ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫ

Ауылдық елді мекендерге жұмыс

істеу және тұру үшін келген

денсаулық сақтау, білім беру,

әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,

спорт және агроөнеркәсіптік кешен

саласындағы мамандарға әлеуметтік

қолдау шараларын ұсыну жөніндегі

комиссияны қайта құру туралы

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына және аудан әкімдігі жанындағы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну жөніндегі комиссияның құрамы өзгеруіне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну жөніндегі комиссия осы қаулының қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда бекітілсін.
  2. Құрылған комиссияның жұмысшы органы болып, «Ордабасы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
  3. Аудан әкімдігінің 04.09.2017 жылғы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі комиссияны қайта құру туралы» №362 және 29.01.2018 жылғы «Аудан әкімдігінің 04.09.2017 жылғы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі комиссияны қайта құру туралы №362 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №5 қаулыларының күштері жойылды деп танылсын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары А.Оралбаевқа жүктелсін.

 

 

 

 

                          Аудан әкімі                                            Р.Кайпжанов  

 

 

 

Ордабасы ауданы әкімдігінің

2018 жылғы «___» _________

№_____қаулысына қосымша

 

Комиссия құрамы:

 

Оралбаев Азат                – аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

Әбдіғалиұлы

 

Сихымбаева Алтынай    – аудандық экономика және қаржы бөлімінің

Әуезханқызы                     басшысы, комиссия төрағасының орынбасары.

 

Комиссия хатшысы:

 

Төлебаев Нұрсұлтан       – аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы

Әбдіқахарұлы

 

Мүшелері:

 

Алтынбеков Берік           – аудан әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы;

Манапұлы

 

Дуйсембаев Батыралы    – аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;

Шматулы

 

Нурабаева Шұға               – аудандық білім бөлімінің басшысы;

Тұрмағанбетқызы

 

Жылқыбай Құрманәлі     – аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің

Тастанбекұлы                      басшысы;

 

Досова Гүлжан                 – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік

Қасымбекқызы                   бағдарламалар бөлімінің басшысы;

 

Асанбаев Нуриддин         – аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің

Әбілхайырұлы                    басшысы;

 

Ақберді Ілесбек                – аудандық ветеринария бөлімінің басшысы;

Алтайұлы

 

Сайлыбаев Мұрат           – аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық

Кенжебекұлы                     орталығы» КММ-нің директоры;

 

 

Жәкей Бостандық            – «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облысы

Бөпешбайұлы                    Ордабасы аудандық филиалы төрағасының бірінші

орынбасары (келісімі бойынша);

 

Ақмұратов Нұрғали         – Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы

Жамаділұлы                        Ордабасы аудандық филиалының директоры, аудандық

мәслихат депутаты (келісімі бойынша);

 

Мұсаев Сейфулла            – Ордабасы аудандық орталық  аурухананың бас дәрігері

Тілеубергенұлы                  (келісімі бойынша).

Back to top button
Close