АУДАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Жеңіс ауыл округі әкімі А. Талдыбаевтың 2016 жылы атқарылған жұмыстары және 2017 жылы алда тұрған міндеттері туралы есепті баяндамасы

Ауыл округінің әлеуметтік – экономикалық дамуына қатысты негізгі деген көрсеткіштермен алдағы міндеттерге тоқталсам.

 

Бюджеттік-салықтық саясат

2016 жылы Жеңіс ауыл округі әкімі аппаратына бюджеттен қаралған 81 млн  теңге орындалғаны 81 млн  тенге 100 пайызға игерілді.

 

            Салық түсімінің орындалуы    

Жер салығы  жоспар 110 мың тенге орындалуы 110 мың тенге  100 пайызға орындалған.

Жер салығы  жоспар 110 мың тенге орындалуы 110 мың тенге  100 пайызға орындалған

Жер салығы  жоспар 110 мың тенге орындалуы 110 мың тенге  100 пайызға орындалған

КСН  жоспар 73500    орындалғаны 73500 тенге 100 пайызға орындалды.            

                                                                                             

Ауыл шаруашылығы

Ауыл дихандары 2016 жылы 80 гектар ақ егістен гектарынан                           32 центнерден, жалпы 256 тонна бидай, Көкөніс 350 гектардан 9100 тонна картоп 20 гектардан 160 тонна, бақша 280 гектардан 7000 тонна, Жаңа бау 54 гектардан, 29 тонна алма,  520 гектар мақталықтан 1195 тонна, жиналып, түсімділігі әр гектарға 23 центнерден құрады.

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің жалпы көлемі 9100 га құрайды (егістік жер көлемі 3709 га,  суармалы, жайылым 5391 га, көпжылдық қондырғылар 54 га, тыңайған жер көлемі 14 га).

«Агроөнеркәсіп кешенін 2011-2016 жылдарға дамыту бағдарламасы» аясында қабылданған үш жақты келісім шарттың орындалуын баяндап өтсем.

Ауыл шаруашылық мақсатындағы дақылдарын егу тапсырмасы 94,5 пайызға (тапсырма 3709 га, нақты 3501 га); Суармалы жерді игеру тапсырмасы есепті кезеңде 94,5 пайызға орындалды (тапсырма 3709 га, нақты 3501 га).

Ауыл округінде тамшылатып суаруды қолдану әдісімен 40 га ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. 2016 жылға тамшылатып суару әдісін енгізу тапсырмасы 49 га, нақты орындалғаны 40 га құрап, есепті кезеңде 81,6  пайызға орындалды. 2016 жылы тапсырма 30 га бау егу, оның ішінде  30 гектар қарқынды бау болса, нақты 30 гектар бау егіліп, тапсырма 100 пайызға орындалды

Ауыл округі бойынша 2016 жылға жаңа техника алу тапсырмасы 100 пайызға орындалып отыр (тапсырма 4 жаңа техника, нақты 4 ауылшаруашылық техникасы алынған).

Ірі қара мал шаруашылығында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жалпы 270 бас аналық, 9 бас бұқа алынған.  

2016 жылы нақты 270 (тапсырма 67) бас аналық және 9 (тапсырма 9) бас асыл тұқымды бұқа алынып, тапсырма артығымен орындалды.

«Құлан» бағдарламасы 117 пайызға (тапсырма 28 бас асыл тұқымды жылқы, нақты33 асыл тұқымды  жылқы);

«Алтын асық» бағдарламасы    артығымен  пайызға (тапсырма 53 бас  асыл тұқымды қой, нақты 650 бас асыл тұқым қой) орындалды.

Аудан бойынша 3 бірлік 5-10 бастық жанұялық фермалар іске қосу тапсырылып, 4 бірлік 5-10 бастық жанұялық фермалар іске қосылды (133 пайызға орындалған).

2016-2017 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылы 10-15 басқа арналған 11 мал бордақылау алаңдарын ашу тапсырмасы беріліп,  11 мал бордақылау алаңдары ашылып тапсырма 100 пайызға орындалды.  

Ірі қара малдарды қолдан ұрықтандыру бағытында жоспарланған 500 бас ірі қара малдың 500 басы қолдан ұрықтандырылып, тапсырма  100 пайызға орындалды.   

Ауыл округінде  5 канал бар, оның 3-і коммуналдық меншікте, 2-і АТК-нің меншігінде.

Ауыл шаруашылық  жерлерін түгендеу комиссиясы құрылып, игерілмей жатқан 280 га  суармалы жер анықталды.                             

 

ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ

Жеңіс ауыл округіне көктемгі және күзгі энзоотиялық аурулардың алдын алуға  аудандық бюджеттен 250 мың теңге қаралып, игерілді.

Жоспарланған  2115 бас ірі мал 100 пайызға бүркеліп, 5823 бас уақ мал 100 пайызға тоғытылды. 33244  шаршы метр қоражайлар мен жапсарлас аумақтар 100 пайызға залалсыздандырылды.

1981 бас ірі қара малдан, 4829 бас уақ малдан, 25 бас түйеден,  қан сынамалары алынып бруцеллез ауруына оң белгі берген 1 бас ірі қара мал, 2 бас уақ мал санитарлық талапқа сәйкес союға тапсырылды. Жеңіс ауыл округі бойынша қаңғыбас иттер -120 бас, 9 бас мысық жойылды.    

 

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ                                                                  

2016 жылға 11 бірлік сиымдылығы 10-15 бас ірі қара мал бордақылау алаңын ашу тапсырылса, бүгінгі таңға 11 бірлік сиымдылығы 10-15 бас ірі қара  мал бордақылау алаңы ашылып, тапсырма 100 пайызға  орындалды.  

       Кәсіпкерлік, шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жұмыс істейтін жастарды оқытып, төмен пайызды несиемен  мал басын көбейту, бордақылау, шағын цехтар ашу үшін Жеңіс ауыл округінен төрт адам оқып,  сертификат алып шықты.  Бір шаштараз орны ашылды.

 

ИНВЕСТИЦИЯ

Ауылға тартылған инвестиция көлемі 2,6 млн мың теңгені құрады.

ҚҰРЛЫС САЛАСЫ      

Жеңіс ауылындағы «Ө. Тұрманжанов атындағы жалпы орта мектебі» жалпы құны 130 млн теңгені құрайтын күрделі жөндеу жұмыстары  жүргізілуде. «Қызғалдақ» атындағы  балабақшаға жалпы құны 35 млн 302 мың теңгені құрайтын күрделі жөндеу жұмыстары  жүргізілді. Мәдениет  үйне  жалпы құны 13 млн тенгені құрайтын ағымдағы жөндеу жұмыстары  жүргізілді..

