АУДАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

«Қазпошта» АҚ-ға трансфер-агенттік қызмет көрсетуге Қор қызметтерін беру бойынша жобаны іске қосу аясында «Қазпошта» АҚ бөлімшелерін қосу үшін елдімекендердің тізімі

Облыс атауы «Қазпошта» АҚ елдімекендердің мекенжайлары
1Ақтөбе ОФАқтөбе қаласы, Кеңқияқ к.
2Ақтөбе ОФБестамақ ауылы, Алға ауданы, Бөгенбай батыр көшесі, 46 А
3Ақтөбе ОФХлебодаровка ауылы, Мартұқ ауданы, Әйтеке би көшесі, 33
4Ақтөбе ОФШұбаршы ауылы, Темір ауданы, Геологтар көшесі, 31
5Ақтөбе ОФҚарғалы кенті, Қарғалы ауданы, Сәтбаев көшесі, 10
6Ақтөбе ОФКирпичный к., Кирпичный ауданы, Кирпичный көшесі 3,б
7Ақтөбе ОФҚұрайлы к., Есет Батыр көшесі, 4-1
8Ақтөбе ОФАқтөбе қаласы, Кеңес Нокин к., Бейбітшілік көшесі, 37
9Ақтөбе ОФАқтөбе қаласы, Пригородный к., Жеңіске 40 жыл көшесі, 14-1
10Ақтөбе ОФАқтөбе қаласы, Жаңа Қоныс к., Советский көшесі, 5
11Ақтөбе ОФАқтөбе қаласы, Заречный к., Центральный көшесі, 208
12Ақтөбе ОФМұнайшылар ауылы, Темір ауданы, Қазақстан Мұнайы көшесі, 100 жыл.
13Алматы ОФДостық к., Алакөл ауданы, Алакөл
14Алматы ОФҚабанбай ауылы, Алакөл ауданы, Абылай хан көшесі, 280
15Алматы ОФДоссор к., Мақат ауданы, Сүлейменова көшесі, 1
16Алматы ОФЕсбол ауылы, Индер ауданы, Қуанышев көшесі, 28
17Алматы ОФМұқыр ауылы, Қызылқоға ауданы, Есенгалиев көшесі, 40
18Алматы ОФСағыз ауылы, Қызылқоға ауданы, Қуанышев көшесі, 1
19ШҚОФЖаңа Бұқтырма к., Зырян ауданы, Орталық көшесі, 6
20ШҚОФУсть-Таловка к.,  Шемонаиха ауданы, Школьный көшесі,  6
21ШҚОФСамарск ауылы, Көкпекті ауданы, Астана көшесі, 122
22ШҚОФ Серебрянск қаласы, Зырянов ауданы
23ШҚОФШар қаласы, Жарма ауданы
24ШҚОФУльба к., Риддер ауданы, Буровая көшесі, 6
25ШҚОФТаврия ауылы, Улан РУПС, Солнечны көшесі,12-5
26ШҚОФБозанбай ауылы, Ұлан ауданы, Киров көшесі, 20
27ШҚОФЖоғарғы Оба ауылы, Шемонаиха ауданы, Совхозный көшесі, 21
28ШҚОФАлтай ауылы, Глубоковский ауданы, Советская көшесі, 2
29ШҚОФПрапорщиково ауылы, Глубоковский ауданы, Школьная, 186
30ШҚОФӘуезов ауылы, Жарма ауданы, Бейбітшілік көшесі,  4
31ШҚОФАсубұлақ кенті, Ұлан ауданы, Бейбітшілік көшесі, 1а
32ШҚОФПервомайский ауылы, Шемонаиха ауданы, Металлургтер көшесі, 19
33ШҚОФЧеремшанка ауылы, Глубоковский ауданы, Орталық көшесі, 2 а
34Жамбыл ОФТөле би ауылы, Шу ауданы
35Жамбыл ОФГвардейский ауылы, Қордау ауданы, көше жоқ
36Жамбыл ОФОтар ауылы, Қордай ауданы, Толесбай көшесі 23
37Жамбыл ОФСаудакент ауылы, Сарысу ауданы, Асанов көшесі, н/ү
38Жамбыл ОФБурыл ауылы,  Байзақ ауданы, Кужматинская көшесі,38-1
39Жамбыл ОФТүймекенті ауылы, Байзақ ауданы, Нахманович,  н/ү
40Жамбыл ОФБайзақ ауылы, Байзақ ауданы, Бәйдешов көшесі, 29
41Жамбыл ОФАйша биби ауылы, Жамбыл ауданы, .Жібек жолы  көшесі, 15
42Жамбыл ОФГродиков ауылы, Жамбыл ауданы, Егизбаев көшесі 6
43Жамбыл ОФБірлік ауылы, Мойынқұм ауданы, Баданов көшесі,
44Жамбыл ОФБеткайнар ауылы, Қордай ауданы, Жеңіс көшесі, 54
