АУДАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Аудандық бірыңғай конкурс комиссиясының 27.12.2016 жылғы №3-хаттамалық шешімімен “Б” корпусының Е-R-4 санатындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттың тізімі.

05.01.2017 ж.

Аудандық бірыңғай конкурс комиссиясының 27.12.2016 жылғы №3-хаттамалық шешімімен “Б” корпусының Е-R-4 санатындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттың тізімі.

Кандидаттың тегі, аты, әкесінің атыҰсынылған әкімшілік мемлекеттік лауазымдар атауы
1Мұсабек Олжас НартайұлыОрдабасы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы
06.01.2017

ЖАЛЫНДАҒАН ЖАСТАР ФОРУМ ӨТКІЗДІ

Жаңа жыл қарсаңында аудан әкімі Алмасбек Кеңесбекұлы жастармен кездесіп, пікірлесті. Форум барысында аудандық жастар орталығының директоры Мұрат Сайлыбаев жыл бойы атқарылған жұмыс ағымын баяндап, алдағы жоспарларымен таныстырды. Жастар тарапынан аудан басшысына сұрақтар қойылып, жиналыс ашық пікірсайыс түрінде жалғасын тапты. Жиынға қатысушылар аудан басшысының әлеуметтік желіге, КТК ойындарына көзқарасы жөнінде сұрап, сондай-ақ “Жастар практикасы”, “Дипломмен ауылға” бағдарламасының орындалу барысы жөнінде де ақпарат алды. Аудандық мәслихаттың хатшысы Баймахан Қожатайұлы өз сөзінде жастарға жүктелген жауапкершілік жөнінде айтып, белсенділерді марапаттады.
Шара аясында әр саладағы үздік жастарға аудан әкімінің Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтар табысталды.

06.01.2017

Азаматтарды тіркеу үшін ХҚКО-лар мерекелік күні де жұмыс істейтін болады

Көші қон полициясының заңнамасындағы жаңа ережелерді қабылдауға байланысты, тұрғылықты жері бойынша азаматтарды уақытша тіркеу қызметі ҚР ІІМ көші қон полициясының ведомствосына қарасты, оның қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналасқан.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы фронт-офистерінің жүктемесін азайту мақсатында Астана мен Алматы қалаларында  7 қаңтар күнін жұмыс күні етуге шешім қабылданды. «7 қаңтарды жұмыс күні ету шешімі ҚР ішкі істер министрлішімен бірлесіп қабылданды. Бұл бірінше кезекте халыққа ыңғайлылық үшін жасалды. Астана мен Алматы қалаларының, сондай-ақ облыстық орталықтардың  Халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін азаматтар тіркеуден өту үшін  жұмыс істейтін болады» – деп түсіндірді «Азаматтарға арналған үкімет» басқама төрағасы Данияр Еренчинов.

Сондай-ақ Еренчинов, қалған уақытта облыс орталықтарындағы азаматтар жылжымайтын мүліктің орналасу жеріне қарамастан уақытша тіркеуден өтулеріне болатынын ескертті. Мысалы, егер сіз Қостанай қаласының орталығында тұратын болсаңыз, тіркеуден өту үшін сізге Таран көш., 114 орналасқан №1 ХҚКО-ға келу  міндетті емес, яғни сіз тіркеуге тұру процедурасын Гашек көш., 14 мекенжайындағы №2  бөлімінен де жүзеге асыра аласыз. Бірақ, эксаумақтық қағидаты Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қолданылмайтынын есте сақтағаныңыз жөн. Бұл қалалардың тұрғындарына жылжымайтын мүліктің орналасқан жеріндегі ХҚКО-ларға барулары тиіс. Яғни, сіз тіркеуге тұратын пәтер Астана қаласының Есіл ауданына қарасты болса, тіркеуге тұру үшін Достық көш., 20 мекенжайындағы  Есіл аудандық №1 бөліміне жүгіну керек.

Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу үшін үйдің меншік иесі және тіркеуге тұратын азаматтың өзі келуілері тиіс. Екеуі де өзімен бірге жеке басының куәлігін, меншік иесі – пәтерге құқық белгілеуші құжатты, ал тіркеуге тұрушы – АЕК-тің 10% құрайтын  баж салығын төлегені туралы түбіртекті әкелулері шарт.

 

Анықтама ретінде: Астана қаласы бойынша 7 қаңтар күні 9.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс істейтін ХҚКО бөлімдері

Астана қаласы бойынша:

  1. Есіл ауданының  №1 бөлімі –  Достық көш., 20
  2. Алматы ауданының №3 бөлімі – Күйші Дина көш., 29/1
  3. Алматы ауданының №4  бөлімі – Сәтпаев көш., 25
  4. Сарыарқа ауданының № 5  бөлімі –  С-409 көш., 13
  5. Сарыарқа ауданының № 6  бөлімі – Республика даңғ., 43

 

Алматы қаласы бойынша:

  1. Алматы ауданының бөлімі – Бөгенбай Батыр көш., 221
  2. Әуезов ауданының  бөлімі – Жандосов көш., 51
  3. Алатау ауданының бөлімі – Шаңырақ 2 ы/а.,  Жанқожа батыр көш., 24
  4. Бостандық ауданының бөлімі – Алмагүл ы/а., Ходжанов көш., а 9 А
  5. Жетісу ауданының бөлімі – Құлагер ы/а.,  Серіков көш., 6А
  6. Медеу ауданының бөлімі – Марков көш., 44
  7. Түрксіб ауданының бөлімі – Рихард Зорге көш., 9
  8. Наурызбай ауданының бөлімі – Ақжар ы/а., Егінсу көш., 33

 

Ақтөбе қаласы бойынша

  1. Ақтөбе қалалық №1  бөлім – Тургенев көш., 109
  2. Ақтөбе қалалық №2  бөлім  – 12 ы/а, 38 Б

 

Ақтау қаласы бойынша

  1. Ақтау қалалық бөлім – 15 ы/а., 67 б

 

Атырау қаласы бойынша

  1. Атырау қалалық № 1 бөлім – Сатпаев көш., 23
  2. Атырау қалалық № 2 бөлім – Баймұханов көш., 16А

 

Шымкент қаласы бойынша

  1. №1 бөлім – Мәделі Қожа № 1 Г
  2. №3 бөлім  – Джангельдин көш., 13А
  3. №4  бөлім – Күншығыс  ы/а., 116/1
  4. №5 бөлім – Нұрсат ы/а., 24/1
  5. №6 бөлім –  Сайрам тұрғын үй кешені, Ибрагим ата көш., н/ж

 

Павлодар қаласы бойынша

  1. № 3 бөлім  – Павлов көш., 48

 

Петропавл қаласы бойынша

  1. №1 бөлім  –  М. Әуезов көш., 157

 

Көкшетау қаласы бойынша

  1. Көкшетау қалалық  №1  бөлім  – М. Әуезов көш., 189  А
  2. Көкшетау қалалық  №2 бөлім  –  Абай көш.,  96

 

Талдықорған қаласы бойынша

  1. Талдықорған қалалық бөлімі – Тәуелсіздік көш., 67 Б

 

Өскемен қаласы бойынша

  1. Өскемен қалалық №1 бөлім – Сәтпаев данғ., 34/2
  2. Өскемен қалалық №2 бөлім – Қазақстан көш., 99/ 1
  3. Өскемен қалалық №3 бөлім –  Белинский көш.,  37, а

