АУДАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

БЖЗҚ Ашық есік күнін өткізеді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 2019 жылдың 21 маусымында өзінің барлық филиалында кезекті Ашық есік күнін өткізеді.

Бұл жолғы шараның артықшылығы сол, бұл күні Қор мамандарымен қатар тұрғындарға әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктердің өкілдері келушілерге әр түрлі сұрақтар бойынша жауаптар мен ақыл-кеңестер береді.

Ашық есік күнін өткізудегі басты мақсат – салымшыларға зейнетақы жүйесі мен әлеуметтік сала бойынша жан-жақты ақпарат беру және ең керекті қызметтерді бір жерде көрсету.

Сіздердің сұрақтарыңызға мына құрылымдардың мамандары жауап береді:

– «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»;

– «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ;

– ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті;

– «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ;

– «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясының департаменті.

Шараға қатысушылардың барлығы бағалау сауалнамасы арқылы өздерінің пікірлері мен ескертпелерін жазып қалдыра алады.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Қор қызметтері туралы толық ақпаратты «БЖЗҚ» АҚ кеңселерінен алуға болады.

Біз сіздерді Шымкент қаласы Бәйдібек би даңғылы 45 мекенжайында орналасқан Түркістан облыстық филиалының кеңсесінде күтеміз. 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

17.06.2019

Құрметті «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің пайдаланушылары!

Резидент емес құрылымдық бөлімшелерге 2019 жылдың 20 мамыр күнінен 3 маусымға дейінгі уақыт аралығында қағаз бетінде жазылған шот-фактураларын ЭШФ АЖ-не енгізу қажеттілігін хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік Кірістер Комитеті Салық кодексінің 263 бабының 2-1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес 2019 жылдың 1 қаңтарынан 2019 жылдың 10 мамырға дейінгі уақыты аралығында құрылымдық бөлімшелер арқылы Қазақстан Республикасы төңірегінде қызмет атқарған резидент емес қосымша құн салығын төлеушілеріне «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде техникалық қателік мойындалды.

Осыған орай, көрсетілген уақыт аралығында қағаз бетінде жасалған шот-фактуралары бар салықтөлеушілер он бес күнтізбелік күн уақыт аралығында (яғни 2019 жылдың 20 мамыр күнінен 3 маусымға дейін) өз шот-фактураларын «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесіне енгізу мүмкіндігіне ие болды және де жоғарыда аталған салықтөлеушілерге ЭШФ АЖ профиліндегі жеке кабинетіне ақпараттық хабарлама жіберілді.

Келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

 

Ордабасы ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

17.06.2019

Оңайлатылған декларация негізіндегі арнулы салық режимі

Егер Сіз өз кәсібіңізді жүргізу үшін оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануды ұйғарасаңыз, онда дара кәсіпкер ретінде тіркелу кезінде осы салық режимін таңдайсыз.

Бұл үшін кәсіпкерлік қызметті бастау туралы хабарламаны толтыру қажет. Тіркелу үшін Сіздің жеке куәлігіңіз бен электронды сандық қолтаңба керек.

Салықтарды оңайлатылған декларация бойынша есептеуді салық төлеуші салық салу объектiсiне есептi салықтық кезең үшін 3 пайыз мөлшерiндегi мөлшерлемені қолдану арқылы дербес жүргiзедi.

Осыдан салық төлеуші өзіне:

жеке табыс салығын – 1,5 %;

әлеуметтік салық -1,5 %;

міндетті зейнет ақы жарнасы (әрі қарай –МЗЖ) – табысынан 10 пайыз ең төменгі жалақыдан бастап ең төмен жалақының жеті еселенген мөлшерiнен аспауға тиіс, бірақ нақты табысынан коп болмауы керек.

Әлеуметтік аударымдар – 3,5 % табысынан.

Жұмысшылар үшін жеке табыс салығы (жұмысшының табысы – МЗЖ – ең төменгі жалақы мөлшері) 0,1 пайыз немесе 10 пайыз жұмысшының табысынан шегерімдермен бірге. Жұмысшының тапқан табысы 25 АЕК төмен болса (2019 жылға 63125 тенге), онда салық сомасы 90 пайызға немесе 10 есеге азаяды.

Жұмысшының табысынан 10 пайыз міндетті зейнет ақы жарнасы.

Әлеуметтік аударымдар= (жұмысшының табысынан – МЗЖ) *3,5 пайыз жұмысшының табысынан МЗЖ шегеру арқылы, бірақ ең төменгі жалақыдан бастап ең төмен жалақының жеті еселенген мөлшерiнен аспауға тиіс.

