Общая информация

Газдандыру

Аудан халқының газдандыру көрсеткіші 6,8 пайыздан 19,6 пайызға жетті (57 елді мекеннің – Қайнар, Ұялыжар, Теспе, Ынтымақ, Ықыластемір, Темірлан толығымен және Бадам елді мекенінің бір бөлігі(кәсіпкерлер есебінен табиғи газбен қамтылған) – жалпы 23 786 тұрғын (19,6%)). Есепті жылы 4 125 абонентке газ тартылды.

Республикалық және облыстық бюджетінен Темірлан ауылын газдандыру мақсатында 2 млрд. 094 млн. теңге жұмсалып, есепті жылдың 13 қыркүйегінде пайдалануға берілді.

Мәлімет үшін:Темірлан ауылының тұрғындарына табиғи газ беріліп, 1253 тұрғын үй иелерінің 358-і техникалық шарт алып, 38 отбасы көгілдір отының пайдалануда. Одан бөлек 895 үйде көгілдір газды кіргізуге құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, техникалық шарт алуға құжаттарын өткізді. Яғни Темірлан ауылындағы 3 мың отбасы табиғи газ пайдалану мүмкіндігіне ие болды.

 

Өткен жылы басталған Қажымұқан ауылын газдандыру жобасына жалпы 537,2 млн. теңге бөлініп, биылғы жылы пайдалануға беріледі.

5 елді мекеннің жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, облыстық салалық басқармаға құрылыс монтаж жұмыстарына қаржыландыруға ұсынылды.

Мәлімет үшін: Боралдай (95,082млн.т), Көктөбе (625,472 млн.т), Қызылсеңгір (72,380 млн.т) ауылдарын газдандыруы 2021 жылға облыстық бюджетке енгізілді; Бөген (443 675,0 млн.т), Төрткүл (933,836 млн.т) ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз ету жобасы әзірленіп, облыстық энергетика тұрғынүй-коммуналдық басқармасына қаржыландыруға ұсыныс берілді).

Одан бөлек 40елді мекендерді газдандыру үшін жобалық-сметалық құжаттамалар, ал 8 елді мекеннің сәулет жоспарлау жұмыстары әзірленуде. Жобалар біткен соң құрылыс жұмыстары кезең кезеңмен жүргізілетін болады.

Мәлімет үшін:

– Қызылжар, Спатаев, Көкарал, Жамбыл, Бірлік, Бейсен, Берген, Ақжол елді мекендерді газдандыру жобалары әзірленіп, сараптама қорытындысы алынып, облыстық салалық басқармаға ұсыныс үшін құжаттары жинақталуда;

– Амангелді, Ынталы, Батыр ата, Жеңіс, Қарақұм елді мекендеріне газ жүйесінің құрылысына ЖСҚ әзірленіп, сараптама өткізуге ұсынылды;

– 24 елді мекенді (Қараспан а/о – 10 елді мекені, Төрткөл а/о – 6 елді мекені, Шұбар а/о – 6 елді мекені және Кемер, Шұбарсу елді мекендері) табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ әзірленуде;

– қалған 8 елді мекенді (Бадам, Ордабасы, Ақбұлақ, Дербес, Қарабастау, Мамыр, Дихан, Қалаш) табиғи газбен қамтамасыз ету үшін сәулет жоспарлау тапсырмасы әзірленуде.

 

Related Articles

Back to top button
Close