Ордабасы ауданы әкімі А.Мамытбековтың «Ауданның 2016 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2017 жылғы алда тұрған міндеттері туралы» аудан тұрғындары алдында есепті баяндама тезисі

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

Жалпы ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде өндірілген ішкі аймақтық өнім көлемі 50 млрд. 999 млн. теңге болып, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда (39 млрд. 967 млн. 642 мың теңге) 27,6 пайызға артты.

 

БЮДЖЕТТІК САЛЫҚТЫҚ САЯСАТ

Жыл басында бюджет 11 млрд. 003 млн. 471 мың теңгеге бекітілген болса, жыл ішінде 3 млрд. 382 млн. 164 мың теңгеге ұлғайып, 14 млрд. 385 млн. 635 мың теңгені құрады, оның ішінде жергілікті кірістер 1 млрд. 160 млн. 010 мың теңге немесе 414 млн. 295 мың теңгеге артқан.

Жалпы салықтардың кіріс жоспары 1 млрд. 945 млн. 394 мың теңгенің орнына 2 млрд. 269 млн. 917 мың теңге түсіп, 116,7 пайызға орындалды, оның ішінде жергілікті түсімдер 112,9 пайызға орындалып, 149 млн. 737 мың теңге артығымен түсті.

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ

Ауыл шаруашылық саласында 29 млрд. 433 млн. 800 мың теңгенің өнімі өндіріліп, (2015 жылдың тиісті кезеңінде 22 млрд.338 млн.500 мың теңге) 100,8 пайызға орындалды. Оның ішінде мал шаруашылығының өндірісі 15 млрд. 358 млн. 700 мың теңге, егін шаруашылығы бойынша 14 млрд. 075 млн. 100 мың теңгенің өнімі өндірілді.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын егіс көлемі 54 384 гектар жерге жетіп, тапсырма (54 500 га) 99,7 пайызға орындалды.

Суармалы 32 300 гектар жердің  96,4 пайызы (31130 га) игерілді.

Аудан дихандары 18 653 гектар жерге ақ егіс егіліп, гектар түсімділігі 23,3 центнерден, дәндік жүгері 3636 гектар жерге егіліп, әр гектарынан орташа түсімділігі 46,9 центнерден, күнбағыс 1437 гектар жерге егіліп, әр гектардан орташа түсімділігі 14,5 центнерден, мақсары 5031 гектарға егіліп, орташа  түсімділігі 5,3 центнерден, көкөніс 3315 гектар жерге егіліп, орташа түсімділігі гектарына 207,0 центнерден, бақша 2116 гектарға егіліп, орташа түсімділігі гектарына 205,5 центнерді құрап, 43500 тонна өнім алынса, мақта 7130 гектарға егіліп, орта түсімі 24,5 центнерден барлығы 17 829 тонна өнім алынды.

Тамшылатып суаруды қолдану әдісі қосымша 715,6 гектарға енгізіліп,  жалпы көлемі 4524,6 гектарға жетті.

  Жылыжайлар қосымша 7,3 гектарға салынып, 68,45 гектарға жетіп (84 бірлік жылыжай) 5000 тонна жуық көкөніс өнімдері жиналды.

Аудан көлемінде 55 жаңа ауылшаруашылық техникалары алынып, жалпы ауылшаруашылық техникасы 1460 дананы құрады.

           1000 астам ұсақ шаруашылықтарды біріктіретін 9 копперативтер 3 МТС құрылды.

«Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламаларымен 6542 мал басы сатып алынып, 39 бірлік 10-15 бастық жанұялық фермалар іске қосылды.

Ірі қара мал шаруашылығында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2016 жылы нақты 1388 (тапсырма 850) орындалуы 163 пайыз

«Құлан» бағдарламасы 296 пайызға (тапсырма 250 бас асыл тұқымды жылқы, нақты 741 асыл тұқымды  жылқы);

«Алтын асық» бағдарламасы 2,8 есеге немесе 276 пайызға (тапсырма 1600 бас  асыл тұқымды қой, нақты 4 413асыл тұқым қой) орындалды.

2014-2016 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту іс-шаралар жоспарына сәйкес 278 бірлік  мал бордақылау алаңдары ашылып тапсырма 104,1 пайызға орындалды (тапсырма 267 мал бордақылау алаңдарын ашу).

Бадам ауыл округінен «Бөрте Милка» ЖШС-і  Венгрия мемлекетімен келісім шарт түзіп, ірі қара 408 бас аналық бас алынды. 2017 жылдың 2 тоқсанында күніне 40 000 литр сүт өңдейтін заводты іске қосу жоспарлануда.

