КӘСІПКЕРЛЕР НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31,37 баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №1089 қаулысының  6-тармағына сәйкес,  Жеке  кәсіпкерлік субъектілердің мүлделерін қорғайтын нормативтік – құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу үшін мүлдделі коммерциялық емес ұйымдардың бірлестіктерін  аккредиттеу өткізіледі.

Аккредиттелу үшiн  комиссияға  мынадай құжаттарды ұсынады:

1) «Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеу жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 28 желтоқсандағы N1089 Қаулысының 1-қосымшасына сәйкес өтiнiш;

2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

3) бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмiн ұсынады.

Мемлекеттік органның аккредиттеу жүргізуге өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды аудан әкімінің интернет-ресурста орналастырылды және аудандық «Ордабасы оттары» газетінде жарияланды.

Құжаттарды  26-наурызбен 8-сәуәрге дейін Темірлан ауылы,  Абассов көшесі № 4/5 үйде қабылдаймыз. Байланыс телефонымыз 79-1-17, 79-0-43.

Back to top button
Close