45БҚОФТайпақ ауылы, Ақжайық ауданы
46Қарағанды ОФТопар к., Абай ауданы, Пономарев көшесі, 16
47Қарағанды ОФСарышаған кенті, Балқаш ауданы, Теміржолшы көшесі, 14
48Қарағанды ОФ Шашубай к., Балқаш ауданы, Ленин көшесі,4
49Қарағанды ОФЖайрем к, Жаңаарқа ауданы, Металлургтер көшесі, 27
50Қарағанды ОФҚарағайлы кенті, Қарқаралы ауданы, 26 квартал 19
51Қарағанды ОФЖастар кенті, Осакаров ауданы, Абай көшесі, 15
52Қарағанды ОФАқтас кенті, Саран ауданы, Первомайская көшесі, 16 б
53Қарағанды ОФАктау к., Теміртау ауданы, 8 квартал
54Қарағанды ОФНоводолинский к., Шахтинс ауданы, Орталық көшесі, 1а
55Қарағанды ОФДолинка кенті, Шахтинск ауданы, Садовая  көшесі 58
56Қарағанды ОФШахан к., Шахтинск ауданы, квартал 11/17
57Костанайский ОФОктябрьское ауылы, Қарасу ауданы, Ленин көшесі, 24
58Костанайский ОФЗаречное ауылы, Қостанй ауданы,  Юбилейная көшесі,71
59Қызылорда ОФг.Казалинск, Казалинский район, ул.Коркыт ата №37
60Қызылорда ОФЖақсықылыш ауылы, Арал ауданы, Жаппарберды  көшесі15
61Маңғыстау ОФҚызылтөбе к., Мұнайлы ауданы, Уәлиханов көшесі 1
62Маңғыстау ОФАқшұқыр ауылы, Түпқаран ауданы, Кожашев көшесі, н/ү
63Маңғыстау ОФБасқұдық ауылы, Мұнайлы ауданы,
64Маңғыстау ОФЖетібай ауылы, Қарақия ауданы
65Маңғыстау ОФБоранқұл ауылы, Бейнеу ауданы, Әкімдік ғимараты
66Маңғыстау ОФМұнайшы к., Қарақия ауданы, Салтанат көшесі
67Маңғыстау ОФЖаңаөзен қаласы, Қызылсай к., көшесіз
68Маңғыстау ОФТаушық к., Түпқараған ауданы, көшесіз
69СҚОФҒ.Мүсірепов атындауғы ауыл, Ленин көшесі, 22
70ОҚОФКөксу ауылы, Шардара ауданы, Әуезов көшесі, н/ү
71ОҚОФКөксай ауылы, Төле би ауданы, Төле би көшесі, 459.
72ОҚОФПервомаевка ауылы, Төле би ауданы, Советская көшесі, н/ү
73ОҚОФТасарық ауылы, Төле би ауданы, Тасарық н/ү
74ОҚОФАзаттықауылы, Түлкібас ауданы, Навои көшесі, 103а
75ОҚОФСастөбе к., Түлкібас ауданы, Майский көшесі, 7
76ОҚОФҚұтарыс ауылы, Сайрам ауданы, Абай көшесі, н/ү
77ОҚОФТагайна ауылы, Төле би ауданы
78ОҚОФЗертас ауылы, Төле би ауданы, Төле би көшесі, 105
79ОҚОФЖаскешу ауылы, Түлкібас ауданы, Демеушов көшесі, 107
80ОҚОФМайтөбе ауылы, Түлкібас ауданы, Жамбыл көшесі, н/ү
81ОҚОФТ.Жайлыбаев ауылы, Мақтаарал ауданы, Желтоқсан көшесі, 30
82ОҚОФМырзакент к, Мақтаарал ауданы,  Мадиходжаев көшесі, 9
83ОҚОФҚызылтаң ауылы, Мақтаарал ауданы, Бірлік көшесі
84ОҚОФҚарабұлақ ауылы, Сайрам ауданы, Ахунбабаев көшесі, н/ү
85ОҚОФМонтайтас ауылы, Арыс ауданы, Кенжебаев көшесі
86ОҚОФШарапхана ауылы, Қазғұрт ауданы, Жібек жолы көшесі
87ОҚОФДербісек кенті, Сарыағаш ауданы, н/ү
88ОҚОФҚызылжар ауылы, Сарыағаш ауданы
89ОҚОФСозақ ауылы, Созақ ауданы, Матенбаев көшесі, 22
90ОҚОФАқбастау ауылы, Бәйдібек ауданы, Оспанов көшесі, н/ү
91ОҚОФАрай ауылы, Мақтаарал ауданы, Қанат 3
92ОҚОФҚызылқұм ауылы, Мақтаарал ауданы, Чапаев көшесі, 25
93ОҚОФҚоңырат ауылы, Мақтаарал ауданы, Шаттық көшесі, н/ү
94ОҚОФЖүзімдік ауылы, Мақтаарал ауданы, Бәйтерек көшесі, 223

