АУДАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Алкоголь өнімнің түп-нұсқасын тексер!

Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Салық төлеушілердің назарына мынаны жеткізеді: Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті (әрі қарай –Департамент) облыс аумағында салауатты өмір салтын қалыптастыру және алкоголь өнімдерінің көлеңкелі айналымымен күресе отырып, бюджетке түсетін салық және басқа да міндетті төлемдердің түсімін арттыру мақсатында, алкоголь өнімдерінің есепке алу-бақылау маркасының бар болуы мен түпнұсқалылығын шынайылығынлерттеу негізінде, «Вайпонинг» ЖШС-мен 2016 жылдың 1-ші қазанымен 31-ші желтоқсан аралығында, арнайы акция өткізу бойынша  өзара бірлескен меморандум түзілді.

Меморандумның басты мақсаты –«Wipon» бағдарламасы арқылы алкоголь өнімдерінің еспке алу, бақылау маркаларын арнайы тексерулер түрінде,акцияларды жүргізу арқылы, облыс тұрғындары арасында кеңінен насихаттау жұмыстарын жүргізу болып отыр.

Акцияның негізгі мақсаты:

-алкогольдік өнімдердің көлеңкелі айналымымен күресуде азаматтық белсенділікті арттыру;

-салық төлеушілер арасында салықтық тәртіп ті жоғарылату арқылы бюджетке төленетін төлемдердің түсімін ұлғайту;

-көлеңкелі экономика мөлшерін азайту;

-кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті көтермелеу болып табылады.

Сонымен қатар, бұл акциямен халықтың қызығушылығын ынталандыру үшін алдағы уақытта  «Wipon» бағдарламасын жиі қолданған тұтынушыны анықтап, жеңімпаздарды бағалы сыйлықтар және Алғыс хаттармен марапаттау алға қойылған.

Бүгінгі таңда департамент тарапынан , акция өткізудің негізгі тәртібі мен алғышарттарын белгілейтін және акция өткізу барысында туындайтын барлық сұрақтардың жауаптары қамтылған арнайы ереже дайындалып бекітілді. Сондай-ақ, облыс тұрғындарының назарына  «Wipon» бағдарламасын смартфондарға орнату, оны қалай қолдану туралы ақпараттары қамтылған арнайы бейнеролик дайындалып, облыс аумағын ақпараттармен тұтас қамтитын жергілікті «Қазақстан-Шымкент» теле арнасында 2016 жылдың соңына дейін көрсетіледі.

Осыған орай, «Wipon» бағдарламасын аудан тұрғындарына таныстыра отырып, бұл бағдарламаны орнатқан,  акцияға қатысушы әрбір тұлға  алкоголь өнімдерінің есепке алу бақылау маркаларын сканерлеу және марка нөмірі арқылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің дерекқорында болуын тексеруге мүмкіндігі бар. Яғни бұл бағдарламаны смарфонға орната отырып оңай түрде, әр сауда нүктесіндегі алкоголь өнімдерінің түпнұсқалылығын тексеруге болатыны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

 

 

 

 

Шоу бизнес өкілдері де салық төлеуге міндетті!

     Қазіргі уақытта  салық төлеушілер мен бизнес өкілдеріне жасалып жатқан жеңілдіктер мен кепілдіктер сан алуан. Бизнесті жүргізуге және салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін үстіміздегі жылдың бірінші қаңтарынан бастап Салық кодексіне, сонымен қатар, мүлікті жариялауға байланысты заңға да өзгерістер енгізіліп, оның мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылды. Соның нәтижесінде қаншама субъектілер төленбеген салық жауапкершілігінен босатылып, жылжымайтын мүліктерін заңдастыратын құқыққа ие болды.

    Яғни, мемлекет тарапынан жасалып жатқан мұндай жеңілдіктер өткенге кешірім жасау арқылы болашаққа сеніммен қадам басуға зор мүмкіндіктер беріп отырғаны ақиқат. Соған қарамастан, салық төлеуден және мүлкін жария етуден жалтарып, көлеңкелі бизнестің ықпалынан шыға алмай жүргендер әлі де аз емес. Бұл мәселе, әсіресе, әнші, тойшыл және ойыншыл қауымның ішінде кең өріс алып отыр. Олар – мәдениет пен шоу бизнес (асаба, әнші, биші, бейне таспаға түсіруші, суретке түсіруші, продюсерлік орталықтар, салтанатты кештерде  қызмет көрсететін автокөліктер, безендірушілер, музыкалық аппаратта ойнайтын ансамбль және сахналық, ойын сауық кештерді ұйымдастырушылар) саласында қызмет жасайтын тұлғалар. Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылының өзінде 4 тойхананың өзінде асаба, бейне таспаға түсіруші, суретке түсіруші, музыкалық аппаратта ойнайтын ансамбль және сахналық сауық кештерді ұйымдастыру қызметтерін көрсететін жеке тұлғалар жоқ емес және тіркелуді міндет деп санамаған.

