АУДАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ШАРУАЛАР ЖАЙЫ – АУДАН ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Мамытбеков ауылшаруашылық саласында жетекшілік ететін орынбасарының атқарылған жұмыстар жөніндегі есебін тыңдап, көктемгі дала жұмыстарына дайындықты пысықтады.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Омарбеков баяндама жасап, аудандағы жағдайды саралады. Бүгінгі таңға “Төрткүл – Агро” өндірістік кооперативі, “Мақта компаниясы” ЖШС, “Нұр-Айша” ШҚ, “Любамир-Агро” ЖШС минералды тыңайтқыш алып үлгерген. Көктемгі дала жұмыстарына 2990 тонна жанар-жағар май бөлінген. Сонымен қатар, биыл 60 дана ауылшаруашылық техникасын алу жоспарлануда.
Бүгінгі таңға дейін Ордабасы ауданы бойынша 9 ауылшаруашылық кооперативі құрылды, 55 техника алынып, 3 МТС ашылды. Шаруашылықтарды ірілендіру мақсатында ауыл-аймақтарда түсіндіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Осы уақытта Жеңіс, Қарақұм ауылдарында жалпы көлемі 2 мың гектардан аса жері бар жүздеген шаруалар біріккен екі ірі кооператив құрылатыны келісілді. Кооперативке мүше болып жаңадан құрылған «Сейхун-Агро» серіктестігі өзінің заманауи техникасымен мүшелікке кіріп, жерді дайындау, өнім егу, Украинадан агроном тарта отырып, өнімді өсіру, дайын өнімді жинау және сатып алуға дейінгі жұмыстарды кооператив мүшелерімен бірігіп атқаратын болды.
“Орда-Басы Агро” өндірістік кооперативінің төрағасы Әбілдә Әлібеков сөз алып, кооперативтерге мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерді баяндап өтті.
Жиын барысында аудан басшысы Алмасбек Кеңсбекұлы ауыл әкімдеріне жанар-жағар май мен тыңайтқыштың шаруаларға дер кезінде жеткізілуін қамтамасыз етуді қатаң тапсырды. Сонымен қатар, қаражаттың дихандарға кешіктірілмей берілуі үшін несие ұйымдарымен келіссөздер жүргізу қажеттігін ескертті. “Морокко” шегірткесінің ықтимал ошақтары дер кезінде дәріленуі және жойылуы жөніндегі мәселе де назардан тыс қалмады.

02.03.2017

Азаматтарға арналған үкіметте онлайн сурдоаударма қызметі іске қосылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияда сөйлеу және есту қабілеті бұзылған азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жаңа сервис пайда болды. Енді бұл адамдарға ымдау тілінің кәсіби маманы арнайы қосалқы монитордан шынайы уақыт режимінде сурдоаударма ұсынатын болады. Бұл пилоттық жоба Азаматтарға арналған үкіметтің бастамасымен «Ауған соғысының қазақстандық республикалық мүгедектер бірлестігі» қоғамдық бірлестігімен біріге отырып жүзеге асырылды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқармасының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша бүгінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында   сурдоаударма тілін меңгерген 862 маман жұмыс істеуде. «Дегенмен де, біз осымен тоқтап қалмай, одан әрі дамытуды жөн көрдік. Енді ХҚКО-ның жеңілдік терезесіне жүгінген сөйлеу және есту қабілеттері бұзылған тұлғалар ым-ишарат тілінде қажетті құжатты  қалай алу керектігін шынайы уақыт режимінде айтып беретін, онлайн сурдоаударма арқылы қызмет ала алады» – деді Оспанов.

Әзірге бұл пилоттық жоба Астана мен Алматының ХҚКО-ларында жүзеге асырылған, ал басқа аудандарда пилоттық жобаны жүзеге асыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Оспановтың айтуынша бүгінде «Азаматттарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді кедергісіз және сапалы  көрсетуге мүмкін болатын барлық жағдайларды жасауда. Мысалы барлық  халыққа қызмет көрсету орталықтарында пандус немесе шақырту қоңырауы, жеңілдік терезелері,  ал  1 және 2 топтық мүгедектігі бар тұлғалар  Біріңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы ХҚКО-ны үйіне шақыруына болады.