 

Семей қаласы бойынша

  1. Семей қалалық №1 бөлім – 408-орам,  21
  2. Семей қалалық №2  бөлім – Б. Момышұлы көш., 22

 

Тараз қаласы бойынша

  1. Тараз қалалық №1 бөлім – Қойгелді көш., 158
  2. Тараз қалалық №2  бөлім – Талас ы/а.,  2
  3. Тараз қалалық №3 бөлім – Абай даңғ.,  232

 

Орал қаласы бойынша

  1. Орал қалалық №1  бөлім – Жамбыл көш., 81/2
  2. Орал қалалық №2 бөлім – Құрманғазы көш., 173

 

Қарағанды қаласы бойынша

  1. Қарағанды қалалық №1 бөлім – Ержанов көш., 47/3
  2.  Қарағанды қалалық №4  бөлім – Архитектурная көш.,  8
  3. Қарағанды қалалық № 5 бөлім – 21 ы/а., 6/7

 

Қостанай қаласы бойынша

  1. Қостанай қалалық № 1 бөлім – Таран көш., 114
  2. Қостанай қалалық № 2 бөлім – Гашек көш., 14

 

Қызылорда қаласы бойынша

  1. Қызылорда қалалық №1  бөлім – Мұратбаев көш., 2Е
  2. Қызылорда қалалық №2 бөлім – Тасбөгет а.,  Амангелді көш., 8 А

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамының баспасөз қызметі,

тел. 8 7172 27 06 58 (ішкі 109)

06.01.2017

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бір жылда 35 миллионнан астам қызмет көрсетті

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2016 жылы қазақстандықтарға 35 миллионнан астам қызмет көрсетті, оның 33 миллионнан астамын мемлекеттік қызметкөрсету дирекциясы көрсетсе, 1,3 миллионнан астамын «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясы көрсеткен, сондай-ақ 703 мыңнан астам қызмет жылжымайтын мүлік және жер кадастры саласы бойынша көрсетілген.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, тек қана «Connection Point» өз өзіне қызмет көрсету секторы арқылы жыл бойы 8 миллионнан астам кеңес беріліп, қызмет көрсетілген. «Бүгінде біз мемлекеттік қызметтерді алу үшін барынша қолайлы жағдай жасау, оларды оңтайландырып, автоматтандыру мүмкіндіктерін қолданудамыз. Осылайша, әрбір бөлімде азаматтар өз бетінше электрондық анықтамаларды алып, баланы балабақша кезегіне қойып, айыппұлдар мен баж салықтарын төлей алатын өз өзіне қызмет көрсету секторлары жұмыс істеуде. Ол үшін оларға осы жерде, яғни мемелекеттік корпорацияның ғимаратында берілетін электрондық цифрлық қолтаңбасы болса болды», деп қосты Құмарғалиев.

Айта кетерлігі, жыл бойы 3,5 млн. астам қазақстандықтар қолтаңбаның электрондық нұсқасына ие болды.

Сондай-ақҚазақстанда көлікті қайта ресімдеу және жүргізуші куәлігін беру қызметтері көрсетілетін, автокөлік иелеріне арналған 12 мамандандырылған ХҚКО жұмыс істеуде. Жыл басынан бері мамандандырылған ХҚКО-ларда миллиондай автокөлік қайта тіркелген, ал жүргізуші куәліктерін 253 мыңнан астам адам алған.

Құмарғалиевтің айтуынша, мемлекеттік корпорацияның бөлімдері жоқ шалғай елді мекендерде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда. «Шалғай елді мекендердегі тұрғындардың уақыты пен қаражатын үнемдеу мақсатында, біздің қызметкерлер қажетті жабдықтармен оларға өздері баруда. Шығу кестесі тоқсан сайын аудандық әкімшілікпен бірлесіп құрылып, жергілікті БАҚ-та жарияланып отырады», -деп қосты ол. Жыл басынан бері мобильдік ХҚКО 13 мыңнан астам шығуларды ұйымдастырып, 500 мыңға жуық қызмет көрсеткен.

Естеріңізге сала кетсек, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы осы жылдың сәуір айында құрылған, оның құрамына 4 РМК – «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы», «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы», «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» кірді. Қазіргі кезде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында 21 мыңнан астам адам жұмыс істеуде. Қазақстан бойынша мемлекеттік корпорацияның 530 мемлекеттік қызмет көрсететін барлығы 362 фронт-офисі жұмыс істейді. Осы ретте, 2017 жылдан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы көрсетілетін қызметтер саны тағы 53-ке артпақ.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

 баспасөз қызметі

04.01.2017

Ауыл округі әкімдері мен аудан әкімінің «Ауданның 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2017 жылға алда тұрған міндеттері туралы» есеп беру кестесі

қ/сАуыл округі атауыАудан, ауыл округі әкімдерінің аты-жөніӨткізілу күніӨткізілу уақытыӨтетін орны
1Төрткөл ауыл округіАуыл округі әкімі Ө.Мұхтарханның  

2016 жылы атқарған жұмыстары және 2017 жылға алда тұрған міндеттері туралы есебі.

17.01.2017 жылсағат
11-00
Елшібек батыр ауылы, «Төрткөл төбе» жалпы орта мектебі
17.01.2017 жылсағат
15-00
Қызылжар ауылы, «Қызылжар» жалпы орта мектебі
18.01.2017 жылсағат
11-00
Көкарал, Еңбекші, Жайылма ауылдары, М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебі
18.01.2017 жылсағат
15-00
Арыстанды, Нұра ауылдары, «Бөген» жалпы орта мектебі
19.01.2017 жылсағат
11-00
Сыпатаев ауылы, Қ.Сыпатаев атындағы жалпы орта мектебі
Аудан әкімі А.Мамытбековтың «Ауданның 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2017 жылға алда тұрған міндеттері туралы» және ауыл округі әкімі Ө.Мұхтарханның қорытынды есебі. 23.01.2017 жылсағат      11-00Төрткөл ауылы, «Көкарал» жалпы орта мектебінің мәжіліс залы
2Қарақұм ауыл округіАудан әкімі А.Мамытбековтың «Ауданның 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2017 жылға алда тұрған міндеттері туралы» және ауыл округі әкімі М.Махалұлының қорытынды есебі. 23.01.2017 жылсағат
15-00
Қарақұм ауылы, «Қарақұм» жалпы орта мектебінің мәжіліс залы
3Жеңіс ауыл

округі

Аудан әкімі  А.Мамытбековтың «Ауданның 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2017 жылға алда тұрған міндеттері туралы» және ауыл округі әкімі А.Талдыбаевтың қорытынды есебі. 24.01.2016 жылсағат
11-00
Жеңіс ауылы, Ө.Тұрманжанов атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы
4Бөген ауыл

