АУДАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Жалпыға бірдей декларация тапсыруды кезең-кезеңімен енгізу бойынша ұсыныс енгізілді

Қолданыстағы заңнамамен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары Жалпыға бірдей декларация тапсыруды енгізу көзделген. Осыған байланысты заңнамалық базаны, ақпараттық жүйелерді дайындау, уәкілетті органдардың деректер базасын өзектендіру, өңірлерде пилотты өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қарағанды облысының Осакаровка ауданындағы пилоттық жобаның нәтижелері проблемалық мәселелерді анықтады, оларды шешуге қосымша уақыт қажет етіледі.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Жалпыға бірдей декларация тапсыруды кезең-кезеңімен енгізу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізді.

Бірінші кезеңде, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары декларация тапсыруды бастау ұсынылады.

Екінші кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т.б. салаларды қоса алғанда) және олардың жұбайлары.

Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.

Төртінші кезеңде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – халықтың қалған санаттары.

Бұл ретте, әр кезеңнің қорытындысымен талдау жасалатынын, проблемалық мәселелер анықталатынын және заңнаманы, әдістемені және ақпараттық жүйелерді жетілдіру бойынша шаралар қабылданатынын атап өткен жөн.

Қазіргі уақытта жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңімен енгізу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына түзетулер дайындалуда. Олар Қазақстан Республикасының Парламентіне белгіленген тәртіпте ұсынылады.

Ордабасы ауданы бойынша

 Мемлекеттік кірістер басқармасы

24.04.2019

Зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтары бар адам зейнеткерлік жасқа толған кезде оның зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляция деңгейі ескеріле отырып, шотындағы жинақ ақша осы шотқа енгізілген жарналардың сомасымен салыстырылады. Егер алушының Қордағы жинақтарының инвестициялық табысты қоса есептегендегі жалпы сомасы инфляцияға тең және одан жоғары болса, айырма сомасы төленбейді. Ал егер инфляциядан төмен болса, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін есептейді. Бұл сома біржолғы төлем ретінде республикалық бюджет есебінен алушының банк шотына 10 жұмыс күні ішінде аударылады.

Зейнетақы жинақтарын қалыптастыру кезеңі бірнеше ондаған жылдарға созылатыны белгілі. Бір жағы содан да болар, кейбір салымшылар: «Зейнет жасына дейін әлі талай жыл бар, оған дейін өмір де экономика да өзгереді, жинаған ақшамыздың жайы қалай болады?», – деп уайымдайды. Бірақ уайымдауға еш негіз жоқ. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде мемлекет зейнеткердің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, оның атына Қорға аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары мен мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепiлдiк бередi. Бұл норма Заңға 2003 жылы енгізілген. Осылайша мемлекет жеке зейнетақы шотындағы жинақтарды сақтау кепілдігін өз мойнына алды.

Бүгінде Қазақстан әлемде зейнетақы жинақтарының сақталуына толық кепілдік беретін жалғыз мемлекет. Мысалы, Германияның зейнетақы жүйесі әлемдегі ең тиімді жүйелердің бірі болып саналады. Соған қарамастан бұл елдің зейнетақы қорлары жинақ ақша бойынша салымшылардың зейнет жасына толуына қарай 2 пайыздан астам мөлшерде ғана табыстылық мөлшерлемесіне кепілдік береді. Чилиде зейнетақы активтерін басқарушылар зейнетақы жинақтарының сақталуына таңдап алынған қор түріне қарай кепілдік береді. Дегенмен зейнетақы жинақтарының көлемі соңғы 36 ай ішіндегі орташа сараланған 2 пайыздық нақты табыстылық деңгейінен төмен болмайды. Ал Швеция, Австралия, Израиль, Норвегия, Мексика, Эстония елдерінде зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік тіпті берілмейді.

Елімізде зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік механизмі 2009 жылдан бастап белсенді түрде қолданыла бастады. Өйткені бұл кезеңде қаржы дағдарысының салдарынан зейнетақы активтерінің табыстылығы күрт төмендеп кеткен болатын. Қаржы нарығындағы ахуалдарға қарай зейнетақы жинақтарын инвестициялаудан түсетін табыс бірде жоғары, бірде төмен болуы мүмкін. Осыған байланысты шоттағы жинақтардың сомасы мен осы шотқа нақты енгізілген жарналардың арасында айырмашылық пайда болады. Сондықтан салымшы зейнеткерлік жасқа толғанда оның зейнетақы жинақтарының жалпы табыстылығы есептеледі. Бұл ретте әрине, салымшының жинақтаушы жүйеде болған бүкіл кезеңіндегі инфляция деңгейі ескеріледі. Демек қаржы нарығы мен инвестициялық табысқа қатысты қандай жағдай орын алмасын, салымшылардың жинақтары сенімді қорғалған. Мемлекеттік кепілдік төлемі салымшыларға олар зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған кезде беріледі.

Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алуға кімдер құқылы? Олар – зейнет жасына толған азаматтар, I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар, Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және осы өтемақыны алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері. Бұл ретте мұрагерлер арнайы өтініш және жеке басты кәландыратын құжатпен қатар мұра қалдырушының қайтыс болғаны туралы куәлік пен мұрагерлік құқығы туралы куәлікті тапсырады.

Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін есептеу және төлеуді

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының  «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясы жүзеге асырады.

2018 жылдың қазан айында зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды оңтайландыру мақсатында Композиттік қызмет іске қосылған болатын. Соған сәйкес зейнет жасына толған азаматтар мемлекеттік бюджеттен берілетін зейнетақылар мен Қор төлемдерін және мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін бірыңғай өтініш пен қажетті құжаттарды тек бір жерге – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсырады. Айырма төлемін алу үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ. Бұрын бұл азаматтар Қордан зейнетақы төлемдерін алу үшін Қордың өзіне жүгінетін.

Айта кетелік, Қорда зейнетақы жинақтары бар, I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар және Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін зейнетақы төлеу тәртібі өзгеріссіз қалады. Олар зейнетақы жинақтары есебінен төлемдерін алу үшін Қорға жүгінеді. Ал мемлекеттік зейнетақылар мен мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін әрине, олар да бірыңғай өтінішпен Мемлекеттік корпорацияға барады.

24.04.2019

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ негізгі

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,64 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 262,3 млрд теңгеге өсті. Олардың ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 9,43 трлн теңгені құрады (жалпы соманың 97,8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 209,5 млрд теңге (бүкіл жинақтың 2,2%) және ерікті зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) жинақтар сомасы 1,9 млрд теңге болды (0,02%).

Шарттардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны 10,4 млн бірліктен асты.

2019 жылдың алғашқы үш айы ішінде зейнетақы төлемдері 54,4 млрд теңгені құрады. Оның ішінде жасына байланысты төлемдер 31,6 млрд теңгені, ал сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 7,4 млрд теңге болды.

Жыл басынан бері Қор салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 96,9 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың сәйкес кезеңінде алынған таза инвестициялық табыстан 30 млрд теңгеге артық.

Зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 12 ай ішінде (2018 жылдың сәуірі – 2019 жылдың наурызы) 11,5 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 4,8 пайызды көрсетті. Осылайша зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы инфляциядан 6,7 пайызға жоғары болып отыр.

Атап өту керек, Ұлттық Банк ұсынатын зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы мен инвестициялық қызметке жасалынған шолу ай сайын enpf.kz сайтында «Көрсеткіштер»-«Инвестициялық қызмет»-«Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы» (https://www.enpf.kz/kz/indicators/invest/structure.php) және «Инвестициялық қызметке шолу»  (https://www.enpf.kz/kz/indicators/invest/review.php) бөлімінде жарияланып отырады.

Қор клиенттерге қызмет көрсету жұмыстарын үнемі жетілдіріп келеді. Жыл басынан бері салымшылар мен алушыларға 6,2 миллионнан астам қызмет көрсетілді. Бұл ретте қызмет көрсетудің электрондық тәсілі басымдыққа ие – электрондық форматта (зейнетақы шотынан берілетін үзінді көшірмені есепке алғанда) 5,3 миллионнан астам (немесе 85,6%) операция жүзеге асырылды.

«БЖЗҚ» АҚ тұрғындар арасында белсенді түрде ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл ретте кәсіпорындар мен ұйымдарда және сауда орындарында көшпелі таныстырылымдық шаралар өткізіледі. Жыл басынан бері 6,8 мыңнан астам таныстырылым өткізіліп, оларға 211 мыңнан астам адам қатысты.

2017-2018 жылдар мен 2019 жылдың алғашқы үш айы ішінде БЖЗҚ-ның таныстырылымдық шараларында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарымен 1 555 837 адам қамтылды. Бұл жұмыспен қамтылған халықтың 17,77 пайызын құрайды. (egov сайтының стат. дерегіне сәйкес 01.04.2019 ж. қарай елде жұмыспен қамтылғандардың саны – 8 756 300 адам).

