АУДАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ТАҒЫ 5 КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛДЫ

Кооперацияның игілігі жөнінде Ордабасы ауданында түсіндірме жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2016 жылы үш жақты келісім бойынша 6 өндірістік кооперативін құру жоспарланса, шаруалармен жасасқан келісім нәтижесінде бұл көрсеткіш нақты 10 кооперативті құрады. Бөген ауыл округіндегі егін шаруашылығын дамытумен «Орда-Басы Агро» кооперативі; Бөржар ауыл округі, Қайнар ауылындағы құс шаруашылығын дамытумен «Броллер-Құс» кооперативі; Шұбар ауыл округі, Тоқсансай ауылындағы ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруді дамытумен «Тоқсансай» кооперативі; Бадам ауыл округіндегі мал шаруашылығын, егін шаруашылығын дамытумен «Дәбер Агро» кооперативі; Қараспан ауыл округіндегі шаруашылықтарды сумен қамтамасыз етуді дамытумен «Ырсымбет» кооперативі; Төрткөл ауыл округіндегі балық шаруашылығын дамытумен «Орда жер» кооперативі; Шұбарсу ауыл округіндегі малдың сүтті тұқымдарын көбейтуді дамытумен «Саяжай Бастау» кооперативі; Төрткөл ауыл округіндегі егін шаруашылығын дамытумен «Төрткөл-Агро» кооперативі; Жеңіс ауыл округіндегі егін шаруашылығын, ағын сумен қамтамасыз етуді дамытумен «Халық» кооперативі; Бадам ауыл округіндегі асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытумен «Бес-Бота» кооперативі айналысуда.
Жыл басынан бері де Қараспан ауыл округінен «Ақжол-Агро» кооперативі; Қарақұм ауыл округінен «Бірлестік-Агро» кооперативі; Төрткөл ауыл округінен «Мұрагер-Береке» кооперативі; Қажымұқан ауыл округінен «Асыл тұқымды шаруашылық, Ордабасы ешкі сүт өнімдері» кооперативі; Бөржар ауыл округінен «АгроАжар» кооперативі құрылып үлгерді. Шаруалардың белсенділігі артып, бұл бағытта тиянақты тірліктер атқарылып келеді.

Ордабасы ауданы экономикасының негізін құрайтын салалардың бірі – ауыл шаруашылығы. Бүгінде осы мақсаттағы жерлердің жалпы көлемі 208 мың 662 гектарды, оның ішінде егістік – 71 мың 273 гектарды (мұның 43 мың 414 гектар жері тәлімі, 32 мың 711 гектары суармалы), жайылым – 103 мың 992 гектарды, көпжылдық қондырғылар – 1 мың 490 гектарды, тыңайған жер көлемі 18 мың 954 гектарды құрайды.

Ауыл шаруашылық саласында 2016 жылы 31 млрд. 511 млн. теңгенің өнімі өндіріл, дақылдардың егіс көлемі 54 384 гектарға жетті, 31130 гектар суармалы жер игерілді.     Үш жақты келісім бойынша 2017 жылға шаруалар  53 200 гектар жерге ауылшаруашылық дақылдарын егуді жоспарлауда. Тамшылатып суаруды қолдану әдісі қосымша 715 гектарға енгізіліп,  жалпы көлемі 4 524 гектарды құрады. Жылыжайлар қосымша 7,3 гектарға салынып, аудан бойынша жылыжай 68,45 гектарға жетті, мұнда жылына 5000 тоннаға жуық көкөніс өнімдері жиналады. Сондай-ақ, аудан көлемінде былтыр 55 жаңа ауылшаруашылық техникалары алынды, 3 МТС құрылды.

30.03.2017

Азаматтарға арналған үкімет дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметін іске қосты

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Қазпошта» АҚ-мен бірлесіп дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметін іске қосуда. Енді қазақстандықтардың дайын құжаттарды алу үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ, кез келген көрсетілген орынға, үй болсын, кеңсе болсын, курьер жеткізіп беретін болады.

