АУДАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ОРДАБАСЫ ТАУЫНДА ТАҒЫ БІР ИГІ БАСТАМА

Бар қазақты бауырына екі жиған қасиетті Ордабасы тауы бүгін тағы бір игілікті бастаманың куәсі болды.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” стратегиялық мақаласында латын әліпбиіне өтудің еліміз үшін маңыздылығы атап өтілген-ді. Осыған орай бүгін Оңтүстік өңіріне белгілі қаламгерлер Серік Жанəбіл, Мұхтар Мұхамбетжан, Бақтияр Тайжан, Ерсултан Əмірбек, Әсет Әссанди, Ғалымжан Зиябек бастаған азаматтар Ордабасы тауында бас қосып, бұл бастамаға қолдау білдірді.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Үсенбаев, “Алтын алқа” баспасының директоры Әсет Әссанди, жазушы Серік Жанәбіл, “Егемен Қазақстан” газетінің меншікті тілшісі Бахтияр Тайжан сөз алып, латын әліпбиіне өтудің тәуелсіз мемлекет үшін маңызын атап өтті. Аудан қонақтары Тутөбе басына көтеріліп, қасиетті Ордабасы биігіндегі бұл бастаманың да баянды болуына тілектестігін білдірді. Сонымен қатар, ортақ бәтуаға келіп, үндеу қабылдады.
Қаламгерлермен сондай-ақ, Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыпжанов кездесіп, бірқатар мәселелерге қатысты ой бөлісті. Басқосу риясыз қалыпта, еркін пікір алмасу ретінде өрбіді. Рашид Қайыпжанұлы:
– Киелі өңірге жасаған қадамдарыңыз құтты боларына сенімдімін. Біз мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамаларына қолдау білдіріп, ел болып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын болсақ, алар асуымыз алда. Сіздерге Ордабасы өңіріне ат басын бұрып, игі шараны осы жерден бастағандарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін, – деп, басқосуды қортындылады.

06.10.2017

ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ 3 МЛРД.-ТАН АСТЫ

АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 7 АЙЫНДА ауданға тартылған инвестиция көлемі 3 млрд. 753 млн. теңгеге жетіп, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 147,5 пайызды құрады.
Ауданда 57 жобаға бюджеттен қаржы бөлініп, жұмыс жүргізілуде.
АУЫЗ СУ: Бүгінгі таңға 57 елді мекеннің 39-ы тәулігіне 24 сағат құбырлы ауыз сумен қамтылған, 18 елді мекен тұрғындары құдық суын пайдаланады немесе халықтың 89,7 пайызы құбырлы ауыз сумен қамтылған. Аудан бюджеті есебінен 1 елді мекеннің ауыз су жүйесі жөндеуден өтіп, 3 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жобалық сметалық құжаттамалары дайындалып, қазіргі таңда сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде.
Облыстық бюджет есебінен Спатаев ауылына ауыз су құбыры құрылысы жүргізілуде.
Газдандыру: “Бейнеу-Шымкент” магистралды газ құбырынан Темірлан елді мекені арқылы Арыс қаласына дейін тартылатын газ құбырын салу құрылысы» жобасын осы жылы аяқтау жоспарлануда. Қосымша 33 елді мекенге сәулет жоспарлау тапсырмасын әзірлеуге қажетті сәйкестендіру құжаттарын алу үшін жұмыстар жүргізілуде.
Электр энергиясы: 2017 жылы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС–нің инвестициялық бағдарламасы аясында қосалқы станциясынан шығатын ұзындығы 38,101 шақырым электр желілерінің сымдары, 894 дана ағаш бағаналары жыл соңына дейін ауыстырылады.
Жол жөндеу: 2017 жылға жалпы ұзындығы 37,9 шақырым ішкі көшелерге орташа және 30,1 шақырым ішкі көшелерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу үшін қаржы қаралды. «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында ауыл округтердің ішкі көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

