Ордабасы ауданы әкімі аппараты «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды

Барлық конкурсқа қатысушыларға арналған ортақ біліктілік талаптары:

Е-1  санатына:  Жоғары білім. Мынадай  құзыреттердің бар болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық немесе қалалық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.**

** Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

СанатЕңбек сіңірген жылдарына байланысты
minmax
E-1150 740203 208

 

І.  Ордабасы ауданы әкімінің аппараты

160600 Ордабасы ауданы Темірлан ауылы Т.Рысқұлов көшесі № 14 үй.

Анықтама үшін  тел: 8 (725-30) 2-12-85, тел/факс 8 (725-30) 2-12-41 эл. почта Personal_ordabasy@mail.ru

 

  1. Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары (санаты Е-1, №01-1), 1 бірлік.

          Функционалдық міндеттері: Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде мемлекеттік саясатты жүргізуге және қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекет тәуелсіздігі мен қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясының басымдықтарын түсіндіру және насихаттау жөніндегі бағдарламаларды іске асырады. Аумақта орын алған қоғамдық-саяси процестер мен олардың даму тенденцияларын жинақтайды және талдау жасайды. Өз құзыреті шегінде ауданның ішкі саяси тұрақтылығы мен саяси процесстерді демократияландыруды нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-практикалық іс-шараларды ұйымдастырады және оларға қатысады. Әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін жария ету жөнінде аймақтық электрондық және баспа БАҚ мониторингін жүргізеді. Аудан әкімдігі мен әкімі қызметінің негізгі бағыттарын жүзеге асыруда ұйымдық-идеологиялық шараларды қамтамасыз етеді. Өз құзыреті шегінде ауданның жастар және ішкі саясат мәселелері бойынша ақпараттарды жинауды және талдауды қамтамасыз ету, аудан әкіміне ақпараттық-сараптау материалдарын дайындау, аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесе ұйымдардың және мекемелердің қызметін үйлестіру және өзара іс-әрекет жасау бойынша  іс-шараларды жүзеге асырады. Аудандағы білім мекемелерінің қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді. Аудан көлемінде халықты жұмыспен қамту мен еңбек қатынастары және ардагерлерді, мүгедектерді, зейнеткерлерді және басқа да жекелеген санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау салаларындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету, кедейшілікті төмендету, халықтың өмірлік деңгейін көтеру бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды үйлестіреді. Ауданның мәдениет пен өнер саласындағы дамуының негізгі бағыттары бойынша ағымдағы және мақсатты бағдарламаларын жүзеге асырады.  Фестивальдер, байқаулар, конкурстар, ақындар айтыстарын және мәдениетті өркендетуге бағытталған басқа да іс-шараларды өткізу, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста конференциялар, семинарлар, оқытудың басқа да түрлерін және тәжірибе алмасулар ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді. Тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясаттың ауданда іске асырылуын, тілдерді қолдану мен дамытудың іс-шаралар жоспарының орындалуын қадағалайды.  Аудандағы ономастикалық жұмыстың жүйелі жүргізілуін, ауыл округтеріндегі маңдайшаларды, жарнамаларды, хабарландыруларды және тағы басқа  көрнекі ақпарат жазуларын заңнама талаптарына сәйкес қолданылуын қадағалайды.  Өз құзыреті шегінде азаматтардың денсаулығын қорғау және салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы мемлекеттік саясатты, азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік және мақсатты кешенді бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысады. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау бойынша әкімдіктің және аудан әкімдігіне ведомстволық бағыныстағы барлық мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастырады. Салауатты өмір салтын қалыптастыруды, әлеуметтік-саяси жағдайды зерттеу мен болжамдауды, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының, жастар ұйымдары мен қозғалыстарының, діни конфессиялардың, шығармашылық одақтардың, этномәдени орталықтардың, ардагерлер және кәсіподақ ұйымдарының қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді және оларға Мемлекет басшысының, Үкіметтің ішкі және сыртқы саясатын түсіндіру жөніндегі жұмысты, әлеуметтік қақтығыстардың алдын алу және болдырмау тетіктерін қалыптастыруды ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  Білім, Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, әлеуметтану, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару), Құқық (құқықтану), Қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс, туризм), Техникалық ғылымдар жəне технологиялар (қоршаған ортаны қорғау жəне өмір тіршілігінің қауіпсіздігі), Жаратылыстыну ғылымдары,  Гуманитарлық ғылымдар, Өнер мамандықтары.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1)Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені  туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы  3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.  Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан

Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz. Ордабасы ауданы әкімдігінің сайты: ordabasy.gov.kz

 

 

Конкурсқа қатысу үшін өтініш пен қызметтік тізімнің нысаны

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені__________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және

орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

______________________________________________________________

______________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

“Б” КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ

ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА “Б”

 

 

_____________________________________________

тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

 

 

ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)
 

_____________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.Туғанкүніжәнежері/
Дата и место рождения
2.Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)
3.Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
4.Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы (болғанжағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
5.Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками
6.Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болғанжағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
7.Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені (болғанжағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
8.Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
9.Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Датақызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/
приема
босатылған/
увольнения
_____________________
Кандидаттыңқолы/
Подпись кандидата
_______________
күні/дата

 

Back to top button
Close