 

23.05.2019

Шалғайдағы елдімекендердің тұрғындары «БЖЗҚ» АҚ қызметтерін «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде ала алады

Алматы, Қазақстан – «БЖЗҚ» АҚ пен «Қазпошта» АҚ елдің шалғай елдімекендерін зейнетақы қызметтерімен қамту мақсатында Қордың салымшылары мен алушыларына «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде қызмет көрсету бойынша бірлескен жобаны іске қосты.

Еске сала кетелік, 2018 жылы зейнетақы қызметтерін елдің шалғай аудандарындағы пошта бөлімшелері арқылы көрсету туралы «БЖЗҚ» АҚ пен «Қазпошта» АҚ арасында Меморандумға және агенттік келісімге қол қойылған болатын.

Қазір «Қазпошта» АҚ операторлары арнайы оқыту курсынан өткен соң,  «БЖЗҚ» АҚ-тың қызмет көрсету орталықтары жоқ елдімекендерде зейнетақы қызметтері көрсетіле бастады. Осылайша экономикалық тұрғыдан белсенді халқының саны 2 мыңнан асатын 94 елдімекеннің тұрғындары зейнетақы қызметтерін ұлттық пошта байланысы операторы арқылы алуға қол жеткізді. Бұл ретте зейнетақы қызметтері ұлттық пошта желісі арқылы Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының елдімекендерінде көрсетіледі. Елдімекендердің толық тізімін Қор сайтынан көруге болады https://www.enpf.kz/kz/services/kazpost/index.php.

Атап айтар болсақ, бұл ауылдар мен кенттердің тұрғындары Қазпошта бөлімшелерінде мынадай қызметтерді алады:

  • салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің нөмірі, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту/толықтыру туралы өтініш беру;
  • хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ электрондық форматтағы қызметтеріне қол жеткізу) туралы келісімге қол қою.

Сонымен 2019 жылы республика өңірлерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қызметтерімен қамту деңгейі 43,7 пайызға дейін өседі. «Қазпошта» АҚ Қазақ елі аумағында ең үлкен филиалдық желіге ие. «БЖЗҚ» АҚ жоспарында елдің басқа да шалғай аудандарын «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы зейнетақы қызметімен қамту көзделген.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

23.05.2019

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерінен ұсталған жеке табыс салығын қайтару туралы

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) берілетін зейнетақы төлемдеріне жеке табыс салығы (ЖТС) салынады.

Егер зейнетақы төлемдерін алушы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін:

Ұлы Отан соғысына қатысушы және оған теңестірілген адам;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестер Одағының ордендері және медальдарымен марапатталған адам;

1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестер Одағының ордендері және медальдарымен марапатталмаған адам;

I, II немесе III топтағы мүгедек;

мүгедек бала;

мүгедек бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай мүгедек бала үшін – оның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;

«бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына әрбір осындай адам үшін – оның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;

асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін – бала асырап алушылардың бірі болса, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (бұдан әрі – Салық кодексі) Кодексінің ережелеріне сәйкес Қордан берілетін зейнетақы төлемдері түріндегі табыстарына, оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлемдерге Салық кодексінде белгіленген шекте жеке табыс салығы салынбады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI редакциясына сәйкес жоғарыда аталған адамдар мен қосымша санаттағы адамдардың (жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алған ата-аналардың бірі) табыстарына, Қордан берілетін зейнетақы төлемдеріне және жерлеуге байланысты біржолғы төлемдерге салық шегерімдері мен табысты түзету қолданылмады. Сәйкесінше Қор төлемдеріне 10 пайыз мөлшерінде жеке табыс салығы салынды.

Аталған санаттағы зейнетақы төлемдерін алушылардың мүдделерін қорғау мақсатында БЖЗҚ жеке табыс салығы бойынша жеңілдіктерді қайтару үшін Салық кодексіне түзету енгізу туралы бастама көтерді. Бұл бастамаға мемлекеттік органдар (Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Ұлттық экономика министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) және депутаттық корпус қолдау көрсетті және ол «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 241-VІ Заңы аясында бекітілді. Бұл Заңның нормалары 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап орын алатын қатынастарға таратылады. Осыған байланысты табысты түзету немесе салық шегерімін қолдануға және 2018 жылдың 1 қаңтарынан бері ұсталынып келген жеке табыс салығының өтелуіне құқығы бар зейнетақы төлемдерін алушыларға ұсталынып келген жеке табыс салықтары қайтарылады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бері ұсталынып келген жеке табыс салығын қайтару үшін БЖЗҚ-ға мына құжаттарды ұсыну қажет:

  • табысты түзету немесе салық шегерімін (оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлемдер) қолдану туралы өтініш;
  • табысты түзету немесе салық шегерімін қолдануды растайтын құжаттардың көшірмелері.

Ұсталынған жеке табыс салығын қайтару жөніндегі өтініштің үлгісін www.enpf.kz

сайтынан жүктеп алуға болады.

Ұсталынған жеке табыс салығының өтелуіне қатысты құқық зейнетақы төлемдері, оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлемдер жүзеге асырылған күннен бастап 5 жыл бойы сақталады.

Айта кетелік, бұл құқық табыстардың басқа түрлері бойынша салық заңнамасында көрсетілген шекте табысты түзету немесе салық шегерімін пайдаланбаған жоғарыда аталған тұлғаларға таратылады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

23.05.2019

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында зейнетақы активтері бойынша есептелген инвестициялық табыстың жалпы сомасы 112 млрд теңгеден асты

Алматы, Қазақстан – БЖЗҚ ресми сайтында зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық портфель туралы толық ақпарат жарияланған. Ол мына сілтеме бойынша қолжетімді:

https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/861/86186778f6e13baebb116b60f46b77e6.pdf

Инвестициялық қызмет туралы толық есеп салымшылардың зейнетақы жинақтары қандай нарықтық баға бойынша қандай бағалы қағаздарға және қанша мөлшерде инвестицияланғаны жайындағы мағлұматтардан тұрады.

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 9 641, 27 млрд теңгені құрады.