Сонымен қатар 2016 жылы Жеңіс ауылында Жәнібеков көшесін орташа жөндеуге 4 мл.562 мың тенге, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы Арыстанбап көшесі орташа жөндеуге 2 мл. 681 мың теңге қаржы бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілді.  

КОММУНАЛДЫҚ САЛА

Ауыз су: Жеңіс ауылында  400  тұрғын үй және мекемелер  толығымен ауыз сумен қамтылып, тәулігіне 24 сағат су берілуде.

Дихан ауылының ауыз суына 4,5 млн. тенге қаржы бөлініп ауыз су құбыры орнатылып, іске косылды.

     Көгалдандыру: 2016 жылға көгалдандыру-абаттандыру  бағдарламасына сәйкес  12- рет сенбіліктер мен тазалық күндері  өткізіліп ауыл орталығындағы 13  көше күл- қоқыстардан тазартылды. «Жеңіс» сая бағына 5 га жерге қара ағаш көшеттері,  отырғызылды.

  

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

2016 жылдың қорытындысы 52 отбасындағы 18-жасқа дейінгі 242 балаға 5 млн. 564 мың теңге жәрдемақы төленді.  

Өрлеу бағдарламасы бойынша 3 отбасыға 924876 мыңтенге төленді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасы бойынша 4 азамат өтініш білдіріп, барлығы қанағаттандырылды.

Бірінші бағыт «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» іске асыру үшін 1 жоба – Жеңіс ауылындағы Ө. Тұрманжанов мектебін күрделі жөндеуден өткізуге халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 20 азамат жұмысқа тартылды.

Екінші бағыт «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамытуға» 4 азамат 4 млн. теңге несие алды. Осы 2016 жылы  түрлі даталы күндері демеушілер есебінен тұрмысы төмен азаматтарға   материалдық, қаржылай 21000 теңгеге көмектер берілді

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша:     Ауыл  округінде  2016  жылы  4 адам  қоғамдық   жұмысқа, 4 адам  тұрақты  жұмыспен оның ішінде 1 мүгедек  «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша жұмыстарға орналастырылды.

БІЛІМ САЛАСЫ

2016 жылы Ө. Тұрманжанов мектебінде 498 оқушы екі аусымда білім алуда 2015-2016 оқу жылын 29 оқушының 20 оқушы бірінғай  ұлттық теске қатысып, орташа балы 73,5 құрады.  Ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге. 130 млн тенге бөлініп, күрделі жөндеуден өткізілді.

    Ауыл округінде мектепке дейінгі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Қызғалдақ» бала бақшасы жұмыс істейді. 4-топта 80 бала тәрбиеленуде. Айына 1 балаға 3200 теңге төлемақы есептелінген 2016 жылы ағымдағы жөндеуге 35млн.705мың тенге бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ

          Ауыл округі бойынша  1-ауылдық емхана,  1-ФАП, мекемелері халыққа қызмет   көрсетеді    Барлығы қатты отынмен жылытылады. 2015-2016 жылы  аса қауіпті жұқпалы аурулар мен топтық бұрқасындар және ана өлімі тіркелген жоқ.  1 мәрте жылжымалы флюрография пункті халыққа қызмет көрсетіп, онда 1150 адам тексеріліп шықты.   

            

 

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ      

Ауыл округі бойынша 1 мәдениет үйі, 1 кітапхана қызмет көрсетуде. Жеңіс ауылындағы мәдениет үйінде жыл басынан бері 17 рет мәдени іс-шаралар өткізілді. 1)  «Мәуліт» мерекесі өткізілді, 2) 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай ардақты ана-апаларымызды шақырып мерекелік концерттік бағдарламалар қойылып сыйлықтар тапсырылды.3) 22 наурыз мерекесі 5) Ұлы Отан соғысының 71 жылдығына орай   7 мамыр күні «Ешкімде  ұмтылмайды,  еш  нәрсе де  ұмыт  қалмайды» мәдениет үйінде  ауған соғыс ардагерлері мен тыл ардагарлеріне  мерекелік іс шара өткізді.

СПОРТ САЛАСЫ

Ауыл округіне қарасты Жеңіс елді мекенінде 1 спорт алаңшасы, 1 мектептің жанындағы спорт залдары және спорт алаңшалары бар.

2016 жылы 12 рет спорттық жарыстар өткізіліп, оған 1130 адам қатысты. Жеңіс ауылындағы мәдениет үйі жанында 1 штаттық бокс үйірмесі  15 бала, Ө. Тұрманжанов орта мектебінің жанында 1 штаттық күрес үйірмесі ашылып 17 бала қатысуда.

7 мамыр Ұлы Отан соғысының 71 жылдығына орай күрестен және футболдан спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды 1 маусым балаларды қорғау күні 22 наурыз мерекесі,6 шілде «Астана күніне»орай спорт түрлерінен ауыл жастары мен мектеп оқушылары арасында жарыстар өткізілді, үздік ойыншыларға сый сияпаттар тапсырылды.

 

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ ЖӘНЕ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС

Қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Тұрғындар арасында қандайда бір келеңсіздіктердің орын алу жағдайы тіркелмеген. Ауыл тұрғындары арасында әлеуметтік сауалнамалар жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Ауыл округінде аудандық  Жастар орталығы  арқылы  ауыл округіне 1 маман штат бірлігі беріліп, материалдық базамен толығымен жабдықталған.

Бүгінгі күні ауыл округі  көлемінде 14-29 жас аралығындағы жастар саны 655 оның ішінде ер – 345, қыз бала – 310 құрайды.

Салауатты өмір салтын насихаттау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және болдырмау мақсаттарында жыл басынан 11 рет іс-шаралар ұйымдастырылып,  оған 415 жастар қатысты.   

 

   ҚЫЛМЫС, СЫБАЙЛАС  ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ    

Ауыл округі әкімшілігінде 2016 жылы қылмыстың, сыбайлас жемқорлықтың,  құқық  бұзушылықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік  бағдарламаларға  сәйкес іс-шаралар түзіліп,  жұмыстар  атқарылды. Ауыл округінде  ауыл әкімі аппараты қызметкерлері мен мектеп мұғалімдері тарапынан ерікті жасақшылар тобы құрылып, түнгі мезгілдерде кезекшілік ұйымдастырылуда.    

   2016 жылы  6 қылмыс тіркеліп   оның ашылғаны 3 қылмыс  3  мал ұрлығы туралы қылмыс  ашылған жоқ.

 

ҰСЫНЫС ПІКІРЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ

2015 жылы есеп беру барысында жалпы ауыл тұрғындарынан 4 ұсыныс-пікір түсіп, барлығы дерлік сараланып, іске асыру іс-шаралар жоспары бекітілген. 4 ұсыныс-пікірдің  3- нақты шешімін тауып, 1- тұрақты бақылауға алынған.

