АУДАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Дю Солей Циркіне билеттер салытылымы басталып кетті

Астана қаласы                                                                    2017 жылғы 10 мамыр

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында ұйымдастырылатын Дю Солей Циркінің қойылымына билеттер 2017 жылдың 10 мамырдан бастап сатылымға түсті.

Штаб-пәтері Монреаль қаласында орналасқан дю Солей Циркі қазіргі таңда ойын-сауық индустриясындағы алып компаниялардың біріне айналған. Цирк ұжымында әлемнің 50 елінен жиналған 4000 жуық адам еңбек етеді, оның 1300-і – әртіс. Әлемге әйгілі дю Солей Циркі осы уақытқа дейін 400-ден астам шаһарда өнер көрсетіп үлгерді. Енді олар ЭКСПО-2017 аясында алғаш рет Астанаға жол тартпақ.

Қазақстанның бай мәдениеті мен тарихынан және «Болашақ энергиясы» атты Көрме тақырыбынан шабыттанған  цирк әртістері Астана тұрғындары мен қонақтары үшін арнайы эксклюзивті «REFLEKT» шоу-бағдарламасын дайындады.

Таңғажайып қойылымда қазақ халқының мәдени мұрасы мен  болашаққа деген заманауи көзқарас өзара өріліп жатады. Жалпы, Цирк тарапынан 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін 71 қойылым жоспарланып отыр. Цирк қонақтары бірегей шоуды арнайы жабдықталған үшбұрыш тәріздес павильонда тамашалай алады. Оның сыйымдылығы 2000 көрерменге жоспарланған. Қойылым тұсаукесері Көрме алаңында 16 маусымда өтпек.

Заманауи Қазақстанның тарихындағы алып шараның бір бөлшегі болып, Дю Солей Циркінің таңдай қақтырарлық қойылымының куәгері болу үшін 4000 теңгеден басталатын билетті сатып алу қажет.

***

АО «ҰК «Астана ЭКСПО-2017» 2013 жылдың 15 қаңтарынан бастап ЭКСПО – 2017 Халықаралық көремсін ұйымастыру мен дайындық мақсатында құрылды.

Қосымша ақпарат алу үшін Қоғаммен байланыс Депарламентіне хабарласыңыз: тел.:+7(7172)938765, e-mail: pr@expo2017astana.com, www.expo2017astana.com

11.05.2017

Азаматтарға арналған үкіметте онлайн сурдоаударма қызметі жұмыс жасауда.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияда сөйлеу және есту қабілеті бұзылған азаматтарға мемлекеттік қызметтердің сервисі жұмыс жасауда. Бұл адамдарға ымдау тілінің кәсіби маманы арнайы қосалқы монитордан шынайы уақыт режимінде сурдоаударма қызметін ұсынады. Бұл жоба Азаматтарға арналған үкіметтің бастамасымен «Ауған соғысының қазақстандық республикалық мүгедектер бірлестігі» қоғамдық бірлестігімен біріге отырып жүзеге асырылды.

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында сурдоаударма тілін меңгерген 89 маман жұмыс істеуде. ХҚКО-ның жеңілдік терезесіне жүгінген сөйлеу және есту қабілеттері бұзылған тұлғалар ым-ишарат тілінде қажетті құжатты қалай алу керектігін шынайы уақыт режимінде айтып беретін, онлайн сурдоаударма арқылы қызметің ала алады.

Қазіргі таңда барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында пандус, шақырту қоңырауы, жеңілдік терезелері, ал  1 және 2 топтық мүгедектігі бар тұлғалар Біріңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы ХҚКО-ны үйіне шақыруына болады.


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы баспасөз қызметі

06.05.2017

Азаматтарға арналған үкіметте онлайн сурдоаударма қызметі жұмыс жасауда.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияда сөйлеу және есту қабілеті бұзылған азаматтарға мемлекеттік қызметтердің сервисі жұмыс жасауда. Бұл адамдарға ымдау тілінің кәсіби маманы арнайы қосалқы монитордан шынайы уақыт режимінде сурдоаударма қызметін ұсынады. Бұл жоба Азаматтарға арналған үкіметтің бастамасымен «Ауған соғысының қазақстандық республикалық мүгедектер бірлестігі» қоғамдық бірлестігімен біріге отырып жүзеге асырылды.