ҚР-ның қолданыстағы заңнамаларына cәйкес жыл ішіндегі жеке тұлғаның табысы ең төменгі айлық жалақының 12 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда мұндай тұлға міндетті түрде дара кәсіпкерлік субъек­тісі ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуге тиісті. Өздеріңізге белгілі, биылғы жылы ең төменгі айлық жалақы 22859 теңге болғанын­ ескерсек, 2016 жылы шекті табыс мөлшері 274308 теңге болып отыр. Яғни, жыл ішінде осы мөлшерден астам кіріс тапқан әрбір азамат­  Мемлекеттік кірістер органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс.

Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс  басқармасы аудан, ауыл әкім­дері­нің салық базасын кеңейту­ мақсатында,  әртүрлі қызмет түрлері­мен айналысып, белгілі бір мөлшерде табыс тауып, Мемлекеттік кірістер органдарына кәсіпкер ретінде тір­келмей жүрген тұлғаларды анықтау жұмыстарын жүргізуде. Өздеріңіз күнделікті көріп жүргендей, Ордабасы ауданында жолаушыларды тасымалдау (такси) қызметімен айналысып жүрген тұлғалардың қатары күн санап­ көбею­де. 2013 жылға дейін осы такси қызметі, жүк тасымалдау, басқа да автокөлікпен халыққа қызмет көрсететін тұлғалардан бюджет­ке алым жинауды «Бір жолғы талондар  негізіндегі алымдарды жинау орталығы» Мемлекеттік мекемесі атқарды. Аталмыш мекеме таратылғаннан бергі уақытта автокөліктермен қызмет көр­сететін тұлғалардан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді бюджетке өндіру мемлекеттік кірістер органының  құзыретінде  болып отыр.    Ауданымызда арагідік такси қызметін пайда­ланып тұрамыз. Олардың басым бөлігі мемле­кеттік кірістер басқармасында дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, өз кәсіп­керлігін заңға сәйкес атқаруда. Себебі, ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі  №767 «Автомобиль көлігі мен жолаушыларды тасыма­лдау туралы» қаулысының талаптарына сәйкес жолаушыларды тасымалдау қызметімен айналысушы тұлғалар міндетті түрде мемлекеттік кірістер органдарында мем­лекеттік тіркеуден өту талабы қойылған. Дегенм­ен, ауданда бұл заң талаптарын орындамай, яғни заңсыз такси қызметімен айналысып жүрген тұлғалар бар екендігі Мемлекеттік кірістер қызметкерлерінің әкімшілік полиция қызметкерлерімен бірлесіп жүр­гіз­ген арнайы рейдтер кезінде анықталды. Осындай атқарылған шаралардың нәтижесінде 2016 жылы жеке авто көлік жолаушы тасымалдау қызметін атқаратын тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өтуде.

Ал енді асаба, тойларда өнер көрсететін топқа тоқталатын болсақ, бәріміз тойға барамы­з немесе той жасаймыз. Сол тойларда­ асабаның деңгейіне қарай ақы төлейміз. Жоғары­да айтып өткенімдей, жыл ішіндегі шекті табыс мөлшерінен асатын табыс тап­қан тұлға міндетті түрде МКО-да дара кәсіп­кер субъектісі ретінде мемлекеттік тіркеуден  өтуі  қажет.

Мемлекеттік кірістер басқармасына жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 463 бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау нысаналары және (немесе) құралы тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.