 

2017 жылы атқарылатын міндеттер:

  1. Тік  және көлденең дренаждарды іске қосу, қалпына келтіру.

     2.Шаруаларды  жеңілдетілген несиемен қамтамасыз ету бойынша құжаттарды дайындауды

    жеңілдетіп, несие беруді жылдамдату шараларын қарастыру.           

  1.       Электр желілері мен  бағаналарын тозығы жетуіне байланысты ауыстыру
  2. Дихан ауылына баратын 15 км жолды жөндеу.
  3. Қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын орынның (полигон) құжаттарын заңдастыру      үшін   қаржы   көздерін қарастыру.

Мәдениет үйінің төбесін шатырлау

     6.  Арыстанбаб, Абай, М. Әуезов, С. Сейфулин, көшелерін асфальттау   жаңадан түскен   3 көшеге тас төсеу.

28.12.2016

Шымкентте бірден бірнеше жаңа ХҚКО іске қосылды

Шымкентте халыққа қызмет көрсететінбірнеше орталықтардың ашылу салтанаты өтті. Енді автоәуесқойлар өз автокөліктерін қайта тіркеуден өткізіп, жүргізуші куәліктерін Сайрам аудандық мамандандырылған ХҚКО секторында және автокөлік иелеріне арналған мамандандырылған ХҚКО-да алуларына, ал мемлекеттік қызметтерді Леңгір қаласындағы Төлеби ауданындағы ХҚКО-да және Оңтүстік шағын ауданындағы (бұрынғы Чапаев) халыққа қызмет көрсету орталығынан алуларына болады. Ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Шымкент қаласының әкімі Ғабидулла Абдрахимов, ОҚО бойынша ішкі істер департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Данияр Еренчинов қатысты.

Шымкент қаласының тұрғындарына мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметтері қолжетімді болды.Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Серік Ауғанбаевтың  айтуынша, мамандандырылған ХҚКО-дағы теориялық және тәжірибелік емтихандарды тапсыру процестерін автоматтандыру адами факторларды толықтай жойып, оны барынша айқын етуге мүмкіндік береді, оның үстіне мамандандырылған ХҚКО-лар азаматтардың уақытын үнемдеуге өте қолайлы. Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың шілде айынанавтокөлікті электрондық кезек талонын алған сәттен бастап бір сағат ішінде тіркеуге болады, ал жүргізуші куәлігін алуға теориялық және тәжірибелік емтиханды тапсыру уақытын қоса алғанда орта есеппен 2 сағаттай уақыт кетеді.

Жаңа мамандандырылған ХҚКО «Достық» шағын ауданында орналасқан. А, А1, В, В1, С, С1, D, D1 категориялары үшін тәжірибелік емтиханды тапсыруға 3 жеңіл автокөлік, жүк көлігі, 2 автобус және 2 мотоцикл бөлінген. Сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО ғимаратында жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық тексеруден өтуге болады. Ал Сайрам ауданының Қарасу ауылы, Рахимов көшесі, 1079 мекенжайында орналасқан мамандандырылғанХҚКО секторында автоәуесқойлар өз көліктерін тек қайта тіркеулеріне болады.

Төлеби ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы Леңгір қаласы, Қапал батыр көшесі, 20 мекенжайында орналасқан және 600 ш.м. жуық жерді алып жатыр. «Бұл республика бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында ашылған алғашқы ХҚКО, яғни бюджеттік қаражатқа емес, жеке кәсіпкердің қаражатына салынған. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жалға төленетін қаражатты қарастырмайды, бұл дегеніңіз «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы тек коммуналдық төлемдерді жүзеге асыратын болады», – деді Ауғанбаев.

Еңбекші ауданында екінші ХҚКО ашу қажеттілігі Солтүстік шағын ауданындағы  ХҚКО-ға түскен үлкен салмаққа байланысты пайда болды, себебі аудан тұрғындарының саны 255 мың адамды құрайды. Серік Ауғанбевтың айтуынша, Шымкент қаласында  ХҚКО-ның  8-бөлімінің ашылуы қала әкімінің ықпал етуінен мүмкін болды. Жаңа ХҚКО Оңтүстік шағын ауданы, Қапал батыр көшесі, 4-үй мекенжайында орналасқан.

 

Анықтамалық:

Төлеби ауданының ХҚКО-сы: Леңгір қ., Қапал батыр к-сі, 20

Еңбекші ауданының №8 бөлімі: Шымкент қ., Оңтүстік ш.а., Қапал батыр к-сі,4

Шымкент қаласының мамандандырылған ХҚКО-сы: Достық ш.а., н/ж.

Сайрам ауданының мамандандырылған ХҚКО секторы: Қарасу а., Рахимов к-сі, 1079

ХҚКО-лардың жұмыс уақыты: ДС-СН, сағ. 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз.

27.12.2016

Мемлекеттік органдардағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға жарияланған жалпы конкурстың әңгімелесу отырысына қатысу үшін жіберілген кандидаттардың тізімі

Аты-жөні, тегі        Бос лауазым атауы
1Мұсабек Олжас НартайұлыАудандық ауыл шаруашылығы бөлімі
2Асқарбаев Нұрғали ЖұмағалиұлыАудандық ауыл шаруашылығы бөлімі
26.12.2016

ШЫРШАДАҒЫ ШАТТЫҚ

Ордабасы ауданында 23 желтоқсан күні Шұбарсу елді мекенінде  аудан əкімінің шыршасы өтті. Мерекені ашып берген аудан əкімі Алмасбек Кеңесбекұлы Мамытбеков оқушыларды келе жақтан жаңа жылмен құттықтап, өз сыйлықтарын тарту етті. Аудандық білім бөлімі, білім беру қоры есебінен бөлінген қаржыға 100 оқушыға қыстық киімдер сыйланды. Оқушылар Аяз ата, Қарша қыз, Алдар көсе, Жалмауыз кемпір жəне бірнеше ертегі кейіпкерлерімен бірге билеп ән салды. Сонымен қатар арнайы жайылған дастарханнан дәм татып, тәттілерге тойды.  Ата-аналар  ризашылықтарын білдіріп, балаларының қуанышына ортақтасты.

 

26.12.2016

Алкоголь өнімнің түп-нұсқасын тексер!

Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Салық төлеушілердің назарына мынаны жеткізеді: Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті (әрі қарай –Департамент) облыс аумағында салауатты өмір салтын қалыптастыру және алкоголь өнімдерінің көлеңкелі айналымымен күресе отырып, бюджетке түсетін салық және басқа да міндетті төлемдердің түсімін арттыру мақсатында, алкоголь өнімдерінің есепке алу-бақылау маркасының бар болуы мен түпнұсқалылығын шынайылығынлерттеу негізінде, «Вайпонинг» ЖШС-мен 2016 жылдың 1-ші қазанымен 31-ші желтоқсан аралығында, арнайы акция өткізу бойынша  өзара бірлескен меморандум түзілді.

Меморандумның басты мақсаты –«Wipon» бағдарламасы арқылы алкоголь өнімдерінің еспке алу, бақылау маркаларын арнайы тексерулер түрінде,акцияларды жүргізу арқылы, облыс тұрғындары арасында кеңінен насихаттау жұмыстарын жүргізу болып отыр.

Акцияның негізгі мақсаты:

-алкогольдік өнімдердің көлеңкелі айналымымен күресуде азаматтық белсенділікті арттыру;

-салық төлеушілер арасында салықтық тәртіп ті жоғарылату арқылы бюджетке төленетін төлемдердің түсімін ұлғайту;

-көлеңкелі экономика мөлшерін азайту;

-кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті көтермелеу болып табылады.

Сонымен қатар, бұл акциямен халықтың қызығушылығын ынталандыру үшін алдағы уақытта  «Wipon» бағдарламасын жиі қолданған тұтынушыны анықтап, жеңімпаздарды бағалы сыйлықтар және Алғыс хаттармен марапаттау алға қойылған.

Бүгінгі таңда департамент тарапынан , акция өткізудің негізгі тәртібі мен алғышарттарын белгілейтін және акция өткізу барысында туындайтын барлық сұрақтардың жауаптары қамтылған арнайы ереже дайындалып бекітілді. Сондай-ақ, облыс тұрғындарының назарына  «Wipon» бағдарламасын смартфондарға орнату, оны қалай қолдану туралы ақпараттары қамтылған арнайы бейнеролик дайындалып, облыс аумағын ақпараттармен тұтас қамтитын жергілікті «Қазақстан-Шымкент» теле арнасында 2016 жылдың соңына дейін көрсетіледі.

Осыған орай, «Wipon» бағдарламасын аудан тұрғындарына таныстыра отырып, бұл бағдарламаны орнатқан,  акцияға қатысушы әрбір тұлға  алкоголь өнімдерінің есепке алу бақылау маркаларын сканерлеу және марка нөмірі арқылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің дерекқорында болуын тексеруге мүмкіндігі бар. Яғни бұл бағдарламаны смарфонға орната отырып оңай түрде, әр сауда нүктесіндегі алкоголь өнімдерінің түпнұсқалылығын тексеруге болатыны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

 

 

 

 

Шоу бизнес өкілдері де салық төлеуге міндетті!

     Қазіргі уақытта  салық төлеушілер мен бизнес өкілдеріне жасалып жатқан жеңілдіктер мен кепілдіктер сан алуан. Бизнесті жүргізуге және салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін үстіміздегі жылдың бірінші қаңтарынан бастап Салық кодексіне, сонымен қатар, мүлікті жариялауға байланысты заңға да өзгерістер енгізіліп, оның мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылды. Соның нәтижесінде қаншама субъектілер төленбеген салық жауапкершілігінен босатылып, жылжымайтын мүліктерін заңдастыратын құқыққа ие болды.

    Яғни, мемлекет тарапынан жасалып жатқан мұндай жеңілдіктер өткенге кешірім жасау арқылы болашаққа сеніммен қадам басуға зор мүмкіндіктер беріп отырғаны ақиқат. Соған қарамастан, салық төлеуден және мүлкін жария етуден жалтарып, көлеңкелі бизнестің ықпалынан шыға алмай жүргендер әлі де аз емес. Бұл мәселе, әсіресе, әнші, тойшыл және ойыншыл қауымның ішінде кең өріс алып отыр. Олар – мәдениет пен шоу бизнес (асаба, әнші, биші, бейне таспаға түсіруші, суретке түсіруші, продюсерлік орталықтар, салтанатты кештерде  қызмет көрсететін автокөліктер, безендірушілер, музыкалық аппаратта ойнайтын ансамбль және сахналық, ойын сауық кештерді ұйымдастырушылар) саласында қызмет жасайтын тұлғалар. Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылының өзінде 4 тойхананың өзінде асаба, бейне таспаға түсіруші, суретке түсіруші, музыкалық аппаратта ойнайтын ансамбль және сахналық сауық кештерді ұйымдастыру қызметтерін көрсететін жеке тұлғалар жоқ емес және тіркелуді міндет деп санамаған.

ҚР-ның қолданыстағы заңнамаларына cәйкес жыл ішіндегі жеке тұлғаның табысы ең төменгі айлық жалақының 12 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда мұндай тұлға міндетті түрде дара кәсіпкерлік субъек­тісі ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуге тиісті. Өздеріңізге белгілі, биылғы жылы ең төменгі айлық жалақы 22859 теңге болғанын­ ескерсек, 2016 жылы шекті табыс мөлшері 274308 теңге болып отыр. Яғни, жыл ішінде осы мөлшерден астам кіріс тапқан әрбір азамат­  Мемлекеттік кірістер органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс.

Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс  басқармасы аудан, ауыл әкім­дері­нің салық базасын кеңейту­ мақсатында,  әртүрлі қызмет түрлері­мен айналысып, белгілі бір мөлшерде табыс тауып, Мемлекеттік кірістер органдарына кәсіпкер ретінде тір­келмей жүрген тұлғаларды анықтау жұмыстарын жүргізуде. Өздеріңіз күнделікті көріп жүргендей, Ордабасы ауданында жолаушыларды тасымалдау (такси) қызметімен айналысып жүрген тұлғалардың қатары күн санап­ көбею­де. 2013 жылға дейін осы такси қызметі, жүк тасымалдау, басқа да автокөлікпен халыққа қызмет көрсететін тұлғалардан бюджет­ке алым жинауды «Бір жолғы талондар  негізіндегі алымдарды жинау орталығы» Мемлекеттік мекемесі атқарды. Аталмыш мекеме таратылғаннан бергі уақытта автокөліктермен қызмет көр­сететін тұлғалардан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді бюджетке өндіру мемлекеттік кірістер органының  құзыретінде  болып отыр.    Ауданымызда арагідік такси қызметін пайда­ланып тұрамыз. Олардың басым бөлігі мемле­кеттік кірістер басқармасында дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, өз кәсіп­керлігін заңға сәйкес атқаруда. Себебі, ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі  №767 «Автомобиль көлігі мен жолаушыларды тасыма­лдау туралы» қаулысының талаптарына сәйкес жолаушыларды тасымалдау қызметімен айналысушы тұлғалар міндетті түрде мемлекеттік кірістер органдарында мем­лекеттік тіркеуден өту талабы қойылған. Дегенм­ен, ауданда бұл заң талаптарын орындамай, яғни заңсыз такси қызметімен айналысып жүрген тұлғалар бар екендігі Мемлекеттік кірістер қызметкерлерінің әкімшілік полиция қызметкерлерімен бірлесіп жүр­гіз­ген арнайы рейдтер кезінде анықталды. Осындай атқарылған шаралардың нәтижесінде 2016 жылы жеке авто көлік жолаушы тасымалдау қызметін атқаратын тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өтуде.