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында сурдоаударма тілін меңгерген 89 маман жұмыс істеуде. ХҚКО-ның жеңілдік терезесіне жүгінген сөйлеу және есту қабілеттері бұзылған тұлғалар ым-ишарат тілінде қажетті құжатты қалай алу керектігін шынайы уақыт режимінде айтып беретін, онлайн сурдоаударма арқылы қызметің ала алады.

Қазіргі таңда барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында пандус, шақырту қоңырауы, жеңілдік терезелері, ал  1 және 2 топтық мүгедектігі бар тұлғалар Біріңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы ХҚКО-ны үйіне шақыруына болады.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы баспасөз қызметі

 

 

05.05.2017

Қазақстанда апостиль қойылған сотталмағандығы туралы Анықтаманы беру мерзімі қысқартылды

Соттылығының бары немесе жоғы туралы анықтама беру мерзімі бүгінгі күннен бастап қазақстандықтар үшін 22 күннен 8 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Композиттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетімен бірлесе отырып, іске қосты.  

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуы бойынша, бұл пилоттық жоба шетелге шығуға сотталмағандығы туралы апостиль қойылған анықтама қажет болған қызмет алушыларға ыңғайлы болу үшін іске қосылған. «Бұрын азамат соттылығының бары немесе жоғы туралы апостиль қойылған анықтама алу үшін ХҚКО-ға екі мәрте баратын еді. Бастапқыда- сотталмағандығы туралы анықтама алу үшін,  мұны күтуге 5 жұмыс күні кететін, одан кейін – апостиль қойғызу үшін, оны әзірлеу мерзімі күнтізбелік 17 күнді құрайтын. Осының барлығына шамамен 22 жұмыс күні кететін. Қазіргі кезде азамат апостиль мөртабаны қойғызылған, сотталмағандығы туралы анықтама алуға бір өтініш береді, ал осы қызметті көрсету мерзімі сегіз жұмыс күніне дейін қысқартылды»,- деді А.Оспанов.

Композиттік қызметті алу үшін азамат жеке басын куәландыратын құжатты (немесе клиенттің мүддесін үшінші тұлға білдірген кезде- нотариалды куәландырылған сенімхат), мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртекті ұсынуы, сонымен бірге ХҚКО-да өтінішті толтыруы тиіс.

Халықаралық талаптарға сәйкес апостиль мөртабаны қойылған, соттылығының бары немесе жоғы туралы қағаз нысанындағы анықтама мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесі болып табылады.

25.04.2017

Электрондық үкімет порталынан ЭЦҚ-ға байланыстырмай-ақ анықтама алуға болады

 Мемлекеттік органдардан ноу-хауды сынауға әзірше тек Бас прокуратура ғана бел байлады. Бүгінгі күннен бастапэлектрондық үкімет порталынан соттылығы жоқ туралы анықтама алу үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаның болуы міндетті емес. Қазақстандықтар оны еgov.kz порталына авторлану кезінде қызметті алушының ұялы телефонына түсетін бір реттік sms-паролінің көмегімен алуларына болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, бұл жаңалық порталдан қызметтерді алуды едәуір жеңілдететін болады. «Қазақстандықтардың барлығында ЭЦҚ бола бермейді, ал ЭЦҚ барлары оны әрқашан өзімен бірге алып жүрмейді, сондай-ақ бір анықтама алу үшін ХҚКО-ға бару барлығына бірдей қолайлы емес. Мұндай жағдайларда, қызметті бір реттік парольдің көмегімен алу-  жағдайдан шығудың тамашы бір жолы болып табылады. Бір реттік парольді ЖСН-ді телефон нөміріне байланыстыра отырып, ХҚКО-дан да алуға болады.Осылайша, жақында ЭЦҚ-ғабайланыстырмай-ақ өзге демемлекеттік қызметтерді алуға болады»,- дедіА.Оспанов.

