АУДАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ТҰРҒЫНДАР ӘКІМНІҢ КӨМЕГІНЕ ЖҮГІНДІ

Алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, бүгін Ордабасы ауданының әкімі А.Мамытбеков тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.
Қараспандық Б.Оспан, Б.Есалы, Шұбар ауылынан Т.Атбағарова, бөржарлық У.Алпысбайұлы, қажымұқандық Б.Юсупов, Р.Оралова, Т.Айтбаев аудан басшысының қабылдауында болып, мазалаған мәселелерін ортаға салды. Бірі баспанасының отқа оранғанын айтып, көмек сұраса, енді бірі үйіргелік жерге қолы жетпей жүргенін алға тартты. Ықыластемір ауылының қариялары ауылға көңіл аударуды өтінді.
Алмасбек Кеңесбекұлы тұрғындардың өтініш-тілектерінің Заң аясында қарастырылатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, тиісті салаларға жетекшілік ететін орынбасарларына тапсырма берді. Оның орындалуы жөнінде аудан басшысына баяндау қажеттігі де ескертілді.

09.02.2017

ШАРУАЛАР КӨКТЕМГЕ ҚАМДАНУДА

Ауданда көктемгі дала жұмыстарының басталуы қарсаңында ауылдық округтерде шаруалармен жиын өтіп, шаруаларға мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерге қол жеткізу, ауыл шаруашылығы кооперативін құру, үй шаруашылығындағы уақ малдарды асылдандыру мәселелері түсіндірілді. Мамандар әлеуметтік бағыттағы салаларды несиелендіру, бақша алқаптарының карантиндік зиянкесі қауын шыбынымен күресу тәсілдері, пестицидтермен (улы химикаттардың) жұмыс істеу кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау құралдарын дұрыс пайдалану, маусымдық су алу кезеңінде суармалы жердің толық қамтамасыз етілуі жөнінде пікір алмасып, кеңестерін берді. Аудан әкімінің орынбасары Б.Омарбеков шаруашылықтардың кооперативке бірігуінің пайдасы жөнінде де кеңінен баяндады.

09.02.2017

ТУҒАН ЕЛ ӘУЕНДЕРІ ҚАЛЫҚТАДЫ

Аудандық мәдениет үйінде “Ордабасы” фольклорлық ансамблінің “Туған ел əуендері” концертінде жергілікті ақын-сазгерлердің шығармалары орындалды. Алыс-жақын аудандардан келген қонақтар көңіл көншітіп, жүрек қылын тербеген өнерпаздарға ризашылығын білдірді. Аудан әкімі Мамытбеков Алмасбек Кеңесбекұлы “Ордабасы” фольклорлық ансамблінің “Туған ел əуендері” концертіне негіз болған шығармалардың авторлары — жергілікті ақын-сазгерлерге алғысын білдіріп, естелік сый-сияпат жасады. Көпшіліктің көңілінен шыққан өнерпаздардың өнерін жоғары бағалап, шығармашылық табыстар тіледі. Ордабасы — әр қазақтың тағдырында ізі бар киелі мекен. Өзге жақтан келген қонақтар да киелі мекеннің өнерсүйер жұртына алғыс білдіріп, өнерпаздарына толағай табыстар тіледі.

09.02.2017

Азаматтарға арналған үкімет көрсететін қызметтер саны тағы 53 қызметке артты

Бүгінде Азаматтарға арналған үкімет арқылы 546 мемлекеттік қызметқол жетімді.  Жаңа қызметтердің басым бөлігін Ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика министрліктерінің және ҚР инвестициялар және даму министрлігінің қызметтері құрады.

Мемлекеттік  корпорацияда  ауыл шаруашылық өнімдерін өндірісін басқару жүйесін  дамытуды  субсидиялауды,  АӨК (агроөнер кәсіпкешені) саласында дайындау ұйымын  аккредиттеуді, құрылыс объектілері  жоспарларын кешенді ведомство ішілік сараптау жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеуді, ҚР резиденті болып табылмайтын және ҚР аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын т.с.с. тұлғаларға  инвесторлық визалар  алуға қолдау  хат беруді  рәсімдеуге   болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы бұл қызметтерді көрсету мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін өзгерткеннен және «ХҚКО»  ықпалдастырылған  ақпараттық жүйесіне  (ХҚКО ЫАЖ)  өзгерістер енгізгеннен кейін мүмкін болып отыр.  Енді азаматтардың бұл қызметтер үшін мемлекеттік  органдарға жүгіну қажеттігі жоқ. Демек, аталмыш қызметтерді мемлекеттік корпорацияның  басқа қызметтері сияқты  аптасына 6 күн сағат таңғы 8.00-ден кешкі 20.00-ға дейін түскі  үзіліссіз алуға  болады.