Айта кетсек, өткен жылы мемлекеттік корпорация жұмыскерлері 1 және 2 топтық мүгедектігі бар азаматтарға 39 мыңға жуық қызметті үйінде көрсеткен.

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы баспасөз қызметі

02.03.2017

Бас жоспар

Темірлан елді мекенінің бас жоспары Ордабасы ауданы мәслихатының 2012 жылғы 28 тамыздағы № 7/2 шешімімен бекітілген. Жобалаушы «Градо» жобалаушы институты» ЖШС. Темірлан елді мекенінің дамуы бас жоспарға сәйкес солтүстік бағытына қарай жоспарланған.

22.02.2017

ТҰРҒЫНДАР ӘКІМНІҢ КӨМЕГІНЕ ЖҮГІНДІ

Алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, бүгін Ордабасы ауданының әкімі А.Мамытбеков тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.
Қараспандық Б.Оспан, Б.Есалы, Шұбар ауылынан Т.Атбағарова, бөржарлық У.Алпысбайұлы, қажымұқандық Б.Юсупов, Р.Оралова, Т.Айтбаев аудан басшысының қабылдауында болып, мазалаған мәселелерін ортаға салды. Бірі баспанасының отқа оранғанын айтып, көмек сұраса, енді бірі үйіргелік жерге қолы жетпей жүргенін алға тартты. Ықыластемір ауылының қариялары ауылға көңіл аударуды өтінді.
Алмасбек Кеңесбекұлы тұрғындардың өтініш-тілектерінің Заң аясында қарастырылатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, тиісті салаларға жетекшілік ететін орынбасарларына тапсырма берді. Оның орындалуы жөнінде аудан басшысына баяндау қажеттігі де ескертілді.

09.02.2017

ШАРУАЛАР КӨКТЕМГЕ ҚАМДАНУДА

Ауданда көктемгі дала жұмыстарының басталуы қарсаңында ауылдық округтерде шаруалармен жиын өтіп, шаруаларға мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерге қол жеткізу, ауыл шаруашылығы кооперативін құру, үй шаруашылығындағы уақ малдарды асылдандыру мәселелері түсіндірілді. Мамандар әлеуметтік бағыттағы салаларды несиелендіру, бақша алқаптарының карантиндік зиянкесі қауын шыбынымен күресу тәсілдері, пестицидтермен (улы химикаттардың) жұмыс істеу кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау құралдарын дұрыс пайдалану, маусымдық су алу кезеңінде суармалы жердің толық қамтамасыз етілуі жөнінде пікір алмасып, кеңестерін берді. Аудан әкімінің орынбасары Б.Омарбеков шаруашылықтардың кооперативке бірігуінің пайдасы жөнінде де кеңінен баяндады.

09.02.2017

ТУҒАН ЕЛ ӘУЕНДЕРІ ҚАЛЫҚТАДЫ

Аудандық мәдениет үйінде “Ордабасы” фольклорлық ансамблінің “Туған ел əуендері” концертінде жергілікті ақын-сазгерлердің шығармалары орындалды. Алыс-жақын аудандардан келген қонақтар көңіл көншітіп, жүрек қылын тербеген өнерпаздарға ризашылығын білдірді. Аудан әкімі Мамытбеков Алмасбек Кеңесбекұлы “Ордабасы” фольклорлық ансамблінің “Туған ел əуендері” концертіне негіз болған шығармалардың авторлары — жергілікті ақын-сазгерлерге алғысын білдіріп, естелік сый-сияпат жасады. Көпшіліктің көңілінен шыққан өнерпаздардың өнерін жоғары бағалап, шығармашылық табыстар тіледі. Ордабасы — әр қазақтың тағдырында ізі бар киелі мекен. Өзге жақтан келген қонақтар да киелі мекеннің өнерсүйер жұртына алғыс білдіріп, өнерпаздарына толағай табыстар тіледі.