округі

Аудан әкімі А.Мамытбековтың «Ауданның 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2017 жылға алда тұрған міндеттері туралы» және ауыл округі әкімі Б.Шаметтің қорытынды есебі. 24.01.2017 жылсағат
15-00
Бөген ауылы, Б.Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы
5Шұбар ауыл округіАуыл округі әкімі Қ.Сейітқұлдың 2016 жылы атқарған жұмыстары және 2017 жылға алда тұрған міндеттері туралы есебі.17.01.2017 жылсағат
11-00
Аққойлы ауылы, «Аққойлы» бастауыш мектебі
17.01.2017 жылсағат
15-00
Жусансай ауылы, «Жусансай» жалпы орта мектебі
18.01.2017 жылсағат
11-00
Сарытоғай ауылы, Сарытоғай бастауыш мектебі.
18.01.2017 жылсағат
15-00
Тоқсансай ауылы, Тоқсансай жалпы орта мектебі
Аудан әкімі А.Мамытбековтың «Ауданның 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2017 жылға алда тұрған міндеттері туралы» және ауыл округі әкімі Қ.Сейітқұлдың қорытынды есебі. 25.01.2017 жылсағат
11-00
Шұбар ауылы, №18 колледждің мәжіліс залы
6Шұбарсу ауыл округіАудан әкімі А.Мамытбековтың «Ауданның 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2017 жылға алда тұрған міндеттері туралы» және ауыл округі әкімі А.Абдрахимовтың қорытынды есебі. 25.01.2017 жылсағат
15-00
«Атамекен» жалпы орта мектебінің мәжіліс залы
7Бөржар ауыл округіАуыл округі әкімі С.Жолболдының 2016 жылы атқарған жұмыстары және 2017 жылға алда тұрған міндеттері туралы есебі.17.01.2017 жылсағат
11-00
Жамбыл ауылы, Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебі
17.01.2017 жылсағат
15-00
Бірлік ауылы, «Бірлік» бастауыш мектебі
18.01.2017 жылсағат
11-00
Қалаш ауылы, «Қалаш» бастауыш мектебі
18.01.2017 жылсағат
15-00
Ынтымақ ауылы, С.Ысқақ атындағы жалпы орта мектебі
19.01.2017 жылсағат
11-00
Ықыластемір ауылы, М.Дулати атындағы жалпы орта мектебі
19.01.2017 жылсағат
15-00
Теспе ауылы, «Теспе» жалпы мектебі
20.01.2017 жылсағат
11-00
Қайнар ауылы, М.Әуезов атындағы  жалпы орта мектебі
Аудан әкімі А.Мамытбековтың «Ауданның 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2017 жылға алда тұрған міндеттері туралы» және ауыл округі әкімі С.Жолболдының қорытынды есебі. 26.01.2017 жылсағат
11-00
Ұялжар ауылы, Абай атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы
8Бадам ауыл округіАуыл округі әкімі М.Қонысовтың 2016 жылы атқарған жұмыстары және 2017 жылға алда тұрған міндеттері туралы есебі.17.01.2017 жылсағат
11-00
Ақбұлақ ауылы, «Ақбұлақ» жалпы орта мектебі
17.01.2017 жылсағат
15-00
Қарабастау ауылы, «Қарабастау» бастауыш мектебі
18.01.2017 жылсағат
11-00
Ордабасы ауылы, «Ордабасы» жалпы орта мектебі
18.01.2017 жылсағат
15-00
Дербес ауылы, С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебі
19.01.2017 жылсағат
11-00
Мамыр ауылы, Бадам ауыл округі әкімі аппараты ғимараты мәжіліс залы
Аудан әкімі А.Мамытбековтың «Ауданның 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2017 жылға алда тұрған міндеттері туралы» және ауыл округі әкімі М.Қонысовтың қорытынды есебі. 26.01.2017 жылсағат
15-00
Бадам ауылы, С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі
9Қажымұқан ауыл округіАуыл округі әкімі елді мекендерде С.Утебаевтың 2016 жылы атқарған жұмыстары және 2017 жылға алда тұрған міндеттері туралы есебі.17.01.2017 жылсағат
11-00
Қызылсеңгір, Боралдай ауылдары, Н.Оразбаев атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залы
17.01.2017 жылсағат
15-00
Көктөбе, ауылы, Н.Нысанбайұлы атындағы  жалпы орта мектебінің мәжіліс залы
18.01.2017 жылсағат
11-00
Қажымұқан ауылы, С.Ысмайылов атындағы жалпы орта мектебі
18.01.2017 жылсағат
15-00
Аманкелді ауылы, Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебі
19.01.2017 жылсағат
11-00
Ынталы ауылы, К.Бектаев атындағы жалпы орта мектебі
Аудан әкімі А.Мамытбековтың «Ауданның 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2017 жылға алда тұрған міндеттері туралы» және ауыл округі әкімі С.Утебаевтың қорытынды есебі. 27.01.2017 жылсағат
11-00
Темірлан ауылы, «Кәусар» гимназиясының мәжіліс залы
10Қараспан ауыл округіАуыл округі әкімі Қ.Зиябектің 2015 жылы атқарған жұмыстары және 2016 жылға алда тұрған міндеттері туралы есебі.17.01.2017 жылсағат
11-00
Батырата ауылы, І.Есенберлин атындағы жалпы орта мектебі
17.01.2017 жылсағат
15-00
Берген ауылы, К.Омаров атындағы жалпы орта мектебі
18.01.2017 жылсағат
11-00
Көлтоған ауылы, Е.Ерназаров атындағы жалпы орта мектебі
18.01.2017 жылсағат
15-00
Төреарық ауылы, «Тәукехан» атындағы жалпы орта мектебі
19.01.2017 жылсағат
11-00
Мақташы ауылы, «Мақташы» жалпы орта мектебі
19.01.2017 жылсағат
15-00
Сарыарық ауылы, Ә.Махамбетов атындағы мектебі
20.01.2017 жылсағат
11-00
Ақжол ауылы және Жаңа тұрмыс «Жамбыл» жалпы орта мектебі
20.01.2017 жылсағат
15-00
Жұлдыз Мәдениет, Ынтымақ Ақпан Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебі
Аудан әкімі С.Сапарбаевтың «Ауданның 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2017 жылға алда тұрған міндеттері туралы» және ауыл округі әкімі Қ.Зиябектің қорытынды есебі. 27.01.2017 жылсағат
15-00
Қараспан ауыл округі әкімі аппаратының мәжіліс залы
11Аудан әкімі А.Мамытбековтың «Ауданның 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2017 жылға алда тұрған міндеттері туралы»  қорытынды есебі. 03.02.2017 жылсағат
11-00
Темірлан ауылы, аудандық мәдениет үйі 

Аппарат басшысы А.Оралбаев

04.01.2017

Аудан және ауыл округі әкімдерінің есеп беру кездесуіндегі тұрғындардың ұсыныстарын, ескертулерімен пікірлерін жинау үшін белгіленген жерлерде ақпарат жинауға арналған жәшіктердің ауыл округтеріндегі орналасқан орындары