Салымшылар мен алушылардың зейнетақы активтерінің табыстылығы 2018 жылдың наурызы мен 2019 жылдың ақпаны аралығында (өткен 12 ай ішінде) 11,5 пайызға жетті. Дәл осы кезеңде инфляция деңгейі 4,8 пайызды көрсетті. Осылайша зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы 6,7 пайыз болды.

2019 жылдың басынан бері есептелген инвестициялық табыстың жалпы сомасы 112 млрд теңгеден асты.

2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында зейнетақы активтері бойынша алынған инвестициялық табыстың құрылымы мынадай:

  • бағалы қағаздар, орналастырылған салымдар және «кері РЕПО» операциялары бойынша сыйақы түріндегі табыстар 152,22 млрд теңге;
  • бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан орын алған шығындар (16,2) млрд теңге;
  • шетелдік валютаны қайта бағалаудан орын алған шығындар (28,94) млрд теңге;
  • сыртқы басқарудан түскен табыстар 3,16 млрд теңге;
  • басқа да шығындар 2,37 млрд теңгені құрады.

 

 

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі борыштық қаржы құралдарының өтелуі бойынша орташа табыстылық жылына 7,0 пайызды құрады. Оның ішінде теңгеге номинирленгендері бойынша орташа табыстылық – жылдық 8,4%, ал шетелдік валютада – жылдық 3,9% болды.

Қордың зейнетақы активтері портфелінің негізгі бөлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздарына (40,66 пайыз) тиесілі. Бұл табысы ең тұрақты қаржы құралдарының бірі. Есепті күнге қарай теңгеге  номинирленген ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарының өтелуі бойынша орташа табыстылық жылдық 7,2 пайызды, ал АҚШ долларында – жылдық 4,4 пайызды құрады.

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша ҚР квазимемлекеттік ұйымдары облигацияларының портфельдегі үлесі 13,52 пайыз болды. Осы есептік күнге қарай аталмыш ұйымдардың облигацияларының өтелуі бойынша орташа табыстылық теңгеге номинирленген облигациялар бойынша жылына 10,3 пайызды, ал АҚШ доллары бойынша жылына 5,0 пайызды құрады.

Есепті кезеңде шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарының ағымдағы құны 1 506,00 млрд теңгеге жетіп, олардың портфельдегі үлесі 15,62 пайызды көрсетті. Сонымен қатар қарастырылып отырған кезеңде жалпы сомасы 158,97 млрд теңгеге шет елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары өтелді. Есепті күнге қарай БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфеліндегі шет елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарының өтелуіне қатысты орташа табыстылық жылына 3,6 пайызды құрады.

Қордың зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарының инвестициялық портфелі былайша келтірілген:

ұлттық валютада жасалған инвестиция көлемі – 67,61 пайыз, АҚШ долларында – 31,97 пайыз, басқа валюталарда – 0,42 пайыз болды.

Қордың сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері портфелінің құрылымдық үлестірілімі БЖЗҚ Инвестициялық декларациясына толығымен сәйкес келеді.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

23.05.2019

Жұмыс беруші қандай уақытта жұмыс берушісі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті?

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жұмыскердің ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленген. Бұл жарналарды жұмыс берушілер еңбек жағдайлары зиянды деп саналатын жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерінің пайдасына өз қаражаты есебінен төлейді.

Еңбек жағдайлары зиянды кәсіптер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысымен бекітілген Тізбеде көрсетілген. Егер, еңбек өнімділігі жақсарып, денсаулыққа зиянды жағдайлар жойылатын болса және ол өндірістік нысандарды аттестаттау нәтижесімен расталса, жұмыс берушілер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларының (Зейнетақы қағидалары) 10 тармағына сәйкес МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт (қосылу шарты) бекітілген. Ол «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңында көзделген құқықтарды, міндеттер мен жауапкершілікті, сондай-ақ БЖЗҚ-ның, МКЗЖ аударылатын жеке тұлғаның (МКЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерiн алушының) және агенттің арасындағы құқықтық қатынастардың өзге де ерекшеліктерін белгілейді.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары табыстар алынған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді. Арнайы салық режимін қолданатын шаруашылық жүргізуші субъектілер бұл жарналарды Қорға еліміздің салық заңнамасында көрсетілген тәртіпте аударады.

Мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының толық және уақытылы төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.

23.05.2019

 Мүмкіндігі шектеулі азаматтар Қор қызметтерін қалай алады?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын, оның ішінде әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарды зейнетақы қызметтерімен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Осы мәселені шешу мақсатында «Мобильдік агент» жобасы іске қосылған. Соның аясында Қор қызметкерлері қандай да бір себеппен, бірінші кезекте денсаулығына байланысты БЖЗҚ кеңсесіне келе алмайтын салымшылардың үйіне өздері барып қызмет көрсетеді.

Бүгінде аталмыш жоба Қордың барлық 18 филиалында жүзеге асырылады. Бұл ретте мүмкіндігі шектеулі жандар Қор қызметкерлерін үйге шақыру үшін enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» – «Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін электрондық өтініш беру» бөлімі арқылы немесе Байланыс орталығының 1418 тегін телефон нөміріне хабарласып, өтініш бере алады. Бұдан кейін «БЖЗҚ» АҚ қызметкері өтініш берушіге хабарласып, кездесу уақытын белгілейді.