Айтпақшы, бір реттік парольді алу үшін азаматтарэлектрондық үкімет порталында m-gov телефон нөмірлері базасына тіркеле алады.

Осы жоба Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бастамасы бойынша ҚР Бас прокуратурасымен бірлесе отырып, пилоттық режимде іске асырылды. Қазіргі кезде басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтерін алу процестерін жеңілдету жұмыстары жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн.

20.04.2017

Парламент Сенатының депутаттары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында болды

ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының объектілерін аралады. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында мемлекеттік корпорацияның жұмысы, жыл қорытындысы мен алдағы жоспарлары талқыланды.

Кездесу барысында сенаторларға «100 нақты қадам» – ұлт жоспарының жүзінші қадамының іске асырылуы шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жұмысының «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету, әлеуметтік төлемдерді есептеу және жер кадастрын жүргізу, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру бағытындағы объектілерін таныстырып көрсетті.

Бұл жұмыс сапары Целиноград ауданы Акмол ауылындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімінен басталды. Мұнда азаматтар электрондық үкімет порталы арқылы өз беттерінше мемлекеттік қызмет түрлерін алуға болатын «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторының жұмысы қонақтардың аса назарында болды. Астана қаласы бойынша Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінде сенаторларды мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің  және жылжымайтын мүлік тіркелімінің мемлекеттік деректер базасының жұмысымен таныстырды. Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есптеу орталығына барған кезде сенат депутаттарына құжат қабылданған сәттен бастап істің электрондық макетін қалыптастырғанға дейінгі әлеуметтік түсімдердің есептелуі барысы таныстырылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» өз жұмысын 2016 жылдың сәуір айында бастаған. Жаңа мемлекеттік корпорация құрамына жұмыс істеп тұрған «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы» және «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» – төрт республикалық мемлекеттік кәсіпорын енді. Бір жыл ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» 37 млн. мемлекеттік қызметті көрсетіп үлгерді.

Алдағы уақыттағы міндеттер қатарында мемлекеттік корпорацияның азамат-мемлекет қатынастарын өзгертудің негізгі драйвері болуына мүміндік беретін                               2.0 трансформациясын енгізу кезеңі тұр, ол мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қарапайымдылық, қолжетімділік, сапа және жайлылық принциптеріне бағытталған.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

 коммерциялық емес акционерлік

 қоғамының баспасөз қызметі

тел.: 8 7172 27 06 58 (ішкі 109)

14.04.2017

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры және басшылары бір күнге ХҚКО инспекторлары болды

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының барлық басшы құрамы «Дублер күніне» қатысты.

Осылайша, департамент директоры Еркебұлан Әлсейітов бірнеше сағатқа ХҚКО кеңесшісіне айналды, ал Оның орынбасарлары өз қолымен дайын құжат беру секторында тұтынушыларға қызмет көрсетіп және өзіне-өзі қызмет көрсету секторында электрондық анықтамаларды қалай алуға керектігін үйретті. 

Әлсейітовтың айтуынша, «Дублер күні» бүгін бүкіл Қазақстан бойынша ХҚКО бөлімдерінде, әлеуметтік төлемдердің есеп айырысу орталықтарында және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменттерінде жүргізілуде. «Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрылғанына біржыл» және біз бұл күнді өзіміздің қызметкерлерімізбен бірге алдыңғы қатарда өткізуді шештік. Бүгін барлық директорлар мен олардың орынбасарлары бірнеше сағатқа өздерінің лауазымдық міндеттерін ауыстырып, «алаңға» жұмысқа шықты.

Бұл бізге халықтан кері байланысалуға және клиенттердің артықшылықтарын көбірек білуге мүмкіндік береді»- деді АбылайханОспанов.

Мемлекеттік корпорация 4 РМК-дан құрылғанын атап өту қажет. Оның құрамына «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталық», «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» РМК кірген, ол мемлекеттік корпорацияның тек фронт-офистерінің жұмысын ғана емес, оның бэк-офистерінің жұмыстарын зерттеуге, соның ішінде зейнетақы, декреттік төлем, жер учаскілерінің өлшеулерін, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру және т.б. жүргізуге мүмкіндік береді.