Ал енді асаба, тойларда өнер көрсететін топқа тоқталатын болсақ, бәріміз тойға барамы­з немесе той жасаймыз. Сол тойларда­ асабаның деңгейіне қарай ақы төлейміз. Жоғары­да айтып өткенімдей, жыл ішіндегі шекті табыс мөлшерінен асатын табыс тап­қан тұлға міндетті түрде МКО-да дара кәсіп­кер субъектісі ретінде мемлекеттік тіркеуден  өтуі  қажет.

Мемлекеттік кірістер басқармасына жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 463 бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау нысаналары және (немесе) құралы тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.

Сыбайлас жемқорлық кеселінен бірде–бір мемлекет айналып өткен емес. Бұл – қоғамдық аса қауіпті дерт, ол мемлекеттің негізін, іргетасын шайқалтып, заңсыздықтарға, әлеуметтік теңсіздіктерге жол ашады, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Ол өз кезегінде биліктің беделіне нұқсан келтіреді, азаматтардың заңды құқықтары мен мүделерін аяқ асты етеді, мемлекеттік мекемелердің қалыпты қызметіне кедергі келтіре отырып әлеуметтік теңдік принциптерінің бұзылуына әкеп соғады.  Көптеген адамның осы тұрғыда қылмысқа барып, қолға түскеннен кейін ғана жасаған әрекетінің жөнсіздігін білетін, сан соғып қалатын кезі жиі кездесуде. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды, әркім қолымен жасағанды мойнымен көтереді.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік бәсекеге қабілеттігін айтарлықтай төмендететіні, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асаыыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне нұсқан келтіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына және заң мен шындыққа, билікке деген сенімін әлсіретеді. Қазіргі таңда мемлекет басшысының бастамасы бойынша басталған әкімшілік және конститутциялық реформаларды іске асыру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл әкімшілік реформалардың мәні мен мазмұны  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталған.

Елбасы жыл сайынғы жолдауларына «Демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес ерекше мәнге ие болды» деп атап көрсеткен. Яғни, бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күрес үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын құқықтарын түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарына қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс қолдану керектігінің нақты жолдарын білулері қажет.  Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіріп, сыбайлас жемқорлықты тоқтатудың халықаралық төжірибесімен барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Осыған байланысты Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы аталған заң талаптарын орындау барысында тиімді күрес жүргізіп келеді деуге болады.

Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдардың немесе оларға теңестірілген адамдардың мынадай әрекеттері игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылар болып табылады. Басқа мемлекттік органдардың, ұйымдардың қызметіне заңсыз араласу; Аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелері шешу кезінде өздерінің қызметтік өкілеттілігін пайдалану;  Мемлекеттік және оған теңестірілген қызметке кірген және онда жоғарылатылған кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беру (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық); Шешімдер әзірлеу мен қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғаларға заңсыз артықшылықтар көрсету; Кімге болса да табыс алуға байланысты кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген ақпарат беру; Жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуі заңдарда көзделмеген ақпаратты олардан талап ету; мемлекеттік қаржы ресурстары мен материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың немесе қоғамдық бірлестіктердің бағалау қорын көру; Аталған тұлғалардың арыз-өтініштерін қараудың және өз құзыретіне кіретін өзге де мәселелерді шешудің заңда белгіленген тәртібін әлденеше рет бұзу;

Жоғары тұрған ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып  мүліктік пайда, игіліктер не артықшылыъқтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтар тарту және өкілеттілігінен тыс қызмет көрсету; Мемлекеттік қызметтерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдардың немесе оларға теңестірілген адамдардың сыбайлас жемқорлық көріністері бар құқық бұзушылықтарды жасауды, егер онда қылмыстық жазаланатын әркеттердің белгілері болмаса, қызметінен төмендетуге қызметінен босатуға немесе мемлекеттік міндеттерді атқарудан өзге де түрде босатуға не заң белгіленген тәртіппен өзге де тәртіптік жаза қолдануға алып келеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асырушы органдар деп барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарөз құзіреті шегінде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті делінген. Сондықтан мемлекеттік қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу, онымен күрес жүргізу басты міндет болып табылады.

23.12.2016

«Чекті талап ет – Жүлде ұтып ал» акциясы

1 қазан мен 15 желтоқсан аралығында «Атамекен»  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен мемлекеттік кірістер комитеті барлық облыста «Чекті талап ет – жүлде ұтып ал»  акциясын электрондық форматта,  көлеңкелі экономикаға қарсы  «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы өткізеді.

Акцияға қатысу үшін кассалық чектерді арнайы бекеттерде ұтыс купонына айырбастау қажет.

Ұтыс купонын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алудың  1 қазаннан  15 желтоқсанға дейін кем дегенде  10 кассалық чекті  тапсырып,  тегін алуға болады.

Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары. Шағым беру тәртібі. Шағымдарды қарау мерзімдері бойынша.

  1.Мемлекеттік қызметтер алу кезінде тегіне,әлеуметтік,лауазымдық және мүліктік жағдайына , жынысына ,нәсіліне,ұлтына,тіліне,дінге көзқарасына,нанымына,тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушілксіз теңдей қол жеткізуге:

2.Көрсетілетін қызметті берушіден мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда алуға:

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты 1414 байланыс телефоны арқылы Бірыңғай байланыс орталығына хабарласып қызметтерді көрсету орындардағы стендтерден,сайттардан,электронды үкімет веб-порталынан алуға болады.

3.Мемлекеттік қызметтердің нақты тәртібі,мерзімдері мен нәтижелері көрсетілген стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік   қызметтерді алуға.

4.Мемлекеттік қызметтеркөрсету сапасына арттыру мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылауға қатысуға.

5.Орталық мемлекеттік органның,облыстың жергілікті атқарушы органның,сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының,Мемлекеттік корпарацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне,әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шағымдануға.

6.Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында бұзылған құқықтарды,бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқығы бар.

– Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе,шетелдіктер,азаматығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғалармен тең жағдайда алады.

Шағым беру тәртібі.

 Төмендегілерге байланысты мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда:

1.Мерзімдері бұзылғанда;

2.Негізсіз бас тартылғанда;

3.Стандартпен қаралмаған қосымша құжаттарды талап еткенде;

4.Қызметкер әдеп тәртібін сақтамаған жағдайда қызмет алушы төмендегі орындарға шағым бере алады;

  • Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарында көрсетілген мекен-жайлар бойынша орталық мемлекеттік органға,жергілікті атқарушы органға,қызмет көрсетушіге,Азаматтарға арналған үкімет,Мемлекеттік корпарациясына;
  • Мемлекеттік қызмет істер жөніндегі органға және оның аумақтық департаменттеріне;
  • Ашық үкімет порталының Ашық диалог платформасында (dialog.gov kz)
  • Электронды үкімет веб-порталының электронды мекен-жайына (www egov kz).Толық ақпаратты www egov kz /cms/ru/services/citizen-and-the govemment/e-app алуға болады.

Шағымдарды қарау мерзімі.

 1.Орталық мемлекеттік органның,жергілікті атқарушы органның қызмет көрсетушінің,Мемлекеттік корпарацияның атына келіп түскен қызметті алушының шағымы оны тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

2.Мемлекеттік қызмет істер жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық департаменттерінің атына келіп түскен қызметті алушылардың шағымы оның тіркелген күнен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

3.Мемлекеттік қызмет істер жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық департаменттерінің орталық мемелекеттік органның,жергілікті атқарушы органның шағымды қарау мерзімі:

1).шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

2).қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады;

4.Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілген қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып,шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым қағаз электронды берілген кезде) хабарлайды.

Шағымды қарау нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдануға құқылы.

23.12.2016

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 12-VІ ҚРЗ

Салық кодексінің 14, 20, 77, 557 и 627 баптарына өзгерістер енгізілді. Мәселен, шетелден қаржы алатын азаматтық және заңды тұлғалар бұдан былай мемлекеттік кірістер органдарына есеп беруге міндеттеледі. Осыған орай,Қазақстан әлемдегі дамыған 30 елдің стандарттарына көше отырып, шетелдік қаржыландыруға қатысты салық бақылауын кеңейтуді көздеп отырғанын жеткізді. Еліміздің әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру тұжырымдамасын жүзеге асыру бағдарында ел ішінде саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңаруларға қолайлы жағдай туғызу, халықаралық қауымдастықта ұлттық мүддемізді қорғау басты басымдықтарымыздың бірі болып қалмақ. Осы орайда, жаңа заңның қабылдануы алға қойған мақсат-мұраттарымызды іске асыруда міндетті қадамдардың бірі болып табылады.

14-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылды.
      «1-1. Тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері:
1) ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алушының қызметі:
заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;
қоғамдық пікірге сауалнамаларды, әлеуметтанушылық сауалнамаларды (коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірге сауалнамалар мен әлеуметтанушылық сауалнамаларды қоспағанда) зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға;
аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталған жағдайда, салық органдарын уәкілетті орган белгілеген мөлшерден аспайтын мөлшерде шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде хабардар етуге;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген жағдайда, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді салық органдарына ұсынуға міндетті.
Осы тармақта көзделген талаптар:
1) мемлекеттік мекемелерге;

2) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, Қазақстан Республикасының Парламенті және мәслихаттар депутаттарына (өз қызметін босатылмаған негізде жүзеге асыратын мәслихаттар депутаттарын қоспағанда), әскери қызметшілерге, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне;
3) екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру ұйымдарына;
4) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, мониторингке жататын ірі салық төлеушілерге;
5) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен халықаралық мектептерге;
6) адвокаттық, нотариаттық қызметті, жеке сот орындаушыларының, медиаторлардың, төрешілердің, бағалаушылардың, аудиторлардың қызметін жүзеге асыруға байланысты алынған ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
7) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне;
8) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне, сондай-ақ олардың қызметкерлеріне;
9) спорттың ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлерін дамытуға, дене шынықтыру мен спортты қолдауға және ынталандыруға бағытталған, сондай-ақ спорттық іс-шараларды, оның ішінде халықаралық спорттық жарыстарды, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
10) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
11) емделудің ақысын төлеу немесе сауықтыру, профилактикалық рәсімдерден өту мақсатында алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
12) сыртқы сауда келісімшарттары бойынша пайда түрінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
13) халықаралық тасымалдарды ұйымдастырғаны және жүзеге асырғаны үшін, халықаралық пошта байланысы қызметтерін көрсеткені үшін алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшарттар шеңберінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
15) төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалғанын растайтын құжаттар болған кезде, төлем көзінен бұрын осындай салық салынған дивиденттердің, сыйақылардың, ұтыстардың сомаларына;
16) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де жағдайларға қолданылмайды.
1-2. Осы баптың 1-1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалар шет мемлекеттердің, халықаралық және шетелдік ұйымдардың, шетелдіктермен азаматтығы жоқ адамдардың қаражаты есебінен жариялайтын, тарататын және (немесе) орналастыратын ақпарат пен материалдарда тапсырыс берген тұлғалар туралы мәліметтер, ақпарат пен материалдардың шет мемлекеттердің, халықаралық және шетелдік ұйымдардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қаражаты есебінен дайындалғаны, таратылғаны және (немесе) орналастырылғаны туралы нұсқау қамтылуға тиіс.»;


      Сонымен қатар аталған Заңның 77 бабында «Салық тіркелімі – салық төлеушінің (салық агентінің) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақша және (немесе) мүлік туралы, сондай-ақ осы Кодекстің 14-бабының 1-1-тармағына сәйкес көрсетілген ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жұмсауы туралы мәліметтерді қамтитын құжаты.»;
4-тармақтың 7) тармақшасындағы «қызметтері жөніндегі ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.» деген сөздер «қызметтері;»  деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылды.
«8) шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу жөніндегі, сондай-ақ көрсетілген ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жұмсау жөніндегі ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.»;
4-1-тармақтың 4) тармақшасындағы «алу бойынша ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.» деген сөздер «алу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылды.
«5) шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу, сондай-ақ көрсетілген ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жұмсау бойынша ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.»;

 