«Мобильдік агент», яғни Қордың маманы барлық керекті құралдармен жабдықталған. Сапарға шыққанда өзімен бірге ноутбук, құжаттарды сканерлейтін әрі басып шығаратын принтер және 4G-модемі бар құрылғыны алып жүреді. Солардың көмегімен салымшыға қажет құжаттар лезде дайындалады.

Қауіпсіздікті сақтау мақсатында Қор қызметкерлері салымшыларға алдын ала телефон шалып, келу уақытын хабарлап қояды. Олардың әрқайсысында қызметтік куәлігі бар. Егер сонда да күмәнданатын болсаңыз, Қордың байланыс орталығына хабарласып, маманның аты-жөнін нақтылауыңызға болады.

23.05.2019

Мен шет ауылда тұрамын, аудан орталығы алыста. Мен секілділерге зейнетақы қызметтерін қолжетімді ету үшін Қорда қандай шаралар жүзеге асырылып жатыр?

Бүгінде еліміздің шалғай аудандарында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының «Мобильдік кеңсе» деп аталатын жобасы ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба шалғайда орналасқан елдімекендер мен бөлімшелері жоқ аудандардың тұрғындарын зейнетақы қызметтерімен толыққанды қамту мақсатында қолға алынған. Соған сәйкес Қор филиалдарының мамандары халықтың әр түрлі әлеуметтік осал топтарымен жұмыс істейді. Олардың арасында қандай да бір себептермен кеңсеге келе алмайтын адамдар да бар. Жоба аясында қызмет көрсету үшін шағын автобус пайдаланылады. Ол жерсеріктік байланыс құралдары және басқа да қажетті заманауи техникалармен жабдықталған. Автобустың салонында операторларға арналған екі автоматтандырылған жұмыс орны мен келушілерге арналған екі орын бар. Кезек күтушілер үшін тағы үш адамдық орындық қойылған. Бұл көлікті барлық қызметтерді онлайн тәртібінде көрсететін өзіндік бір жылжымалы дербес қызмет көрсету орталығы деп атауға болады. «Мобильдік кеңсе» қызметкерлері бір сапар барысында орта есеппен 60-қа жуық салымшыға қызмет көрсетелді. Қызмет түрлерін атап айтар болсақ: ерікті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шотын ашу, шоттың жай-күйі туралы хабарлау тәсілін өзгерту, шоттан үзінді көшірме беру, жеке деректемелерге өзгерістер енгізу, зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару жөнінде өтініш қабылдау секілді қызметтер.

«Мобильдік кеңсенің» жолға шығуы арнайы жоспар  бойынша жүзеге асырылады. Оның жүру бағыттары жергілікті әкімдікпен алдын ала келісіледі және тұрғындар оның келу уақытын алдын ала біліп отырады. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландыру таратылады. Бұл ретте жергілікті атқарушы органға хабарласып, елді мекеніңізді жоспарға енгізу жөнінде өтініш беруіңізге де болады. Әзірге үш «Мобильдік кеңсе» Алматы, Атырау және Қостанай облыстарында жұмыс істеп жатыр. Биыл жыл соңына дейін тағы 10 облыс қамтылатын болады.

Одан басқа шалғай елдімекендерді зейнетақы қызметтерімен қамту мақсатында «БЖЗҚ» АҚ пен «Қазпошта» АҚ бірлескен жобаны іске қосты. Соған сәйкес зейнетақы қызметтері «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы көрсетіледі.

Осылайша экономикалық тұрғыдан белсенді халқының саны 2 мыңнан асатын 94 елдімекеннің тұрғындары зейнетақы қызметтерін ұлттық пошта байланысы операторы арқылы алуға қол жеткізді. Атап айтар болсақ, бұл ауылдар мен кенттердің тұрғындары Қазпошта бөлімшелерінде мынадай қызметтерді алады:

  • салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің нөмірі, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту/толықтыру туралы өтініш беру;
  • хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ электрондық форматтағы қызметтеріне қол жеткізу) туралы келісімге қол қою.
23.05.2019

Жеке қабылдау жүргізіледі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңес мүшесі, Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы Тұрғараев Мұхит Бекетұлы ағымдағы жылдың 28 мамырында сағат 10-00-де азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді.

Жеке қабылдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысының департаментінің ғимаратында (Түркістан қаласы, Отырар шағын ауданы, н/з ғимарат (Департаменттер үйі, қызметтік с.т. 8 725-33-5-94-72і) өтеді.

20.05.2019

Мобильді азаматтар базасына жыл басынан бері 1 млн адам тіркелді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2019 жылдың алғашқы төрт айында 1,1 млн аса азаматты мобильді азаматтар базасына тіркеді. Осылайша аталмыш базаға тіркелген қазақстандықтардың саны 6,8 миллионға жуықтап отыр.