Сыбайлас жемқорлық кеселінен бірде–бір мемлекет айналып өткен емес. Бұл – қоғамдық аса қауіпті дерт, ол мемлекеттің негізін, іргетасын шайқалтып, заңсыздықтарға, әлеуметтік теңсіздіктерге жол ашады, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Ол өз кезегінде биліктің беделіне нұқсан келтіреді, азаматтардың заңды құқықтары мен мүделерін аяқ асты етеді, мемлекеттік мекемелердің қалыпты қызметіне кедергі келтіре отырып әлеуметтік теңдік принциптерінің бұзылуына әкеп соғады.  Көптеген адамның осы тұрғыда қылмысқа барып, қолға түскеннен кейін ғана жасаған әрекетінің жөнсіздігін білетін, сан соғып қалатын кезі жиі кездесуде. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды, әркім қолымен жасағанды мойнымен көтереді.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік бәсекеге қабілеттігін айтарлықтай төмендететіні, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асаыыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне нұсқан келтіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына және заң мен шындыққа, билікке деген сенімін әлсіретеді. Қазіргі таңда мемлекет басшысының бастамасы бойынша басталған әкімшілік және конститутциялық реформаларды іске асыру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл әкімшілік реформалардың мәні мен мазмұны  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталған.

Елбасы жыл сайынғы жолдауларына «Демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес ерекше мәнге ие болды» деп атап көрсеткен. Яғни, бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күрес үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын құқықтарын түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарына қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс қолдану керектігінің нақты жолдарын білулері қажет.  Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіріп, сыбайлас жемқорлықты тоқтатудың халықаралық төжірибесімен барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Осыған байланысты Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы аталған заң талаптарын орындау барысында тиімді күрес жүргізіп келеді деуге болады.

Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдардың немесе оларға теңестірілген адамдардың мынадай әрекеттері игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылар болып табылады. Басқа мемлекттік органдардың, ұйымдардың қызметіне заңсыз араласу; Аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелері шешу кезінде өздерінің қызметтік өкілеттілігін пайдалану;  Мемлекеттік және оған теңестірілген қызметке кірген және онда жоғарылатылған кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беру (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық); Шешімдер әзірлеу мен қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғаларға заңсыз артықшылықтар көрсету; Кімге болса да табыс алуға байланысты кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген ақпарат беру; Жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуі заңдарда көзделмеген ақпаратты олардан талап ету; мемлекеттік қаржы ресурстары мен материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың немесе қоғамдық бірлестіктердің бағалау қорын көру; Аталған тұлғалардың арыз-өтініштерін қараудың және өз құзыретіне кіретін өзге де мәселелерді шешудің заңда белгіленген тәртібін әлденеше рет бұзу;

Жоғары тұрған ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып  мүліктік пайда, игіліктер не артықшылыъқтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтар тарту және өкілеттілігінен тыс қызмет көрсету; Мемлекеттік қызметтерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдардың немесе оларға теңестірілген адамдардың сыбайлас жемқорлық көріністері бар құқық бұзушылықтарды жасауды, егер онда қылмыстық жазаланатын әркеттердің белгілері болмаса, қызметінен төмендетуге қызметінен босатуға немесе мемлекеттік міндеттерді атқарудан өзге де түрде босатуға не заң белгіленген тәртіппен өзге де тәртіптік жаза қолдануға алып келеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асырушы органдар деп барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарөз құзіреті шегінде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті делінген. Сондықтан мемлекеттік қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу, онымен күрес жүргізу басты міндет болып табылады.

23.12.2016

«Чекті талап ет – Жүлде ұтып ал» акциясы

1 қазан мен 15 желтоқсан аралығында «Атамекен»  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен мемлекеттік кірістер комитеті барлық облыста «Чекті талап ет – жүлде ұтып ал»  акциясын электрондық форматта,  көлеңкелі экономикаға қарсы  «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы өткізеді.

Акцияға қатысу үшін кассалық чектерді арнайы бекеттерде ұтыс купонына айырбастау қажет.

Ұтыс купонын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алудың  1 қазаннан  15 желтоқсанға дейін кем дегенде  10 кассалық чекті  тапсырып,  тегін алуға болады.

Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары. Шағым беру тәртібі. Шағымдарды қарау мерзімдері бойынша.

  1.Мемлекеттік қызметтер алу кезінде тегіне,әлеуметтік,лауазымдық және мүліктік жағдайына , жынысына ,нәсіліне,ұлтына,тіліне,дінге көзқарасына,нанымына,тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушілксіз теңдей қол жеткізуге:

2.Көрсетілетін қызметті берушіден мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда алуға:

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты 1414 байланыс телефоны арқылы Бірыңғай байланыс орталығына хабарласып қызметтерді көрсету орындардағы стендтерден,сайттардан,электронды үкімет веб-порталынан алуға болады.

