АУДАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ КҮНІНЕ ТАРТУ

Бүгін Ордабасы ауданында 20 тамыз — “Спорт күні” кәсіби мерекесіне орай Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда жабық қаңқалы кіші футбол алаңшасы ашылды. Салтанатты жиында аудан басшысы Р.Қайыпжанов салауатты өмір салтын ұстануда осы тектес нысандардың көптеп ашылуына жағдай жасау қажеттігін ерекше атап өтті. Бүгінгі таңда Ордабасы өңірінде балалар мен жасөспірімдерге арналған 2 спорт мектебі бар.
Онда спорттың 10 түрінен жаттығу шаралары жүзеге асырылады. 58 жаттықтырушы 105 спорттық топтарда 2 мыңға жуық оқушыны спорттың қыр сырына баулуда. 303 спортшыны деңгейлік санат иеленген. Сонымен қатар, 1 жасөспірімнің спорт шеберлігін қорғап, абыройы асты.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Әбдіқайымұлы, “Қазақ барысы” республикалық күрес додасының жүлдегері Ж.Ерсұлтанов көпшілікке ізгі ниет, жүрекжарды тілегін арнап, ауданымыздың беделін арттыратын спортшылардың көбейетініне сенім білдірді.
Салтанатты жиын аясында ардагерлер арасында дойбы, арқан тартыс, кір тасын көтеру сайыстары ұйымдастырылды. Ал, ауыл округтерінен келген құрама топтар футбол алаңында өзара тартысқа түсіп, теңбіл доп мықтысын анықтады.

17.08.2017

10 ЖЕТКІНШЕККЕ ГРАНТ ТАПСЫРЫЛДЫ

Бүгін “Болашақ” колледжінің директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, облыстық мәслихаттың депутаты С.Қуашбай  Ордабасы ауданына ат басын бұрып, әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыдан шыққан 10 балаға оқу орнының грантын тапсырды. Білім беру мекемесінің басшысы жастарға барлық жағдайдың жасалатынын, шәкіртақымен қоса, жылына екі рет жолақыға қаражат берілетінін атап өтті. Ендігі кезекте жеткіншектерден тек білім алып, үмітті ақтау күтілетінін де тілге тиек етті.
Аудан әкімі Р.Қайыпжанов бұл игілікті шараның ұйымдастырушыларына алғысын айтып, түлектерге сәттілік тіледі. Оқушылар өз кезегінде сенім үдесінен шығуға уәде беріп, ел игілігіне еңбек ететін білікті маман болып оралатындарын жеткізді.

10.08.2017

Қазақстандықтарда дербес менеджер көрсететін қызметтерді пайдалану мүмкіндігі туды

Азаматтарға арналған үкіметте тағы да кезекті пилоттық жоба – «Сіздің дербес менеджеріңіз» іске қосылды. Дербес менеджер қызметін пайдаланған адамтүрлі анықтамаларды жинап әуре болмайды, ол жұмысты мемлекеттік корпорацияның қызметкері атқарады. Дербес менеджер мемлекеттік қызметті жеке көрсетеді, қажетті анықтамаларды жинайды, қажет болған жағдайда, банкке де барады, құжаттың телнұсқасын жарамсыз деп тану туралы газетке хабарландыру береді және т.б.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтыңайтуынша, қазіргі уақытта көптеген қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар тізбесібарынша азайтылған. «Алайда, ХҚКО-дан басқа да мекемелерге баруға тура келетін «күрделі» қызметтер бар. Мысалы, автосалоннан несиеге немесе бөліп төлеуге көлік сатып алған кезде, біздің дербес менеджерімізөздігінен жылжымалы мүлік кепілін тіркейді, көлікті есепке қояды және қажет болса, барлық дайын құжаттарды үйге жеткізіп береді», – деп түсіндірді Оспанов.

Жаңа сервис мемлекеттік корпорацияның облыстық маңызы бар қалалардағы37 фронт-офистерінде, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында іске қосылды, ол ХҚКО-ға баруға және құжаттар жинауға уақыты жоқ жандарға арналып отыр. Жоба банктен несие алушылар, көлік сатып алушылар мен бизнес өкілдері арасында сұранысқа ие болады деп күтілуде.

Оспановтың айтуынша, дербес менеджер қарапайым анықтамалар бойынша кеңестер алу үшін ғана емес, басқа да өте сұранысқа ие «күрделі» мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде жылжымайтын мүлік объектісін және кепіл шартын тіркеу, жер учаскесіне жекеменшік құқығына актілерді ресімдеу және алу,жеке және заңды тұлғалар үшін нотариалды куәландырусыз жылжымайтын мүлікке сату-сатып алу/алмастыру/сыйға тарту шартынтар жасай отырып, тіркеу қызметтері үшін қолжетімді болып табылады. Келешекте бұл тізім ұлғаятын болады. Азаматтың атына құжаттарды жинауды корпорация қызметкері нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде жүзеге асыратын болады.

