ӘКІМНІҢ БЛОГЫНА ТҮСКЕН СҰРАҚҚА ЖАУАП

Сұрақ:

Сəлеметсізбе Əкім мырза!Мен Шубарсу ауылы тұрғынымын.Бізде өзіңіз білгендей көмірге тапшылық жылда болады,күн суыта бастаса.Соған байланысты біздің ауылға қашан газ желісі тартылады екен?Үйткені бізде халық саны жыл сайын артып келеді.

Құрметпен Ералықызы Балхия.

 Жауап:

Құрметті Балхия Ералықызы!

Шұбарсу елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында қазіргі таңда сәулет жоспарлау тапсырмасы(СЖТ) әзірленуде, СЖТ әзірленгеннен кейін «Ордабасы ауданының 2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму концепциясына» сәйкес жобалау сметалық құжаттама  әзірленіп 2019 жылы  Шұбарсу елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Сұрақ:

Саламатсыз ба? Мен Толбасиева Балжан Ансарбаевна “Атамекен ” жалпы орта мектебінде ағылшын тілі пəні мұғалімі болып 2012 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Қайтарылмайтын жəрдем ақыны алғанмын. Яғни подёмный. 😊

     Менің отбасылық жағдайыма келетін болсам. Мен екі баланың анасымын.  Екі баламды жалғыз өзім тəрбиелеп келемін. Жалдамалы квартирада жүргеніме 6 жылға бара жатыр. Өтініш маған үй алуыма көмек беріңізші. Осы дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша жəне екі балама көмектесіңізші.Өтініш

Рахмет.

 Жауап:

Құрметті Төлбасиева Балжан Аңсарбаевна!

Сіз, Шұбарсу ауылында орналасқан «Атамекен» жалпы орта мектебінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып 2012 жылдан бері жұмыс істеп көтерме жәрдем ақы алған екенсіз. Көтерме жәрдем ақы алғаннан соң, Сіз, тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие алу үшін комиссияның жұмысшы органына құжаттар ұсынуыңыз қажет болатын. Алайда, Сіз, құжаттар ұсынбағансыз.

Толығырақ «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша ақпаратты алу үшін, комиссияның жұмысшы органы «Ордабасы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгінуіңізге болады.