3.Мемлекеттік қызметтердің нақты тәртібі,мерзімдері мен нәтижелері көрсетілген стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік   қызметтерді алуға.

4.Мемлекеттік қызметтеркөрсету сапасына арттыру мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылауға қатысуға.

5.Орталық мемлекеттік органның,облыстың жергілікті атқарушы органның,сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының,Мемлекеттік корпарацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне,әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шағымдануға.

6.Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында бұзылған құқықтарды,бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқығы бар.

– Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе,шетелдіктер,азаматығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғалармен тең жағдайда алады.

Шағым беру тәртібі.

 Төмендегілерге байланысты мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда:

1.Мерзімдері бұзылғанда;

2.Негізсіз бас тартылғанда;

3.Стандартпен қаралмаған қосымша құжаттарды талап еткенде;

4.Қызметкер әдеп тәртібін сақтамаған жағдайда қызмет алушы төмендегі орындарға шағым бере алады;

  • Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарында көрсетілген мекен-жайлар бойынша орталық мемлекеттік органға,жергілікті атқарушы органға,қызмет көрсетушіге,Азаматтарға арналған үкімет,Мемлекеттік корпарациясына;
  • Мемлекеттік қызмет істер жөніндегі органға және оның аумақтық департаменттеріне;
  • Ашық үкімет порталының Ашық диалог платформасында (dialog.gov kz)
  • Электронды үкімет веб-порталының электронды мекен-жайына (www egov kz).Толық ақпаратты www egov kz /cms/ru/services/citizen-and-the govemment/e-app алуға болады.

Шағымдарды қарау мерзімі.

 1.Орталық мемлекеттік органның,жергілікті атқарушы органның қызмет көрсетушінің,Мемлекеттік корпарацияның атына келіп түскен қызметті алушының шағымы оны тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

2.Мемлекеттік қызмет істер жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық департаменттерінің атына келіп түскен қызметті алушылардың шағымы оның тіркелген күнен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

3.Мемлекеттік қызмет істер жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық департаменттерінің орталық мемелекеттік органның,жергілікті атқарушы органның шағымды қарау мерзімі:

1).шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

2).қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады;

4.Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілген қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып,шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым қағаз электронды берілген кезде) хабарлайды.

Шағымды қарау нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдануға құқылы.

23.12.2016

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 12-VІ ҚРЗ

Салық кодексінің 14, 20, 77, 557 и 627 баптарына өзгерістер енгізілді. Мәселен, шетелден қаржы алатын азаматтық және заңды тұлғалар бұдан былай мемлекеттік кірістер органдарына есеп беруге міндеттеледі. Осыған орай,Қазақстан әлемдегі дамыған 30 елдің стандарттарына көше отырып, шетелдік қаржыландыруға қатысты салық бақылауын кеңейтуді көздеп отырғанын жеткізді. Еліміздің әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру тұжырымдамасын жүзеге асыру бағдарында ел ішінде саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңаруларға қолайлы жағдай туғызу, халықаралық қауымдастықта ұлттық мүддемізді қорғау басты басымдықтарымыздың бірі болып қалмақ. Осы орайда, жаңа заңның қабылдануы алға қойған мақсат-мұраттарымызды іске асыруда міндетті қадамдардың бірі болып табылады.

14-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылды.
      «1-1. Тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері:
1) ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алушының қызметі:
заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;
қоғамдық пікірге сауалнамаларды, әлеуметтанушылық сауалнамаларды (коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірге сауалнамалар мен әлеуметтанушылық сауалнамаларды қоспағанда) зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға;
аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталған жағдайда, салық органдарын уәкілетті орган белгілеген мөлшерден аспайтын мөлшерде шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде хабардар етуге;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген жағдайда, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді салық органдарына ұсынуға міндетті.
Осы тармақта көзделген талаптар:
1) мемлекеттік мекемелерге;

2) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, Қазақстан Республикасының Парламенті және мәслихаттар депутаттарына (өз қызметін босатылмаған негізде жүзеге асыратын мәслихаттар депутаттарын қоспағанда), әскери қызметшілерге, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне;
3) екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру ұйымдарына;
4) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, мониторингке жататын ірі салық төлеушілерге;
5) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен халықаралық мектептерге;
6) адвокаттық, нотариаттық қызметті, жеке сот орындаушыларының, медиаторлардың, төрешілердің, бағалаушылардың, аудиторлардың қызметін жүзеге асыруға байланысты алынған ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
7) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне;
8) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне, сондай-ақ олардың қызметкерлеріне;
9) спорттың ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлерін дамытуға, дене шынықтыру мен спортты қолдауға және ынталандыруға бағытталған, сондай-ақ спорттық іс-шараларды, оның ішінде халықаралық спорттық жарыстарды, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
10) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
11) емделудің ақысын төлеу немесе сауықтыру, профилактикалық рәсімдерден өту мақсатында алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
12) сыртқы сауда келісімшарттары бойынша пайда түрінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
13) халықаралық тасымалдарды ұйымдастырғаны және жүзеге асырғаны үшін, халықаралық пошта байланысы қызметтерін көрсеткені үшін алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшарттар шеңберінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
15) төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалғанын растайтын құжаттар болған кезде, төлем көзінен бұрын осындай салық салынған дивиденттердің, сыйақылардың, ұтыстардың сомаларына;
16) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де жағдайларға қолданылмайды.
1-2. Осы баптың 1-1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалар шет мемлекеттердің, халықаралық және шетелдік ұйымдардың, шетелдіктермен азаматтығы жоқ адамдардың қаражаты есебінен жариялайтын, тарататын және (немесе) орналастыратын ақпарат пен материалдарда тапсырыс берген тұлғалар туралы мәліметтер, ақпарат пен материалдардың шет мемлекеттердің, халықаралық және шетелдік ұйымдардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қаражаты есебінен дайындалғаны, таратылғаны және (немесе) орналастырылғаны туралы нұсқау қамтылуға тиіс.»;


      Сонымен қатар аталған Заңның 77 бабында «Салық тіркелімі – салық төлеушінің (салық агентінің) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақша және (немесе) мүлік туралы, сондай-ақ осы Кодекстің 14-бабының 1-1-тармағына сәйкес көрсетілген ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жұмсауы туралы мәліметтерді қамтитын құжаты.»;
4-тармақтың 7) тармақшасындағы «қызметтері жөніндегі ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.» деген сөздер «қызметтері;»  деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылды.
«8) шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу жөніндегі, сондай-ақ көрсетілген ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жұмсау жөніндегі ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.»;
4-1-тармақтың 4) тармақшасындағы «алу бойынша ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.» деген сөздер «алу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылды.
«5) шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу, сондай-ақ көрсетілген ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жұмсау бойынша ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.»;

 

   6) 581-баптың бірінші бөлігінде:
«1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банктік шоттардан, бейрезидент заңды тұлғалардың, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттарынан, шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарынан, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банктік шоттардан, нотариус депозиті шарттарында ақшаны есепке жатқызуға арналған ағымдағы шоттардан, эскроу-шоттардан басқа, бейрезидентті қоса алғанда, салық төлеуші заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдік пен азаматтығы жоқ адамға банктік шоттар ашу кезінде уәкілетті органды олар ашылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, хабарлардың кепілдікпен жеткізілуін қамтамасыз ететін телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы, көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы хабардар етуге міндетті.»;
3) тармақшаның екінші бөлігіндегі, 3-1) тармақшаның екінші және үшінші бөліктеріндегі «құжатының акцептінен» деген сөздер «құжатын орындаудан» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 609-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылды.
      «2) салық төлеушінің (салық агентінің) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның банктік шоттары бойынша (корреспонденттiк шоттарын қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтата тұру;»;
   8) 615-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылды
«Осы тармақтың ережелерi Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызметі, сақтандыру қызметі, атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі, зейнетақымен қамсыздандыру, төлемдер және төлем жүйелері, міндетті әлеуметтік сақтандыру, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру, инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндiрiп алуға жол берiлмейтiн банктік шоттарға қолданылмайды.»;

 

     
      165-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылды.
«Осы тармақтың ережелері банк берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын, көрсетілген қарыздың өтелмеген негізгі борышы мөлшеріндегі ақша сомасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру, банктер және банктік қызметі, сақтандыру қызметі, атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі, төлемдер және төлем жүйелері, міндетті әлеуметтік сақтандыру, инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндіріп алуға жол берілмейтін банктік шоттарға қолданылмайды.».