Бұл сервисті пайдалану үшін клиент қызмет алуға қажетті толық құжаттар пакетін ХҚКО инспекторына өткізеді және  дайын құжаттарды жеткізіп беру жөніндегі өтінімді толтыру үшін ХҚКО ғимаратында орналасқан «Қазпошта» АҚ қызметкерлеріне жүгінеді. Құжаттарды жеткізіп беру қызметі жеке және заңды тұлғаларға коммерциялық негіздекөрсетіледі. Үйге жеткізіп беру бағасы қызмет көрсетілетін аймаққа және соңғы жеткізілім мекенжайына байланысты болады. Жеткізілім жайлы ақпаратты берілген трек-нөмірі бойынша post.kz. сайтынан қадағалап отыруға болады. Қызметтің ең төменгі құны – 500 теңге. Қызмет алушы жеткізілім төлемін дайын құжаттарды алғаннан кейін жүргізеді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, жаңа қызмет  ХҚКО-ға келуге уақыты тапшы жандарға арналған. «Қазіргі уақытта қызметтерді автоматтандыру жұмыстары белсенді түрде жүріп жатыр. Көптеген қазақстандықтар қызметті электрондық үкімет порталының көмегі арқылы үйден шықпай-ақ алады. Алайда, ХҚКО-ға келмей рәсімдеуге болмайтын қызмет түрлері де бар. Соңғы уақытта қызметті үйде отырып алуға өтініш білдірген азаматтардың қатарының өсуіне байланысты, біздің қызмет алушыларымызға ыңғайлы болу үшін осы сервисті іске қосуды шештік» – деді ол.

Сондай-ақОспановтың айтуынша, бүгінде «Азаматттарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға ыңғайлы болатын барлық жағдайларды жасауда, атап айтқанда ХҚКО-ларда күту және рәсімдеу уақыттарын қысқарту, электрондық кезектің, бейнекамераның жұмыс істеуі, сондай-ақ ХҚКО-лардан  қызметті алуда жайлылық жағдайларының жаңа мүмкіндіктері қарастырылуда.

Мемлекеттік корпорация алдағы уақытта интернет, телефон, ұялы байланыс және т.б. арналар арқылы тағы да бірнеше сервистер мен жобаларды енгізуді жоспарлап отыр.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы баспасөз қызметі

30.03.2017

ШАТҚАЛДАР ДЕМАЛЫС ОРНЫНА АЙНАЛМАҚ.

Ордабасы ауданындағы шатқалды аумақтар келешекте саябаққа айналады. Облыс әкімі Ж.Түймебаевтың бастамасына үн қосқан ордабасылықтар бүгін жалпы аудандық сенбілік ұйымдастырып, көшет егуді жалғастырды. Аудан әкімі А.Мамытбеков ауыл округтерді аралап, сенбілік барысымен танысты.
Әсіресе, Шұбарсу ауыл тұрғындары аталмыш шараға аса белсенді қатысып, шатқалды аумақты көгалдандыруға өз тараптарынан да үлес қосуда. Ауыл тұрғыны Оразбаева Гүлжан бүгінгі сенбілікке өз отбасының атынан 30 шырша көшетін ала келген. Сонымен қатар, Гүлжан мұндағы егілген ағаштардың барлығын ауылдастарымен бірлесіп күтімге алатындарын атап өтті.
Қажымұқан, Қараспан, Бөген, Жеңіс ауылдарының азаматтары да сенбіліктен тыс қалмай, Ордабасы өлкесін көгалдандыруға ат салысты.
Аудан басшысы ауыл әкімдеріне көшеттерді ерекше күтімге алу жөнінде арнайы тапсырма жүктеді. “Еңбек зая кетпесін. Осы ағаштардың жапырақ жайып, жайқалуы сіздерге байланысты. Ұйымдастырыңыздар және қадағалаңыздар”, – деді Алмасбек Кеңесбекұлы өз сөзінде.
Бүгінгі сенбілік Ордабасы ауданының Наурыз мерекесіне дайындығын тағы бір пысықтады. Ендігі кезекте, ауыл тұрғындары түбі түркі жұртына ортақ Жаңа жылды жақсы көңіл күймен қарсы алары сөзсіз.