Мобильді азаматтар базасына тіркеу ерікті түрде жүргізіледі, мұнда азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірі мен ұялы телефон нөмірі байланыстырылып, базаға енгізіледі. Бұл арқылы дерекқорда жеке мәліметтері бар адамдар халыққа қызмет көрсету орталығына бармай, бірнеше мемлекеттік қызмет пен сервисті онлайн түрде ала алады. Мәселен, базаға тіркелгендер egov.kz порталының құпиясөзін ұмытқан жағдайда, ұялы телефондарына бірретік құпиясөзге сұрау жібере алады. Смартфондағы mgov.kz қосымшасының 81 түрлі қызметін қолдана алады. Жаңа босанған аналар проактивті қызмет аясында, бала туылған шақта жіберілген смске жауап беру арқылы туу куәлігі мен жәрдемақының тағайындалуына өтініш беріп, бөбекті балабақша кезегіне қоя алады. Сонымен қатар базаға тіркелген азаматтар telegram-дағы egovkzbot көмегімен 25 қызметті емін-еркін қолдана алады. Бұл сервис ұялы телефон арқылы мекенжай, соттылықтың болмауы, диспансерлердің есебінде тұрмау туралы, жылжымайтын мүліктің болу/болмауы сияқты бірқатар анықтаманы алып, дәрігер қабылдауына жазылуға, ХҚО кезегін онлайн брондауға, айыппұлдардың бар/жоғын тексеруге мүмкіндік береді. Аталмыш бот 2018 жылы іске қосылды. Осы уақытқа дейін оны 300 мыңға жуық адам қолданып, 162 мың рет мекенжай анықтамасын алып үлгерді.

Қазақстандықтар мобильді азаматтар базасының тізімінде тіркелген/тіркелмегенін egov.kz порталы арқылы тексере алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік  корпорациясы  КЕАҚ баспасөз қызметі

14.05.2019

Ордабасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Мекен-жайы: (индекс:160600) Темірлан ауылы, Қажымұхан 209, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ғимараты.

Ордабасы ауданы сайлау учаскелерінің шекаралары

№437 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160601 Бадам ауылы, Б.Момышұлы көшесі 27, С.Сейфулин ЖОМ, Шекарасы: Дербес ауылы және Бадам ауылының «Орда» мөлтек ауданы, А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Қазыбек би, Ә.Шопақұлы, Абай, Төлеби көшелері, Б.Момышұлы мен Т.Қабылұлы көшелерінің батыс жағы.

№438 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160601 Бадам ауылы, А.Шерімқұлов көшесі 1А. Шерімқұлов ЖОМ. Шекарасы: Бадам ауылындағы Қ.Төлеев, Б.Мырзабаев, О.Жандосов, М.Әуезов, К.Омаров, Жангельдин, Құрманғазы, А.Шерімқұлов, Т.Рысқұлов, Қ.Мүсірепов, Ембердиев, Амангелді, Алтынсарин, Б.Онтаев, К.Байсеитова, С.Теңлібай, Т.Жананов, Б.Момышұлы, Т.Айбергенов, Ақдала, Достық көшелері және Момышұлы, Т.Қабылұлы көшелерінің шығыс жағы.

№439 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160601 Бадам ауылы, Қажымұқан көшесі №6. Қажымұқан ЖОМ Шекарасы: Мамыр ауылы және Бадам ауылы теміржолының оңтүстік жағындағы (М.Маметов, Жамбыл, Ш.Уалиханов, Әл-Фараби, Қажымұқан, Ш.Айманов пен Ә.Ахметов) көшелері.

№440 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160607 Ақбұлақ ауылы, Ақбұлақ  ОМ. Шекарасы: Ақбұлақ, Қарабастау ауылдары.

№441 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160601 Ордабасы ауылы, Ордабасы НМ.

Шекарасы: Ордабасы ауылы.

№442 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160602 Бөген ауылы, М.Әуезов14, Б.Кенжебаев ЖОМ. Шекарасы: Бөген, Кемер ауылдары

№443 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160605 Қайнар ауылы, О. Ешимов көшесі №20, М.Әуезов ЖОМ. Шекарасы: Қайнар ауылы.

№444 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160613 Ұялыжар ауылы, Абай көшесі 5, Абай ЖОМ,  Шекарасы: Ұялыжар ауылы.

№445  сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160611 Теспе ауылы, Ордабасы көшесі №5, С.Ысқақов НМ. Шекарасы: Ынтымақ, Теспе ауылдары.

№446 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160613 Ықыластемір ауылы, М.Х.Дулати көшесі н/ү. М.Х.Дулати ОМ. Шекарасы: Ықыластемір ауылы.

№447 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160613 Жамбыл ауылы, Қалау-Датқа көшесі н\ү, Қ.Мүсірепов ОМ. Шекарасы: Таздар, Жамбыл, Бірлік ауылдары.

№448 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160613 Қалаш ауылы, Қалаш НМ. Шекарасы: Қалаш ауылы

№449 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160603 Жеңіс ауылы, Жәнібеков №9 үй, Ө.Тұрманжанов ОМ. Шекарасы: Жеңіс және Дихан ауылдары.

№450 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160609 Қарақұм ауылы, А.Байтұрсынов көшесі №4 үй, Қарақұм ЖОМ. Шекарасы: Қарақұм ауылы.

№451 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160610 Көктөбе ауылы, Мүтәлі көшесі №2, Н.Нысанбаев ЖОМ. Шекарасы: Көктөбе, Қызылсеңгір және Боралдай ауылдары.

№452 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160600 Қажымұқан ауылы, Ж.Ақмұратов көшесі №1 үй, С.Ысмаилов ЖОМ. Шекарасы: Қажымұқан ауылы.

№453 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160615 Ынталы ауылы, Малдыбай көшесі №152 үй, К.Бектаев ЖОМ. Шекарасы: Ынталы ауылы.