   6) 581-баптың бірінші бөлігінде:
«1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банктік шоттардан, бейрезидент заңды тұлғалардың, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттарынан, шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарынан, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банктік шоттардан, нотариус депозиті шарттарында ақшаны есепке жатқызуға арналған ағымдағы шоттардан, эскроу-шоттардан басқа, бейрезидентті қоса алғанда, салық төлеуші заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдік пен азаматтығы жоқ адамға банктік шоттар ашу кезінде уәкілетті органды олар ашылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, хабарлардың кепілдікпен жеткізілуін қамтамасыз ететін телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы, көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы хабардар етуге міндетті.»;
3) тармақшаның екінші бөлігіндегі, 3-1) тармақшаның екінші және үшінші бөліктеріндегі «құжатының акцептінен» деген сөздер «құжатын орындаудан» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 609-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылды.
      «2) салық төлеушінің (салық агентінің) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның банктік шоттары бойынша (корреспонденттiк шоттарын қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтата тұру;»;
   8) 615-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылды
«Осы тармақтың ережелерi Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызметі, сақтандыру қызметі, атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі, зейнетақымен қамсыздандыру, төлемдер және төлем жүйелері, міндетті әлеуметтік сақтандыру, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру, инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндiрiп алуға жол берiлмейтiн банктік шоттарға қолданылмайды.»;

 

     
      165-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылды.
«Осы тармақтың ережелері банк берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын, көрсетілген қарыздың өтелмеген негізгі борышы мөлшеріндегі ақша сомасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру, банктер және банктік қызметі, сақтандыру қызметі, атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі, төлемдер және төлем жүйелері, міндетті әлеуметтік сақтандыру, инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндіріп алуға жол берілмейтін банктік шоттарға қолданылмайды.».

23.12.2016

Субсидиарлық жауапкершілікке тарту

2016 жылғы 31 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Оңалту және банкроттық туралы»  Қазақстан Республикасының Заныңда көзделген негіздері бойынша борышкердің лауазымды  тұлғаларын және құрылтайшысын(қатысушысын) субсидиарлық жауапкершілікке тарту және залал сомаларын өндіріп алу бойынша әкімшінің қызметіне бақылауды жүзеге асырудың әдістемелік ұсынымдары бекітілген.

Осы Әдістемелік ұсынымдар банкроттық рәсімінің нәтижелері бойынша борышкердің мүлкінің жеткіліксіз болуына қарай қанағаттандырылмай қалған талаптарды борышкердің құрылтайшысы(қатысушысы) және лауазымды адамдарын субсидиарлық жауаптылыққа тарту және олардың әрекеті нәтижесінде келтірілген залал сомасын өндіріп алу бойынша  аумақтық мемлекеттік кірістер органдары тұлғасында әкімшілер мен кредиторлар қызметтеріне бақылау жүргізу механизмін айқындау бойынша практикалық көмек көрсету мақсатында әзірленген.

«Оңалту және банкроттық туралы»ҚР Занында көзделген негіздері бойынша борышкердің кінәлі адамдарын субсидиарлық жауаптылыққа тарту және залал сомасын өндіріп алуға бойынша  әкімшілердің қызметін бақылауды Мемлекеттік кірістер департаменті бөлімшелері әкімшілердің, ҚР Қаржы министрлігінң 2015 жылғы 10 наурыздағы №159 бұйрығымен бекітілген,әкімшінің ағымдағы және сырау салған ақпараттарды беру қағидасына сәйкес олар ұсынған ағымдағы ақпараттарды және осы әдістемелік ұсынымдарда көрсетілген басқа мәліметтерді талдау жолымен жүргізеді.

«Оңалту және банкроттық туралы»  Қазақстан Республикасының Занңың 6-бабы 1-тармағына сәйке борышкердің құрылтайшысы(қатысушысы) және (немесе) лауазымды адамдары әдейі банкраттық үшін дәрменсіз борышкердің кредиторлары алдында өзіне тиеселі мүлікпен субсидиарлық жауаптылықта болады.

Банкроттың лауазымды адамы борышкеді төлем қабылетсіздігіне әдейі әкеп соқтырғаны үшін оның мүлкінің меншік иусіне залалды өтейді.

Әдейі жасалған банкроттық белгілерін анықтау нәтижесі бойынша субсидиарлық жауаптылыққа тарту және залал сомасын өндіріп алу бойынша әкімшілер мен кредиторлардың қызметіне бақылауды  жүзеге асыру тәртібіне сәйкес,банкроттық рәсімін жіргізу барысында әдейі жасалған банкроттық белгілері анықталған жағдайда МКД бөлімшелері он жұмыс күн ішінде кінәлі адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы заңды күщіне енген сот актісін,қылмыстық-процестік заңнамасының негізінде сотқа дейінгі тергеу ісін тоқтату туралы қауылыны,кінәлі адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босатпайды,борышкердің кінәлі адамдарды субсидиарлық жауаптылықта тарту бойынша щара қолдану үщін,кінәлі адамдарды әкімшілік жауыптылыққатарту бойынша қаулыны әкімшілерге жолдайды.

Банкроттық рәсімін жүргізу барысында жалған банкроттық белгілері анықталған жағдайда МКД бөлімшелері жоғарыда көрсетілген құжаттаржы кредиторларға жолдайды.

МКД бөлімшелері әкімшілердің әдейі жасалған банкроттық белгілерін анықтаудың нәтижесі бойынша борышкердің кінәлі адамдарын субсидиарлық жауаптылыққа және залал сомасын өндіріп алу туралы талабымен «Оңалту және банкроттық туралы»  Қазақстан Республикасының Занңың 6-бабы 3-тармағында белгіленген мерзімде сотқа жүгінуге бақылау жургізеді.

Әкімшілердің әдейі жасалған банкроттық белгілерін анықтау нәтижесі бойынша борышкердің кінәлі адамдарын субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы талабымен сотқа жүгінбеу не уақытылы жүгінбеу фактісі белгілі болған жағдайда,әкімші әкімшілік жауаптылыққа тартуға жатады.

МКД бөлімшелері жалған банкроттық белгілерін анықтау нәтижесі бойынша кінәлі адамдарды субсидиарлық жауптылыққа тарту және залал сомасын өндіріп алу туралы талабын МКД тұлғасында бір айлық мерзімде сотқа жолдауын бақылауды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар «Оңалту және банкроттық туралы»  Қазақстан Республикасының Занңың 11-бабында көзделген негіздер бойынша субсидиарлық жауаптылыққа тарту және залал сомасын өндіріп алу бойынша әкімшілердің қызметіне бақылауды жүзеге асыру тәртібі  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің  2016 жылғы 31 тамызда бекітілген әдістемелік ұсынымдарда белгіленген.