20.03.2017

ОРДАБАСЫЛЫҚ ӨРЕНДЕР ӨНЕРІМЕН ЖАРЫСТЫ

Аудандық жастар орталығының ұйымдастыруымен бүгін Ордабасыда “Экспо-2017” тақырыбында қолөнершілер байқауы өтті. Аудан бойынша 44 шебер тундыларын жұрт назарына ұсынып, қолөнерімен бөлісті.
Қазылар алқасы сараптап, жастардың жұмысын бағалай келе, бас жүлдеге “Темірлан” жалпы орта мектебінің мұғалімі, жас маман Мұғалбаев Азамат лайық деп тапты. Азамат байқауға “Темірлан” мектебінің жобасын әзірлеп, макет түрінде ұсынған.
І орын Абай жалпы орта мектебінің ұстазы, шебер Исабек Қасиетке бұйырды.
Тоқсансайлық Ибрагимов Саяттың шағын көлігі де назардан тыс қалмай, жүлделі ІІ орыннан табылды. Ал, ІІІ орын Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектептің оқушысы Жұмахан Әйгерімге берілді.
Жастар орталығының директоры Сайлыбаев Мұрат жеңімпаздарды Алғыс хатпен марапаттап, оларға аудан әкімінің жүлделерін үлестірді.

18.03.2017

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП – ОРДАБАСЫДА

Облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Ордабасы ауданында болып, Төрткүл және Қарақұм ауыл округтері тұрғындарына Конституциялық реформалар мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында көзделген мақсаттарды түсіндірді. Ордабасы ауданының әкімі А.Мамытбеков жиынды ашып, бұл басқосудың маңызына тоқталды. Бүкілхалықтық талқылау арқылы толықтырылып, өзгерген Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңалығы жөнінде “Көкарал” жалпы орта мектебінің мұғалімі Ж.Мырзақұлұлы баяндады. Облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы А.Үмбеталиев бұл тақырыпты жалғастыра келе, салық жүйесіндегі жетістіктер жөнінде айтып өтті. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуының тетігі де осы салық түсімі екенін, Оңтүстік Қазақстан облысы бүгінде Республикада салық түсімдері бойынша алдыңғы қатардан табылатынын тілге тиек етті. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары М.Қоқанбаев күн тәртібіндегі мәселеге орай жүктелген міндеттер жайын әңгімеледі.

18.03.2017

АУДАН ӘКІМІ ЖҰДЫРЫҚТАЙ ЖҰМЫЛУҒА ШАҚЫРДЫ

Бүгін Ордабасы ауданының қоғамдық кеңесінің кезекті ІІІ/17 отырысы өтті.
Күн тәртібіне орай, Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Кеңесбекұлы Мамытбеков атқарылған жұмыс барысы мен биылға межеленген жоспарлар туралы баяндама жасады. Аудан басшысы қоғамдық кеңес мүшелеріне: “Жалғыздың үні, жаяудың шаңы шықпайды. Сондықтан, мен атап өткен жоспарлардың жүзеге асуына баршаңыздан қолдау күтемін. Алдымен, өлкеміздің тазалығын қолға алсақ. Әр ордабасылықты осы өңірдің дамуына үлес қосуға ынталандырсақ, кез келген қиын жұмыс жеңілдер еді” , – деп сөзін түйіндеді. Қажымұқандық ардагер Медеу Сағымбеков аудан басшысының есебіне жақсы баға беріп, соңғы кезде көп көтеріліп жүрген мәселе – кооперация құруға қатысты нақты ұсыныстарын жеткізді. Ал, Қажымұқан ауыл округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Лесбек Жүсіп елді мекендерді газдандыруға қатысты сұрақ қойып, оған “Дос и К” ЖШС директорының орынбасары Сұлтан Калиакпаровтан тиянақты жауап алды. Бұл мекеме қазіргі уақытта Темірлан ауылы маңындағы газ тарату стансасының құрылысын жүргізуде.
Мінберге екінші болып Бөржар ауыл округінің әкімі Саттар Жолболды шығып, суармалы жерлердің игерілуі мен арналардың бүгінгі жағдайы туралы баяндады. Сондай-ақ, қоғамдық кеңес мүшелері аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Болат Әлішевтың да есебін тыңдады.