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарын есептеу жұмысшының табысынан 1,5 пайыз және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

Оңайлатылған декларация салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей тапсырылады.

910.00-нысан «Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация» жасау қағидалары салық есептігіне сай толтырылады.

Оңайлатылған декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпоративтік) табыс салығы мен әлеуметтiк салық түрiнде есепті салықтық кезеңнен кейiнгi екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүргiзiледi.

Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану үшін салықтық кезең жартыжылдық болып табылады, сәйкесінше салық есептілігі жарты жылда бір табыс етіледі.

Бірінші жарты жылдықта 15 тамызынан кешіктірмей, ал екінші жарты жылдықта келесі жылдың 15-ақпанынан кешіктірмей табыс ету қажет.

Салық кезеңіне оңайлатылған декларация негізінде – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 24 038 еселенген мөлшерінен, яғни 60 695 950 тенгеден аспауы қажет.

Жұмысшылар саны 30 адам.

Оңайлатылған декларация негiзiнде арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер келесідей:

акцизделетін тауарлар өндiруді;

акцизделетін тауарларды сақтауды және көтерме саудада өткiзуді;

мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін – бензинді, дизель отынын және мазутты өткiзуді;

лотереялар өткізуді;

жер қойнауын пайдалануды;

шыны ыдыстарды жинауды және қабылдауды;

түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткiзуді;

консультациялық қызметтер көрсетуді;

бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы қызметті;

сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржы, сақтандыру қызметін және делдалдық қызметін;

құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызметті;

қаржы лизингі шеңберіндегі қызметті жүзеге асырмайтын салық төлеушілер қолдануға құқылы.

 

Ордабасы ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

17.06.2019

Берешектің болуы мен Ресей Федерациясына кіруге тыйым салу туралы шешім

Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мәлімет ретінде Ресей Федерациясының Федералдық Кеден қызметінің (ФКҚ) 2019 жылдағы 07 мамырдағы № 01-16/0650 хатын, «Ресей федерациясынан кету және Ресейге бару тәртібі туралы» Заңына сай Федералдық Кеден қызметі шетел азаматтарына немесе азаматтығы жоқ тұлғаларға салықты төлеуден жалтару осы тұлғаларға қатысты Ресей Федерациясына өзінің келу кезеңінде Ресей Федерациясына кіруге тыйым салу туралы шешім қабылдауға негіз болып табылады.

Заңнамада белгіленген ережелер, сонымен қатар шетел азаматтарына немесе азаматтығы жоқ тұлғаларға кедендік баж және салықтарды төлеу бойынша міндетін мерзімінде атқармағаны үшін қолданылады, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ кеден аумағына уақытша әкелу шарттарын бұзуға байланысты жеке басына пайдалану үшін, көлік құралдарын әкелу.

Сонымен қатар, онлайн режимде кедендік төлемдер бойынша қарыздарының бар – жоғын тексеруге мүмкіндік беретін және Ресей Федерациясына кіруге тыйым салу туралы қабылданған шешімді көру үшін ақпараттық қызмет жүзеге асырылғанын хабарлайды.

Жүйеге келесідей мәліметтерді: аты-жөні, тегі (бар болса), нәсілі, азаматтығы, туылған күні енгізілсе жеткілікті.

Берілген жүйеге мына электрондық мекен-жай арқылы кіруге болады: http://edata.customs.ru/FtsPersonalCabinetWeb/Service....

 

Ордабасы ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

17.06.2019

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына!!!

Қазіргі уақытта Өзбекстан Республикасының сыртқы саудасын жақын және алыс шетелдермен дамытуға байланысты Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауарлар ағынын айтарлықтай артуы байқалады. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы жүк тасқыны 3 есеге өсті.

Сыртқы шекарада өткізу бекеттерін модернизациялау шеңберінде сыртқы шекара бекеті Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Б.Қонысбаев атындағы» өткізу бекеті қалпына келтірілуде, ол автокөлік құралдарының негізгі шекаралық бекеті болып табылады.

Автокөлік құралдарының өсу себептерінің бірі – Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына ағашты қайта орналастыру автокөлік транспортынан теміржол транспортына және кері өту кезегінде теміржол транспортынан автокөлік транспортына ауыстыру.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жүк автокөлік құралдарын жинақталуын және көлік өткелдеріндегі кезектер кернеуін төмендету үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен теміржол транспортынан автокөлік транспортына ағаш материалдарын қайта тиеу іс-әрекетіне тыйым салынғандығы туралы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына жеткіземіз.