Ауыл округі атауыЖәшіктердің орналасқан орны
Төрткөл ауыл округіТөрткөл ауылы, Д.Қонаев көшесі №5 үй, Әкімшілік ғимараты
Шұбар ауыл округіШұбар ауылы, Қ.Сырғабай көшесі №5 үй, Әкімшілік ғимараты
Шұбар ауылы, О.Жандосов көшесі №8,18 колледжінің ғимараты
Қараспан ауыл округіҚараспан ауылы, Бимырза көшесі №6 үй, Әкімшілік ғимараты
Бөржар ауыл округіҰялыжар ауылы, Төлеби көшесі №1 үй, Әкімшілік ғимараты
Бадам ауыл округіБадам ауылы, Ә.Шопақүлы көшесі №1А үй, Әкімшілік ғимараты
Шұбарсу ауыл округіШұбарсу ауылы, Д.Қонаев көшесі, Шұбарсу мектебінің ғимараты
Шұбарсу ауылы, Атамекен алабы, Атамекен мектебінің ғимараты
Жеңіс ауыл округіЖеңіс ауылы, С.Қожанов көшесі №14 үй, Әкімшілік ғимараты
Жеңіс ауылы, Ә.Жәнібеков көшесі, нөмерсіз үй, Тұрманжанов атындағы мектебінің ғимараты
Қарақұм ауыл округіҚарақұм ауылы, Қажымұқан көшесі №19 үй, Әкімшілік ғимараты
Қажымұқан ауыл округіҚажымұқан ауылы, С.Ысмайлов атындағы мектебінің ғимараты
Ынталы ауылы, Қ.Бектаев мектебінің ғимараты
Темірлан ауылы, Әзімбаев көшесі №30, Кәусар гимназиясының ғимараты
Көктөбе ауылы, Н.Нысанбаев атындағы мектебінің ғимараты
Амангелді ауылы, Ғ.Мұратбаев атындағы мектебінің ғимараты
Бөген ауыл округіБөген ауылы, М.Әуезов көшесі №30 үй, Б.Кенжебаев атындағы мектебінің ғимараты

Аппарат басшысы                                       А.Оралбаев

04.01.2017

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабы 6) тармақшасына және  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 бұйрығымен бекітілген мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларының 5, 8 тармақтарына сәйкес Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 тіркелген, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ауыр жұмыстарды, еңбек   жағдайлары  зиянды,   қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға:

1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

2) жүзден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

3) екі жүз елуден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде  мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

  1. «Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны Ордабасы ауданының аумағында таратылатын мерзімді  баспа басылымында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2) осы қаулыны Ордабасы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Сәдірмекке жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі                                              А.Мамытбеков

01.01.2017

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының он бесінші қадамы

«100 нақты қадам» бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі бағдарламаның он бесінші қадамы 2017 жылы іс басындағы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізуді қарастырады.

Аттестациялау рәсімдерін өткізу мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік қызметшілердің шын әлеуетін анықтау мақсатын бағытталған аса маңызды шара.

Төмендегілерді  қоспағанда, аттестацияны  «Б»  корпусының  қызметшілері  өтеді:

1) аттестациядан өткізу уақытында, зейнеткерлік жасына дейін екі жыл немесе одан аз уақыт қалған  «Б» корпусының қызметкерлері.

2) жүктілігі және тууына  байланысты  демалыстағы, сондай-ақ балаға күтім жасау  бойынша демалыстағы «Б» корпусының қызметшілері;

3) жүкті әйелдер, үш  жасқа дейінгі балалары бар әйелдер, он  төрт  жасқа дейінгі (он сегiз жасқа толмаған мүгедек бала) тәрбиелеп отырған жалғыз басты аналар, көрсетілген санаттағы балаларды анасыз  тәрбиелеп отырған  басқа да тұлғалар;

4) аттестаттация кезінде, алты айдан кем мемлекеттік қызмет өтілі бар әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға алғаш рет тағайындалған тұлғалар;

5) «А»  корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметінің кадрлық резервінде тұрған, «Б» корпусының қызметшілері.

Аттестациядан өткізу кестелерін мемлекеттік органдар 2017  жылдың  5  қантарына  дейін, мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органмен келісе отырып, бекітеді.

Мемлекеттік қызметшілерге жыл сайынғы еңбек демалысын беру, іс-сапарларға жіберу, тағылымдамалар, сондай-ақ біліктілікті арттыру мен қайта даярлау курстарына жіберу, аттестациядан өткізу кестесін ескере отырып жүзеге асырылады. «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің ішкі конкурстарға қатысулары, сондай-ақ олардың ауысу тәртібімен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға тағайындаулары, тиісті аттестаттау комиссиясының шешімі қабылданған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Бұл талап, уақытша бос лауазымдарға тағайындалған тұлғаларға қолданылмайды.

Аттестаттация кезінде оқу демалысында, жалақысы сақталмайтын демалыста, ұзақ сапарда немесе науқастануына байланысты, сондай-ақ халықаралық және өзге де ұйымдарға іс-сапарға жіберілген мемлекеттік қызметшілер, жұмысқа шыққаннан соң алты ай мерзімде 2017 жылдың соңына дейін аттестациядан өтеді.

29.12.2016

Төрткөл ауыл округі әкімі Ө.Мұхтарханның «Төрткөл ауыл округінің 2016 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2017 жылғы алда тұрған міндеттері туралы» ауыл округі тұрғындары алдында есепті баяндамасы

Ауыл округіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты деген негізгі көрсеткіштермен алдағы міндеттерге тоқталып өтсем.

 

Бюджеттік-салықтық саясат

     2016 жылы Төрткөл ауыл округі әкімі аппаратына  бюджеттен қаралған    101,2 млн   теңгенің  96,25 млн теңгесі игерілді, 4,950 млн үнемделген қаржы.

    Жалпы салықтардың түсімі бойынша жер салығы жоспары 968 мың теңгенің орнына 992,975 мың теңге түсіп, 100,6 пайызға, мүлік салығы жоспары 1,302 млн теңгенің орнына 1,353 млн теңге түсіп, 100,3 пайызға  көлік салығы жоспары 6,831 млн теңгенің орнына 6,900 теңге түсіп, 100 пайызға орындалды.

   Жергілікті өзін-өзі басқару функциялары бойынша- Жеке және заңды тұлғалардың ерікті алымдары жоспар-334,0 мың теңгенің орнына-374,0 мың теңге түсіп, жоспар 112 пайызға, сыртқы /көрнекті/ жарнаманы орналастырғаны үшін жоспар-16,0 мың теңгенің орнына- 20,0 теңге түсіп, жоспар 125 пайызға, меншікті жалға беруден түсетін кірістер жоспар-37,0 мың теңгенің орнына- 45,0 мың теңге түсіп, жоспар 121 пайызға, төлем көзіне салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы жоспар-484,0 мың теңгенің орнына 1,558млн түсіп  322 пайызға орындалды.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының егін саласы бойынша 5 млрд. 849 млн.  теңгенің өнімі өндірілді.

        2016 жылы егілген ауылшаруашылық дақылдары-9961 га, оның ішінде: Мақта  5130 га, бақша 400 га, көкөніс 600 га, күнбағыс 700 га, картоп 30 га, жүгері 800 га, жоңышқа жаңа  901 га,  ескі жоңышқа  1300 га, бидай 100га, айдалған пар-100га, игерілмеген жер-270га. Барлық өнімдер жиналып орташа 1 гектарына  жүгері-45цн, мақта-25цн, күнбағыс-15цн, көкөніс-310цн, бақша-240цн, картоп-190цн, жаңа жоңышқа-85цн, ескі жоңышқа-91цн, бидай-50цн жалпы өнім 5мрд 849 млн теңгені құрайды.

«Агроөнеркәсіп кешенін 2011-2015 жылдарға дамыту бағдарламасы» аясында қабылданған үш жақты келісім шарттың орындалуын баяндап өтсем.

Ауылшаруашылық жерлерді терең қопсыту тапсырмасы:  2016 жылы «Төрткөл агро» АШӨК   280 мың теңгеге терең қопсытуға  арналған соқа алып 1680 га жер айдалып, жоспар 112 пайызға орындалды. 2016 жылдың 12 мамырында  ауылшаруашылық саласы бойынша жерді терең қопсытудың тиімді жағы туралы  «Рамазан агро» ЖШС-нің егістік алқабында облыстық семинар өткізілді.