Сондай-ақ, ахуалдық орталықтың бақылауынша, халыққа қызмет көрсету орталықтарында  соңғы  кездері  азаматтарды уақытша тіркеу қызметі бойынша орын алған кезек саны едәуір азайған. Жыл басынан  бастап 400 мыңнан  астам адам уақытша тіркеуден өткен.

 

«Азаматтарға  арналған  үкімет» мемлекеттік  корпорациясы»   коммерциялық емес акционерлік қоғамы  баспасөз

қызметі

03.02.2017

КЕМЕЛ ДЕ БІРЕГЕЙ ШЕШІМ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі жөніндегі Үндеуі және 31 қаңтарда жарияланған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылауға арналған келелі жиын өтті. Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттары: Қ.Ержан, К.Мұсырман, ауыл округі әкімдері, дербес бөлім басшылары, мемлекеттік қызметшілер қатысқан жиналысты аудан әкімі А.Мамытбеков ашып, мақсатына тоқталды. Парламент мәжілісінің депутаты Қ.Ержан
сөз алып, Елбасының өз билігінің елеу­лі бөлігін Парламентке беру жөніндегі кемел де бірегей шешімінің Қазақстанда пар­ла­ментаризмді дамытуға қосқан үлкен үлес екенін айтып өтті. Түптеп келгенде, Пар­ла­менттің өкілеттіктерінің кеңей­ті­­луі іске асырылып жатқан мем­­лекеттік бағдарламалардың тиім­­ділігін арттырып, бюджет қар­жысының үнемді де ұтымды жұм­салуына, сондай-ақ сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимылды одан әрі күшейтуге оң ықпалын ти­гізіп, еліміздің әлеуметтік-эко­но­микалық дамуына серпін бе­ретінін айтты. Парламент мәжілісінің депутаты К.Мұсырман Елбасы ұсынған қисынды де­мократиялық өзгерістер уа­қыт сынынан өткен күшті пре­зи­денттік билікті сақтай отырып, беделді Парламент пен ашық Үкіметті қалыптастыру ар­қылы елімізді Мәңгілік Ел болу жолы­мен одан әрі өрлеуге бас­тай­тындығын жеткізді.
Сонымен қатар, жиын барысында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында жүктелген тиянақты тапсырмалар талқыланды. Ордабасылықтар Елбасы Үндеуінің тың бастамаларға арқау болатынына сенім артатындарын, сонымен қатар Жолдауды қолдап, ондағы жоспарлардың жүзеге асуына күш салатындарын тілге тиек етті.

02.02.2017

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мобильдік топтары базарлар мен оқу орындарына шықты

Бүгіннен бастап азаматтардың қолайлылықтары үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының мобильдік топтары электрондық үкімет порталы арқылы азаматтарды уақытша тіркеу бойынша қызметтерді көрсету үшін оқу орындарын, базарлады және сауда орталықтарын аралайтын болады. 

«Уақытша тіркеліп үлгермеген азаматтардың қолайлылықтары үшін ХҚКО-лардың мобильдік топтары ЖОО-ларда және сауда үйлерінде қызмет көрсететін болады. Мобильдік топтардың инспекторлары барлық қалаушыларға электорондық цифрлық қолтаңба жазып, электрондық үкімет порталында уақытша тіркеуге өтініш ресімдеуге көмектеседі. Бұл шығулар барлық облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында ұйымдастырылды», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы – Мемлекеттік қызметтерді көрсету дирекциясының директоры Әсемгүл Балташева.

Оның айтуынша, Астанада мобильдік топтар«Артем», «Еуразия», «Азиа парк» сауда үйлеріне, ал  Алматыда «Тигрохауд», «Арыстан», «Болашақ»және т.б. базарларға шығатын болады. Мобильдік топтар барлығы 82 нүктені, оның ішінде ЖОО-ларды, базарларды және мемлекеттік ұйымдарды қамтуды жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетсек, азаматтарды уақытша тіркеу қызметін электрондық үкімет порталы арқылы онлайн жүзеге асыруға болады. Қызмет «Азаматтық, миграция және иммиграция» тарауында қолжетімді. ХҚКО қызметкердері азаматтарға уақытша тіркеуге өтінімді ресімдеуге көмектеседі, бұл ретте меншік иесі (біреу немесе бірнеше)ЭЦҚ арқылы өз келісімін растауы тиіс, одан кейін өтінім тіркелушінің Жеке кабинетіне қайтып келеді. Ол онлайн режимінде  мемлекеттік баж салығын төлеуі қажет және өз өтінішініне ЭЦҚ арқылы қол қоюы қажет. Уақытша тіркелгенін мекенжайын тексеру үшін азамат мекенжай анықтамасын ала алады.