 

Ордабасы ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

17.06.2019

Мөр міндетті емес

Кәсіпкерлік кодексінің 10-бабы 3-1-тармақшасында, жеке кәсіпкерлік субъектілері өз атауы бар мөрді иелене алады делінген.

Яғни, заңмен жеке кәсіпкерлік субъектісінің өз қызметін жүзеге асыру кезінде мөрдің болуына құқығы бар, бірақ міндетті емес.

Осылайша, мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен жеке кәсіпкерлікке жататын субъектілерден құжаттарында мөрдің болуын талап етуге тыйым салынған, уәкілетті тұлғаның қолы болуы жеткілікті.

 

Ордабасы ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

17.06.2019

«Қосылған құн салығы бақылау шотын пайдалану кезіндегі қосылған құн салығын қайтару»

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 433 бабына сәйкес, бақылау шоты – қосылған құн салығын төлеуші Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкте ашқан және қосылған құн салығы бойынша есеп айырысулардың қозғалысын есепке алу үшін, оның ішінде:

– импортқа және бейрезидент үшін қосылған құн салығын қоса алғанда, бюджетке қосылған құн салығын төлеу;

– тауарларды берушілерге қосылған құн салығын төлеу;

– тауарларды сатып алушылардың (алушылардың) қосылған құн салығын төлеу;

– қосылған құн салығын төлеушінің өзге банктік шотынан ақшаны есепке жатқызу үшін пайдаланатын банктік шот болып табылады.

Бұл ретте қосылған құн салығын төлеушінің құрылымдық бөлімшесі бақылау шотын ашуға және пайдалануға құқылы.

Қосылған құн салығының сомасы бойынша есеп айырысу қосылған құн салығын төлеушілер арасында бақылау шоттарын пайдалану арқылы жүргізіледі.

Бұл ретте бақылау шотын пайдалану құқығына электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне қатысушылар болып табылатын қосылған құн салығын төлеушілер ие болады.

Егер тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса, қосылған құн салығының сомасы бойынша есеп айырысу оның банктік шотынан тауарды берушінің бақылау шоты болып табылмайтын өзге банктік шотына жүргізіледі. Бұл ретте бақылау шотын пайдаланатын тауарды беруші қосылған құн салығының мұндай сомасын өзінің бақылау шотына есепке жатқызуға құқылы.

Салық төлеушілердің ҚҚС бақылау шотын пайдалану 2019 жылы ерікті негізде ғана орындалады.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 433 бабына сәйкес қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтаруға:

1) сатып алынған (алынған) тауарларды (лизинг нысаналарын) басқа тауарларды өндіруде пайдаланатын салық төлеушілер құқылы. Сатып алынған (алынған) тауарлардың (лизинг нысандарының) тізбесін уәкілетті органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді.

Осы тармақшада көрсетілген сатып алынған (алынған) тауарлар (лизинг нысаналары) сатып алынған (алынған) күннен бастап екі жыл ішінде одан әрі өткізілуге жатпайды;

2) тауарларды экспортқа өткізетін;

3) халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпанияларға әуе кемелеріне құю үшін жанар-жағар май материалдарын өткізетін;

4) салық төлеуші өзі өндірген немесе қайта өңдеу мақсатында меншігіне сатып алған шикізаттан өндірілген тазартылған алтынды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізетін;

5) арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толық тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақ аумағына өткізетін салық төлеушілер құқылы.

ҚҚС бақылау шоты арқылы ҚҚС-н қайтарудың артықшылықтары:

– ҚҚС қайтару мерзімінің азаюы, атап айтқанда, ҚҚС-ның асып кету сомасын қайтару бақылау шотын пайдаланатын ҚҚС төлеушіге он бес жұмыс күні ішінде тексеріссіз жүргізіледі;

– жалған шот – фактураларды қолданумен болатын алаяқтық схемалардың азаюы;

– Қазақстан Республикасының аумағында сатып алынған тауарлар бойынша дебеттік ҚҚС қайтару арқылы отандық өндірушілерді қолдау;

– «Doing Business» рейтінгінің артуы.

 

Ордабасы ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

17.06.2019

«Сыныптамалық шешімдерді беру» модулі

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және оңтайландыру және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйесін түрлендіру мақсатында, 2019 жылдың 28 мамырынан бастап «Астана – 1» АЖ-де «Сыныптамалық шешімдерді беру» модулі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.

Аталған қызмет электронды түрде қол жетімді болды.