Жеңілдетілген минералды тыңайтқыш: Ауыл округі бойынша 2016 жылы жылдық жоспар- 2670тн, алынғаны-2486 тн.

Жанар – жағар май:  2016 жылы жылдық жоспар -960тн, алынғаны-810тн.

Ірілендіру тапсырма орындалуы-  Ауыл округінде 1105 ұсақ шаруалар 5 ірі СТК шаруашылыққа іріленді. «Жәрдем» СТК 866  шаруашылық, «Өркендеу» СТК 106 шаруа қожалық, «БАҚ» СТК 12 шаруа қожалық, «Нұр Әділет» СТК  56 шаруа қожалық, «Көмек 2030» СТК 47 шаруа қожалық, ЖШС – 7, ӨК – 5, «Төрткөл агро» АШӨК-1, барлығы әділет басқармасына тіркелген. Барлығы 100 пайызға іріленген.              

Техникаларды жаңарту тапсырмасының орындалуы – 2016 жылдық жоспар  10-дана,  жалпы саны 10  техника алынды. Атап айтқанда: Беларус доңғалақты трактор-2 дана, шөп баулағыш-2 дана, чизель-1 дана, сеялка-3 дана, доминатор-2 дана барлығы 10 дана.

Ірі қара мал шаруашылығында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2016 жылы нақты 210 (тапсырма 150) бас аналық және 7 (тапсырма 5) бас асыл тұқымды бұқа алынып, тапсырма 140 пайызға орындалды.

«Құлан» бағдарламасы- тапсырма 1 бас асыл тұқымды жылқы, орындалуы 0 пайыз.

«Алтын асық» бағдарламасы 400 пайызға (тапсырма 5 бас  асыл тұқымды қошқар, нақты 20 бас асыл тұқымды қошқар) орындалды. Оның ішінде «Құдияр ата» шаруашылығы Бөржар ауыл округі «Сабыр» шаруа қожалығынан  20 асыл тұқымды қошқар алып,  600 бас аналық қойын асылдандырып жұмыс жасауда.

         Шағын құс фермаларын ашу: Төрткөл ауылы тұрғыны Омар Арыстан ауласынан шағын құс фермасын ашып, 400 тауық асырауда.

 

Табынға асыл тұқымды бұқа алу тапсырмасы- Жоспар 3 бас асыл тұқымды бұқа 100 пайызға орындалды. Атап айтқанда жеке кәсіпкер М.Избасаров 3 бас «Ақ бас» асыл тұқымды бұқа алды.

Округ бойынша 3 бірлік 10-15 бастық жанұялық фермалар іске қосу тапсырылып, 3 бірлік 10-15 бастық жанұялық фермалар жеке азаматтар іске қосып, жұмыс жасауда. (100 пайызға орындалған).

2014-2016 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылы 10-15 басқа арналған 45 мал бордақылау алаңдарын ашу тапсырмасы беріліп,  45 мал бордақылау алаңдары ашылып тапсырма 100 пайызға орындалды. Оның ішінде 7 азамат ауылшаруашылық қаржылай қолдау қорынан 18,5 млн теңге несие алып жұмыс жасауда. Қалған 38 азамат өз қаражаты есебінен мал бордақылауда.

Ірі қара малдарды қолдан ұрықтандыру бағытында жоспарланған 1065 бас ірі қара малдың 1071 басы қолдан ұрықтандырылып, тапсырма  100,6 пайызға орындалды.   

 

ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ

   Эпизоотияға қарсы іс-шаралар: Көктемде 10067- ірі қара, жылқы, түйе  бүркілді, 33585-уақ мал тоғытылды және 229183 шаршы метр  жер өңделді. Конго Қырым қанды қызбасына қарсы санитарлық қорғау аймағы 300000 ш/м жер өңделді және де шегірткеге қарсы 210 га алқап химиялық дәрілер шашылып,өңделді.   Күзде 10414- ірі қара мал бүркілді, 34210-уақ мал тоғытылды және 229183 шаршы метр  жер өңделді.

Аудан тұрғындарын құтыру ауруынан қорғау мақсатында 2016 жылы ауыл округі бойынша  қаңғыбас 512 ит, 10 мысық жойылды.  

Көктемде 10067- ірі қара, жылқы, түйе  бүркілді, 33585-уақ мал тоғытылды және 229183 шаршы метр  жер өңделді. Конго Қырым қанды қызбасына қарсы санитарлық қорғау аймағы 300000 ш/м жер өңделді және де шегірткеге қарсы 210 га алқап химиялық дәрілер шашылып, өңделді.   Күзде 10414- ірі қара мал бүркілді, 34210-уақ мал тоғытылды және 229183 шаршы метр  жер өңделді.

    Округте 1-мал дәріханасы, 2-мал тоғыту ваннасы, мал өлексесін тастайтын  1-шұңқыр,  2-қолдан ұрықтандыру пункті жұмыс жасауда.

 

ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ

     Төрткөл елді мекенінде тоқтап қалған «Евразия» мақта зауытын келісім шартпен «Нұр агро-73» ЖШС-гі 2015 жылы іске қосып, биыл жеке меншігіне алып, жұмыс жасауда, оған жергілікті тұрғындардан 300 адам жұмысқа тартылды. Өндіріліген өнімділігі 2017 жылы  1 тоқсанда белгілі болады.

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ

     Төрткөл ауылының жеке кәсіпкерлер 2 автокөлік жуу /4 бокс/ ашып 4 адамда жұмысқа тартты. 1 жанар-май бекетін ашылып,       3 адам жұмысқа тартылды және «АРГОС» ЖШС-гі газ құю бектін ашып 2 адамды жұмысқа тартты. 1 сауда орталығы ашылп, 2 адамды жұмысқа тартты. 1 тойхана ашылып, 3 адам жұмысқа тартылды. 1 тамақтану орнын қайта жаңартып, кіші банкет залын ашты.

 

ИНВЕСТИЦИЯ

Инвестиция тарту:  «Төрткөл несие» ЖШС-гі арқылы  34 ш/қожалыққа 152 млн 940 мың теңге, «Ырыс» ШНҰ арқылы 50 ш/қ  49 млн 248 мың  теңге,  «Түркістан» КМФ арқылы     176 азаматқа 143 млн теңге,  «Рамазан Агро» ЖШС арқылы 207 ш/қ       217 млн  теңге, «Яссы Груп»  ЖШС 190 ш/қожалыққа 20млн 400 мың теңге  несие таратылды.

 

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ

   Төрткөл мәдениет үйіне  2020 бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 11млн 200мың теңге бөлініп, ағымдағы жөндеуден өтіп, қоршауы жасалды.

      «Төрткөл» жалпы орта мектебінің бастауыш мектебі ғимаратын күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 2015 жылға 36млн 277 мың теңге, екінші кезеңге 2016 жылға  50млн 32 мың теңге бөлініп, толығымен бітті.

 

КОММУНАЛДЫҚ САЛА

Ауыз су: Ауыл округі бойынша 10 елді мекеннің 6-ы құбырлы ауыз сумен қамтылған (халықтың 84 пайызы), 3 елді мекен «Омега» су тазартқыш арқылы (халықтың 9 пайызы). 1 елді мекен құдық суын пайдаланады (халықтың 9 пайызы).

