңғай жиынтық төлем- Жартыжылдық қорытындысы

2019 жылдың басынан бастап Қазақстан заңнамасында жаңа жаңалық – Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілді. Оны енгізудің басты себебі – бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың қызметін тіркеуді жеңілдету.

Бүгінгі күні бұл төлем 4 міндетті төлемді бір реттік төлеммен алмастырады. Олар:

–  жеке табыс салығы;

–  БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарнасы;

–  мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударым (МӘСҚ);

–  әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына әлеуметтік жарна (ӘМСҚ).

БЖТ төлеушілер – кәсіпкерлік қызметті жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз жүзеге асыратын, бір уақытта келесі шарттарға жауап беретін тұлғалар: бірыңғай жиынтық төлемді төлеген; жалданған қызметкердің еңбегін пайдаланбайтын, салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға қызмет көрсететін және акцизделетін тауарларды қоспағанда, өздері өндіретін жеке қосалқы шаруашылықтардың ауылшаруашылық өнімдерін сатумен айналысатын тұлғалар болып табылады.

Сауда және ойын-сауық орталықтарының (СОО) аумағында қызмет атқаратын (белгілі жұмыстарды орындайтын) жеке тұлғалар; жеке практикамен айналысатын адамдар, тұрғын емес үй-жайларды жалға берушілер, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен азаматтар, сондай-ақ, оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар БЖТ төлеушілер ретінде есептелмейді.

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес БЖТ төлеушілері болып табылатын жеке тұлғалар үшін БЖЗҚ-ға өз пайдасына төлеуге жататын, міндетті зейнетақы жарналары 2019 жылы төмендегідей:

  • республикалық және облыстық маңызға ие қалаларда, астанада – 2525 теңге
  • өзге елді-мекендерде – 1262 теңге.

Төлем жасаушыларға бұл соманы өз бетімен 4 төлемге бөлудің қажеті жоқ, ол бюджетке түскеннен кейін  тағайындалуы бойынша автоматты түрде бөлінеді.

Бірыңғай жиынтық төлем сомасы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ-мен келесі шамаларға бөлінеді:

10% – жеке табыс салығы (ЖТС);

20% – әлеуметтік аударымдар (ӘА);

30% – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);

40% – міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар (ММСА).

Бірыңғай жиынтық төлемнің мөлшері алынған табыстың мөлшеріне тәуелді емес және қосымша есептеулерді (кірістер, шығыстар, шегерімдер, пайда) талап етпейді.

Табыс алынған әр ай үшін бірыңғай жиынтық төлемді төлеу қажет.

Бірыңғай жиынтық төлем режиміне түсетін азаматтардың барлық төлемдерді жеңілдетілген шарттарда төлеуге және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, БЖТ артықшылықтарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу және сомасы мен түрлері бойынша шектеусіз медициналық қызметтерге қол жеткізу, ММСА енгізілгеннен кейін медициналық мекемені таңдау құқығына ие болу жатады. Жүйеге қатысушының сондай-ақ, еңбек ету қабілетінен, жұмысынан, асыраушысынан айырылған, жүктілік пен босану, бала асырап алған, бала күтімі жағдайында да әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар.

БЖТ төлеушілері болып табылатын қазақстандықтар үшін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу арқылы жүйеге қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемін алу басты артықшылықтардың бірі болып табылады. БЖЗҚ-да өзінің зейнетақы жинақтарын толықтырудан басқа БЖТ төлеушілері үшін енді зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемін алу мүмкіндігі пайда болды.

Осылайша төлемнің осы түрі енгізілген күннен бастап өткен бірінші жартыжылдықта 121 977 жеке тұлға БЖТ арқылы БЖЗҚ-ға жалпы сомасы 112 млн теңге көлемінде міндетті зейнетақы жарналарын төледі.

Бірыңғай жиынтық төлемнің тағы бір артықшылығы мемлекет кепілдік берген әлеуметтік көмек түріндегі  минималды жәрдемақыға айтарлықтай қаржылық өсімнің қосылуы, сонымен қатар азаматтардың табысын растау арқылы несиені төлеу қабілеттілігінің жоғарылауы болып табылады. Яғни, БЖТ-ні төлеуші енді тұрақты төлемдер арқылы төлем қабілеттілігін растап, банктен ресми түрде несие ала алады.