1)Занның 11-бабы 2-тармағының 1) тармақшасымен көзделген факті белгілі болған жағдайда,субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы талаппен сотқа жүгіну міндеттемесін орындауды;

Мүлкінің бағасы кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағатандыруға жеткіліксіз болғанда,мүліктің меншік иесі,оның уәкілетті органы,заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен уәкілеттісімен,оны тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда,борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа жүгінбеу фактісі анықталғанда әкімшілерге қатысты осы мәселе бойынша бақылау жүргізіледі.

Әкімшілердің қызметіне бақылау жүргізу мақсатында МКД бөлімшелері осы тармақ бойынша:

мүліктің меншік иесі, оның уәкелетті органы, заңды тұлғаның органы,құрылтай құжаттары бойынша уәкелеттісімен,оны тарату туралы шешім,сондай-ақ тарату комиссиясы және оның нәтижесі бойынша жұмыс шеңберінде шешім қабылдап немесе ондай шешімді қабылдау күні анықталып шешім қабылдаған фактіні;

осындай шешім қабылдаған сәтте борышкердің мүлкінің құнын анықтау;

борышкерді тарту туралы шешім қабылдаған күнге кредиторлар талаптарын толық қанағаттандыруға борышкердің мүлкі жеткіліксізболу фактін анықтау қажет.

2)Заңның 11-бабы 2-тармағының 2)тармақшасында көзделген фактіні анықтау барысында субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы талабымен сотқа жүгіну бойынша міндеттемені орындауды;

Егер бір кредитордың немесе бірнеше кредиторлардың талаптарың қанағаттандыру олардың басқа кредиторлар алдындағы қаржылай міндеттемелерін толық көлемде орындаудың мүмкін болмауына әкеліп соқса,олардың борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа жүгінбеу фактісін аңықтау бойынша әкімшілерге қатысты осы мәселе бойынша бақылау жүргізеді.

Осы тармақ бойынша әкімшілердің қызметіне бақылау жүргізу мақсатында МКД бөлімшелері анықтауы қажет;

кредиторлар алдындағы борышкердің төлем қабылетсіздігі(міндеттемесі) туындаған күн;

борышкердің төлем қабылетсіздігі  туындағаннан кейін басқа кредиторлардың  алдында кредиторлардың бірінің талаптарын қанағаттандыруда артықшылық жағдайларының болуын;

бір кредитордың немесе бірнеше кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру олардың басқа кредиторлар алдындағы қаржылай міндеттемелерін толық көлемде орындаудың мүмкін болмауына әкеліп соққан жағдайда, оны банкрот деп тану туралы сотқа жүгіну бойынша борышкердің міндеттемесі туындаған күн.

3) Занңың 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген  фактіні анықтау барысында, субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы талабымен сотқа жүгіну бойынша міндеттемені орандауды;

Осы мәселе бойынша бақылау олар борышкер төлем қабылетсіздігібасталғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған сәттен бастап алты ай ішінде оны бакрот деп тану туралы сотқа жүгінбеу фактісін анықтау бойынша әкімшілерге қатысты жүргізеді.

Осы тармақ бойынша әкімшілердің қызметіне бақылау жүргізу мақсатында МКД бөлімшелері анықтау қажет;

кредиторлар алдында борышкердің төлем қабелетсіздігі(міндеттемесі) пайда болған күн;

борышкердің оны банкрот  деп тану туралы өтініш беруде алты ай мерзім өткен күн;

борышкерді банкрот деп тану туралы сот ісінің қозғалған күні;

борышкердің банкроттық рәсімінің бастамашысы;

Заңның 11 бабы 2-тармағының 1),2),3),4),5),6) тармақшаларында көзделген талаптарды орындамағаны үшін борышкердің кінәлі адамын субсидиарлық жауаптылыққа тарту талабымен әкімшінің сотқа жүгінбеу фактісін белгілеу кезінде, әкімшіге хабарлама жолданады.

Сондай-ақ  борышкердің кінәлі адамдарын субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы арызын жолдау,  қарау және залал сомасын өндір алу тәртібі және орындау барысына бақылауды жүзеге асыру тәртібі 2016 жылғы 31 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бекіткен әдістемелік ұсынымдарымен көзделген.

Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік   кірістер басқармасы 4 айдан асқан берешегі бар борышкерлер бойынша әдейі жасалған банкроттық белгілерін анықтау нәтижесі бойынша субсидиарлық жауаптылыққа тарту және залал сомасын өндіріп алу бойынша борышкерлердің басшылары мен құрылтайшыларын бюджет алдындағы берешектерін өтеуге  жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

Ордабасы ауданы бойынша  Мемлекеттік кірістер басқармасының «Өндіру және ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар» бөлімінің басшысы Ә.Жүсіп

23.12.2016

«Қайырымдылық жасасаң қайырымын өзің көресің» – деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.

«Азаматарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясыОңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы «Жылулық сыйлау» қайырымдылық акциясын өткізді.

Биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ел көлемінде түрлі қайырымдылық жобалары қолға алынып жатыр. Соның бірі «Азаматарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ  Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «ХҚКО»департаменті  және ЖКжЖМТТ департаменті  «Жылулық сыйлау» қайырымдылық акциясын өткізді.

Шымкент қалалық белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығына барып, қыстық жылы киімдер табыстады.

Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан, әр адамнан қайырымдылық, жүректерінен жылулық сезімін күтетін жандар қаншама… Жан жылуын қажет ететін жандарға жылу сыйлап, оларға қамқорлық жасау – әрбіріміздің адамдық борышымыз. Осы мақсатта «Жылулық сыйлау» атты қамқорлық акциясы өткізілді.

«ХҚКО»департамент директорының орынбасары Жақыпбек Меңлібаевтың айтуынша, Қамқорлыққа мұқтаж әрбір жан бақытты болуға лайықты. Адам әр ісін шын жүректен, адал ниетпен, сергек сезіммен, ыстық ықыласпен бастап, саналы түрде қайырымдылыққа бағыттап отырса, өзін де, өзгені де қуанышқа бөлейді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі

15.12.2016

Балалар арасында көркемсурет және авторлық өлеңдер байқауы өткізілді

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы бейнелеу өнері мұражайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай балалардың суреттері мен авторлық өлеңдер байқауының жеңімпаздары марапатталды.  Байқау “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ жұмыскерлерінің балалары арасында өткізілді. Суретшілерді үш категория бойынша таңдалды, яғни 7 жасқа дейін, 7 –ден 11 жасқа дейін және 11-ден 15 жасқа дейін. Соңында «ХҚКО» департаментінің директоры Серік Авганбайев, «ЗКиТОН» директорының орынбасары Ерік Құдайбергенов және «ӘТВЕО» директорының орынбасары Жомарт Үмбеталиев байқаудың жеңімпаздарын марапаттап, сыйлықтар тапсырды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі

15.12.2016