Заң аясында шешуді тапсырды

Алдын-ала бекітілген кестеге орай, аудан әкімі Самат Сапарбаев бүгін тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдауға сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауыл округі әкімдері қатысты. Бадамдық Өскенбай Кескенбаев Қажымұқан мектебіне спортзал құрылысын жүргізу жөнінде мәселе көтерсе, бөржарлық жалғызілікті ана Әделкүл Сақтағанова денсаулығына байланысты көмекке мұқтаждығын жеткізді. Қайнар ауылының тұрғыны Хусайн Пайзуллаев тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін үйіргелік жер алуға өтінішін білдірді. Шұбарсулық Гүлмира Юсупова әлеуметтік жағдайын алға тартып, қызын балабақшаға жұмысқа тұрғызуға жәрдем сұрады. Сондай-ақ, Оразкүл Найманбай, Орынбасар Махамбетжанов, Сейткәрім Сегізбаев, Сапар Әбішұлы, Рауза Молдабек әкімнің қабылдауында болып, тілектерін жеткізді.

Айтылған өтініш-тілектер бойынша Самат Айдарханұлы орынбасарлары мен тиісті бөлім басшыларына Заң аясында шешу жөнінде тапсырма берді.

Back to top button
Close