23.12.2016

Субсидиарлық жауапкершілікке тарту

2016 жылғы 31 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Оңалту және банкроттық туралы»  Қазақстан Республикасының Заныңда көзделген негіздері бойынша борышкердің лауазымды  тұлғаларын және құрылтайшысын(қатысушысын) субсидиарлық жауапкершілікке тарту және залал сомаларын өндіріп алу бойынша әкімшінің қызметіне бақылауды жүзеге асырудың әдістемелік ұсынымдары бекітілген.

Осы Әдістемелік ұсынымдар банкроттық рәсімінің нәтижелері бойынша борышкердің мүлкінің жеткіліксіз болуына қарай қанағаттандырылмай қалған талаптарды борышкердің құрылтайшысы(қатысушысы) және лауазымды адамдарын субсидиарлық жауаптылыққа тарту және олардың әрекеті нәтижесінде келтірілген залал сомасын өндіріп алу бойынша  аумақтық мемлекеттік кірістер органдары тұлғасында әкімшілер мен кредиторлар қызметтеріне бақылау жүргізу механизмін айқындау бойынша практикалық көмек көрсету мақсатында әзірленген.

«Оңалту және банкроттық туралы»ҚР Занында көзделген негіздері бойынша борышкердің кінәлі адамдарын субсидиарлық жауаптылыққа тарту және залал сомасын өндіріп алуға бойынша  әкімшілердің қызметін бақылауды Мемлекеттік кірістер департаменті бөлімшелері әкімшілердің, ҚР Қаржы министрлігінң 2015 жылғы 10 наурыздағы №159 бұйрығымен бекітілген,әкімшінің ағымдағы және сырау салған ақпараттарды беру қағидасына сәйкес олар ұсынған ағымдағы ақпараттарды және осы әдістемелік ұсынымдарда көрсетілген басқа мәліметтерді талдау жолымен жүргізеді.

«Оңалту және банкроттық туралы»  Қазақстан Республикасының Занңың 6-бабы 1-тармағына сәйке борышкердің құрылтайшысы(қатысушысы) және (немесе) лауазымды адамдары әдейі банкраттық үшін дәрменсіз борышкердің кредиторлары алдында өзіне тиеселі мүлікпен субсидиарлық жауаптылықта болады.

Банкроттың лауазымды адамы борышкеді төлем қабылетсіздігіне әдейі әкеп соқтырғаны үшін оның мүлкінің меншік иусіне залалды өтейді.

Әдейі жасалған банкроттық белгілерін анықтау нәтижесі бойынша субсидиарлық жауаптылыққа тарту және залал сомасын өндіріп алу бойынша әкімшілер мен кредиторлардың қызметіне бақылауды  жүзеге асыру тәртібіне сәйкес,банкроттық рәсімін жіргізу барысында әдейі жасалған банкроттық белгілері анықталған жағдайда МКД бөлімшелері он жұмыс күн ішінде кінәлі адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы заңды күщіне енген сот актісін,қылмыстық-процестік заңнамасының негізінде сотқа дейінгі тергеу ісін тоқтату туралы қауылыны,кінәлі адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босатпайды,борышкердің кінәлі адамдарды субсидиарлық жауаптылықта тарту бойынша щара қолдану үщін,кінәлі адамдарды әкімшілік жауыптылыққатарту бойынша қаулыны әкімшілерге жолдайды.

Банкроттық рәсімін жүргізу барысында жалған банкроттық белгілері анықталған жағдайда МКД бөлімшелері жоғарыда көрсетілген құжаттаржы кредиторларға жолдайды.

МКД бөлімшелері әкімшілердің әдейі жасалған банкроттық белгілерін анықтаудың нәтижесі бойынша борышкердің кінәлі адамдарын субсидиарлық жауаптылыққа және залал сомасын өндіріп алу туралы талабымен «Оңалту және банкроттық туралы»  Қазақстан Республикасының Занңың 6-бабы 3-тармағында белгіленген мерзімде сотқа жүгінуге бақылау жургізеді.

Әкімшілердің әдейі жасалған банкроттық белгілерін анықтау нәтижесі бойынша борышкердің кінәлі адамдарын субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы талабымен сотқа жүгінбеу не уақытылы жүгінбеу фактісі белгілі болған жағдайда,әкімші әкімшілік жауаптылыққа тартуға жатады.