Спатаев ауылының ауыз су жүйелерінің құрылысына 2017 жылға 113 млн теңге қаражат қаралған.

Жол жөндеу:   Төрткөл ауылындағы Ақберді көшесі   аудандық бюджеттен 4 млн 800    теңгеге орташа жөндеуден /асфальттау/    өтті. Қызылжар ауылындағы Төребек көшесі аудандық бюджеттен 7млн 200 мың теңгеге орташа жөндеуден /асфальттау/ өтті. Төрткөл ауылындағы  Бейбітшілік қөшесі “Өңірлерді дамыту” бағдарламасы 12млн 572мың теңгеге  орташа жөндеуден /асфальттау/ өтті.

Көріктендіру, абаттандыру: Төрткөл мәдениет үйінің, саябақтың қоршауын жүргізуге аудандық бюджеттен 312,0 мың теңге қаралып, жұмыстар толығымен аяқталды.

Елді мекендерде санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуге-225,0 мың теңге қаралып, тазалық жұмыстары толығымен жүргізілді.

 

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

–  Атаулы әлеуметтік көмек алатын  2 отбасы 12 адамға  266100 теңге тағайындалды.

– 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы  136 отбасыға    

   608  балаға   10млн 185 мың  теңге тағайындалып, төленді.

–   Бес  І-топ мүгедектеріне жеке көмекшінің қызметі көрсетілуде.

–   4 мүгедекке оңалту орталығына жолдама берілді

–   Мүгедектерге 12 қоларба, 38 адамға памперс берілді.

–   Демалыс, сауықтыру «Ардагерлер» үйіне 13 адамға және «Мейір» демалыс үйіне демалысқа 23 адамға жалпы 36 жолдама берілді.

–  1 адамға есту аппараты, тифлотехникалық құрылғы-5 адамға, сурдо техника-1 адамға берілді.

– Мүгедектерге арналған санаторияға 15 адамға жолдама берілді.

 

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасы бойынша

Бірінші бағыт- Әлеуметтік жұмыс орындарына 15 азамат тартылып, жоспар 88 пайызға орындалды.

Екінші бағыт «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамытуға»   7 азаматқа  18,5 млн теңге несие беріліп, жоспар 86 пайызға орындалды.

Қайта даярлау бойынша 2 азамат оқып, сертификатын алды.

Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде жаңа және бос жұмыс орындарының жұмыспен қамтылуы бойынша– 132 азамат жұмыспен қамтылды.

Жастар практикасын ұйымдастыру бойынша- 15 азамат жастар практикасына қабылданып, жоспар 100 пайызға орындалды.

 

БІЛІМ САЛАСЫ

        Мектеп, балабақша жағдайы туралы: Төрткөл ауыл округі бойынша  7 – жалпы орта, 3 – бастауыш мектептер бар. Төрт мектеп типтік, қалған алты мектеп ыңғайластырылған. Ауыл әкімінің есебінде ауыл тұрғындарының үйірме ашу туралы ұсынысы бойынша Төрткөл ЖОМ-де техникаға баулу, еңбек, домбыра, тарихи өлке тану, спорттың волейбол түрінен үйірмелер ашылып, жұмыс жасалуда.

Балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту:

Бір мемлекеттік «Самал» балабақша, үш жеке меншік «Барысхан», «Ерке-Нұр», «Береке» бала бақшалары бар.  Көкарал ж.о.м  2 – топ , Спатаев ж.о.м  2 – топ және Қызылжар ж.о.м   2 – топ шағын балалар орталығы жұмыс жасауда.

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ

       ФАП, аурухана жағдайлары: Аумақта 21 – орындық 1 ауылдық аурухана,                 1 – емхана, 1-жедел жәрдем бекеті, 5 – ФАП, 3 – ФП емдеу мекемелері халыққа қызмет көрсетеді.

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ

Төрткөл ауыл округінде 1 мәдениет үйі, 1 клуб, 5 кітапхана жұмыс істейді. 2016 жылы 11 айында Төрткөл мәдениет үйінде  30  іс- шара ұйымдастырылды.  Қамтылған көрермендер саны 5850  адам. Төрткөл кітапханасының қоры-7472, оқырмандар саны-2682,  55  іс- шара өткізілді.

 

СПОРТ САЛАСЫ

Спорттық іс шаралар 16 рет өткізілді. Қатысқан спортшылар-3095  адам. 2016 жылы  1 спорт алаңшасы,   1 балалар сая бағы, 1-жастар аллеясы,  1-спорт кешені ашылды. Атап айтқанда: Төрткөл ауылында мектеп бітіруші түлектердің ұйымдастыруымен орталық саябақтан балалар саябағы, кіші футбол алаңы ашылып, наурыз айында пайдалануға берілді және Төрткөл ауылы заканалдан жастар аллеясы салынып, халық пайдалануда. Қызылжар ауылының мектеп бітірген 20 жылдық түлектердің өз қаражаттарымен спорт алаңы мен спорт зал ғимаратын салдып, пайдалануға берілді. Төрткөл ауылының жеке кәсіпкері Бекболат Жәнібек  1 стол теннис клубын ашты.  Қызылжар спорт кешенінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл аясында, балаларды қорғау мерекесіне орай 29 мамыр айы мен 02 маусым айы аралығында спорттың бокс түрінен облыс аралық жасөспірімдер арасында жарыс өткізілді. Төрткөл орта мектебінде ҰОС ардагері Қалдыбаев Паланның атында спорттың волейбол түрінен облыс көлемінде жарыс өтті.

 

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ ЖӘНЕ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС

 Ауыл округінде  5 мешіт  жұмыс жасайды, барлығы әділет басқармасына  тіркелген Мешіттерде қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Тұрғындар арасында қандайда бір келеңсіздіктердің орын алу жағдайы тіркелмеген. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын тұрғындар арасында түсіндіру мақсатында ақпараттық-насихаттық  жұмыстар жүргізілуде.

    Ауданымыздағы жастар орталығынан Төрткөл ауыл округіне 1 штат берілген. Қазіргі жастар мен бірлесе отырып атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Тазалық жұмыстарына, көріктендіру көгалдандыру жұмыстарына атсалысуда.

 

ҚЫЛМЫС, СЫБАЙЛАС  ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ

      Қылмыс саны :  2016 жылдың  12 айында жасалған қылмыс –52,  ашылғаны – 32 ашылмағаны – 20.

     Қылмыстың, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарлып жатқан жұмыстар:  Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында  Төрткөл ауыл округі әкімі аппараты  мекемелермен, ауыл тұрғындарымен, қоғамдық ұйымдармен  12 рет кездесу жиналысы, дөңгелек үстелдер өткізілді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары тұрақты жүруде.

 

ҰСЫНЫС ПІКІРЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ

Ауыл округі әкімінің 2015 жылы атқарған және алда тұрған міндеттері туралы есебінде 17 азаматтан 18 ұсыныс-пікірлер түскен. 11 айда 15 ұсыныс-пікірлерге жауабы беріліп оның ішінде 16 шешімін тапты, 2 жұмыс жасалуда./Жайылма ауылындағы аялдама мен Арыстанды ауылындағы қашыру пунктін салу/

2017 жылы атқарылатын міндеттер:

ҚҰРЫЛЫСТАР:

Спатаева ауылының ауызсу құбырын жүргізуге обл.бюджеттен  105млн 103 мың теңге қаралған.