18.03.2017

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Салық  және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты ОҚО бойынша мемлекеттік кірістер  департаменті басқармасының басшыларының  қатысуымен 22.02.2017 жылы Ордабасы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер  басқармасы ғимаратында жеке қабылдау өткізілген «Ашық есік күні» өткізілді.      

        Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Адам ресурстары  басқармасының басшысы Б.С.Есқараев  жиналысты ашып, сұрақтарымен келген салық төлеушілердің уақыттарын алмау мақсатында бірінші кезекті жеке қабылдап сұрақтарға берді. Жеке тұлға Б.М.Калмуратов 2016 жылдың желтоқсан айында камералдық бақылау нәтижесімен, 2014 жылы тұрғын үйімді сатқанымнан 1000000 теңге табыс таптың деп, соның 10 пайызын бюджетке төлеу керектігі жөнінде хабарлама келді. Хабарламаны алған соң мен сол үйдің бағалау құнын жеке бағалау  шығартқаны жөнінде және нәтижесінде, бағалау құнымен саткан кезімдегі үй құнының арасында айырмашылық шықпады. Жеке бағалаушының үйді бағалау құны жарайдыма, әлде мемлекеттік мекемеге бағалату қажетпе? Деген сұрақтар беріліп,

         Мемлекеттік кірістер департаментінің Кеден заңнамасын түсіндіру бөлімінің басшысы    А.Ә.Райымқұлов

-ҚР Салық Кодексінің 180-1 бабының 6-тармағына сәйкес, мүлікті өткізу құны мен өткізілетін мүліктің меншік құқығы туындаған күнгі нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады. Бұл ретте мұндай нарықтық құнды салық төлеуші осындай мүлік өткізілген салықтық кезеңі ішіндегі жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс.

Яғни, Сіздің жағдайыңызда, 2014 жылы тапқан мүліктік табысқа жеке табыс салығы бойынша декларацияны 2015 жылдың 31 наурызына дейін табыс етуіңіз қажет еді. Осы кезеңге дейін Сіз сатуға жататын мүлкіңізді бағалатқан жағдайда, сатылған құнмен бағалатқан құн арасындағы айырмашылыққа табыс салығын төлер едіңіз. Сіздің 2016 немесе 2017 жылы, тіпті 2015 жылдың наурыз айынан кейін үйдің құнын бағалатқаныңыз Салық Кодексіне сәйкес жарамайды. Сол себепті, Сіз табыс салығын төлеуге тиіссіз деп жауаптар берілді.

Сонымен қатар, Жеке кәсіпкерМ.Д.Тулешов, ӨК «Бадам» бас есепшісі М.Тобағабыл, А.Жақып – «Мақсат» шаруа қожалығының төрағасы, Ж.Зияев – «Шымыр и К» ӨК төрағасы, «Шаңырақ» ЖШС-ң есепшісі Н.Келдебек, «Ералы »Ш/Ш-ң төрағасы  Е.Б.Айтпанбет,«Ақнұр »ӨК-ң төрағасы  А.Керимбаев, ТS Оңтүстік Мұнай Сауда»ЖШС-ң менеджері А.Исабек, ЖК К.Бижигитов, “PORTAL-TRANS” ЖШС-нің директоры Д.Бимухановтың қойылған сұрақтарына толығымен қанағаттанарлық жауаптары берілді.

ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  Адам ресурстары басқармасының басшысы Б.С.Есқараев «Ашық есік» күнін қорытындылай келе  қатысушыларды алтын уақытын бөліп қатысқандары үшін алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

