Көшеге атау беру хаттамасы

 Бірауыздан қолдады

Ордабасы ауданы Шұбар ауыл округіне қарасты Шұбар елді  мекеніндегі 1 атауы жоқ көшеге атау беру, 1 көшенің атауын өзгерту және Шұбарсу ауыл округіне қарасты Шұбарсу елді мекеніндегі 20 көшеге жаңа атау беру, Төрткөл ауыл округіне қарасты Төрткөл ауылының атауын қайта атау туралы жиналысы 2016 жылғы 1 қазан күні сағат 11:00-де Шұбар ауыл округі әкімдігінің, сағат 13.00-де Шұбарсу ауыл округі әкімдігінің, сағат 16.00-де Төрткөл ауыл округі әкімдігінің ғимараттарында жергілікті тұрғындармен өтті.

Жиналысқа қатысушылар бірауыздан қолдап, ауыл округ әкімдерінің атына өтініш тапсырылды.

Шұбар, Шұбарсу, Төрткөл ауыл округ әкімдіктері.

Төрткөл ауыл округіне қарасты Төрткөл елді мекені тұрғындарының жиналысының №1 ХАТТАМАСЫ

Төрткөл ауылдық мәдениет үйі.                                          2016 жыл 1 қазан

                                                                                     Барлығы: 52 адам

                                                                                             Қатысқаны:48 адам

Төраға: Төрткөл ауыл округінің биі О.Бегманұлы

Хатшы: Төрткөл ауыл округі әкімі аппаратының бас маманы   

                Н.Сапаров

                                             Күн тәртібі:

1.Төрткөл ауылының атауын өзгертіп, Төрткүл ауылы деп қайта атау туралы

Тыңдылды:

Төрткөл ауыл округінің әкімі Ө.Мұхтархан жиналысты ашық деп жариялап, жиналған ауыл тұрғындарын күн тәртібіндегі мәселесімен толықтай таныстырып шықты.

Тыңдалды:

Ауыл округінің биі О.Бегманұлы Негізінен қарағанда Төрткөл атауындағы қателік тарихи негіздерге кедергі келтіру емес, Төрткүл атауы бір әріптен, грамматикалық қателікпен, белгісіз себептермен әу-баста Төрткөл болып жазылып кеткен. Енді соны түзетудің реті келіп отыр. Ауылымыздың өз тарихи атауы Төрткүл болып аталуына қарсы емеспін. Бұл туралы қаншама рет айтылып, қаншама рет ұсынылып жатыр. Негіздемелермен тарихи деректер жетерлік. Ол туралы газеттерге де нешеме мақалалар жарияланып жатқанында білесіздер. Сондықтан ешқандай келіспеушілік жоқ шығар деп ойлаймын. Бұл біздің тарихымыз, келешек ұрпақ тарихы.

Тыңдалды:

М.Омаров-Өздеріңіз білесіздер, тарихха үңілсек Төрткүл елді мекенінен Ұлы Жібек жолы өткен, қазіргі Төрткүлдің батыс жағында Төрткүл төбе орналасқан.VІІ-VІІІ қала болған. Ол төбені қазса талай тарихи жәдігерлер табылатынына ешқандай күмән келтірмеңіздер. Жалпы айтқанда тарихи жазбаларда Төрткүл деп жазылған. Сол себепті атауға өзгеріс енгізу керек деп ұсынамын.Бұл болшағымызға тарихымызды таныту, әрі атауымызды қайта жаңғырту.

Тыңдалды:

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Шалтайұлы – тарихи атауға оралған дұрыс, бірақ халықтың құжаттарын ауыстырғанда зияны да тимеуі керек. Өзімнің басымнан өтті, бір құжат дайындау үшін алты ай жүрдім. Қазір бір терезе деген бар, әрбір әріпіңе қарайды. Халықтың құжатына кедергі келмесетарихи атауыңның жаңғырғанына не жетсін. Менің қарсылығым жоқ.

Тыңдалды:

Көкарал ауылының тұрғыны Ә.Оспанов- Әдейілеп ауыл атауын Төрткөл деп ешкім өзгертпеген шығар. Бір әріптен қателік кеткен. Негізінде Төрткүл болып аталады. Ол туралы ттарихи деректемелер жеткілікті. Сол себептен атауға өзгеріс енгізуді құптаймын.