Арыстанды ауылының ауызсу құбырына ЖСҚ жасауға, сараптамадан өткізуге обл.бюджеттен 289 мың теңге қаралған.

ЖОЛДАР ЖӨНДЕУГЕ

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Төрткөл ауылындағы С.Мұханов көшесін орташа жөндеуден өткізуге 6млн 770 мың теңге қаралған.

Аудандық бюджеттен: Елшібек батыр ауылы, Нұрсейітов көшесін орташа жөндеуден өткізуге 16 млн 180 мың теңге, Еңбекші ауылы,Желтоқсан көшесін  орташа жөндеуден өткізуге 12млн 168 мың теңге, Төрткөл ауылы,Жартыбайұлы көшесін орташа жөндеуден өткізуге 12млн 301 мың теңге, Момышұлы көшесін орташа жөндеуден өткізуге 26млн 56мың теңге,Қызылжар ауылы, Әлімқұлұлы көшесін орташа жөндеуден өткізуге 17млн 952 мың теңге, арыстанды ауылының парасат, Жаңа тұрмыс, Атамұра көшелеріне ағымдағы жөндеуден өткізуге 5млн 501 мың теңге қаралған.

28.12.2016

Қарақұм ауыл округі әкімі М.Махалұлының «2016 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2017 жылғы алда тұрған міндеттері туралы» ауыл тұрғындары алдында есепті баяндамасы

Ауыл округі халқының саны –3688 адам. Халықтың негізгі бөлігін қазақтар 99,4 пайызын, ал өзге ұлттар 0,6 пайызын құрайды.

Елді мекендер саны – 1 ауыл /Қарақұм/. Ауыл округінің орталығы – Қарақұм ауылы, аудан орталығынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан.  

Үй саны – 579.

 

  1. Бюджеттің орындалуы.

Ауыл округі әкімі аппаратына 2016 жылы  қаржыландыру  жоспарына бекітілген  50411    теңгенің  орнына  50352,2   тенгесі игеріліліп 99,9 пайызға орындалды.

Жер салығына жоспарланған220,0 мың теңге нақты 238,5 мың теңге түсіп, тапсырма 108  пайызға орындалды.

Мүлік салығына жоспарланған347,0 мың теңге нақты 340,2 мың теңге  түсіп, тапсырма 112,0 пайызға орындалды.

Көлік салығына жоспарланған2656,0 мың теңге нақты 2656,0 мың  теңге түсіп, тапсырма 100  пайызға орындалды.

Жергілікті өзін-өзі қаржыландыру бағыты бойынша (КСН) тапсырма – 106 мың теңге болса, орындалғаны – 110 мың теңге.

 

  1. Ауыл шаруашылығы саласы.

Жалпы ауыл округінде 21 заңды тұлға мен 340 шаруа қожалығын біріктірген 3 СТК,  2 СПСТК  жұмыс жасайды. Ауыл округінің халқы негізінен егін және мал шаруашылығымен айналысады.

Ауыл диқандары 2016 жылы 400 гектар мақтадан гектарына 25 цн-ден жалпы 1000 тн мақта, 100 га-дан 400 тн жүгері, 50 га-дан 1500 тн картоп, 150 га-дан 3750 тн көкөніс, 200 га-дан 6000 тн бақша, 451 га-дан 3614 тн жүзім,  57 тн жеміс-жидек жинады.

Ауылшаруашылқ мақсатындағы жердің жалпы көлемі 4281 га құрайды (суармалы жер көлемі 2038 га, жайылым 1500 га, көпжылдық қондырғалар 550 га, тыңайған жер көлемі 193 га).

«Агроөнеркәсіп кешенінің 2012-2016 жылдарға дамыту бағдарламасы» бойынша қабылданған үш жақты келісім шарттың орындалуы.

Суармалы жерді игеру тапсырмасы есепті кезеңде 100 пайызға орындалды (2038 га нақты орындалға 2038 га).

Тамшылатып суаруды қолдану әдісімен 40 га орнына 70 га орындалды. (Әділет ЖШС 70 га жүзім алқабы насос арқылы)

Ауыл шаруашылық техникаларын алу, тапсырма -2,  орындалды-2;

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 110 бастың орнына 120 бас;

«Құлан» бағдарламасы бойынша 28 бастың орнына 28 бас алынып, 100% орындалды;  

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша берілген тапсырма 336 басқа 12 бас асыл тұқымды қошқар алынды;

Табынға 1 асыл тұқымыды бұқа сатып алынды;

Шағын мал бордақылау алаңдарын құру бойынша тапсырма -5, орындалғаны-6  

Терең қопсытуға қойылған 534 га тапсырма толық орындалды.

Ауылда коммуналдық меншіктегі 2 канал арқылы ауылшаруашылық жерлері суландырылады.

      Ауылшаруашылық дақылдарын субсидиялауда тапсырма 19897400 теңгеге 185 шаруа қожалығы, 12 заңды тұлға (ӨК, ЖШС) барлығы   19712308 теңгеге құжаттары аудандық ВАК-на өткізіліп, тапсырма 99,1%  орындалды.

Минералды тыңайтқыш 306,0 тн  100% алынды.

130 тн бөлінген жанар-жағармай 130 тн алынды, 100 % орындалды

 

  1. Ветеринария саласы.

Ауыл округінде 1 меңгеруші, 3 мал дәрігері және 1 оператор жұмыс жасайды. Мал басы ірі қара –2144 бас,  қой-ешкі –8132 бас,  жылқы 478 бас, шошқа –10 бас, құс –1266 басты құрайды

Энзоотиялық ауруларға қарсы  жұмыстар толық атқарылып, 2528 ірі қара мал бүркілді, 6714 бас қой-ешкі тоғытылды, қора-жай 57824 ш.м жер өңделіп залалсыздандырылды.

Бүгінгі күнге 262 ит, 9 мысық барлығы 271 қаңғыбас ит, мысық атылды.

ІҚМ қолдан ұрықтандыру тапсырма 439 бас, 434-ке орындалды.

 

  1. Кәсіпкерлік саласы.

       Ауыл округінде  4 азық-түлік дүкені, 1 наубайхана, 3 жем тарту цехы,     1 шаштараз,  электр дәнекерлеу, ағаш ұстаханасы, 2 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасы, 3 мал бордақылау алаңы, сүт өнімдерін өңдеу цехы  жұмыс атқаруда.

2016 жылы   30 бастан жоғары 3 мал бордақылау алаңы іске қосылды.

Ауылға   республикалық, аудандық және жеке кәсіпкерлерден тартылған инвестиция  көлемі 51,3 млн құрады (республикалық, аудандық  бюджеттен жолды асфальттау, аяқжол салу, а/ш техникалары, көкөніс сақтау қоймасы).

 

  1. Көгаландыру, абаттандыру жұмыстары.

Көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына байланысты ауылға кіре берістегі лоток арықтар тазаланып, көрнекті (билборд) панолардың барлығы жаңартылды.

Ойын алаңдары сырланып, ретке келтірілді.

Ауылдағы арнайы жерлерге 4000 түп қара тал көшеттері, жеміс ағаштары отырғызылды.

Санитарлық тазалық бойынша 21 көше қамтылып, күл-қоқыстар алынды. Әр жұма сайын сенбіліктер ұйымдастырылды. Сондай-ақ әр сәрсенбі сайын «Жаса-4» ЖШС-гі келісім шартпен әр үйден шыққан қалдықтарды шығарып, жұмыс жүргізді.