Кеңестер беруді дербес менеджер телефон, «Telegram» және «Whatsapp» вэб-мессенджері арқылы дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүргізеді, ал дайын құжаттар қызмет алушының электрондық поштасына жіберіледі немесе өз қолына жеткізіледі. Дербес менеджер қажет болған жағдайда, тапсырыс берушінің үйіне барады.

Дербес менеджердің қызметі жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі.Мұндай қызметтің құны мемлекеттік көрсетілетін қызметтің күрделілігіне және елді мекеннің орналасқан жеріне байланысты болады. Дербес менеджер көрсететін қызметтерді пайдалануға болатын ХҚКО-лардың толық тізімін www.gov4c.kz сайтынан алуға болады.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

 коммерциялық емес акционерлік

 қоғамының баспасөз қызметі

07.08.2017

«Азаматтарға арналған үкімет» міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі аударымдар мен жарналарды қабылдау үшін ағымдағы есеп шоты ашылғанын ескертеді. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап МӘМС Қазақстанда жұмысын бастайды.

Әрбір жұмыс беруші өзі үшін және өзінің қызметкерлері үшін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруқорына аударымдар мен жарналарды аударатын болады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеке сәйкестендіру нөмірлері  негізінде аударымдар мен жарналарды есептеу және оларды Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру қорына аударатын операторы болып белгіленді.

Ұйымдар, кәсіпорындар және басқа да төлеушілер ашылған  ағымдағы шотқа аударымдар мен жарналарды келесі деректемелер бойынша тұрақты түрде аудару тиіс:

Бенефициар:  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

Бенефициар банкі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

БСК: GCVPKZ2A

ЖСК: KZ92009MEDS368609103

БСН: 160440007161

Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды аудару  кезінде төлемдерді тағайындаудың келесі кодтарын (ТТК) пайдалану қарастырылған:

121- Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыруға аударымдар;

122-Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыруға жарналар;

123 – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдың

уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы;

124- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың

уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы.

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамыныңбаспасөз қызметі

 

25.07.2017

1 шілдеден бастап қазақстандықтардың зейнетақысы өседі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы зейнетақыны қайта есептеді. 1 шілдеден бастап 2,1 миллионнан астам зейнеткер ұлғайтылған зейнетақы алады. Қазақстандықтардың ынтымақты зейнетақы төлемдері жыл басында 9%-ға арттырылғанын ескере отырып, 11%-ға көбейетін болады. Базалық зейнетақы жыл басында 7%- ға арттырылғанын ескере отырып, 13%- ға  өседі.  Бұл тапсырысты Мемлекет басшысы 2017 жылғы қаңтар айында Қазақстан халқына Жолдауында берді.

Жолдауға сәйкес 2017-2018 жылдары зейнетақы мөлшері кезең-кезеңмен өседі.    2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы мөлшері       20% – ға дейін көтеріледі. Мәселен, ең төменгі зейнетақы мөлшері (базалық зейнетақыны ескере отырып) 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 40 950 теңге болса, 2017 жылдың          1 шілдесінен бастап 45 711 теңгеге дейін көтеріледі. Салыстырма түрде 2016 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 37789 теңгені құрады. Базалық зейнетақы төлемдері биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап 14 466 теңгені құрайды, ал  зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны ескере отырып) 66 676 теңгеге дейін артады.

Зейнетақы төлемдері барлық есепте тұрған зейнеткерлерге қайта есептеледі. Бұл ретте, қосымша құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

Сондай-ақ, ана мен баланы қолдау бойынша мемлекеттік саясат шеңберінде               1 шілдеден бастап бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы мөлшері  20%-ға ұлғаяды. Бірінші, екінші және үшінші балаға жәрдемақы сомасы 38 АЕК немесе                86 222 теңгені, төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 142 947 теңгені құрайды.

Сондай-ақ, жұмыс берушілерге Қазақстанда 1 шілдеден бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылатыны туралы ескертеміз. Азаматтарға арналған үкімет МӘМС шеңберінде аударым және жарналарды қабылдауға ағымдағы шот ашылған. Аудару үшін деректемелер:

Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

Бенефициар банкі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

БСК: GCVPKZ2A

ЖСК: KZ92009MEDS368609103

БСН: 160440007161

Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды аудару кезінде төлемдерді тағайындаудың келесі кодтарын (ТТК) пайдалану қарастырылған:

121- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;

122-Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар;

123 – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдың

уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы;

124– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың

уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы.

