ҒАСЫР КУӘГЕРЛЕРІНЕН АҚ БАТА…

Аудан әкімі Самат Айдарханұлы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында ғасыр куәгерлеріне сәлем беріп, ақ батасын алды. Ұлы Отан соғысы ардагерінің жесірі, 106 жасқа аяқ басқан Төлеқыз Шорманова мен 101-ші көктемін қарсы алған Фатима Жақсыбаева өткен күндерден естелік айтып, жастарға тек жақсылық тілейтіндерін жеткізді. Бүгінде немере, шөбере, шөпшек сүйген ақ жаулықты әжелерге аудан басшысы сый-сияпат тапсырып, оларға деген ізгі ниетін білдірді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұран Әбдіқайымұлы, Қажымұқан ауыл округінің әкімі Саттар Өтебаев, аудандық әжелер алқасының төрайымы Айгүл Сейітқызы ардагер апалардың қамқорлықтан еш тыс қалмай, үнемі назарда болатынын атап өтті.

Back to top button
Close