 

1ОҚО1.  «Верхний» базары

2.  «Шымкент Plaza» СОО

3.  «Алаш» базары

4.  «Айна» базары

 Шымкент қ.,  Адырбеков к/сі, н/з

 

Шымкент қ., Темірлан тасжолы,  н/з;

 

Шымкент қ.,   Әл-Фараби алаңы , 3/1;

 

Шымкент қ.,  Аймауытов к/сі  (Мәметов к/сінің бұрышы), н/з

19.01.2017

Тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркелу енді eGov.kzарқылы онлайн түрде қолжетімді

Бүгінгі күні  Қазақстанның электрондық үкіметі порталында eGov.kzазаматтардың тұрғылықты жері бойынша уақытшатіркелу қызметі қолжетімді болды.

Ол қызметті пайдалану үшін,тұрғын үй  иесі мен онда тіркелу ниетін білдірген азаматта электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)болуы және  порталда авторизациядан  өтуі қажет.

Қызметтің өзі «Азаматтық, миграция және иммиграция» бөлімінде, «Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау» қосымша парағында қолжетімді.

«Онлайн қызметіне тапсырыс беру» түймешігін басқаннан кейін, өтініш беруші ұсынылған нысанды толтырады, онда тіркелуге ниетті тұрғын үйдің меншік иесі болып табылатынын/табылмайтынын көрсетуі тиіс.

Егер де өтініш беруші –жылжымайтын мүлік иесі болса, ол мекенжайды, тіркелу мерзімін (1 айдан 12 айға дейін) көрсетуі тиіс, сонан соң онлайн түрде  көрсетілген қызмет  үшін мемлекеттік бажды төлеп және   ЭЦҚ өтінімге қол қоюы тиіс.

Тұрғын үйдің меншік иесі үшінші тарап болған жағдайда, өтініш беруші меншік иесінің ЖСН-ын, жылжымайтын мүліктің мекенжайын, уақытша тіркелудің мерзімін көрсетуі және меншік иесінің жеке кабинетіне келіп түсетін  сұрау салуды жіберуі қажет. Егер де тұрғын үйдің бірнеше меншік иесі болса, олардың біреуінің ғана деректерін көрсету жеткілікті, қалғандары жүйемен  ҚР «Жылжымайтын мүлік тіркелімі»мемлекеттік деректер қоры арқылы автоматты түрде анықталатын болады. Меншік иесі (біреу немесе бірнешеуі) өзінің келісімін ЭЦҚ арқылы растайды, одан соң өтінім тіркелуге ниетті азаматтың Жеке кабинетіне оралып келеді. Оған мемлекеттік баж төлемін  онлайн түрде жүргізіп және де  өзінің сұрау салуына ЭЦҚ қол қоюы қажет.

Осыдан кейін, өтінім ҚР ІІМ жүйесіне түседі, оның өңделуіне
10 минуттан аса емес уақыт кетеді. Өңделіп болған соң,  порталда «Уақытша мекенжайдың тіркелуі сәтті түрде өтті» деген мәребе көрсетіледі. Мекенжай анықтамасын ала отырып,  уақытша тіркелу мекенжайын тексеруге  болады.

eGov.kz немесе ХҚКО арқылы уақытша тіркелу жөніндегі барлық сұрақтар бойынша азаматтар тегін тәулік бойы жұмыс істейтін Бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне қоңырау шала  алады . Барынша сапалы және жылдам қызмет көрсетуді қамтамасыз ету  мақсатында, Бірыңғай байланыс орталығында ағымдағы жылдың басынан бері операторлар саны көбейтіліп, олардың  жұмыс кестесі қайта қаралды.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы баспасөз қызметі

19.01.2017

МЕМЛЕКЕТ МҮДДЕСІ ҮШІН

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында әділет органдарының жұмысын жетілдіруге арналған және атқарылған қызметтердің нәтижесі баяндалған “дөңгелек үстел” өтті. Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Омарбеков Бауыржан жиынды ашып, мақсатымен таныстырды. Облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары Исабеков Мейіржан “100 нақты қадам” Ұлт Жоспарының 27 қадамы бойынша жеке сот орындаушыларының институтын әрі қарай дамыту мәселелері туралы сөз қозғады. Аудандық Әділет басқармасының басшысы Шойынбеков Дархан атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Сот орындаушылар кабинетінің аға сот орындаушысы Төлегенов Бауыржан мемлекет мүддесіне өндірілген істер жәйін ортаға салды.

18.01.2017