БЖЗҚ 2018 жылы соңғы бірнеше жылда зейнетақы жарналары түспей жатқан, «ұйқыдағы» шоттарды жандандыру жұмыстарын қолға алған болатын. Бұл жұмыс жалғасын табуда. Қор мамандары 2019 жылдың басынан бері 101,3 мыңнан астам шоттың иелерімен байланыс орнатты. Олардың ішінде 5 704 адам жалпы сомасы 71 152 001 теңгеге зейнетақы жарналарын аударды. Жалпы белсенді емес шоттармен жұмыс жүргізу барысында (2018 жылдың ақпаны мен 2019 жылдың 1 сәуірі аралығында) Қор шоттарына бірнеше жыл бойы жарна түспеген 732 895 адаммен байланыс орнатып, ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Соның арқасында белсенді емес шоттарға жалпы сомасы 2,4 млрд теңгеге 208 мыңнан астам жарна түсті.

2019 жылдың басынан бері бірыңғай жиынтық төлемді төлеу аясында (БЖТ) 41 394 жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 22,2 млн теңгеге 46 064 жарна аударылды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

24.04.2019

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Жұмыскердің әлеуметтік жауапкершілігі

Зиянды өндірістегі жұмыс адам денсаулығына нұқсан келтіретіндігі бәсенеден белгілі. Сондықтан бұл шетін мәселеде жұмыс берушінің әлеуметтік жауапкершілігі өте маңызды.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көрсетілген жұмыскерлердің пайдасы үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – Қор) агенттер меншікті қаражаты есебінен аударған ақша. Тізбені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Бұл жарналар зиянды еңбек жағдайы үшін жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен жұмыскерлерінің пайдасына аударатын өтемақысы.

Қорға төленуге жататын МКЗЖ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша жұмыскердің ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Зейнетақы жарнасының бұл түрі 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларының (бұдан әрі – Зейнетақы қағидалары) 10 тармағына сәйкес МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт (қосылу шарты) бекітілген. Ол «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңында көзделген құқықтарды, міндеттер мен жауапкершілікті, сондай-ақ БЖЗҚ-ның, МКЗЖ аударылатын жеке тұлғаның (МКЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерiн алушының) және агенттің арасындағы құқықтық қатынастардың өзге де ерекшеліктерін белгілейді.

Зейнетақы қағидаларының 11 тармағына сәйкес МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан (ол enpf.kz. сайтында орналастырылған) бойынша МКЗЖ-ны есепке алу жөнінде жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтінішке агенттің және өзі үшін МКЗЖ аударылатын жеке тұлғаның қол қоюы арқылы жүзеге асырылады.

БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясынан МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтердің бірыңғай тізімге енгізілгені туралы электрондық хабарламаны алған күннен бастап агент және өзі үшін МКЗЖ аударылатын жеке тұлға МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.

МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бұрын жасалған шарт болған жағдайда МКЗЖ аударылатын жеке тұлға және жаңа агент МКЗЖ есепке алу бойынша жаңа ЖЗШ ашпай-ақ БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарымен айқындалатын нысан бойынша МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтінішке қол қояды. Бұл ретте МКЗЖ есепке алу бойынша жаңа шот ашылмайды.

БЖЗҚ-ға МКЗЖ еспке алу бойынша ЖЗШ ашу туралы өтінішті рәсімдеу үшін салымшы Қорға тиісті құжаттарды ұсынады. Бұл құжаттардың тізімі Қор сайтында орналастырылған. МКЗЖ табыстар алынған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді.

Арнайы салық режимін қолданатын шаруашылық жүргізуші субъектілер бұл жарналарды Қорға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көрсетілген тәртіпте аударады.

Қорға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден агент:

1) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған жеке тұлғалар;

2) әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;

3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар үшін босатылады.

Іс жүзінде төленген және жұмыскер кіріс алған жағдайда, жұмыс беруші уақтылы аудармаған МКЗЖ сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе жұмыс беруші оларды уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі көлемінде мерзімі өткен әрбір күн үшін есепке жазылған өсімпұлмен бірге Қорға жұмыскердің пайдасына аударылуы тиіс. Бұған қарап, еңбеу жағдайлары зиянды өндірістерде жұмыс істейтіндердің мемлекет тарапынан қорғалғандығына және құрметті демалысқа шыққан соң барабар төлемдерге үміт арта алатындығына көз жеткізуге болады.