Тыңдалды:

Ауыл тұрғындары Ә.Беспаев, О.Бақберген, Б.Байсейіт секілді ақсақалдарымыздың ойларын тыңдап, ешқандай кедергісіз тарихи атау қайта атауына өзгертілуі тиіс екенін қолдайтындарын білдірді.

Көпшілік қауым бір ауыздан келісетіндерін білдіріп

                                           ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Төрткөл ауылының атауы өзгертіліп, Төрткүл ауылы болып қайта аталсын.

2. Ұсынылған ауыл атауы аудандық мәслихатта бекітіліп, облыстық ономастика комиссиясына ұсынылсын.

3. Осы қаулыны қадағалау Төрткүл ауыл округінің әкімі Ө.Мұхтарханнан сұралсын.

Жиналыс төрағасы:                                       О.Бегманұлы

          Хатшы:                                                             Н.Сапаров

Шұбар ауыл округіне қарасты Шұбар елді мекеніндегі көше тұрғындары жиналысының №2 ХАТТАМАСЫ

Шұбар ауыл округ әкімдігі.                                                2016 жыл 1 қазан                    

                                                                                             Барлығы: 19 адам

                                                                                            Қатысқаны:19 адам

Төраға: Шұбар ауыл округінің ардагерлер кеңесінің мүшесі А.Жұманов

Хатшы: Жеке кәсіпкер Ж.Асилова

Күн тәртібі:

1.Шұбар ауылындағы атауы жоқ көшеге саяси қуғын-сүргін құрбаны Бейімбет Күмісбектің атын беру туралы.

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Бейсенбаев Ырысбек сөз алды.Ол өз сөзінде Бейімбетов Күмісбек атаның отызыншы жылдары Арыс ауданындағы Кеңесте басшы қызметте болып ел тізгінін ұстағанын, сол кездері ұрыққа бөлінген астықтан елге бөліп беріп халықты аштықтан сақтап қалғандығын айтты.

1937 жылы жалпы халықтық дүрбелеңге ұрынып, 1938 жылы жоғарғы жаза ату жазасына кесілгенін, 1993 жылы еліміз еңсесін көтеріп Тәуелсіздік алғаннан кейін “репрессия құрбаны ”  ретінде ақталғанына да тоқталды. Апталдай азамат өмірінің осылай аяқталатынын білді дейсің бе, өмірден ерте қоштасты. Елім, жерім деп еңіреген азамат. Ұсыныстарыңа ризамын, әрі қолдаймын.

Тыңдалды:

Екінщі болып сөз кезегін алған Жұманов Ақжол ағамыз өнегелі өмірімен ауыл тарихында өшпес із қалдырған Бейімбетов Күмісбек ата есімін көшеге беру өте лайықты екенін атап өтіп, өскелең ұрпаққа тәрбиелік мәні зор, келешек ұрпаққа үлгі болар тарихы бар екенін де тілге тиек етті.

Тыңдалды:

Қалдыбаев Аман “Орында бар оңалар”- деген Күмісбек ата ұрпақтары бұл күндері ұрпаққа тәлім-тәрбие беру ісінде талмай еңбек етіп, олардың шәкірттерінің кейбірі өнер шыңынан көрінсе, тағы бірі өнеркәсіпті дамыту жолында,тағы бірі бала тәрбиелеу жолында қызмет етіп Тәуелсіз Қазақстанның өсіп көркеюіне өз үлестерін қосып жүр-деп жиналған көпшілікке өз пікірін жеткізді.

Тыңдалды:

Келесі сөз кезектерін ауыл азаматтары да алып Күмісбек ағаның өмір тарихына қанық екендерін айтып, бір ауыздан қолдайтындарын білдірді.

Бұл ұсыныс жиналған көпшілік тарапынан қолдау тауып

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Шұбар елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге елге еңбегі сіңген азамат, саяси қуғын-сүргін құрбаны Бейімбетов Күмісбектің атына берілсін.

2. Ұсынылған көше атауы аудандық мәслихатта бекітіліп, облыстық ономастика комиссиясына ұсынылсын.

3. Осы қаулыны қадағалау Шұбар ауыл округінің әкімі Қ.Сейітқұлдан сұралсын.

