Түзету:   28.05.2018 жылы жарияланған осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурстың

Түзету:   28.05.2018 жылы жарияланған осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурстың 2. Ордабасы аудандық білім бөлімінің жалпы орта білімді дамыту және материалдық-техникалық қамтамасыз ету секторының меңгерушісінің  функционалдық міндеттері   төмендегі мәтінде оқылсын: Оқу тәрбие жұмысына басшылық жасайды. Білім саласындағы  кадр қызметінің жұмысын қадағалайды. Білім мекемелерінде күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстарын өткізуді және материалдық-техникалық базаны толықтыру мен нығайтуды ұйымдастырады.  Білім  мекемелеріндегі шеберханалардың жабдықталуы мен олардың материалдық-техникалық базасының нығайтылуын ұйымдастырады. Білім мекемелеріндегі еңбек, өрт және техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын жүзеге асырады. Білім мекемелерінің қысқы маусымға және жаңа оқу жылына дайындығын ұйымдастырады. Орта мерзімді экономикалық даму жоспарының жобасын әзірлейді. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын жүзеге асырады. Интернаттық жүйені ұйымдастыру, онамастикалық комиссияға қатысады. Облыс, аудан әкімдері тапсырмаларының орындалуын жүзеге асыру, мәліметтер беру және химия, физика, биология мен мультимедиалық кабинеттердің құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады. Күрделі және ағымдағы жөндеу, құрылыс салу жұмыстарына қажетті құжаттардың тізбесін дайындайды. Жоғары тұрған органдарға тапсырылатын есептердің жинақталуы мен өткізілуін жүзеге асыру мен мониторинг жүргізеді. Білім мекемелерінде техникалық құралдарды есепке алады (29.05.2018 жыл).

Back to top button
Close