Қордағы зейнетақы жинақтары ай сайын ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз етуге жеткілікті болған жағдайда өздері үшін МКЗЖ кемінде күнтізбелік 60 ай бойы (5 жыл) төленген әрі 50 жасқа толған азаматтар өздері таңдаған сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы алып тұру үшін зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы. Бұл жарналардың 2014 жылы енгізілгенін ескерсек, зиянды өндірістерде жұмыс істейтін әрі 50 жасқа толған азаматтар биылдан, яғни 2019 жылдан бастап зейнетақы аннуитеті шартын жасасу арқылы зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу құқығына ие болды. Айта кетелік, 2019 жылдың басынан бері осы санаттағы азаматтар 150-ден астам зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан.

Міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін салымшы (алушы) ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануға құқылы.

Осылайша, сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетін жасасу арқылы сақтандыру ұйымынан ай сайын өмір бойы сақтандыру төлемдерін алып тұруға болады. Сақтандыру ұйымына аударуға жеткілікті соманы зейнетақы калькуляторы арқылы есептеуге мүмкіндік бар. Ол Қор сайтындағы «Электрондық қызмет көрсету»  – «Зейнетақы калькуляторы» бөлімінде қол жетімді   (https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/calcInsurance/calc.php).

Айта кетелік, БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары алушыларға тек заңнамада көрсетілген жағдайлар туындаған кезде ғана беріледі. Заң талаптарына сәйкес Қордан төленетін зейнетақы төлемдері зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға (ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге биыл 59 жасқа толғанда) және бірінші немесе екінші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандарға төленеді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың да мiндеттi және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қорда МКЗЖ есепке алу бойынша 487,3 мың шот тіркелген. Оларда барлығы 209,5 млрд астам теңге жинақталған. 

Анықтама: 2020 жылдан бастап елімізде шартты-жинақтаушы құрамдауыш  енгізіледі, яғни жұмыс жағдайына қарамастан барлық жұмыс берушілер жұмыскерлерінің пайдасына өз қаражаты есебінен Қорға айлық табыстың 5 пайызын қосымша аударатын болады.

20.04.2019

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ!» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

«Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімімен аталған көшелер мен даңғылдарды және ескерткіштерін  тазалау, үйлеріне барып қолғабыс жасау жұмыстары жүзеге асуда. Кентау қаласында аталған партиялық жоба аясында көптеген жұмыстар атқарылып, игі істер қолға алынып жатыр.
«Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалының ұйымдастыруымен қала жастары С.Қожанов саябағындағы «Азалы ана» стелласына, «Кеншілер» саябағына, Қонаев даңғылына тазалау жұмыстары жүргізді.
Абаттандыру ісіне белсенді түрде атсалысқан жастар аллеяларды артық шөптерден тазартып, гүл егетін орындарды дайындады.
Іс-шара барысында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исахан Жұмабаев Отанын сақтап, болашақ ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерді аялау әрбір жастың парызы екендігін айтса,  «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының орынбасары Сағынбек Асылбеков «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасының барысымен таныстырды.
–Басты мақсат – ардагерлерге қолғабыс көмек көрсету және осы игі шара арқылы жастардың бойында елжандылықты қалыптастыру. Мұндай шараларды тек жоспарлы түрде ғана емес, ұдайы өткізіп отыруды қолға алып отырмыз,  – дейді ол.
Қазіргі кезде Кентау қаласы бойынша 10 ардагер, 800-ден астам тыл еңбеккерлері бар. Ал, жастар саны  50 мыңнан асады. Аға ұрпақтың қалыптастырған ұлы ерлігін, келер ұрпаққа жеткізуді және елін қорғаған батырлардың  есімдерін ұлықтауды жастар әрдайым назарында ұстап келеді.
– Біз мұндай акцияларды жиі өткізіп тұрамыз. Қаладағы әрбір оқу орындары әр  ардагермен тұрақты байланыс орнатқан. Яғни, жағдайларын біліп, өзіндік көмектерін көрсетіп тұрады. Емханамен бірлесе ұйымдастыратын «Ардагер денсаулығы» атты акцияда қан қысымдарын өлшеп, денсаулықтарын тексереміз. Одан бөлек, ерікті жастар үйлеріне барып ауласын тазалап, отын-суын дайындап, үйішілік жұмыстарына көмектеседі – дейді, қалалық Жастар ресурстық  орталығының директоры Қанат Бекметов.
Мұнан соң, көпшілік қалаға қарасты Қарнақ ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Ергеш Салиев пен тыл еңбеккері Анарбай Әбсадықовдың үйіне барып жағдайын білді. Сый-сияпат жасап, ұлағатты әңгімелерін тыңдады. «Енді әлемде соғыс болмасын!» – деген ардагерлер жастардың жақсы оқуы керектігін айтты. Ел бірлігін сақтап, тәрбиелі де тәртіпті,  білімді болуы жайында  қажетті ақыл-кеңестерін берді.
Жастар да ардагерлердің үйішілік жұмыстарына қолғабыс етіп, ауласының айналсына реттеу жұмыстарын жүргізді.
Көнекөз қариялардың әсерлі әңгімелерін тыңдап, батасын алды.

Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметі

20.04.2019

Хабарландыру

«Ордабасы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ -сі «ОҚО Ордабасы ауданы Төрткөл а/о, Нұра е/м су құбырлары құрылысы», «ОҚО Ордабасы ауданы Бөген а/о, Кемер е/м су құбырлары құрылысы» жұмыс жобасының «Қоршаған ортаны қорғау бөліміне» қоғамдық тыңдаулар жүргізеді. Қоғамдық тыңдаулар 2019 жылдың 20 мамыр сағат 10:00 келесі мекен-жай бойынша өтеді: ТО,Ордабасы  ауданы,Темірлан ауылы,Қазыбек би көшесі,1 үй. ҚР ҚОҚМ 2007 жылғы 7 мамырдағы №135-п «Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережесіне» сәйкес және 2013 жылдың 27 наурызында №50-ө өзгертулер енгізілген бұйрығы бойынша тыңдауға қызығушылық білдіретін қоғам өкілдерін өз ойларыңызды білдіруге шақырамыз.

тапсырыс берушінің атауы және байланыс деректері: «Ордабасы аудандық құрылыс, сәулет, жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары бөлімі әкімшілігі» ММ -сі

құжаттаманы әзірлеушінің атауы және байланыс деректері: «Строй-проект-инвентаризация» ЖШС

18.04.2019

ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БҰРЫШТАРЫ АРҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТ АЛУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Ордабасы ауданы бойынша ауыл округі әкімі аппараттары мен дербес бөлімдерде және мектептерде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ашылған. Бұл дегеніміз «Egov.kz», «License.kz» электронды веб-порталдары арқылы алатын мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, жақын жерде орналасқан мекемелерден алуға болады. Ол үшін электронды-цифрлық қолтаңбамен, компьютермен және ғаламтор желісімен жұмыс істей білу қажет. Арнайы ашылған бұрыштарды жеке куәлікке жазылған элктронды-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) оқу үшін компьтерлерде «card reader» орнатылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарынан ешкімнің көмегінсіз санаулы минуттарда жылдам, сапалы алуға болатындығын назарларыңызға жеткіземіз.

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының мекен-жайлары төмендегі кестеде көрсетілген:

 

