Ардагер ата – 90 жаста

1-наурыз – Алғыс күніне орай, аудан әкімі Самат Айдарханұлы Сапарбаев Қажымұқан ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері, ауданның Құрметті азаматы Сағындықов Сартбай қарияның отбасына арнайы барды. Тоқсан жасқа толуымен құттықтап, сый-сияпат жасады, ізгі ниетін білдірді. Қария ризашылығын айтып, батасын берді.

Back to top button
Close