№454 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160600 Аманкелді ауылы, Отан көшесі №1/1, Ғ.Мұратбаев ЖОМ. Шекарасы: Амангелді ауылы.

№455 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160600 Темірлан ауылы, Р.Әзімбаев №18 үй, Кәусар гимназиясы. Шекарасы: Темірлан ауылы: Қажымұқан көшесінің тақ жағы №95, жұп жағы №102 үйден бастап  Байжанов, Мүсірепов, Қабанбай батыр, Н.Нысанбаев, Майлықожа, Азимбаев, Құрманғазы, Құдайбердиев, Байтұрсынов, Молдағұлова, Бөгенбай батыр, Наурызбай, Кенесары, Аманкелді көшелері мен ПМК мөлтек ауданы.

№456 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160600 Темірлан ауылы, Қазыбек би көшесі №4 үй, Мәдениет үйі. Шекарасы: Темірлан ауылы: Қажымұқан көшесінің жұп жағы №198 үйден бастап №282 үйге дейін. Тақ жағы №181 үйден бастап №277 үйге дейін, Абай көшесі №9 үйден №79 үйге дейін. Айбергенов көшесі №1 үйден Найман ауыл мешітіне дейін. Т.Рысқұлов, М.Әуезов, Абылайхан, Қазыбек би, Черемушка, Оразбаев, Молдашимов, С.Әбдіқадіров, Мұртазаев көшелері.

№457 сайлау учаскесі. Мекен жайы:160600 Темірлан ауылы, Қажымұқан көшесі №92 үй, Темірлан ЖОМ. Шекарасы: Темірлан ауылындағы Қажымұқан көшесінің №1-100 дейінгі үйлер, Аманжолов, Ынтымақ, Құртай, Б.Момышұлы, Кенжебаев, Ақтөбе, Домалақ ана, Тлеубергенов, Ө.Тұрманжанов, Бәйдібек көшелері, №6 бригад аумағы.

№458 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160600 Темірлан ауылы, Қажымұқан көшесі №348, Батсу НОМ. Шекарасы: Темірлан ауылы: Қажымұқан көшесінің жұп жағындағы №292 үйден бастап /Анапия Ұлболсын/ соңына дейін, Қажымұқан көшесінің тақ жағындағы №281 үйден бастап, /Ахметов Базарбай/ соңына дейін, Абай көшесі №81 үйден бастап /Жолдасов Зұлпыхар/ Әл-Фараби көшесінің соңына дейін, М.Мақатаев, Сәтбаев, Жәнібеков, Жансүгіров, Майлин және Ж.Сүйіндікұлы көшелері.

№459 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160600 Темірлан ауылы, Жепаев көшесі № 1, Амангелді ЖОМ. Шекарасы: Темірлан ауылындағы Жепаев, Ш.Қалдаяқов, Нұрмаханов, Тұрмағамбетов, Қожабаев, Нұғманов, Сарбасов, Мамедова,  Бекназаров, Кегенбаев, Ақшуақ, К.Омаров, Сейфуллин, А.Мұсаев және Абассов көшелері.

№460 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160606 Мәдениет ауылы,  Сатбаев көшесі №17, Қ.Сәтбаев ЖОМ. Шекарасы: Семхоз, Мәдениет, Ынтымақ және  Жұлдыз ауылдары.

№461 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160606 Ақжол ауылы, Отарбек Күдірбек көшесі №2, Жамбыл ЖОМ Шекарасы: Жаңатұрмыс, Сарыарық және Ақжол ауылдары.

№462 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160606 Мақташы ауылы, С.Адамбеков көшесі №48, Мақташы ЖОМ. Шекарасы: Бейсен, Мақташы ауылдары.

№463 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160606 Қараспан ауылы, Бимырза көшесі №76, Б.Оңтаев ЖОМ. Шекарасы: Қараспан ауылы.

№464 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160606 Төреарық ауылы, Т.Сакенов көшесі № 2. Тәукехан  НОМ. Шекарасы: Төреарық ауылы.

№465 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160608 Көлтоған ауылы, М.Маметова көшесі н/ү. Ерназаров ЖОМ. Шекарасы: Көлтоған ауылы.

№466 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160606 Берген ауылы, Темірлан көшесі №10, К.Омаров ЖОМ. Шекарасы:  Берген ауылы.

№467 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160606 Батырата ауылы, Насыр-Али көшесі №78 І.Есенберлин ЖОМ. Шекарасы: Батырата ауылы.

№468 сайлау учаскесі. Мекен жайы:160612 Төрткүл ауылы, Қонаев көшесі №5, Төрткүл ЖОМ. Шекарасы: Төрткүл ауылы: Д.Қонаев көшесінің шығыс жағы, Спатаев, Әуезов, Төлеби, Тоқтаров, Мұратбаев, Молдағұлова, Көлбай, Алтынсарин, Әл-Фараби, Сәтбаев Қасымбек, Кенесары, Қажымұқан, Құрманбек көшелері және Ақсары ауылы.

№469 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160612 Қызылжар ауылы, Б.Тоқберген көшесі н/з, Қызылжар НОМ. Шекарасы: Қызылжар ауылы.

№470 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160612 Сыпатаев ауылы,  А.Қалымбет көшесі № 44. Сыпатаев НОМ. Шекарасы: Спатаев ауылы.