БЖТ екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жалпы сомамен төленуге жатады (мысалы, «Қазпошта» АҚ арқылы). Төлемді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банктік шотына аудару керек. Бұдан әрі Мемлекеттік корпорация төлемді жеке табыс салығы (ЖТС) және әлеуметтік төлемдер түріндегі төлемдерге бөледі, содан кейін ЖТС аймақ бюджетіне, ал әлеуметтік төлемдерді БЖЗҚ, ӘСМҚ және ММСА аударады.

БЖТ төлеушілер салық есептілігін ұсынбайды. Қызметтің басталуын тіркеу (хабарлау) және қызметті тоқтата тұру (тоқтату) туралы өтініш талап етілмейді. Жеке тұлға төлем жүргізген күннен бастап бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып есептеледі. Егер жеке тұлға төлемді тоқтатса, онда ол БЖТ-ның төлемшісі болып есептелмейді.

31.07.2019

Ордабасы ауданының тұрғындарының назарына жеткіземіз!

2020 жылдан бастап патент негізіндегі арнайы салық режимін келесі іс-әрекет түрлерін:

сылақ жұмыстарын;

ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстарын;

еден жабу және қабырға қаптау жөніндегі жұмыстарды;

бояу және шынылау жұмыстарын;

такси қызметін;

автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды;

сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды;

фотография саласындағы қызметті;

аударма (ауызша және жазбаша) ісін;

мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

ойын-сауық және спорттық керек-жарақтарды прокатқа және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

бейнежазбалар мен дискілерді прокатқа беруді;

басқа да жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокатқа беруді және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

есептеуіш техниканы қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;

мәдениет саласындағы білім берудің көрсетілетін қызметтерін;

басқа да білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;

қосалқы білім беру қызметтерін;

өнер саласындағы қызметті;

компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеуді;

коммуникациялық жабдықты жөндеуді;

жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеуді;

шаштараз қызметтерін;

маникюрді және педикюрді;

ветеринариялық көрсетілетін қызметтерді;

жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді;

тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді;

базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді;

музыкалық аспаптарды жасауды және жөндеуді;

үй жануарларын бағуды жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер қолдануға құқылы.

Бұл ретте, жоғарыда көрсетілген Тізбеде жоқ іс-әрекетпен айналысатын жеке кәсіпкерлер келесі салық салу режимдерінің бірін таңдауы қажет:

оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі;

тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі;

жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті.

Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін немесе оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдану үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу режімі туралы хабарламаны тапсыру қажет.

Егер 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу режімі туралы хабарламаны тапсырмаған жағдайда, жеке кәсіпкер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салу тәртібіне ауысуға жататынын назарларыңызға жеткізеді.

Одан басқа, бюджетпен патент арқылы есеп айырысуды жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бақылау-касса машиналарын қолданудан босатылу күшін жояды.

Ордабасы ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

25.07.2019

Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жарияланды

Құрметті облыс тұрғындары!

Ағымдағы жылдың 4-шілдесінде Мемлекет басшысы қол қойған салықтық рақымшылықты жүргізуді көздейтін заң шеңберінде Қаржы министрлігінің бұйрығымен салықтық рақымшылық жүргізу ережесі бекітіліп, аталған заң а.ж. 16-шілдесінен бастап күшіне енді.

Сондықтан, барлығыңызды 2019 жылдың 31-желтоқсанына дейін аталған рақымшылықты пайдалануға шақырамыз.

Бүгінгі күні жергілікті мемлекеттік кірістер басқармасы деректер базасындағы салық төлеушілердің есептіліктерінің толықтығы мен дұрыстығына түгендеу жұмыстары жүргізілді.

Сіздерге, мемлекеттік кірістер басқармаларға барудың ешқандай қажеттілігі жоқ, негізгі шарты – жеке тұлға ретінде негізгі салықтар бойынша қарыздарыңызды төлесеңіз, өсімпұлдар мен айыппұлдар бет есептен алынып тасталады.