09.02.2017

Азаматтарға арналған үкімет көрсететін қызметтер саны тағы 53 қызметке артты

Бүгінде Азаматтарға арналған үкімет арқылы 546 мемлекеттік қызметқол жетімді.  Жаңа қызметтердің басым бөлігін Ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика министрліктерінің және ҚР инвестициялар және даму министрлігінің қызметтері құрады.

Мемлекеттік  корпорацияда  ауыл шаруашылық өнімдерін өндірісін басқару жүйесін  дамытуды  субсидиялауды,  АӨК (агроөнер кәсіпкешені) саласында дайындау ұйымын  аккредиттеуді, құрылыс объектілері  жоспарларын кешенді ведомство ішілік сараптау жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеуді, ҚР резиденті болып табылмайтын және ҚР аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын т.с.с. тұлғаларға  инвесторлық визалар  алуға қолдау  хат беруді  рәсімдеуге   болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы бұл қызметтерді көрсету мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін өзгерткеннен және «ХҚКО»  ықпалдастырылған  ақпараттық жүйесіне  (ХҚКО ЫАЖ)  өзгерістер енгізгеннен кейін мүмкін болып отыр.  Енді азаматтардың бұл қызметтер үшін мемлекеттік  органдарға жүгіну қажеттігі жоқ. Демек, аталмыш қызметтерді мемлекеттік корпорацияның  басқа қызметтері сияқты  аптасына 6 күн сағат таңғы 8.00-ден кешкі 20.00-ға дейін түскі  үзіліссіз алуға  болады.

Сондай-ақ, ахуалдық орталықтың бақылауынша, халыққа қызмет көрсету орталықтарында  соңғы  кездері  азаматтарды уақытша тіркеу қызметі бойынша орын алған кезек саны едәуір азайған. Жыл басынан  бастап 400 мыңнан  астам адам уақытша тіркеуден өткен.

 

«Азаматтарға  арналған  үкімет» мемлекеттік  корпорациясы»   коммерциялық емес акционерлік қоғамы  баспасөз

қызметі

03.02.2017

КЕМЕЛ ДЕ БІРЕГЕЙ ШЕШІМ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі жөніндегі Үндеуі және 31 қаңтарда жарияланған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылауға арналған келелі жиын өтті. Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттары: Қ.Ержан, К.Мұсырман, ауыл округі әкімдері, дербес бөлім басшылары, мемлекеттік қызметшілер қатысқан жиналысты аудан әкімі А.Мамытбеков ашып, мақсатына тоқталды. Парламент мәжілісінің депутаты Қ.Ержан
сөз алып, Елбасының өз билігінің елеу­лі бөлігін Парламентке беру жөніндегі кемел де бірегей шешімінің Қазақстанда пар­ла­ментаризмді дамытуға қосқан үлкен үлес екенін айтып өтті. Түптеп келгенде, Пар­ла­менттің өкілеттіктерінің кеңей­ті­­луі іске асырылып жатқан мем­­лекеттік бағдарламалардың тиім­­ділігін арттырып, бюджет қар­жысының үнемді де ұтымды жұм­салуына, сондай-ақ сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимылды одан әрі күшейтуге оң ықпалын ти­гізіп, еліміздің әлеуметтік-эко­но­микалық дамуына серпін бе­ретінін айтты. Парламент мәжілісінің депутаты К.Мұсырман Елбасы ұсынған қисынды де­мократиялық өзгерістер уа­қыт сынынан өткен күшті пре­зи­денттік билікті сақтай отырып, беделді Парламент пен ашық Үкіметті қалыптастыру ар­қылы елімізді Мәңгілік Ел болу жолы­мен одан әрі өрлеуге бас­тай­тындығын жеткізді.
Сонымен қатар, жиын барысында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында жүктелген тиянақты тапсырмалар талқыланды. Ордабасылықтар Елбасы Үндеуінің тың бастамаларға арқау болатынына сенім артатындарын, сонымен қатар Жолдауды қолдап, ондағы жоспарлардың жүзеге асуына күш салатындарын тілге тиек етті.

02.02.2017