Жиналыс төрағасы:                                       А.Жұманов

          Хатшы:                                                             Ж.Асилова

Шұбарсу ауыл округіне қарасты Шұбарсу елді мекеніндегі көше тұрғындары жиналысының №1 ХАТТАМАСЫ

 Шұбарсу ауыл округ әкімдігі.                                               2016 жыл 1 қазан                                                                                                   

                                                                                        Барлығы: 34  адам

                                                                                    Қатысқаны: 34 адам

Төраға: Шұбарсу ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы    

              Ж.Қабылбеков            

Хатшы:Шұбарсу ауылдық ардагерлер кеңесінің орынбасары

             А.Нұрмұратов.

Күн тәртібі:

  1. Шұбарсу елді мекеніндегі атауы жоқ 20 көшеге жаңа атау беру туралы.

Тыңдалды:   

Жиналыс төрағасы Ж.Қабылбеков жиналысты ашық деп жариялап, Шұбарсу ауылында тек 5 көшеде ғана атау бар. Олар: Д.А.Қонаев, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Тәуелсіздік көшелері. Осы 5 көшемен қиылысатын 20 көшеге атау беру керек. Сондықтан біздің мақсатымыз баршаға айқын әрі түсінікті отаршылдық, кезеңдерді дәріптейтін атаулар егемен елдігімізге, тәуелсіз мемлекетімізге көлеңке түсіретінін ескере отырып, олардан құтылу шараларын жүйелі жүргізуді-азаматтық парызымыз деп білеміз.

Біз біріншіден саяси идеологияға байланысты өзгертілген жер-су атауларын бастапқы қалпына келтіру ісін, екіншіден қазақ тарихына қатысы жоқ адамдар аттары қойылған қалалық, ауылдық елді мекендерге қазақ еліне еңбегі сіңген тұлғалардың есімдерін беру ісін барынша қолдаймыз. Сол себептен төмендегі ұсынылып отырған көшелер тізімін лайықты атаулар деп барша көше тұрғындары қолдау білдіруде.

1   көше – Ә.Бөкейханов – мемлекет қайраткері

2   көше – Қ.Мұхамедханов – ғалым, абайтанушы

3   көше – Ы.Алтынсарин – ағартушы

4   көше – Х.Ерғалиев – Қазақстан халық жазушысы

5   көше – Б.Бұлқышев – журналист, жазушы

6 көше – Ізгілік- Жақсылықтың, қайырымдылық, әділеттілік сияқты қасиеттердің жиынтығы

7 көше -Ұлыс-мекен, аймақ, әкімшілік мағынасын беретін көне түркі сөзі.

8 көше–  Парасат – Қазақстан Республикасының ордені.

9 көше – Қымбат- Өте бағалы, құнды деген мағынаны білдіреді.

10 көше – Арай- күн нұрының шұғыласы, сәулесі  дегенді білдіреді

11 көше–  Ынталы- жігерлі деген мағыналарға байланысты алынған атау

12 көше–  Қ.Қалметов – білім қайраткері

13 көше–  Наурыз- көне мейрам, жыл басы, жаңарудың жаршысы болған атау.

14 көше–  Талас- Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен

15 көше–  Әділдік -әділ,  таза әрекет ету

16 көше–  Нұрлы-– нұрға бөленген, шұғылалы, сәулелі деген мағынаны білдіреді

17 көше–  Жігер- адамның ұнамды ерік сапаларының бірі.

18 көше-  Ырыс- Мол байлық, береке дегенді білдіреді.

19көше- Самұрық-қазақ мифологиясындағы екі дүние арасындағы дәнекер болатын қыран тәрізді алып құс. Самұрық құсы әлемдік ағаштың (Бәйтерек) шыңында тұрады.

20 көше – Игілік – ырыздықты, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым.

Тыңдалды:

Келесі сөз кезектерін алған ауыл азаматтары да жоғарыдағы айтылған көше атауларын бір ауыздан қолдайтындарын білдірді. Бұл ұсыныс жиналған көпшілік тарапынан қолдау тауып, жиналыс

                                              ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Шұбарсу елді мекеніндегі атауы жоқ 20 көшеге елге еңбегі сіңген азаматтардың және тарихи, жер-су атаулар аты берілсін.

2.Ұсынылған көше атаулары аудандық мәслихатта бекітіліп, облыстық ономастика комиссиясына ұсынылсын.

3.Осы қаулыны қадағалау Шұбарсу ауыл окургінің әкімі А.Абдрахимовтан сұралсын.