Сіздер, өздеріңіздің қарыздарыңыздың бар немес жоғы туралы мәліметті www.kgd.gov.kz «Салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» қызметі арқылы немесе жергілікті мемлекеттік кірістер басқармаларынан білуіңізге болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы өткен жыл үшін негізгі борыш пен салықтар бойынша өсімпұлды төлеуді жүргізген жағдайда, өсімпұл сомасы Сіздердің өтініш беруіңіз арқылы қайтаруға жатады.

Құрметті облыс тұрғындары, осы салықтық рақымшылық шарасын пайдаланып, белсенділік көрсетуге баршаңызды шақырамыз.

Ордабасы ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

25.07.2019

Жеке тұлғалар салықтарға қарыздары туралы ақпаратты қайдан алуына болады

Құрметті салық төлеушілер!

Жеке тұлғаларға негізгі соманы төлегені үшін өсімпұлды есептен шығаруы үшін осы жылдың соңына дейін жүргізілген салықтық рақымшылыққа байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-сайтында www.kgd.gov.kz «Салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» қызметі жұмыс жасайтынын назарыңызға жеткіземіз, ол арқылы сіз өзіңіздің жеке сәйкестендіру нөміріңіз (ЖСН) арқылы онлайн режимінде салық қарызының болуы немесе болмауы туралы қажетті ақпаратты ала аласыз.

Сервиске сілтеме: http://kgd.gov.kz/kk/app/culs-taxarrear-search-web

Ағымдағы жылдың соңына дейін өткен жылдардағы салықтардан негізгі қарыздары өтелген жағдайда, есептелген өсімпұлдар есептен шығарылады.

Қосымша ақпарат алу үшін, тұрғылықты жеріңіздегі Мемлекеттік кірістер басқармасына хабарласуыңызға болады.

 Ордабасы ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

25.07.2019

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 87 жер учаскелерінің тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты тоқтатылатындығын хабарлайды

Ордабасы ауданы әкімдігі, 17.07.2019 жылғы Ордабасы ауданы әкімдігінің ресми сайтына жарияланған, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 48 бабы,  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы»  № 518 бұйрығы негізінде аудан әкімдігінің 28.06.2019 жылғы № 334 санды қаулысымен бекітіліп конкурсқа қойылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы 87 жер учаскелерінің тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты тоқтатылатындығын хабарлайды.

23.07.2019

Арыс қаласының ХҚО қызметкерлері ұжымдастарына алғыс айтты

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Арыс қаласы бойынша бөлімі орын алған төтенше жағдайдан кейін алғашқылардың бірі болып ғимаратын жөндеуден өткізіп, бүгінде өз жұмысын қалыпты тәртіпте қайта жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, апат кезінде бөлімнің 57 қызметкері отбасымен бірге көрші елдімекендерге эвакуацияланған болатын. Қиын жағдайға душар болған әріптестеріне басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның үлгісімен барлық облыстардағы корпорация филиалдарының қызметкерлері көмек қолын созып, бір күндік жалақыларын аударды. Қауіп басылған соң жерлестерімен бірге үйлеріне оралған ХҚО қызметкерлері жұмысын тоқтатпай, жергілікті әкімдікпен бірлесе штабтарда, далалық жағдайда аппаттан зардап шеккен арыстықтардың құжаттарын ретке келтіру үшін үздіксіз қызмет етті. Түркістандық әріптестеріне «Азаматтарға арналған үкіметтің» көрші облыстардағы филиалдарынан мобильді ХҚО-лар көмекке келіп, қолдау көрсетті.

«Мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектен бөлек, әріптестеріміздің осындай қамқорлығынан үлкен қолдау сезіндік. Біз тағы да мықты команда екенімізді дәлелдедік. Нағыз ұжымдастар деген, міне, осындай болу керек. Оның ішінде әріптестеріне ерекше жанашырлық танытып, қомақты көмек көрсеткен Түркістан облысы бойынша филиал қызметкерлерін атап өткім келеді. Жиналған қаржының арқасында әр қызметкерге 300 мың теңгеге жуық материалдық ақшалай көмек көрсетілді. Бүгінде бөлім қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр», – деп «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Түркістан облысы бойынша филиал директоры Ержан Жеңісбеков өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы әріптестеріне алғысын білдірді.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

Түркістан облысы бойынша филиалының

баспасөз қызметі

18.07.2019

Ордабасы ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру конкурсы өткізіледі

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48 бабына сәйкес, Ордабасы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға беру конкурсын өткізетінін хабарлайды.

Жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға беру конкурстарын ұйымдастырудың және өткізудің шаттары мен талаптары.

  1. Конкурс өткізілетін күні және орны: 2019 жылы 09 қыркүйек сағ 1600– де. Ордабасы ауданы, Т.Рысқұлов көшесі №14 үй, аудан әкімі аппараты ғимараты, бірінші қабат, кіші залында өтеді. Қосымша ақпаратты 8(72530) 7-92-42 телефоны арқылы білуге болады.

Конкурсқа өтінімдері беру (құжаттарды қабылдау) күні және орны: 2019 жылдың 16 тамызынан – 6 қыркүйекіне дейін (06.09.2019 жыл сағ: 1900 – де аяқталады). Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекені, Аббасов көшесі №6/5 үй, «Аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

  1. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

  1. Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

  1. Конкурстық ұсынысты, “электрондық үкімет” веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде “шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс” және 09.09.2019 жылғы сағ 1600– ге дейін ашуға болмайды” (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.

Конкурстық комиссияның қорытындысы қабылданатын күні 09.09.2019 жыл.

Конкурс арқылы жалға берілетін жер учаскелерінің ТІЗБЕСІ

17.07.2019

Заңды тұлғаларды тіркеу құзыры «Азаматтарға арналған үкіметке» берілді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құзырына заңды тұлғаларды тіркеу функциясы өтті. Бұдан бұрын халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қабылданған құжаттар өңдеу үшін ҚР Әділет министрлігіне жіберілетін. Бұл туралы facebook-тегі ресми парақшасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлімдеді.

«Енді біз заңды тұлғалардың құжаттарын қабылдап қана қоймай, өңдеп, мемлекеттік тіркеуге қоятын боламыз. Бұл қызметті атқару үшін әділет министрлігінің аймақтық бөлімшелерінен 98 қызметкер бізге ауысты, оған қоса біз 197 қызметкерімізді оқытудан өткіздік» делінген хабарламада.

Жаңа енген өзгерістерге сәйкес заңды тұлғаларды, атап айтқанда акционерлік қоғамдарды, мемлекеттік кәсіпорындарды, барлық коммерциялық ұйымдарды мемлекеттік қайта тіркеу, тарату, филиалдар мен өкілдіктерді есептік (қайта тіркеу) тіркеу қызметтері, құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі туралы құқықтық сараптаманы мемлекеттік корпорация қызметкерлері жүргізеді.

Сонымен қатар, мемлекеттік корпорацияның мамандандырылған ХҚО-лар  қызметіне өзгерістер енді. 1 шілдеден бастап ондағы ІІМ қызметкерлерін Азаматтарға арналған үкіметтің мамандары алмастырады. Көлікті тіркеуге қою/алу, жүргізуші куәлігіне өтініштерді  корпорация мамандары қабылдайды, онда жүргізілетін емтихандарды да автоЦОН қызметкерлері өткізеді. Өз кезегінде, барлық қабылданған өтініштер ІІМ-нің арнайы құрылған бэк-офистеріне өңдеу үшін онлайн түрде жіберіліп отырады. Бұл осы саладағы жемқорлық әрекетін тиып, мемлекеттік қызметтердің сапалы әрі жылдам көрсетілуіне әсер етуі тиіс.

«Бұл ауқымды өзгерістер мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуіне оң ықпал етуі тиіс. Корпорациямыздың құзырына өткен міндеттердің өсуі – бізге деген сенімнің артқаны деп білемін», – деп атап өтті өз парақшасында Әсемгүл Балташева.

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік  корпорациясы  КЕАҚ баспасөз қызметі

09.07.2019