Балдәурен тағылымды шара өтті

“Қызғалдақ” балабақшасының ұжымы көктем мерекесіне орай ерекше сайыс ұйымдастырды. Күнделікті бала тәрбиесімен айналысатын тәрбиешілер кіші қызметкерлермен қатар өзара бәйге өткізіп, бақ сынасты. Балабақша меңгерушісі Орынкүл Жәкей:

-“Тәрбие – тал бесіктен”. Балаларымыз – ата-аналардың бізге сеніп тапсырған аманаты. Осы сенімді ақтау үшін ұжымда тәрбиешіден бастап жәй жұмысшыларға дейін еңбек етеді. Бүгінгі байқау осы ұжымдастардың жеке ізденісі, – дей келе, жиынның мақсатына тоқталып өтті.

“Нұрлы болашақ” пен “Бәйтерек” топтары сайыс шартына сәйкес жан-жақты өнерлерін көрсетті. Ұлттық тағамдар дайындалып, сырмақ сырылды. Ән айтылып, би биленді, тіпті актерлік шеберліктерін де көпшілікке паш етті.

Жеңіс ауыл округінің әкімі Ардақ Талдыбаев балабақша ұжымына жеке алғысын жеткізіп, істеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, ауыл әлеуетін көтерер, ұлтжанды, отансүйгіш ұрпақ тәрбиеленіп шығатынына сенетінін жеткізді.

Ата-аналардың атынан сөз алған ауыл биі Айдархан Кемпірбаев пен ауылдық әжелер алқасының төрайымы Қалима Молдабекқызы іс-шараға өз бағаларын беріп, өз тараптарынан ұсыныстар айтты.

Айта кетейік, «Қызғалдақ» балабақшасы өз жұмысын 2004 жылы 40 баламен бастаған. Бүгінде бұл мекемеде 4 топта 80 бүлдіршін тәрбиеленуде, 19 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Г.Нұрмаханқызы.

Back to top button
Close