Мекеменің атауыМекен-жайы
«Қажымұқан ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Қажымұқан ауылдық округі, Темірлан ауылы, Т.Әубәкіров көшесі, №5
«Қарақұм ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Қарақұм ауылдық округі, Қарақұм ауылы, Қ.Мұңайтпасов көшесі, №19
«Қараспан ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Қараспан ауылдық округі, Қараспан ауылы, Б.Шылмырзаев көшесі, №12
«Бөген ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Бөген ауылдық округі, Бөген ауылы, Кенжебаев көшесі, №1
«Бөржар ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Бөржар ауылдық округі, Ұялыжар ауылы, Төле би көшесі, №2
«Бадам ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Бадам ауылдық округі, Бадам ауылы, Шопақұлы көшесі,№1а
«Жеңіс ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Жеңіс ауылдық округі, Жеңіс ауылы, С.Қожанов көшесі, №14
«Төрткөл ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Төрткөл ауылдық округі, Төрткөл ауылы, Д.Қонаев көшесі, №2
«Шұбар ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Шұбар ауылдық округі, Шұбар ауылы, Қ.Сағырбаев көшесі, №5
«Шұбарсу ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Шұбарсу ауылдық округі, Шұбарсу ауылы, Қазыбек би көшесі, №50
Ордабасы аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Қажымұқан ауылдық округі, Темірлан ауылы, Т.Әубәкіров көшесі, №2
Ордабасы ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММОрдабасы ауданы, Қажымұқан ауылдық округі, Темірлан ауылы, Б.Абасов көшесі, №2
Ордабасы аудандық «Ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Қажымұқан ауылдық округі, Темірлан ауылы, Қажымұқан көшесі, №219
«Ордабасы аудандық ветеринарлық қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыныОрдабасы ауданы, Қажымұқан ауылдық округі, Темірлан ауылы, Тұрманжанов көшесі, №63
Ордабасы аудандық «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Қажымұқан ауылдық округі, Темірлан ауылы, Қажымұқан көшесі, №219
Ордабасы аудандық «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Қажымұқан ауылдық округі, Темірлан ауылы, Қажымұқан көшесі, №219
Ордабасы аудандық «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Қажымұқан ауылдық округі, Темірлан ауылы, Б.Абасов көшесі, №6/5
Ордабасы аудандық «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы,Қажымұқан ауылдық округі, Темірлан ауылы, Б.Абасов көшесі, №6/5
Ордабасы аудандық «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Қажымұқан ауылдық округі, Темірлан ауылы, Қажымұқан көшесі, №168
Ордабасы аудандық «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Қажымұқан ауылдық округі, Темірлан ауылы, Қажымұқан көшесі, №168
Ордабасы аудандық «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Қажымұқан ауылдық округі, Темірлан ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, №13
«Амангелді атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Қажымұқан ауылдық округі,Темірлан ауылы,М.Жепаев көшесі н\з
«Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Қажымұқан ауылдық округі, Темірлан ауылы, Әзімбаев көшесі, №22
«Кәусар» гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Қажымұқан ауылдық округі, Темірлан ауылы, Әзімбаев көшесі, н/с
«Темірлан» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы,Қажымұқан ауылдық округі, Темірлан  ауылы,  Қажымұхан көшесі, н/з
«Қ.Бектаев жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Қажымұқан ауылдық округі, Ынталы ауылы, Е.Малдыбай көшесі, н/ү
«Н.Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Қажымұқан ауылдық округі, Көктөбе ауылы, И.Мүтәлі көшесі, №2
 «С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Қажымұқан ауылдық округі, Қажымұқан ауылы, Ж.Акмуратов көшесі, № 1 үй
«Ғ.Мұратбаев  атындағы  жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Қажымұқан ауылдық округі, Амангелді ауылы, Отан көшесі, №1/1
«Батсу» негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Қажымұқан ауылдық округі, Темірлан ауылы, Қажымұқан көшесі, №312
«Н.Оразбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесіОрдабасы ауданы, Қажымұқан ауылдық округі, Боралдай ауылы
«Б.Онтаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесіОрдабасы ауданы, Қараспан ауылдық округі, Қараспан ауылы, Бимырза көшесі, №76
«Е.Ерназаров атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Қараспан ауылдық округі, Көлтоған ауылы, М.Маметова көшесі, н/ү
«Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мекемесіОрдабасы ауданы, Қараспан ауылдық округі, Ақжол ауылы, О.Күдірбек көшесі, №2
«Мақташы» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Қараспан ауылдық округі, Мақташы ауылы, С.Адамбеков көшесі, №48
«Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Қараспан ауылдық округі, Мәдениет ауылы, Сатбаев көшесі, № 17
«І.Есенберлин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Қараспан ауыл округі,  Батыр ата ауылы, Насыр-Али көшесі,№78
«К.Омаров атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мекемесіОрдабасы ауданы, Қараспан ауыл округі,

Берген ауылы, Темірлан көшесі, №10

«Тәуке хан атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Төреарық елді мекені, Т.Сакенов көшесі, № 2
«Шұбар» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Шұбар ауылы, Қазақстан көшесі, №59
«Жусансай» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Жусансай ауылы, О.Үсенұлы көшесі, № 6
«Тоқсансай» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Шұбар ауыл округі Тоқсансай ауылы, н/ү
«Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Шұбар ауыл округі, Шұбар ауыл, С.Сейфуллин көшесі, н/з
«М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Бөржар ауыл округі, Қайнар ауылы, О.Ешимов көшесі, №20
«Абай  атындағы жалпы  орта  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы  ауданы, Бөржар ауыл округі, Ұялыжар  ауылы, Абай  көшесі,  №5
«Х.М.Дулати атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Бөржар ауыл округі, Ықыластемір ауылы, М.Х.Дулати көшесі, н/ү
«Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Бөржар ауыл округі, Жамбыл ауылы, Қалау Датқа көшесі, н/ү
«Теспе» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Бөржар ауыл округі,

Теспе елді мекені, н/ү

«С.Ысқақов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Бөржар ауыл округі, Ынтымақ ауылы, Ордабасы көшесі, № 8
 «С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы  ауданы, Бадам  ауыл округі,

