Ордабасы ауданы әкімі аппараты «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды

Барлық конкурсқа қатысушыларға арналған ортақ біліктілік талаптары:

Е-R-3  санатына:  Жоғары білім. Мынадай  құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;**

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің бар болуы.**

 

** Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

 

Е-G-3  санатына:  Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай  құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

СанатЕңбек сіңірген жылдарына байланысты
minmax
E-R-396 607129 920
Е-G-369 95794 108

 

Ордабасы ауданы әкімінің аппараты.

160600 Ордабасы ауданы Темірлан ауылы Т.Рысқұлов көшесі № 14 үй.

Анықтама үшін  тел: 8 (725-30) 2-12-85, тел/факс 8 (725-30) 2-12-41 эл. почта Personal_ordabasy@mail.ru

 

  1. Ордабасы аудандық білім бөлімінің жалпы орта білімді дамыту және материалдық-техникалық қамтамасыз ету секторының меңгерушісі (санаты Е-R-3), 1 бірлік.

          Функционалдық міндеттері: Оқу тәрбие жұмысына басшылық жасайды. Білім саласындағы  кадр қызметінің жұмысын қадағалайды. Білім мекемелерінде күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстарын өткізуді және материалдық-техникалық базаны толықтыру мен нығайтуды ұйымдастырады.  Білім  мекемелеріндегі шеберханалардың жабдықталуы мен олардың материалдық-техникалық базасының нығайтылуын ұйымдастырады. Білім мекемелеріндегі еңбек, өрт және техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын жүзеге асырады. Білім мекемелерінің қысқы маусымға және жаңа оқу жылына дайындығын ұйымдастырады. Орта мерзімді экономикалық даму жоспарының жобасын әзірлейді. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын жүзеге асырады. Интернаттық жүйені ұйымдастыру, онамастикалық комиссияға қатысады. Облыс, аудан әкімдері тапсырмаларының орындалуын жүзеге асыру, мәліметтер беру және химия, физика, биология мен мультимедиалық кабинеттердің құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады. Күрделі және ағымдағы жөндеу, құрылыс салу жұмыстарына қажетті құжаттардың тізбесін дайындайды. Жоғары тұрған органдарға тапсырылатын есептердің жинақталуы мен өткізілуін жүзеге асыру мен мониторинг жүргізеді. Білім мекемелерінде техникалық құралдарды есепке алады.

           Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару), жаратылыстыну ғылымдары  мамандықтары.

 

  1. Ордабасы ауданы Қажымұхан ауыл округі әкімі аппаратының бас маман – заңгері   (санаты Е-G-3), 1 бірлік.

          Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамаларын насихаттау және түсіндіру, аппараттың қызметінде заңдылықтың сақталуын ұйымдық-құқықтық тұрғысынан қамтамасыз етеді. Әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау мен тіркеуді және тіркелген актілерге мониторинг жүргізеді.  Қолданыстағы заңнамаға сәйкес алқабилерге үміткерлер бойынша жұмысты жүргізеді. Кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасының, құқық бұзушылық профилактикасы, кәмелетке жасы толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес туралы аймақтық бағдарламалардың орындалуын жүзеге асырады. Құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқыту жөнінде жұмыс жасайды. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»  кодексіне сәйкес жұмыстар жүргізеді. Ауыл округі әкімінің шешімдері мен өкімдерінің заңдылығын бақылауды қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық мамандығы

 

  1. Ордабасы ауданы Төрткөл ауыл округі әкімі аппаратының бас маман – салық инспекторы  (санаты Е-G-3), 1 бірлік.

          Функционалдық міндеттері:  Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдесуді қамтамасыз ету. Салық төлеушілер мен жеке тұлғалардан түсетін жер, мүлік, көлік  салықтарын жинауға қатысу, салық төленгендігі туралы квитанция беру және есебін жүргізу.  «Жеке және Заңды» тұлғалардан кірістер басқармасына түсетін табыс салығының есебін жүргізу.  Салық жинау жоспарларының (айлық, тоқсандық, алты айлық және жылдық) мерзімінде орындалуы және кемалымдар (недоимка) жөнінде жұмыстар жүргізу. Ауыл округінде кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдесудi қамтамасыз ету. Жеке кәсіпкерлердің, шаруа шаруашылықтардың, өндірістік кооперативтердің аудандық салық басқармасына тіркелуін ұйымдастыру және методикалық көмек беру. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарында көзделген белгіленбеген орындарда сауда жасау, жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау, иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру ережелерін және инфрақұрылым объектілерін бұзғаны үшін айыппұлдар салудан алынатын кіріс көздерін қалыптастыру. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, ауылдардағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақыны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мөлшерлемелер бойынша алуды қамтамасыз ету.

     Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1)Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені  туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы  3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.  Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан

Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz. Ордабасы ауданы әкімдігінің сайты: ordabasy.gov.kz

 

 

Конкурсқа қатысу үшін өтініш пен қызметтік тізімнің нысаны

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені__________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және

орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

______________________________________________________________

______________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

“Б” КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ

ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА “Б”

 

 

_____________________________________________

тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

 

 

ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)
 

_____________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.Туғанкүніжәнежері/
Дата и место рождения
2.Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)
3.Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
4.Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы (болғанжағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
5.Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками
6.Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болғанжағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
7.Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені (болғанжағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
8.Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
9.Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Датақызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/
приема
босатылған/
увольнения
_____________________
Кандидаттыңқолы/
Подпись кандидата
_______________
күні/дата

 

Back to top button
Close