 

Ордабасы ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

17.06.2019

Мемлекеттік қызметшіге ЖАДЫНАМА СЫЙЛЫҚТАРҒА ҚАТЫСТЫ

Мемлекеттік қызметші өзінің қызметтегі бағыныстыларынан немесе оның қызметтік өкілеттіктері қолданылатын өзге де адамдардан, сыйға тарту себептеріне қарамастан (мереке күндері, туған күндері, қызметі бойынша жоғарылауы, жұмысқа орналасуы және т.б.), сондай-ақ сыйлықтың түріне, санына, құнына және өзге де сипаттамаларына қарамастан (кәмпиттер, торттар, кәдесыйлар және т.б.) сыйлық қабылдауға құқылы емес.

Сонымен қатар, ресми тұлғаларға мүліктік пайда, игіліктер мен артықшылықтар алу үшін сыйлықтар беруге және қызметтен тыс қызмет көрсетуге тыйым салынады.

ҚР Үкіметтің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сай, сыйлық алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде арнайы мемлекеттiк қорға:

1) мемлекеттік қызметші білмей келіп түскен;

2) жария түрде немесе ресми іс-шаралар кезінде берілген сыйлықтар тапсырылуы тиіс.

Жеті күндік мерзімді бұзу (шотқа білмей келіп түскен ақша бойынша – екі апталық мерзім), сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға байланысты сыйлықтар қабылдау – қылмыстық не әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз болуы мүмкін.

Бұл ретте, сыйлықты алғаш рет алу (құны 2 АЕК-тен кем немесе 5050 тг.) сыйлықты алу туралы бұрын жасалған заңды әрекеттер үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде, онша маңызды болмауына байланысты қылмыс болып табылмайды. Алайда, бұл әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады (ҚР ӘҚБтК – нің 677-бабы «Заңсыз материалдық сыйақы алу», айыппұл – 600 АЕК немесе 1515000 тг.), сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін (теріс себептер бойынша жұмыстан босату) тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Уәкілетті органға мүлікті толық емес және (немесе) уақтылы бермегені үшін ӘҚБтК – нің 472-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза белгілері болмаса, әкімшілік және құқықтық жауапкершілік көзделген.

 

Ордабасы ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

17.06.2019

Кәсіпкерлік қызметін тоқтата тұрған дара кәсіпкерлердің назарына

Салық органдарының жұмыс барысында салық төлеуші өтініш негізінде өз кәсіпкерлік қызметін белгілі бір кезеңге тоқтата тұрады да, соңында тоқтатылған мерзімнің аяқталу кезеңі және өзінің кәсіпкерлік қызметімен байланысты салық міндеттемелері, соның ішінде салықтық есептілікті ұсыну міндеттемелері туралы ұмытып кететін жағдайлар жиі кезедеседі.

Соның салдарынан дара кәсіпкердің банктік шоттары бойынша шығыс операциялары салық органдары хабарламаларының орындалмауы себебіне байланысты тоқтатылады.

Соған байланысты салық органдары салық төлеушi (салық агенті) Салық кодексінде белгіленген мерзiмде салықтық есептiлiкті ұсынбаған жағдайда дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның банктік шоттары (корреспонденттікті қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқылы екендігін назарларыңызға жеткіземіз (Салық кодексінің 118-бабы 1-тармағының 1-тармақшасы) .

Жоғарыда мазмұндалғандардан егер дара кәсіпкер кәсіпкерлік қызметін тоқтата тұрған кезеңі аяқталғаннан кейін салық заңнамасымен белгіленген мерзім ішінде салықтық есептілікті ұсынбаса, салық органы салық төлеушіге салықтық есептілікті ұсынбағаны жайлы хабарлама жолдайды (Салық кодексінің 114-бабы 2-тармағының 5-тармақшасы).

Сонымен бірге егер дара кәсіпкер электрондық салық төлеуші болып саналса аталған хабарлама электронды түрде жолданады, ал егер дара кәсіпкер электрондық салық төлеуші болып табылмаса, онда хабарлама жеке кәсіпкер орналасқан жері бойынша жолданатындығын ескерете кету қажет (Салық кодексінің 115 бабы).

Дара кәсіпкер салықтық есептіліктің ұсынылмауы туралы хабарламаны хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындауы тиіс (Салық кодексінің 115-бабы 5-тармақшасы).

Егер салық төлеушімен аталған хабарлама жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде салықтық есептілікті ұсыну арқылы орындалмаса салық органы салық төлеушінің шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiм шығарады. Ол екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым оны алған күннен бастап күшiне енедi (Салық кодексінің 118-бабының 3-тармағы).

Содан кейін, шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiм шығарған салық органы банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себептерi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмнiң күшiн жояды, яғни салықтық есептілік ұсынылғаннан кейін.

 

Ордабасы ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

17.06.2019