Бадам  ауылы, Байтұрсынов  көшесі, н/ү

«А.Шерімқұлов атындағы  орта мекетебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы  ауданы, Бадам  ауыл округі,

Бадам  ауыл, Шерімқұлов көшесі, №1

«Қажымұқан атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Бадам  ауыл округі,

Бадам  ауылы, Қажымұқан көш, №6

«С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Бадам  ауыл округі,

Бадам  ауылы, Б.Тұрдалиев көшесі, н/з

«Ақбұлақ» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Бадам  ауыл округі, Ақбұлақ елді мекені, н/ү
«Ордабасы» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Бадам  ауыл округі, Ордабасы ауылы, н/ү
«Болашақ» негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Бадам  ауыл округі, Ақбұлақ елді мекені, Т.Мырзаұлы көшесі №47/1
«Ұлағат» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Бадам ауыл округі,  Мамыр ауылы, №029 орам
«М.Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік  мекемесіОрдабасы ауданы, Шұбарсу ауылы,  Д.Қонаев көшесі, №60
«Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Шұбарсу ауылы,

М/В Агросад-3

«Атамекен» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Шұбарсу ауыл округі, Атамекен ауылы, Н.Торекулов көшесі, н/ү
«Ынтымақ» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Шұбарсу ауылы,

«Арман- 3» массив, н/ү

«Достық» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Шұбарсу ауылы, Қонаев көшесі, н/ү
«Төрткүл» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Төрткүл ауыл округі,  Төрткүл ауылы, Д. Қонаев көшесі, №8
«Б.Төлепбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Төрткүл ауыл округі,  Төрткүл ауылы, М.Әуезов көшесі, № 2
«М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Төрткүл ауыл округі,   Еңбекші ауылы, Жұмабаев көшесі, №1
«Қызылжар» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Төрткүл ауыл округі,  Қызылжар ауылы, Б.Тоқберген көшесі, н/ү
«Бөген» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Төрткүл ауыл округі, Арыстанды елді мекені, Әлфарби көшесі,№27
«Төрткүлтөбе» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Төрткүл ауыл округі,  Елшібек батыр ауылы, Ж.Адырбеков көшесі, н/ү
«Қ.Сыпатаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Төрткүл ауыл округі,  Сыпатаев ауылы, А.Қалымбет көшесі, №44
«Қарақұм» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Қарақұм ауыл округі,

Қарақұм ауылы, М.Маметова көшесі,№19

«Ө.Тұрманжанов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Жеңіс ауыл округі,

Жеңіс ауылы, Ө.Жәнібеков көшесі №34

«Б.Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебі» комммуналдық мемлекеттік мекемесіОрдабасы ауданы, Бөген ауыл округі,

Бөген ауылы, М.Әуезов көшесі, н/ү

 

Ордабасы ауданы әкімінің аппараты

10.04.2019

Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекет тарапынан қандай кепілдік берілген.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңында зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекет тарапынан кепілдік берілетіндігі туралы бап 2003 жылы пайда болды. Бұл механизм 2009 жылдан бастап белсенді түрде жүзеге асырыла бастады. Өйткені осы кезеңде қаржы дағдарысы салдарынан зейнетақы активтерінің табыстылығы азайған болатын. Сонымен мемлекет зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепілдік береді. Мұнда мемлекеттік кепілдік бойынша біржолғы айырма төлемі есептеледі. Ол инфляцияны есепке ала отырып, зейнеткердің шотындағы бүкіл жинақтардың сомасы мен сол шотқа енгізілген бүкіл жарналардың сомасын өзара салыстырғанда айқындалатын айырма сомасы. Біржолғы айырма төлемін зейнеткерлік жасқа толған азаматтар, I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар, шетелге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және осы төлемді алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері алуға құқылы. Бұл ретте Қорда зейнетақы жинақтары бар, I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар және шетелге қоныс аударған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақы жинақтары есебінен төлемдерді алу үшін Қорға жүгінеді. Ал мемлекеттік зейнетақылар мен мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін бір өтінішпен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш береді. Ал зейнет жасына толған азаматтар 2018 жылдың қазан айында енгізілген Композиттік қызмет аясында мемлекеттік зейнетақылар мен Қор төлемдерін және мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін бірыңғай өтінішті тек бір жерге – осы Мемлекеттік корпорацияға тапсырады. Айырма төлемін алу үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ.