         Жиналыс төрағасы:                                         Ж.Қабылбеков     

 

         Жиналыс хатшысы:                                         А.Нурмуратов

“Шұбар” ауыл округіне қарасты Шұбар елді мекеніндегі көше тұрғындары жиналысының №1 ХАТТАМАСЫ

Шұбар ауыл округ әкімдігі.                                                2016 жыл 1 қазан                    

                                                                                               Барлығы: 19 адам

                                                                                               Қатысқаны:19 адам

Төраға: Шұбар ауыл округінің ардагерлер кеңесінің мүшесі Ә.Ақтаев

Хатшы: Шұбар жалпы орта мектебінің мұғалімі А.Орынбай

Күн тәртібі:                                                                                                

1. «Дала» көшесінің атауын өзгертіп, КСРО Жазушылар Одағының

мүшесі Қамардин Бектұрсынұлына көше атын беру туралы.

Тыңдалды :

Күн  тәртібіндегі  бірінші  мәселе бойынша  Алимбеков  Арысбек өз пікірін былай білдірді.  Көшеміздің  «Дала» деп аталуы күні бүгінге дейін   түрлі ой салады. Елді мекеннің  ішінде  тұрып далада  қалғандай  болып  тұрасың. Сол себептен де көше атын өзгертуге ұсыныс білдірдік.

Тыңдалды:

Ескермесов Шекербекте өз пікірінде көшенің «Дала» деп аталуына еш негіз жоқ деп ойлаймын. Сондықтан да бір ретке келтірілуі керек деп алға тарттық.

Тыңдалды:

Көше тұрғыны Омар Нұржамал осы елді мекеннің азаматы  Бектұрсынұлы Қамардин ағамыз  Шұбардағы жалпы орта мектепте, Кәсіптік-техникалық колледжде көп жыл балаларды оқытып, оларды тәрбиелеудегі  ұстаздық жолында  Қазақстан Республикасының «Кәсіптік-техникалық білім  берудің озаты» атағын алған,әрі КСРО Жазушылар Одағының мүшесі екендігін атап айтты. Бектұрсынұлы Қамардин ағамыздың өз елі  Шұбарға, әрі Шұбар ауыл округіне қарасты елді мекендерге сіңірген еңбегі орасан.  Депутаттық қызметте ауыз су мәселесін шешу, монша, аурухана, мешіт салу, көшелерді асфальттау, аяқ жол салу мен олардың тазалығын реттеу, әрі сол көшелерге ат қоюда көп еңбек еткені белгілі. Сондықтан да, Қамардин ағамыздың атына көшенің атын қою лайықты деп сенім білдіремін.

Тыңдалды:

Бұл мәселеде Байгөбекова Құрманкүл апай өз пікірін сабақтай түсті, ол кісі  Арыс ауданынан  бөлініп  Ордабасы  ауданы  болып  өз  алдына  тарихи атта  қалуында және аудандық газеттің «Ордабасы оттары»  деп аталуына да атсалысқан. Ал алдағы келешек ұрпақ үшін, елі үшін кезінде жабылып қалған Шұбар ауылдық кеңесінің қайта ашылуына үлкен ықпал етіп, газеттерге мақалалар жазып, мұрындық болған кісі еді Сол себептенде көшенің атын Бектұрсынұлы Қамардин ағайдың атына берген дұрыс.

Тыңдалды:

Ақтаев Әзімхан ағамыз сөз кезегінде Қамардин  ағамыздың  поэзия  жолындағы  еңбектерін  ауыз толтырарлық, әрі  өзіміз  ықылас қойып оқитын бірнеше кітаптың авторы болып табылады деді. Көшеміздің атын Бектұрсынұлы Қамардин ағаның атымен аталса деген сенімдеміз.

Көше тұрғындары Бекбосын, Нұрлан,Дариға, Анар және Жұмагүлдей аға-апаларымыз көше атауын Қамардин ағамызға берілсе нұр үстіне нұр болар еді деп өз ойларын ортаға салып, бір ауыздан көше тұрғындарының қолдайтындарын білдіріп

  ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1.«Дала» көшесінің атауы өзгертіліп, Шұбар елінің тумасы КСРО  Жазушылар Одағы мүшесі Бектұрсынұлы Қамардиннің атына берілсін.

2.Ұсынылған көше атауы аудандық мәслихатта бекітіліп, облыстық ономастика комиссиясына ұсынылсын.

3. Осы қаулының орындалуын қадағалау Шұбар ауыл округінің әкімі Қ.Сейітқұлдан сұралсын.

          Жиналыс төрағасы:                             Ә.Ақтаев

          Хатшы:                                                 А.Орынбай

Back to top button
Close