МКД бөлімшелері жалған банкроттық белгілерін анықтау нәтижесі бойынша кінәлі адамдарды субсидиарлық жауптылыққа тарту және залал сомасын өндіріп алу туралы талабын МКД тұлғасында бір айлық мерзімде сотқа жолдауын бақылауды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар «Оңалту және банкроттық туралы»  Қазақстан Республикасының Занңың 11-бабында көзделген негіздер бойынша субсидиарлық жауаптылыққа тарту және залал сомасын өндіріп алу бойынша әкімшілердің қызметіне бақылауды жүзеге асыру тәртібі  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің  2016 жылғы 31 тамызда бекітілген әдістемелік ұсынымдарда белгіленген.

1)Занның 11-бабы 2-тармағының 1) тармақшасымен көзделген факті белгілі болған жағдайда,субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы талаппен сотқа жүгіну міндеттемесін орындауды;

Мүлкінің бағасы кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағатандыруға жеткіліксіз болғанда,мүліктің меншік иесі,оның уәкілетті органы,заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен уәкілеттісімен,оны тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда,борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа жүгінбеу фактісі анықталғанда әкімшілерге қатысты осы мәселе бойынша бақылау жүргізіледі.

Әкімшілердің қызметіне бақылау жүргізу мақсатында МКД бөлімшелері осы тармақ бойынша:

мүліктің меншік иесі, оның уәкелетті органы, заңды тұлғаның органы,құрылтай құжаттары бойынша уәкелеттісімен,оны тарату туралы шешім,сондай-ақ тарату комиссиясы және оның нәтижесі бойынша жұмыс шеңберінде шешім қабылдап немесе ондай шешімді қабылдау күні анықталып шешім қабылдаған фактіні;

осындай шешім қабылдаған сәтте борышкердің мүлкінің құнын анықтау;

борышкерді тарту туралы шешім қабылдаған күнге кредиторлар талаптарын толық қанағаттандыруға борышкердің мүлкі жеткіліксізболу фактін анықтау қажет.

2)Заңның 11-бабы 2-тармағының 2)тармақшасында көзделген фактіні анықтау барысында субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы талабымен сотқа жүгіну бойынша міндеттемені орындауды;

Егер бір кредитордың немесе бірнеше кредиторлардың талаптарың қанағаттандыру олардың басқа кредиторлар алдындағы қаржылай міндеттемелерін толық көлемде орындаудың мүмкін болмауына әкеліп соқса,олардың борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа жүгінбеу фактісін аңықтау бойынша әкімшілерге қатысты осы мәселе бойынша бақылау жүргізеді.

Осы тармақ бойынша әкімшілердің қызметіне бақылау жүргізу мақсатында МКД бөлімшелері анықтауы қажет;

кредиторлар алдындағы борышкердің төлем қабылетсіздігі(міндеттемесі) туындаған күн;

борышкердің төлем қабылетсіздігі  туындағаннан кейін басқа кредиторлардың  алдында кредиторлардың бірінің талаптарын қанағаттандыруда артықшылық жағдайларының болуын;

бір кредитордың немесе бірнеше кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру олардың басқа кредиторлар алдындағы қаржылай міндеттемелерін толық көлемде орындаудың мүмкін болмауына әкеліп соққан жағдайда, оны банкрот деп тану туралы сотқа жүгіну бойынша борышкердің міндеттемесі туындаған күн.

3) Занңың 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген  фактіні анықтау барысында, субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы талабымен сотқа жүгіну бойынша міндеттемені орандауды;

Осы мәселе бойынша бақылау олар борышкер төлем қабылетсіздігібасталғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған сәттен бастап алты ай ішінде оны бакрот деп тану туралы сотқа жүгінбеу фактісін анықтау бойынша әкімшілерге қатысты жүргізеді.

Осы тармақ бойынша әкімшілердің қызметіне бақылау жүргізу мақсатында МКД бөлімшелері анықтау қажет;

кредиторлар алдында борышкердің төлем қабелетсіздігі(міндеттемесі) пайда болған күн;

борышкердің оны банкрот  деп тану туралы өтініш беруде алты ай мерзім өткен күн;

борышкерді банкрот деп тану туралы сот ісінің қозғалған күні;

борышкердің банкроттық рәсімінің бастамашысы;

Заңның 11 бабы 2-тармағының 1),2),3),4),5),6) тармақшаларында көзделген талаптарды орындамағаны үшін борышкердің кінәлі адамын субсидиарлық жауаптылыққа тарту талабымен әкімшінің сотқа жүгінбеу фактісін белгілеу кезінде, әкімшіге хабарлама жолданады.