04.10.2017

ТАЛАП – ОРЫНДАЛУЫМЕН ҚҰНДЫ

Бүгін аудан әкімі аппаратының кезекті актив мәжілісі Шұбарсу ауыл округінде өтті.
Күн тәртібіне сәйкес, алғашқы сөзді аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Үсенбаев алып, Шұбарсу ауылындағы өзекті мәселелерге тоқталды. Ауыл округі әкімі Амангелді Әбдрахимов Шұбарсу ауылының әлеуметтік-экономикалық даму барысы жөнінде баяндама жасады.
Жыл басынан бері «Мал шаруашылығын дамытудағы 2016-2020 жылдарға арналған іс-шаралар бағдарламасына» сәйкес, мал бордақылайтын 33 алаңша ашылғанын, оның 23-і кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен жүзеге асқанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, ет бағытында – 1 кооператив, сүт бағытында 2 кооператив құрылғанын атап өтті. Ауыл округінде 6 мектеп, 6 жеке меншік балабақша бар. 65 дүкен, 5 дәріхана, 1 наубайхана, 6 қыш цехы, 1 диірмен, 1 тойхана ел игілігіне қызмет етуде.
Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Мейрамбек Ақмұратовтың мәлімдеуінше, түгендеу жұмыстарын жүргізу барысында 11 үйдің құжаты дұрыс емес екені, 259 жер учаскесі игерілмегені анықталған. Ал, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Фатима Ташимова ауыл әкімшілігі тарапынан .«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қаржыландыруға ешқандай жоба ұсынылмағанын мәлімдеді. Аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін қоса атқарушы Ғалымжан Оспанқұл жеке меншіктегі су мен электр жүйелерін аудан теңгеріміне алу бойынша атқарылған жұмыстар жайын әңгімеледі.
Аудан әкімі Рашид Үсіпханұлы аудандық экономика және қаржы бөліміне аудандағы барлық ауыл округінің әлеуметтік-экономикалық даму картасын әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар, ұсыныс әзірлеу барысында әлеуметтік нысандар орналасқан көшелердің жөнделуі, аяқжол салынуы, жарықтандырылуы басты назарға алыну қажеттігін ескертті.
– Басты міндетіміз – тұрғындарға жағдай жасау, олардың қажеттіліктерін ескере отырып, ертеңге жоспар түзу. Көшпелі мәжіліс өткізудегі мақсат та – осы. Біз бір-бірімізге кедергі жасамай, қайта қолдау білдіруіміз қажет. Ауылды дамыту үшін айтылған тапсырмалар сөз жүзінде қалмай, іске асырылуы маңызды. Талап – орындалуымен құнды. Сондықтан, талапқа сай жұмыс істеңіздер, – дей келе, аудан әкімі актив мәжілісін қорытындылады.

04.10.2017

БИЫЛ 4318 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ

2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында шағын және орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнім (жұмыс, қызмет) көлемі 27 млрд. 095 млн. 400 мың теңгеге жетіп, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,8 пайызға артты, одан түскен салық көлемі 406 млн. 431 мың теңгені құрады.
Жергілікті деңгейдегі кәсіпкерлермен шағын несие ұйымдары арқылы 4 318 жобаға 2 млрд. 135 млн. 700 мың теңге несие қаржы игерілді. Оның ішінде «Оңтүстік» АИО арқылы – 1 жобаға 10 млн. теңге, «Ырыс» МҚҰ» арқылы 162 жобаға 314 млн теңге игерілді. «КазМикроФинанс(КМФ)» Төрткөл филиалы арқылы 1 045 жобаға 353 млн. 200 мың теңге, Темірлан филиалы арқылы 2 458 жобаға 914 млн. 500 мың теңге, «Арнур кредит» несие ұйымы арқылы 272 жобаға 143 млн. теңге несие үлестірілді. «Рамазан Агро» ЖШС 350 жобаны 300 млн. теңгеге қаржыландырды.

02.10.2017

АУЫЛЫҢДА ҚАРТЫҢ БОЛСА, ЖАЗЫП ҚОЙҒАН ХАТПЕН ТЕҢ

Қазақ қоғамында ақсақалдар – елдік пен өнегелі өмір тәжірибесінің қайнар көзі. Қарттар қашанда елді береке-бірлікке, ырыс-ынтымаққа жұмылдыра білген. Халықтың “Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең”, “Қариясы бар елдің – қазынасы бар” деген сөздерінің мәнісі – ақылдың кені, қазыналы қарттарды құрметтеу, ақсақалдар қауымын ардақтау болып табылады.
1 қазан – Қарттар күніне орай, аудан әкімі Рашид Қайыпжанов Шымкенттегі №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барып, жалғыздықтың тауқыметін көтерген қарияларды мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, қарттар үйі ұжымына шынайы алғысын жеткізіп, сый-сияпат жасады.
– Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл саладағы саясатын басшылыққа ала отырып, ардагерлерімізді ардақтап, құрметтеуге әрқашанда дайынбыз. Сіздерді әлеуметтік жағынан қолдаудың тиімді тәсілдерін бұдан кейін де жүзеге асыра береміз, – деді аудан басшысы өз құттықтауында.