Ордабасы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

06.03.2017

ШАРУАЛАР ЖАЙЫ – АУДАН ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Мамытбеков ауылшаруашылық саласында жетекшілік ететін орынбасарының атқарылған жұмыстар жөніндегі есебін тыңдап, көктемгі дала жұмыстарына дайындықты пысықтады.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Омарбеков баяндама жасап, аудандағы жағдайды саралады. Бүгінгі таңға “Төрткүл – Агро” өндірістік кооперативі, “Мақта компаниясы” ЖШС, “Нұр-Айша” ШҚ, “Любамир-Агро” ЖШС минералды тыңайтқыш алып үлгерген. Көктемгі дала жұмыстарына 2990 тонна жанар-жағар май бөлінген. Сонымен қатар, биыл 60 дана ауылшаруашылық техникасын алу жоспарлануда.
Бүгінгі таңға дейін Ордабасы ауданы бойынша 9 ауылшаруашылық кооперативі құрылды, 55 техника алынып, 3 МТС ашылды. Шаруашылықтарды ірілендіру мақсатында ауыл-аймақтарда түсіндіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Осы уақытта Жеңіс, Қарақұм ауылдарында жалпы көлемі 2 мың гектардан аса жері бар жүздеген шаруалар біріккен екі ірі кооператив құрылатыны келісілді. Кооперативке мүше болып жаңадан құрылған «Сейхун-Агро» серіктестігі өзінің заманауи техникасымен мүшелікке кіріп, жерді дайындау, өнім егу, Украинадан агроном тарта отырып, өнімді өсіру, дайын өнімді жинау және сатып алуға дейінгі жұмыстарды кооператив мүшелерімен бірігіп атқаратын болды.
“Орда-Басы Агро” өндірістік кооперативінің төрағасы Әбілдә Әлібеков сөз алып, кооперативтерге мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерді баяндап өтті.
Жиын барысында аудан басшысы Алмасбек Кеңсбекұлы ауыл әкімдеріне жанар-жағар май мен тыңайтқыштың шаруаларға дер кезінде жеткізілуін қамтамасыз етуді қатаң тапсырды. Сонымен қатар, қаражаттың дихандарға кешіктірілмей берілуі үшін несие ұйымдарымен келіссөздер жүргізу қажеттігін ескертті. “Морокко” шегірткесінің ықтимал ошақтары дер кезінде дәріленуі және жойылуы жөніндегі мәселе де назардан тыс қалмады.

02.03.2017

Азаматтарға арналған үкіметте онлайн сурдоаударма қызметі іске қосылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияда сөйлеу және есту қабілеті бұзылған азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жаңа сервис пайда болды. Енді бұл адамдарға ымдау тілінің кәсіби маманы арнайы қосалқы монитордан шынайы уақыт режимінде сурдоаударма ұсынатын болады. Бұл пилоттық жоба Азаматтарға арналған үкіметтің бастамасымен «Ауған соғысының қазақстандық республикалық мүгедектер бірлестігі» қоғамдық бірлестігімен біріге отырып жүзеге асырылды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқармасының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша бүгінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында   сурдоаударма тілін меңгерген 862 маман жұмыс істеуде. «Дегенмен де, біз осымен тоқтап қалмай, одан әрі дамытуды жөн көрдік. Енді ХҚКО-ның жеңілдік терезесіне жүгінген сөйлеу және есту қабілеттері бұзылған тұлғалар ым-ишарат тілінде қажетті құжатты  қалай алу керектігін шынайы уақыт режимінде айтып беретін, онлайн сурдоаударма арқылы қызмет ала алады» – деді Оспанов.

Әзірге бұл пилоттық жоба Астана мен Алматының ХҚКО-ларында жүзеге асырылған, ал басқа аудандарда пилоттық жобаны жүзеге асыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Оспановтың айтуынша бүгінде «Азаматттарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді кедергісіз және сапалы  көрсетуге мүмкін болатын барлық жағдайларды жасауда. Мысалы барлық  халыққа қызмет көрсету орталықтарында пандус немесе шақырту қоңырауы, жеңілдік терезелері,  ал  1 және 2 топтық мүгедектігі бар тұлғалар  Біріңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы ХҚКО-ны үйіне шақыруына болады.

Айта кетсек, өткен жылы мемлекеттік корпорация жұмыскерлері 1 және 2 топтық мүгедектігі бар азаматтарға 39 мыңға жуық қызметті үйінде көрсеткен.

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы баспасөз қызметі

02.03.2017

Бас жоспар

Темірлан елді мекенінің бас жоспары Ордабасы ауданы мәслихатының 2012 жылғы 28 тамыздағы № 7/2 шешімімен бекітілген. Жобалаушы «Градо» жобалаушы институты» ЖШС. Темірлан елді мекенінің дамуы бас жоспарға сәйкес солтүстік бағытына қарай жоспарланған.

22.02.2017