Сондай-ақ  борышкердің кінәлі адамдарын субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы арызын жолдау,  қарау және залал сомасын өндір алу тәртібі және орындау барысына бақылауды жүзеге асыру тәртібі 2016 жылғы 31 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бекіткен әдістемелік ұсынымдарымен көзделген.

Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік   кірістер басқармасы 4 айдан асқан берешегі бар борышкерлер бойынша әдейі жасалған банкроттық белгілерін анықтау нәтижесі бойынша субсидиарлық жауаптылыққа тарту және залал сомасын өндіріп алу бойынша борышкерлердің басшылары мен құрылтайшыларын бюджет алдындағы берешектерін өтеуге  жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

Ордабасы ауданы бойынша  Мемлекеттік кірістер басқармасының «Өндіру және ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар» бөлімінің басшысы Ә.Жүсіп

23.12.2016

«Қайырымдылық жасасаң қайырымын өзің көресің» – деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.

«Азаматарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясыОңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы «Жылулық сыйлау» қайырымдылық акциясын өткізді.

Биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ел көлемінде түрлі қайырымдылық жобалары қолға алынып жатыр. Соның бірі «Азаматарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ  Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «ХҚКО»департаменті  және ЖКжЖМТТ департаменті  «Жылулық сыйлау» қайырымдылық акциясын өткізді.

Шымкент қалалық белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығына барып, қыстық жылы киімдер табыстады.

Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан, әр адамнан қайырымдылық, жүректерінен жылулық сезімін күтетін жандар қаншама… Жан жылуын қажет ететін жандарға жылу сыйлап, оларға қамқорлық жасау – әрбіріміздің адамдық борышымыз. Осы мақсатта «Жылулық сыйлау» атты қамқорлық акциясы өткізілді.

«ХҚКО»департамент директорының орынбасары Жақыпбек Меңлібаевтың айтуынша, Қамқорлыққа мұқтаж әрбір жан бақытты болуға лайықты. Адам әр ісін шын жүректен, адал ниетпен, сергек сезіммен, ыстық ықыласпен бастап, саналы түрде қайырымдылыққа бағыттап отырса, өзін де, өзгені де қуанышқа бөлейді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі

15.12.2016

Балалар арасында көркемсурет және авторлық өлеңдер байқауы өткізілді

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы бейнелеу өнері мұражайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай балалардың суреттері мен авторлық өлеңдер байқауының жеңімпаздары марапатталды.  Байқау “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ жұмыскерлерінің балалары арасында өткізілді. Суретшілерді үш категория бойынша таңдалды, яғни 7 жасқа дейін, 7 –ден 11 жасқа дейін және 11-ден 15 жасқа дейін. Соңында «ХҚКО» департаментінің директоры Серік Авганбайев, «ЗКиТОН» директорының орынбасары Ерік Құдайбергенов және «ӘТВЕО» директорының орынбасары Жомарт Үмбеталиев байқаудың жеңімпаздарын марапаттап, сыйлықтар тапсырды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі

15.12.2016

«Азаматарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дөңгелек үстел өтті

9 –желтоқсан Халықаралық жемқорлықпен күрес күні, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ  Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «ХҚКО»департаментінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет: құқықтық қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттары» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел отырысына  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша Шымкент қалалық филиалы “Нұр Отан”партиясының ОҚО филиалының «Жастар» қоғамының төрағасы Бауыржан Қамбарбекұлы, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Гүлжан Есенқызы, ҚР “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ОҚО бойынша бөлім басшысының орынбасары Газизбек Иманбекұлы, вице президент «Сана Сезім» Хасанова Шахноза және «ХҚКО»департамент директорының орынбасары Еркебұлан Асанбайұлы қатысты.

Жиын барысында «Сыбайлас жемқорлық» қатысушылар пікір алмасып, сұрақтар қойылып, жемқорлықтың алдын алу жолында атқарылып жатқан шаралармен  таныстырып өтті.

Жиналыс қорытындысы бойынша  мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты –  сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және оған жол бермеу, мемлекеттік корпорацияның жұмыскерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін нығайту ұсынылды.

«ХҚКО»департамент директорының орынбасары Еркебұлан Алсеитовтың айтуынша, бүгінде әрбір мемлекеттік мекемеде сенім телефондары орнатылған, жемқорлықтың куәсі болған адамдар ол жайында хабарлай алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үнемі алдын алу шаралары мен  ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ   баспасөз қызметі

15.12.2016