02.10.2017

МӘСЕЛЕЛЕР ЗЕРДЕЛЕНІП, ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

Бүгін Ордабасы ауданы әкімдігінің кеңейтілген кезекті мәжілісі өтті. Жиналысты аудан әкімі Рашид Қайыпжанов ашып, жүргізді.
Күн тәртібіне сәйкес, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Құрманәлі Жылқыбай – бөлімнің атқарған жұмыстары туралы, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Мейрамбек Ақмұратов – аудандық жер учаскесіне құқық беру комиссиясының атқарған жұмыстары туралы, аудан әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы Берік Алтынбеков – сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы баяндама жасады.
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін қоса атқарушы Ғалымжан Оспанқұл –
«Темірлан аббатандыру» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы, «Темірлан серсив» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Болат Әлішев – Қажымұқан ауыл округі, Темірлан елді мекенінде орналасқан 14 екі пәтерлі коммуналдық- тұрғын үйлердің құрылысын және олардың инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің құрылысын теңгерімнен теңгерімге беру туралы, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Лесбек Ақберді – Ордабасы аудандық әкімдігінің 30.09.2016 жылғы «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою комиссиясын құру туралы» №344 қаулысына өзгерістер енгізу туралы, аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Батыр Дүйсембаев – аудандық коммуналдық меншіктегі ағын су каналдарын теңгерімнен теңгерімге беру туралы; ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші тұлғаларға жер бөлу туралы ұсыныстарын әкімдік мүшелерінің қарауына ұсынды.

02.10.2017

МЕРЕКЕ МЕРЕКЕГЕ ҰЛАСТЫ

Бүгін Ордабасы ауданында Қазақстан Республикасы халқы Тілдерінің мерекесі мен Еңбек күніне орай салтанатты жиын өтті. 
Ордабасылықтарды мерекемен құттықтаған аудан әкімі Рашид Қайыпжанов:
– Байтақ мекенде баршамызды біріктіре түсетін ортақ құндылықтар бар. Ол – біздің шежірелі тарихымыз және біздің байтақ мәдени мұрамыз, қазығы берік мемлекеттік тіліміз. Бүгінге дейін Қазақстан – елімізді мекендейтін этностардың тілі мен мәдениеттерін дамытуға жағдай жасап келген бірден-бір мемлекет. Бұл әлемдік тәжірибеде өте сирек кездесетін құбылыс. Ел бірлігін еселейтін бұл құндылықтар отаншылдық сезімін орнықтырады. Сонда тәуелсіздігіміз мәңгі, ұлысымыз ырысты болары сөзсіз, – деді. 
Аудандық мәслихаттың хатшысы Баймахан Сәдуақасов еліміздегі латын әліпбиіне ауысуға қатысты реформаның маңыздылығына тоқтала келе, көпшілікке ізгі тілегін жеткізді.
Сонымен қатар, “Ел бірлігі” қоғамдық бірлестігінің аудандағы өкілі, еңбек ардагері Гайдар Дәнешұлы, Түрік этно-мәдени орталығының төрағасы Тазабек Ахметов, Славян ұлттық орталығының өкілі Ксения Серинькова сөз алып, көпшілікке жүрекжарды тілектерін арнады.
Мерекелік шара аясында түрлі сала үздіктері мен тіл жанашырлары марапатталып, құрметке бөленді. Жиын концерттік бағдарламаға ұласты.

   

29.09.2017

ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ ТИІМДІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