 

    «Азаматтарға арналған үкімет»

    мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық

    емес акционерлік қоғамының

    Баспасөз қызметі

 

 

25.07.2017

Қазақстан бойынша 46 ХҚКО-да туу туралы куәлікті 3 сағат ішінде алуға болады

Азаматтық хал актілерін тіркеу, баланың туылуын тіркеу, қайтыс болуды тіркеу, неке бұзуды тіркеу (ерлі-зайыптылықты) секілді қызметтерді енді 3 сағат ішінде алуға болады.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бірлескен пилоттық жобасы айдың басынан басталғанын естеріңізге саламыз. Бұл ретте, азаматтық хал актілерін тіркеуді тек Астананың тұрғындары ғана            № 1 Есіл аудандық бөлімнен ала алатын. Енді пилоттық жобаны Е-ХҚКО қағидаты бойынша 10 облыс және Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары пайдалана алады.Жеделдетілген режимде АХАТ бағыты бойынша қызметтерді ресімдеуге болатын ХҚКО-ның толық тізімін https://gov4c.kz/kk/2017/07/20/aza-stan-bojynsha-46-h-ko-da-tuu-turaly-ku-likti-3-sa-at-ishinde-alu-a-bolady/ алуға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, жобаның мәні-«Е-ХҚКО» бірыңғай қызметкөрсету орталығы қағидаты бойынша қызмет берушіден қызмет алушыға құжаттарды жедел жеткізу.

«Азаматтардың жеделдетілген режимде АХАТ қызметтерін алуы үшін, Астана қаласы бойынша біз Астана қ. № 1 ХҚКО бөлімінде АХАТ қызметкерлері үшін жұмыс орындарын, ал өңірлерде – «Е-ХҚКО» қағидаты бойынша АХАТ қызметкерлерінің ХҚКО бөлімдерімен бір ғимаратта орналасуын ұйымдастырдық. Енді олар логистикаға уақыт жоғалтпай, азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер енгізу функцияларын сол жерде орындайтын болады»,-дейді Оспанов.

Ол пилотты іске қосқан сәттен бастап жеделдетілген режимде 462 мемлекеттік қызмет берілгенін де айтып өтті, оныңішінде 428 – туу туралы куәлік, 17 – қайтыс болуды тіркеу, 17 – соттың шешімі негізінде некені бұзу.

Бұрын АХАТ бағыты бойынша бұл қызметтер мемлекеттік қызметстандартына сәйкес,қайтыс болуды тіркеу – бір жұмыс күні ішінде,бала тууды тіркеу және 2008 жылдан кейін тіркелген, заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде некені бұзуды тіркеу – 2 жұмыс күнінде жүзеге асырылған.

Сағат17.00-ден кейін берілген өтініштер бойынша көрсетілген қызметтердің нәтижесі келесі күні сағ. 12.00-ге дейін берілетінінайта кеткен жөн.

Жақын уақытта Е-ХҚКО қағидаты бойынша қызметтерді алуға болатын фронт-офистердің толық тізімі:

Алматы қ.

  1. Бостандық аудандық № 1 бөлімі –Алмагүл ш/а, Ходжанов к-сі, 9А

2.Жетісу аудандық № 1 бөлімі, Құлагер ш/а, Серіков к-сі, 6А

Ақмола облысы

3.Сандықтау аудандық бөлімі-Балкашино а., Абылайхан к-сі,119 А.

  1. Зеренді аудандық бөлімі-Зеренді а., Бейбітшілік к-сі, 52

Алматы облысы

  1. Ақсу аудандық бөлімі-Жансүгіров к., Қабанбай батыр к-сі, 20.
  2. Алакөл аудандық бөлімі- Үшарал қ., 8 наурыз к-сі, 63.
  3. Балқаш аудандық бөлімі –Бақанас а., Бижанов к-сі, 25А.
  4. Қапшағай қалалық бөлімі –Қапшағай қ.. 1 ш/а., 41
  5. Еңбекші аудандық бөлімі- Есік қ., Абай к-сі, 314 А
  6. Есіл аудандық бөлімі- Қарабұлақ к., Шестаков к-сі, 17
  7. Іле аудандық бөлімі- Өтеген Батыр к., Қуат ш/а., Тәуелсіздікке 10 жыл к-сі, 23
  8. Қаратал аудандық бөлімі –Үштөбе қ., Абылай хан к-сі, 22
  9. Кербұлақ аудандық бөлімі-Сарыөзек к., Момышұлы к-сі, 1В
  10. Панфилов аудандық бөлімі-Жаркент қ.,Головацкий к-сі, 51Б
  11. Райымбек аудандық бөлімі-Кеген а.,Момышұлы к-сі, н/з
  12. Сарқан аудандық бөлімі-Сарқан қ., Жамбл к-сі, 44
  13. Талғар аудандық бөлімі– Талғар қ., Лермонтов ксі, 53А
  14. Талғар ауданы Текелі қ. бөлімі секторы –Текелі қ., Тәуелсіздік к-сі, 9

