ГОДОВОЙ ОТЧЕТ ПО ГОСУДАРСТВЕННЫМ УСЛУГАМ

2018

Ордабасы ауданындағы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша атқарылған жұмыстар бойынша талдамалық анықтама

2018 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 46067 қызмет көрсетілген. Оның 61,8 пайызы (28489) электронды қызметтердің үлесі.

Бекітілген жоспарға сәйкес жыл қорытындысы бойынша (аудан әкімінің  21.12.2018 жылғы №85 өкімі) сәйкес 26 бақылау іс-шарасы өткізілді. Іс-шаралардың қорытындысымен жалпы 367 кемшіліктер анықталды. Бұзушылықтардың басым көпшілігі құжаттар топтамасы түгел болмаса да қызмет көрсету жағдайлары бойынша. Бақылау іс-шарасының нәтижесінде 16 қызметкерлердің тәртіптік жауапкершіліктері (оның ішінде 14 ескерту, 2 сөгіс) қаралды.

Бақылау іс-шараларының қорытындысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша мекемелерге жалпы 124 ұсыным әзірленді. Бүгінгі таңда барлығы орындалды.

Жыл басынан бері аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан 3 мемлекеттік көрестілетін қызметтің мерзімі бұзылған.  (Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдау)

Бұл бойынша тиісті шаралар қабылданып, жауапты қызметкердің тәртіптің жауапкершілігі қаралды. Орын алған жағдайға байланысты бөлімнің мемлекеттік көрестілетін қызметтерге жауапты мамандардың біліктілігін арттыру үшін облыстық ақпараттандыру басқармасымен ұйымдастырылған оқу курсына жіберілді.

Аудандық ХҚКО және дербес бөлімдер тарапынан баламалы түрде көрсетілетін қызметтерді корпорация арқылы көрсету бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілуде.

Ауданда мемлекеттік қызметтерді көрсететін 9 бөлім бар (құрылыс, ішкі саясат, мәдениет, кәсіпкерлік бөлімдерінен басқа). Бүгінгі таңда, аудандық жер қатынастары, аудандық сәулет және қала құрылысы, аудандық дене шынықтыру және спорт, аудандық ТҮКШЖКжАЖ бөлімдері тарапынан көрсетілетін қызметтері 100 пайыз ХҚКО арқылы көрсетілуде.

Электронды қызметтің үлесін арттырудың негізгі шарасы – электронды үкімет порталымен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау.

Бүгінгі таңда «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет ауданда толығымен  электронды түрде жүзеге асырылуда.

Сонымен қоса, «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі толығымен автоматтандырылды. Нәтижесін тамыз айында 3808 оқушыны мектепке қабылдау sitcen.kz  порталы арқылы жүзеге асырылды.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың 28 наурызында аудандық Қоғамдық Кеңесте аудандық Ветеринариялық қызмет мекемесінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша есебі тыңдалды.  Ұсынымдардың бірі-Кеңестің кезекті отырыстарында дербес бөлім басшыларымен ауыл әкімдерінің есептерін тыңдау.

Бүгінгі таңда, Ордабасы ауданында 45 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылуы ұйымдастырылды (өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бұл – халықтың электронды түрде алынатын қызметтерді ХҚКО бармай, интернетке қосылған компьютер арқылы алуға мүкіндік беретін бұрыштар). Атап айтқанда, 9 дербес бөлімде, 10 ауыл округі аппараттарында және аудандық білім бөліміне қарасты 26 мектепте ашылып, оларға жауапты мамандар бекітілді.

Электронды қызмет алудың үлесін арттырудың негізгі ықпал етуші фактор – бұл халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, электронды қызмет алудың тәсілдерін түсіндіру, жәрмеңкелер өткізу. Жыл қорытындысымен жалпы түсіндіру жұмыстарында 5189 адам қамтылды.

Бұл бағыт бойынша қосымша айта кететін жағдай, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына сәйкес облыс көлемінде тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін кешенді шаралар қабылданды.

Қабылданған шаралар аясында Ордабасы ауданында тұрғыдардың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша (базалық білім, E-gov, Open-gov, Е-коммерция дағдылары бойынша) ағымдағы жылдың жаз айларында (маусым-тамыз) 10 ауыл округте  800 адамды оқыту үшін курстар өткізілді

Қазіргі таңда аудан көлемінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуды оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде мемлекеттік органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде қызмет алушыларға (оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдайдың жасалуына аса назар аударылуда) қолайлы жағдайдың жасалуы (пандус, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған белгі және шақыру батырмасы, стандарттармен регламенттердің ілінуі, күту орындарынің болуы) басты назарға алынған. Бұл бойынша барлық мекемелерге тиісті нұсқамалар жолданып, талапқа сәйкестендірілді.

 

2018

Back to top button
Close