«Электронды үкімет» веб-порталында электронды қызметтерді пайдалану және ЭЦҚ алу тәртібін түсіндіру үшін аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Е.Бөлебай мен Ордабасы ауданы әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Н.Умаров ауыл тұрғындарымен кездесіп, жиын өткізді. Түсіндіру шаралары 10 ауыл округінде де ұйымдастырылды. 
Бүгінде Қазақстанда электронды үкіметті қалыптастырудың нақты нәтижелері қызмет түрін тұтынушыларға уақыт үнемдеуге, кейбір жағдайларда жолақысына жұмсалатын қаражат үнемдеуге мүмкіндік туғызып отыр. Мемлекеттік қызметші тарапынан болатын ықтимал сыбайластық, дөрекілік, қарымта қызмет сұрау сынды келеңсіздіктердің жолын бөгеуге септігін тигізіп, қызмет көрсету үдерісін біршама жеңілдетіп отырғандығы да айдан анық. Осы күні жетілдіріліп, жаңа сапалық деңгейге көтерілген қызметтерге «Электрондық Үкімет» бағдарламасының аясында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. 
Ат арылтып, мекемелердің табалдырығын тоздыратын заман өтті. Ендігі кезекте, кез келген азамат өз үйінде интернет арқылы қажетті анықтаманы алдыруға мүмкіндігі бар. Әйтсе де, аталған қызмет түрін интернет жүйесі арқылы пайдалану үшін тұтынушы міндетті электрондық құжатқа қол жеткізуі керек. 
Электрондық үкімет» (e-Government) термині барлық мемлекеттік органдардың басын бірік­тіріп, оларға интернеттің, электронды терминалдардың немесе тіпті ұялы телефондардың көмегімен тұрғындарға қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін біртұтас жүйесі болып табылады. Бағдарламаның жеке тұлғаларға ғана емес, заңды тұлғалар мен кәсіпкерлерге де қатысы бар.Электрондық құжат дегеніміз әрбір электронды қызмет түрін тұтынушының интернет жүйесіне тіркеліп, жеке электрондық кілт алып, электрондық қолтаңбасын тіркеуі болып табылады. Электронды кілт алу үшін жеке тұлға өзінің жеке куәлігімен қызмет көрсету орталығына келіп, сұраным беруі керек.

29.09.2017

63 АДАМҒА ҚОЛАРБА ҮЛЕСТІРІЛДІ

Ордабасы ауданында жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, 
648 мүгедек азамат міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілген. Есту қабілетінен айырылған 62 азаматқа 5 ымдау тілі маманы бекітіліп, жұмыс жүргізуде. 
 Жүріп-тұруы қиын І топтағы 50 мүгедекке 41 жеке көмекші әлеуметтік қызмет көрсетіп келеді. 
Жыл басынан бері мұқтаж 63 мүгедекке қоларба алынып, таратылды. 36 адамға 56 судротехникалық құрал, 31 адамға 57 тифлотехникалық құрал үлестірілді.

29.09.2017

ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ ТИІМДІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

«Электронды үкімет» веб-порталында электронды қызметтерді пайдалану және ЭЦҚ алу тәртібін түсіндіру үшін аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Е.Бөлебай мен Ордабасы ауданы әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Н.Умаров
ауыл тұрғындарымен кездесіп, жиын өткізді. Түсіндіру шаралары 10 ауыл округінде де ұйымдастырылды.
Бүгінде Қазақстанда электронды үкіметті қалыптастырудың нақты нәтижелері қызмет түрін тұтынушыларға уақыт үнемдеуге, кейбір жағдайларда жолақысына жұмсалатын қаражат үнемдеуге мүмкіндік туғызып отыр. Мемлекеттік қызметші тарапынан болатын ықтимал сыбайластық, дөрекілік, қарымта қызмет сұрау сынды келеңсіздіктердің жолын бөгеуге септігін тигізіп, қызмет көрсету үдерісін біршама жеңілдетіп отырғандығы да айдан анық. Осы күні жетілдіріліп, жаңа сапалық деңгейге көтерілген қызметтерге «Электрондық Үкімет» бағдарламасының аясында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда.
Ат арылтып, мекемелердің табалдырығын тоздыратын заман өтті. Ендігі кезекте, кез келген азамат өз үйінде интернет арқылы қажетті анықтаманы алдыруға мүмкіндігі бар. Әйтсе де, аталған қызмет түрін интернет жүйесі арқылы пайдалану үшін тұтынушы міндетті электрондық құжатқа қол жеткізуі керек.
Электрондық үкімет» (e-Government) термині барлық мемлекеттік органдардың басын бірік­тіріп, оларға интернеттің, электронды терминалдардың немесе тіпті ұялы телефондардың көмегімен тұрғындарға қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін біртұтас жүйесі болып табылады. Бағдарламаның жеке тұлғаларға ғана емес, заңды тұлғалар мен кәсіпкерлерге де қатысы бар.Электрондық құжат дегеніміз әрбір электронды қызмет түрін тұтынушының интернет жүйесіне тіркеліп, жеке электрондық кілт алып, электрондық қолтаңбасын тіркеуі болып табылады. Электронды кілт алу үшін жеке тұлға өзінің жеке куәлігімен қызмет көрсету орталығына келіп, сұраным беруі керек.

27.09.2017