Бүгінде Қазақстанда мемлекеттік корпорацияның 546 мемлекеттік қызметтерді көрсететін  349 фронт-офистері жұмыс жасайтынын естеріңізге саламыз. Өзінің бір жыл жұмысы ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 37миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен.

 

12.04.2017

Еркебұлан Әлсейітов «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы-«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры болып тағайындалды

Еркебұлан Әлсейітов 1983 жылғы 22 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында дүниеге келген.

 

Білімі: Қазақ гуманитарлық заң университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық университеті,    М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.

 

Еңбек қызметін 2005 жылы Шымкент қалалық «Автомобиль жолдары» ассоциациясында заңгер болып бастаған. 2007-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ түрлі лауазымдылықта жұмыс жасаған.

 

2009-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Казагромелиосушар» республикалық әдістемелік орталығы мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы болып жұмыс жасаған.

 

2012 – 2016 жылдары қалалық және аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» бөлімінің басшысы, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК ОҚО бойынша филиал директорының орынбасары қызметін атқарған. 2017 жылғы наурызда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы-«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры лауазымына тағайындалған.

 

Еркебұлан Әлсейітов Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың алғыс хатымен, Шымкент қ.алалық әкімінің алғыс хатымен марапатталған.  Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», мерейтойлық медалімен марапатталды.

 

05.04.2017

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ МАМАНДАР – ОРДАБАСЫ ӨЛКЕСІНДЕ

Бүгін Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары А.Дәрібаев бастаған топ тәжірибе алмасу мақсатымен Ордабасы ауданында болып, ауылшаруашылық саласындағы атқарылған жұмыс барысымен танысты. Аудан әкімі А.Мамытбеков қызылордалық қонақтарды қабылдап, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері жөнінде әңгімеледі.
Іс-сапар барысында жалағаштық әріптестер “Бөрте-милка” сүт-тауарлы фермасына ат басын бұрды. Бұл кешен – өӊірдегі жалғыз роботтандырылған сүт-тауарлық фермасы. Инвестиция көлемі 2,4 млрд. теӊгені құрайды, 400 бас сауын ірі қараға есептелген. Тәулігіне бір сиырдан 30-32 литр сүт сауылады. Сонымен қатар, қонақтар «Ордабасы құс» кәсіпорнын да аралап көрді. “Ордабасы құс” ЖШС жылына 8110 тонна тірі салмақта күркетауық етін өндіруге қауқарлы. Инвестициялық құны 3 млрд. 249 млн. теңгені құрайтын жобаның бірінші кезеңі индустриаландыру картасы аясында 2010 жылы іске қосылған. Инвестициялық құны 2 млрд. 330 млн.теңгені құрайтын жобаның екінші кезеңі 2014 жылы жүзеге асты. 140 жұмысшымен толыққан фабика өнімі екі есеге ұлғайды.Ал, былтыр басталған жобаның үшінші кезеңі келер жылы іске қосылады деп күтілуде. Егер жоба толық жүзеге асса, мұнда жылына 20000 тонна тірі салмақта үндік етін өндіруге мүмкіндік тумақ. Қазір мұнда «ҚазАгроқаржы» АҚ арқылы қаржыландырылған жобаның инвестициялық құны 10 млрд. 150 млн.теңге, 100 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
“Қайнар құс” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тындырымды тірлігі де жалағаштықтар назарына ұсынылды.
“Аделя” шаруа қожалығының жылыжайынан соң сапар Шұбар ауылындағы жеке кәсіпкер Мейірбек Шынабайдың 2016 жылы іске қосылған фермерлік жылыжайында жалғасты. 1,3 гектарға орналасқан жылыжайда қызанақ өсіріледі, мұнда 7 азамат жұмыспен қамтылған. Өнімдерінің дені облыс орталығы мен ауданның сауда орындарына өткізіледі. Кәсіпкер жылыжайды іске қосу үшін 30 млн. теңге қаржы жұмсалғанын атап өтті. 2016 жылы жылыжайлар қосымша 7,3 гектарға салынып, аудан бойынша жылыжай саны 84-ке жетті, бұл құрылымдар 68,45 гектарға орналасқан. Жылына 5000 тоннаға жуық көкөніс өнімдері жиналады.
Аудан әкімінің орынбасары Б.Омарбеков ауылшаруашылық, кәсіпкерлік саласындағы жетістіктермен қатар, индустриялды аймаққа қатысты жоспарлармен де бөлісті.