19.Ұйғыр аудандық бөлімі-Чунджа а., Қасымбеков к-сі, 35

Атырау облысы

  1. Мақат аудандық бөлімі-Мақат к., С. Мукашев к-сі, 36

Шығыс Қазақстан облысы

21.Өскемен қ. № 3 бөлімі-Белинский к-сі, 37А

  1. Абай аудандық бөлімі –Қарауыл а., Құнанбай к-сі, 12
  2. Бородулиха аудандық бөлімі –Бородулиха а., Молодежная к-сі, 25
  3. Зырянаудандық бөлімі- Зырян қ. Стахановская к-сі, 39
  4. Курчатов қ. бөлімі – Тәуелсіздік к-сі, 4

Батыс Қазақстан облысы

26.Бөкейорда аудандық бөлімі –Сайхин к. Бергалиев к-сі, 1

  1. Сырым аудандық бөлімі- Жымпиты к. Қазақстан к-сі, 11/2

Қарағанды облысы

28.Қарағанды қ. № 2 бөлімі-Чкалов к-сі, 7

  1. Қарағанды қ. № 4 бөлімі–Архитектура көш., 8

30.Балқаш қ. бөлімі-Бөкейхан к-сі, 20А

31.Қаражал қ. бөлімі-Ленин к-сі, 18

  1. Қарқаралы аудандық бөлімі-Қарқаралы қ., Аубакиров к-сі, 21
  2. Нұра аудандық бөлімі- Киевка к., Сүлейменов к-сі, 2
  3. Осакаров аудандық № 1 бөлімі– Осақаров к., Пристанционная к-сі,12

35.Саран қ. бөлімі-Жамбыл к-сі, 85/3

36.Шахтинск қ.№1 бөлімі –  Абай даңғ., 65Б

Қызылорда облысы

  1. Қызылорда қ. № 1 бөлімі- Ғ. Мұратбаев к-сі, 2Е

Маңғыстау облысы

38.Отдел Мунайлинского района -с.Мангистау,  24 квартал, строение 10/3

Павлодар облысы

  1. Ертіс аудандық бөлімі- Ертіс а. И. Байзақов к-сі, 14
  2. Качир аудандық бөлімі- Тереңкөл а., Тургенев к-сі, 85А
  3. Павлодар аудандық бөлімі- Павлодар қ., Толстой к-сі, 10
  4. Успен аудандық бөлімі- Успен а., Тәуелсіздікке 10 жыл к-сі, 30
  5. Лебяжі аудандық бөлімі-Аққу а., Ташимов к-сі, 114

44.Павлодар қ. № 2 бөлімі–Исиналиев к-сі, 24

  1. Ақсу қ. бөлімі –Ленин к-сі, 10

Солтүстік Қазақстан облысы

46.Петропавл  қ. № 2 бөлімі – Қазақстан Конституциясы к-сі, 72

25.07.2017

МӘМС шеңберінде аударымдар мен жарналарды қабылдау үшін ағымдағы шот ашылды

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру жүйесі енгізіледі. Барлық жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустер өздері үшін және өз қызметкерлері үшін аударымдар мен жарналарды  Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру қорына аударатын болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеке сәйкестендіру нөмірлері  базасында аударымдар мен жарналарды есептеу және оларды Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру қорына аударатын операторы болып белгіленді.

Жұмыс берушілерге ыңғайлы болу үшін, төлеушілерге міндетті аударымдар мен жарналар бойынша төлем тапсырмаларын қалыптастыруға көмектесін «Міндетті әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарналарын есептеу» автоматтандырылған арнайы жүйесі әзірленді. Оны https://gov4c.kz/programmnye-produkty сілтемесі бойынша өтіп, тегін орнатуға болады.