Мемлекеттік корпорация зейнеткердің жинақтары туралы Қордан алынған мәліметтерді оның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляцияны ескере отырып, осы кезеңде енгізілген зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырып тексереді. Егер алушының зейнетақы жинақтарының инвестициялық табысты қоса есептегендегі жалпы сомасы инфляцияға тең және одан жоғары болса, айырма сомасы төленбейді. Ал егер инфляциядан төмен болса, Мемлекеттік корпорация айырма төлемін есептейді. Бұл сома біржолғы төлем ретінде республикалық бюджет есебінен алушының банк шотына 10 жұмыс күні ішінде аударылады.

06.04.2019

Зейнетақы төлемдері қалай рәсімдейді?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 қазандағы қаулысы негізінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.

Осы күннен бастап зейнеткерлік жасқа толған азаматтар жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы төлемдерін алу үшін бірыңғай өтінім мен құжаттар топтамасын тек бір жерге – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) тапсырулары қажет.

Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу жөніндегі өтініш негізінде алушыға (үнсіз келісім бойынша) мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын (инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сомасы және нақты енгізілген МЗЖ мен МКЗЖ сомасы арасындағы айырма) төлеуге қатысты алдын алу қызметі көрсетіледі. Яғни, бұл үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтары есебінен төлемдерді алу жөніндегі өтініштер мына тек жағдайларда ғана қабылданады:

  • шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты;
  • I және II топтардағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген жағдайда;
  • жерлеуге және мұрагерлікке байланысты біржолғы төлемді жүзеге асырған жағдайда;
  • ерікті зейнетақы жарналары есебінен құралған жинақтарды алу құқығы туындаған кезде;
  • сақтандыру ұйымымен зейнетақы шартын жасасқан жағдайда.

Сонымен қатар БЖЗҚ-ның міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан ай сайынғы зейнетақы төлемдерін есепке алу, есептеу және стратегиялық міндеттері сол өзгеріссіз күйінде қалады.

06.04.2019

Ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы шотын кімдер аша алады?

Қазақстанның кез-келген азаматы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарын аудара алады. Ерікті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі, оларды төлеу, сондай-ақ, зейнетақы төлемдерін жасау тәртібі шарт тараптарының өзара келісімі бойынша белгіленеді. Бұл ретте жарналардың мөлшерінен гөрі, олардың тұрақты аударылғандығы маңызды. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтар болашақта Қордан қомақты мөлшерде зейнетақы төлемдерін алуға септігін тигізеді. Жеке тұлға бұл жарналарды өз табысы есебінен төлейді және өз атына немесе үшінші бір тұлғаның атына аудара алады. Бұл ретте заңды тұлғалар да жеке тұлғалардың, яғни өз жұмыскерлерінің атына ерікті зейнетақы жарналарын аударуға құқылы. Мұны көп жағдайда өздерінің қол астындағы мамандарын еңбекке ынталандыру мақсатында жасайды.

Кәмелетке толмаған тұлғалар да ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаса алады. Бұл ретте шарта кәмелетке толмаған тұлғаның атынан оның заңды өкілі қол қояды.

Салымшы ерікті зейнетақы жарналары есебінен шот ашу үшін Қорға өзі келген жағдайда жеке басын куәландыратын құжат тапсырады. Егер шарт үшінші тұлғаның пайдасына жасалатын болса алушы да Қорға келуі тиіс. Бұл ретте салымшының (алушының) заңды өкілі немесе оның орнына нотариат куәландырған сенімхат негізінде сенім білдірілген тұлға өтініш бере алады. Өз пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарын аудару үшін салымшы (алушы) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа) тапсырса, үшінші адамның пайдасына шарт жасау үшін алушы да жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа және көшірме) тапсырады. Заңды тұлғалар үшінші адамның пайдасына шарт жасасу үшін тиісті құжаттар топтамасын ұсынады. Қажетті құжаттар тізімі Қордың enpf.kz сайтында көрсетілген.

2018 жылдың шілдесінде Қор сайтының Жеке кабинеті және «Электрондық қызмет көрсету» бөлімінде жаңа қызмет іске қосылды. Ол – «Ерікті зейнетақы жарналары есебінен (өз пайдасына) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қызметі» деп аталады. Оны пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның өзекті кілті қажет. Сол арқылы тіркеліп, тиісті нысандарға қажетті деректер енгізіледі. Кейін осы электрондық цифрлық қолтаңбаның кілтімен қол қойылады. Бүкіл операция бірнеше минут уақытты ғана алады. Ерікті жарналар бойынша шотты сайт арқылы ашу – уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Бір айта кететін жәйт, салымшылар Қор сайты арқылы шотты әзірге өз пайдасына ғана ашуға құқылы.

06.04.2019