№471 сайлау учаскесі. Мекен жайы:160612 Елшібек батыр ауылы,        Ж. Адырбеков көшесі н/ү Торткүл төбе НОМ. Шекарасы: Елшібек батыр ауылы.

№472 сайлау учаскесі. Мекен жайы:160612 Еңбекші ауылы, Жұмабаев көшесі №1. М.Жұмабаев ЖОМ. Шекарасы: Көкарал, Еңбекші, Жайылма ауылдары

№473 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160606 Төрткүл ауылы, М.Әуезов көшесі № 38, Көкарал ЖОМ. Шекарасы: Төрткөл ауылы: Д.Қонаев, М.Әуезов көшелерінің батыс жағы, Қонаев көшесімен қиылысқан Төле би, Спатаев көшелерінің батыс жағы, Әуезов көшесімен қиылысқан Аяп, Ерубаев, Уалиханов көшелерінің батыс жағы, Абай, Құлмахан, Бейбітшілік, Мұғалімдер, Жұмабаев, Түркістан, Байтұрсынов, Сейфуллин, Амангелді, Момышұлы, Жұлдызай, Қазыбек би, А.Назарбеков, Байтасов, Рыскұлов, Мырзакент, Омарбеков, Тәуелсіздік, Ақберді көшелері.

№474 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160612 Арыстанды ауылы, Әл-фараби көшесі №27, Бөген ЖОМ мектебі.

Шекарасы: Арыстанды және Нұра ауылдары

№475 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160614 Жусансай ауылы, О.Үсенұлы көшесі № 6. Жусансай ЖОМ. Шекарасы: Аққойлы, Жусансай, Сарытоғай ауылдары.

№476 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160614 Шұбар ауылы, О.Жандосов көшесі №8, КМ-18. Шекарасы: Шұбар ауылы, Райымбек батыр көшесінің сол жағы және Береке ауылдары.

№477 сайлау учаскесі. Мекен жайы:160614 Шұбар ауылы, Қазақстан көшесі №59, Шұбар ЖОМ. Шекарасы: Шұбар ауылы, Райымбек батыр көшесінің оң жағы.

№478 сайлау учаскесі. Мекен жайы:160614 Тоқсансай ауылы, Қажымұқан көшесі №88/1, Тоқсансай ЖОМ. Шекарасы: Тоқсансай ауылы.

№479 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160614 Шұбарсу ауылы, Агросад-3 алабы, Б.Нұрлыбеков ЖОМ. Шекарасы: Шұбарсу ауылы «Орбита», «Жазира», «Агросад-3», «Шымкентсройсбыт», «Авиатор» «Спутник», «Достық», «Юбилейный», «Проект», «Маяк», алабтары

№480 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160614 Шұбарсу ауылы, , Д.Қонаев көшесі н/ү, М.Исламқұлов ЖОМ. Шекарасы: Шұбарсу ауылындағы «Рауан», «Энергетик-2», «ТЭЦ-3», «Геолог», «Геолог-2», «Дружба», «Романтик-1», «Надежда», «Болашақ», «Төлеби», «Нефтехимик-2», «Найман», «Куаныш-1»,  «Куаныш-2»,  «Куаныш-3» алабтары.

№481 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160614 Шұбарсу ауылы, Арман-3 алабы Ынтымақ ЖОМ. Шекарасы: «Қорғасын-1»,  «Қорғасын-2», «Қорғасын-3», «Аккорд», «Арман-1»,  «Арман-2», «Арман-3», «Ремонтник»,  «Вишенка», «Транспортник» алабтары.

№482 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160614 Шұбарсу ауылы, Н.Торекулов көшесі н/з. Атамекен ЖОМ. Шекарасы: Шұбарсу ауылындағы «Найман-2», «Мелиаратор», «Асар», «Шымкентпромстрой-2», «Связист ТУСМ», «Атамекен» алабтары.

№483 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160614 Шұбарсу ауылы, Қонаев көшесі н/ү. Достық бастауыш мектебі. Шекарасы: Шұбарсу ауылындағы «Энергетик-1», «Энергетик-3», «Энергетик-Пилот», «Яблонка», «Земляне», «Индустрия», «Жаңа-1», «Жаңа-2», «Жаңа-3», «Ақжол», «Ромашка», «Береке», «Связист-ОПТУС» алабтары.

№484 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160614 Шұбарсу ауылы, Массив Агросад-3. Б.Нұрлыбеков ЖОМ. Шекарасы: Шұбарсу ауылындағы «Химик», «Нефтехимик-1», «Наурыз», «Агросад-2», «Домостроитель», «Агросад-1», «Подснежник», «Грузовик» алабтары

№485 сайлау учаскесі. Мекен жайы: 160614 Шұбарсу ауылы, Арал-Эко алабы. Парасат бастауыш мектебі. Шекарасы: Шұбарсу ауылындағы «Машиностроитель-1, кв3», «Атомобилист-1», «Атомобилист-2», «Арал-Эко», «Арал-2», «Бекас», «Фазенда», «Асылбақ-1», «Асылбақ-2», «Асылбақ-3», «Весна», «Жанат», «Прометей-Восход», «Аукцион», «Шымкентпромстрой-2», «Строитель», «Дачник», «Цементник», «Үшқұдық», «Подснежник», «Виктория» алабтары.

05.05.2019