Ана – шаңырақтың шырағы

Аудан әкімі Самат Айдарханұлы Қажымұқан ауыл округінің көпбалалы аналарымен жүздесіп, оларды көктемнің шуақты мерекесі, келе жатқан 8-наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады. “Аяулы менің анашым” тақырыбында өткен салтанатты шарада ізгі ниетін жеткізіп қана қоймай, мереке иелеріне сый-сияпат жасады.

– Ана – әр шаңырақтың шырағы іспетті. Отан – отбасынан басталады. Демек, мемлекетіміздің тұтастығына, әлеуметтік-экономикалық дамуына сіздердің де сіңірген еңбектеріңіз зор. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. Ана құдіретінің алдында басымды ие отырып, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін, – деді өңір басшысы өз сөзінде.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұран Әбдіқайымұлы, Қажымұқан ауыл окргінің әкімі Саттар Өтебаев, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Мәрия Зәйтүнқызы, ардагер-ұстаз Лесбек Жүсіп, медицина саласының ардагері Рахима Мұсаева да ақ тілектерін арнады.

Back to top button
Close