31.03.2017

ТАҒЫ 5 КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛДЫ

Кооперацияның игілігі жөнінде Ордабасы ауданында түсіндірме жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2016 жылы үш жақты келісім бойынша 6 өндірістік кооперативін құру жоспарланса, шаруалармен жасасқан келісім нәтижесінде бұл көрсеткіш нақты 10 кооперативті құрады. Бөген ауыл округіндегі егін шаруашылығын дамытумен «Орда-Басы Агро» кооперативі; Бөржар ауыл округі, Қайнар ауылындағы құс шаруашылығын дамытумен «Броллер-Құс» кооперативі; Шұбар ауыл округі, Тоқсансай ауылындағы ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруді дамытумен «Тоқсансай» кооперативі; Бадам ауыл округіндегі мал шаруашылығын, егін шаруашылығын дамытумен «Дәбер Агро» кооперативі; Қараспан ауыл округіндегі шаруашылықтарды сумен қамтамасыз етуді дамытумен «Ырсымбет» кооперативі; Төрткөл ауыл округіндегі балық шаруашылығын дамытумен «Орда жер» кооперативі; Шұбарсу ауыл округіндегі малдың сүтті тұқымдарын көбейтуді дамытумен «Саяжай Бастау» кооперативі; Төрткөл ауыл округіндегі егін шаруашылығын дамытумен «Төрткөл-Агро» кооперативі; Жеңіс ауыл округіндегі егін шаруашылығын, ағын сумен қамтамасыз етуді дамытумен «Халық» кооперативі; Бадам ауыл округіндегі асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытумен «Бес-Бота» кооперативі айналысуда.
Жыл басынан бері де Қараспан ауыл округінен «Ақжол-Агро» кооперативі; Қарақұм ауыл округінен «Бірлестік-Агро» кооперативі; Төрткөл ауыл округінен «Мұрагер-Береке» кооперативі; Қажымұқан ауыл округінен «Асыл тұқымды шаруашылық, Ордабасы ешкі сүт өнімдері» кооперативі; Бөржар ауыл округінен «АгроАжар» кооперативі құрылып үлгерді. Шаруалардың белсенділігі артып, бұл бағытта тиянақты тірліктер атқарылып келеді.

Ордабасы ауданы экономикасының негізін құрайтын салалардың бірі – ауыл шаруашылығы. Бүгінде осы мақсаттағы жерлердің жалпы көлемі 208 мың 662 гектарды, оның ішінде егістік – 71 мың 273 гектарды (мұның 43 мың 414 гектар жері тәлімі, 32 мың 711 гектары суармалы), жайылым – 103 мың 992 гектарды, көпжылдық қондырғылар – 1 мың 490 гектарды, тыңайған жер көлемі 18 мың 954 гектарды құрайды.

Ауыл шаруашылық саласында 2016 жылы 31 млрд. 511 млн. теңгенің өнімі өндіріл, дақылдардың егіс көлемі 54 384 гектарға жетті, 31130 гектар суармалы жер игерілді.     Үш жақты келісім бойынша 2017 жылға шаруалар  53 200 гектар жерге ауылшаруашылық дақылдарын егуді жоспарлауда. Тамшылатып суаруды қолдану әдісі қосымша 715 гектарға енгізіліп,  жалпы көлемі 4 524 гектарды құрады. Жылыжайлар қосымша 7,3 гектарға салынып, аудан бойынша жылыжай 68,45 гектарға жетті, мұнда жылына 5000 тоннаға жуық көкөніс өнімдері жиналады. Сондай-ақ, аудан көлемінде былтыр 55 жаңа ауылшаруашылық техникалары алынды, 3 МТС құрылды.

30.03.2017