Ауылда орналасқан «Жасыл аймақ» – 8 га, «Жастар» – 2 га саябақтарының мемлекеттік актісі алынып, жоба сметалық құжаттары жасалып, 2017 жылға «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы ұсыныс жасалуда.

2016 жылы республикалық бюджеттен 3 млн теңгеге Сағырбаев көшесі, аудандық бюджеттен 12 млн теңгеге М,Маметова, Ш.Уалиханов көшелері асфальт төселінді. Қажымұқан көшесіне «Жұмаспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 7,3 млн теңгеге аяқжол жасау жұмыстары жүргізілуде.

 

  1. Ауыз су мәселесі.

Ауыл округіндегі 573 тұрғын үй толығымен ауыз сумен қамтылып, тәулігіне 24 сағат су берілуде.

 

  1. Білім беру саласы.  

      «Қарақұм» жалпы орта мектебінде 696 оқушы бір аусымда білім алуда.  

2015-2016 оқу жылында 27 оқушы ҰБТ-ға қатысып, орта балы 74,4 пайызға аудан бойынша    «Қарақұм» жалпы орта мектебі аудан бойынша 16-шы орынға иеленді. 1 оқушы «Алтын белгі» иегері атианды.

      Қысқа дайындық жөнінде жылу қазандықтары жөндеуден өтіп, бүгінгі таңда 308 тонна көмір түсірілді. 2016 жылы аудандық бюджеттен мектепті күрделі жөндеу үшін жоба сметалық құжаттарын жасауға 4 млн теңге бөлінді.  

      «Ақкөгершін» бала бақшасында 7-топта 165 бала  тәрбиеленуде, қысқы маусымға толық дайын 110 тонна көмір түсірілген.

       2017 жылы балабақшаның кәріз жүйелерін жүргізуге аудандық бюджеттен 3,5 млн теңгеге құжаттар өткізілді.  

 

  1. Денсаулық саласы.

Ауыл округінде 1 дәрігерлік емхана халыққа қызмет көрсетуде. Жыл басынан осы кезеңге дейін аса қауіпті жұқпалы аурулар мен топтық бұрқасындар және ана өлімі тіркелген жоқ. Бір мәрте жылжымалы флюрография пункті халыққа қызмет көрсетті.  Қысқы маусымға 138 тонна көмір түсірлді.  2200 ауыл тұрғындарына вакцина егу жұмыстары жүргізілді.  

 

  1. Мәдениет және спорт салалары.

Ауылда 1 кітапхана жұмыс атқаруда.  

Спорт саласы бойынша 12 мәрте түрлі спорттық жарыстар өткізіліп, оған 420 адам қатысты. Барлық атаулы мерекелер жоғары деңгейде аталып өтті. «Ғасырға тең жылдар» аудандық өнер фестивалінен ауылымыз 1-ші орынды иеленді.

 

  1. Халықты әлеуметтік қорғау саласы.         

     Ауыл көлемінде мерекелік және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылып, тиісті деңгейде өткізілуде. 8 Наурыз мерекесіне орай 119 батыр аналарға сый-құрмет жасалып, аз қамтамсыз етілген және жалғызілікті, мүгедек азаматтарға  демеушілер арқылы барлығы 123 адамға 160 мың теңгеге сый-сияпаттар берілді.

      Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына сәйкес 5 аз қамтамасыз етілген отбасыларға 50 мың теңгеге азық-түлік берілді.

     5 еңбек ардагері «Ардагерлер үйі» мен «Мейір» демалыс орындарында демалып қайтты.       

     30-тамыз – ҚР Конституция күніне «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып, ауыл округінде 10 мұқтаж балаларға,  әрқайсысына 10 мың теңгеге киім-кешектер таратылды .

  • 72 отбасы 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемқысын алады.  .

 

  1. Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы бойынша:

 

  • Бос жұмыс орындары бойынша тапсырма – 25, орындалғаны – 25.
  • Қайта даярлау жоспары бойынша 1 адам, орындалғаны 1 адам.
  • Кәсіпкерлік негіздерінде оқыту жоспар 2 адам, орындалғаны 1адам.
  • Жастар практикасы жоспарында 3 адам, орындалған 6 адам.
  • Мүгедектерді жұмысқа орналастыру тапсырма – 2, орындалғаны – 5.

 

  1. Қылмысқа қарсы күрес.

 

     Ауыл округінде 2016 жылы 6 қылмыс тіркеліп, 3-еуі де ашылды, 3-еуі ашылмаған.

     Қылмысты болдырмау және алдын алу мақсатында мал ұрлығын болдырмау, алдын алу жөнінде аудан әкімінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, аудан прокурорының қатысуымен ауыл тұрғындарымен кездесу өткізілді.

     Кешкі уақытта әкімшілік қызметкерлері мен мектеп мұғалімдері бірлесіп, рейд жасап тұрады.

 

  1. Әскери міндеттілік – әскери қызмет мәселесі:

 

     2016 жылы көктемгі мерзімге  әскери қызметке ауыл округінде тізіммен шақырылған жалпы 65 азаматтың 60-ы медициналық сараптамадан өтті. 2 азамат құжаттарын дайындап, әскерге кетті. Күзгі әскерге шақыру бойынша шақырылғаны 70 азамат,  медициналық сараптамадан 73 азамат өтті әскерге кеткені жоқ.

 

  1.   Саяси тұрақтылық.

 

      Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалд: өсім, реформалар, даму» Жолдауы ауыл тұрғындары арасында насихатталуы, ауыл округіндегі ақпараттық насихаттық топтардың жұмыстары негізінде ұйымдастырылды. Жолдауды насихаттауда 3 рет жиналыс өткізіліп, 2 рет «Ордабасы оттары» газетіне мақала жарияланды. Ауыл округі тұрғындары арасында әлеуметтік проблемалық мәселелердің, елдің ынтымағы мен бірлігінің, саяси тұрақтылықтың сақталуы  мақсатында ауылдағы үкіметтік емес ұйымдар «Ардагерлер кеңесі» , «Әйелдер кеңесі», «Қоғамдық кеңес», «Жастар» ұйымы жұмыстар ұйымдастыруда.

 

  1.                                       Іс-құжаттармен жұмыс.

    2016 жылы ауыл округі бойынша кіріс іс-қағаздары-541, шығыс іс-қағаздары-530, қабылданған шешім-6 қабылданған өкім-65, жеке азаматтарды қабылдау-9, арыз-шағым-8 толық қанағаттандырылды.

    2015 жылдың қорытындысы бойынша есеп беру кезінде халықтан 6 ұсыныс түскен болатын. Ол ұсыныстар бойынша тиісті іс-шаралар жасалынып, толығымен орындалды.

     

2017 жылы атқарылатын жұмыстар

  1. Республикалық бюджеттен «Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 3 млн. теңгеге Спатаев көшесін асфальттау жұмысы.
  2. Аудандық бюджеттен 3 млн. 500 мың теңгеге «Ақ көгершін» балалар бақшасының кәріз жүйесінің жұмыстарын жүргізуге.
  3. Аудандық бюджеттен 8 млн. теңгеге ауылдық 150 орындық мәдениет үйінің жобалық сметалық құжаттарын жасау жұмыстарына.
28.12.2016