Сондай-ақ ұйымдар, кәсіпорындар және басқа да төлеушілер 1 шілдеден бастапміндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды келесі деректемелер бойыншатұрақты түрде аударулары тиіс ағымдағы шоттың ашылғанын хабарлаймыз:

Бенефициар:  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

Бенефициар банкі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

БСК: GCVPKZ2A

ЖСК: KZ92009MEDS368609103

БСН: 160440007161

Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды аудару  кезінде төлемдерді тағайындаудың келесі кодтарын (ТТК) пайдалану қарастырылған:

121- Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыруға аударымдар;

122-Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыруға жарналар;

123 – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдың уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы;

124- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы;

 

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамыныңбаспасөз қызметі

25.07.2017

862 ГЕКТАР ЖЕР АУДАННЫҢ ЖЕР ҚОРЫНА ҚАЙТАРЫЛҒАН

Бүгін Ордабасы ауданында жер қатынастары саласындағы жұмыстарды іске асыруға және жер ресурстарын тиімді басқаруға бағытталған, сондай-ақ жер реформасын түсіндіру бойынша семинар өтті. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр ашып, мақсатын атап өтті. Облыс деңгейінде жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер жөнінде айта келе, оның ішінде Ордабасы ауданындағы тарқатылуы тиіс түйіндерге тоқталды.
2016-2017 жылдары жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесі бойынша облыстық Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Е.Тілеген баяндама жасады. Сонымен қатар, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы М.Ақмұратов та сөз алып, атқарылған жұмыстардың барысын тілге тиек етті. Облыстық Жер инспекциясы басқармасының басшысы М.Әлібеков, Жер қатынастары басқармасының басшысы С.Әбдіқұлов жер түгендеуге қатысты атқарылуы тиіс шараларға орай ұсыныстарын айтып, сұрақтарға жауап берді.
Аудандық мәслихаттың депутаты Ғ.Зиябек жер қойнауын пайдаланатындардың жұмысына тұрақты мониторинг жүргізілсе деген тілегін жеткізді. Себебі, жұмыс барысында олар көбіне құжаттағы бекітілген міндеттемелерден ауытқып кететінін атап өтті. “Нұр Отан” партиясы адандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Б.Жәкей жер пайдаланушылардың мемлекет қажеттілігіне орай қайтарылуы тиіс жерге орай көбіне наразылық туғызатынын жеткізді. Әсіресе, әлеуметтік нысандардың құрылысына белгіленетін жерді қайтаруды оңтайландыру керек деп, ойын түйіндеді.
Аудан әкімі А.Мамытбеков өткен жылы 23 жеке және заңды тұлғалардың 862,77 гектар жер телімі аудандық жер қорына қайтарылғанын, биыл конкурс арқылы анықталған 26 жеңімпазға 937,69 гектар үлестіріліп берілгенін атап өтті. Аудан басшысы семинарды ұйымдастырушылар мен аудан қонақтарына алғысын жеткізіп, жиынды қорытындылады.

21.07.2017

Тергеу барысын жеңілдетудің жетістіктері

Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру кезінде азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету, тергеп-тексеруді қысқа мерзімде аяқтап, тараптарды әуреге салуға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің бастамасымен «Азаматтардың мүддесі үшін қылмыстық процесті оңтайландыру» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда.

Бұл іс-шарадан Ордабасы ауданының қылмыстық қудалау органдары да шет қалмастан, өз үлесін қосып келеді.

Жоба шеңберінде белгіленген талапқа сай, Ордабасы аудандық ішкі істер бөлімінде арнайы жабдықталған тергеу бөлмесі іске қосылып, онда бейнебақылау камерасы орнатылды, жауап алудың ашықтығы мен заң шеңберінде жүргізілгенін бекіту үшін шыныдан жасалған есіктер қойылып, бөлме ішіндегі әрекеттерді сырттай бақылау мүмкіндігі пайда болды.

Айқын қылмыстар бойынша 10 күнде шешім қабылдап, негізінен қарау үшін істерді сотқа жолдау тәжірибесі қолға алынды.

Мұнымен шектелместен, ауыр және аса ауыр қылмыстарды тергеу кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету және істерді созбалаңдыққа салуды түбегейлі жою үшін процесс прокуроры тағайындалуда, бұл қызметкерлер тергеушімен қоян-қолтық жұмыс жүргізіп, кемшіліктерге тосқауыл қоятын болады.

Жоспарланған жұмыс көлемін орындау нәтижесі қылмыстық қудалау органдарының беделін көтеруге септігін тигізіп, тергеп-тексерудің ашықтығы мен жылдам шешім қабылдау ағымын қалыптастыратын болады.

Ордабасы ауданының прокуратурасы

30.06.2017