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫ

           Жерлерді түгендеп, тиімді пайдалану бойынша ауыл шаруашылық  жерлерін түгендеу комиссиясы құрылып, игерілмей жатқан 8030 га жер анықталып, 80 жеке және заңды тұлғалардың құжаттары  ОҚО бойынша аумақтық жер инспекциясына  шара көру жөнінде жолданып, жер инспекциясы тарапынан хабарламалар берілді.

Өткен жылы жалпы 86,53  гектар, оның ішінде  35,05 гектар суармалы  және  51,48 гектар  жайылымдық жерлер  аудандық арнайы жер қорына  қайтарылды.

 

ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ

Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін республикалық бюджеттен бөлінген 133 млн. 705 теңгенің 133 млн. 697 мың мың теңгесі, (Түйенің құтырық ауруына 150 доза вакцинаның келмеуіне байланысты 800 мың теңге игерілмеді аудандық бюджеттен көктемгі және күзгі  энзоотиялық аурулардың алдын алуға бөлінген 19 млн. 414 мың теңге  толығымен игерілді.

69 145 бас мүйізді ірі қара малдан, 314169 бас уақ малдан, 268 бас түйеден, 139 бас жылқыдан, 3948 бас шошқадан, 43 бас иттен қан сынамалары алынып 43 бас мүйізді ірі қара мал, 50 бас уақ мал бруцеллез ауруына  оң белгі беріп санитарлық союға тапсырылды.

Аудан тұрғындарын құтырма ауруынан қорғау мақсатында аудандық бюджеттен 2500,0 мың теңге қаралып,  3914 бас қаңғыбас ит,  86 бас қаңғыбас мысық барлығы 4000 бас ауланып жойылды.

 

ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ

Жалпы өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 15 млрд. 197 млн. 197 мың теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 111,2% құрап, (2015 жылы 10 млрд. 245 млн. 942 мың теңге)  148,3 пайызға артты.

Өсім бойынша облыста бірінші орында.

Ауданда 2 индустриялды аймақ, 1 өндірістік аймақ жұмыс істеуде.

Сонымен қатар Ұлттық қордан Қазақ-Түрік индустриалды аймағына және іргелес орналасқан өндіріс нысандарынының инфрақұрылымдарының құрылысы жүргізілуде.

Бадам ауыл округіндегі Қазақ-Түрік индустриялды аймағының (аумағы 50,0 га 30,7 га бос) 19,3 га жер теліміне 13 млрд. 480,5 млн. теңгенің 8 инвестициялық жобасы (828 жұмыс орны) өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қортындысымен аймаққа орналасуға мүмкіндік алды.  

  Шұбар индустриялды аймағының (аумағы 93,0 га 78,5 га бос) 14,5 га жер теліміне 1 млрд. 719 млн. 700 мың теңгенің 5 инвестициялық жобасы (205 жұмыс орны) іске асатын болады.

Бадам өндірістік аймағының (153,0 га 55,5 га бос) 97,5 га жер теліміне 45 млрд. 014 млн. теңгенің 8 инвестициялық жобасы (1060 жұмыс орны) аймаққа орналасуға мүмкіндік алып, 2015 жылы 1 жоба  «КазКИОТИ» ЖШС-нің ауылшаруашылығы техникаларын құрастыру зауыты 1 кезеңінде инвестициялық құны 7200,0 млн. теңге 50 жұмыс орнымен ашылса, 2016 жылдың желтоқсан айында инвестициялық құны 1700,0 млн.теңге 50 жұмыс орнымен «Karlskrona» ЖШС-гі болат құю цехы іске қосылды.

  «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен пайыздық ставкасын субсидиялау желісі бойынша 4 жоба 1 млрд. 257,37 млн теңгеге, инфрақұрылымды дамыту желісі бойынша 4 жоба  6 млрд. 680,0 млн. теңгеге, гранттық қаржыландыру бойынша 2 жоба  4,3 млн. теңгеге мақұлданып, 158 жұмыс орны ашылды.

Шағын кәсіпкерлікпен өндірілген өнім мен көрсеткен қызметі 2015 жылмен салыстырғанда 5,1 пайызға өсіп, өндірілген өнім (жұмыс, қызмет) көлемі 42 млрд. 362 млн. 100 мың теңгеге жетіп, одан түскен салық көлемі 635 млн. 500 мың теңгені құрады.

“ЫРЫС” микронесиелік ұйымы арқылы  төменгі пайызбен 141 жобаны қаржыландыруға 291,4 млн. теңге көлемінде несие берілді (59,5% егін шаруашылығына, 1,9% жылыжайға, 38,6% мал шаруашылығы).

“Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” арқылы 345 млн. 100 мың теңгеге 124 жоба қаржыландырылды (3,8% жол тасымалдау, 5,7% жүк тасымалдау, 3,8%  жылыжайға, 1,9% көлік жөндеу, 84,8% мал шаруашылығы).

“ҚазАгроҚаржы” АҚ-ы арқылы 550 млн. 400 мыңға 2 жоба қаржыландырылды (96,6 % жылыжайға, 3,4% ауылшаруашылық техникасын алуға).

ИНВЕСТИЦИЯ

Ауданға тартылған инвестиция көлемі 9 млрд. 826 млн. 600 мың теңгені құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда 43,2 пайызды құрады. Оның ішінде республикалық бюджеттен 2 млрд. 693 млн. 500 мың теңге, жергілікті бюджеттен 2 млрд. 557 млн. 200 мың теңге, меншікті қаражат есебінен 3 млрд. 379 млн. 900 мың теңге, басқада қарыз қаражаттар есебінен 1 млрд. 009 млн. 100 мың теңге.

2016 жылы 33 инвестициялық жобаға бюджет есебінен 2 млрд. 369 млн. 966 теңге бөлінді (3 мектеп құрылысы, 1-АГРС құрылысы, Темірлан ауылындағы 14 пәтерлі коммуналдық тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің құрылысы, Темірлан ауылындағы 14 пәтерлі коммуналдық тұрғын үй құрылысы және 14 ЖСҚ).

         ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ

Ауданда құрылыс жұмыстарының көлемі 3 млрд. 011 млн. 600 мың теңгені құрады.

           Тұрғын үй саласы бойынша Темірлан ауылында 14 екі пәтерлі коммуналдық тұрғын үй  құрылысын жүргізуге облыстық бюджеттен 379 млн. 259 мың теңге қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде, жоспар бойынша биылғы жылы пайдалануға беріледі.

2016 жылдан өтпелі болып саналатын Шұбарсу ауылындағы Б. Нұрлыбеков атындағы орта мектепке 300 орындық оқу корпусі және спортзал құрылысы, Ақжол ауылындағы 300 орындық мектеп құрылысы және Мамыр ауылынан жаңадан салынып жатқан 200 орындық мектеп құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

 

КОММУНАЛДЫҚ САЛА

Ауыз су: Аудандағы 57 елді мекеннің 39-ы тәулігіне 24 сағат құбырлы ауыз сумен қамтылған, яғни халықтың 88,7 пайызы, 18 елді мекен тұрғындары құдық суын пайдаланады, ол жалпы халықтың 11,3 пайызын құрайды.

Аудандық бюджеттен жалпы 2016 жылы 30 елді мекеннің ауыз сумен жабдықтау және ауыз су жүйесін күтіп ұстауға 112 млн. 552 мың теңге,  Дербес елді мекенің ауыз су жүйелері 25 млн. теңгеге, Жеңіс және Қызылжар елді мекендеріндегі мембранды су тазалағыш қондырғылары 5 млн. теңгеге, Шұбар ауылындағы 2, Төрткөл ауылындағы 1, 1 мамыр ауылындағы 1 ауыз су мунаралары 30 млн. теңгеге жөндеуден өткізілді.

3 елді мекеннің (Арыстанды, Боралдай, Жусансай е/м) ауыз су жүйесінің құрылысына  жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджеттен 11 млн. 727 мың теңге (2016 жылға 9 000 мың теңге, 2017 жылға 2 727 мың теңге) қаралып, бүгінгі таңға 8 936 мың теңгесі игерілді.

1 елді мекенің (Спатаев е/м) ауыз су жүйелерінің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. 2017 жылға құрылыс-монтаж жұмыстарына облыстық бюджеттен 105 103,0 мың теңге қарастырылып отыр.

Аудан аумағындағы ауыз су құбырымен қамтылмаған 18 елді мекенді 2020 жылға дейін толық ауыз су құбырымен қамтуға кезең-кезеңімен жоспар түзіліп, сәулет жоспарлау тапсырмасы, жобалық сметалық құжаттамалары жасақталуда.

Электр энергиясы:  «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС –нің инвестициялық бағдарламасы аясында қосалқы станциясынан шығатын ұзындығы 15,554 шақырым электр желілерінің жоғарғы кернеулі оқшаулағыщ сымдары (ЖКО), изоляторлары, ағаш бағаналары  жалпы 376 дана ағаш бағаналарына ауыстырылды.

Газдандыру: Бейнеу-Шымкент” магистралды газ құбырының 1393 шақырымында  №19 “Темірлан” АГТС-нан Темірлан елді мекені арқылы Арыс қаласына дейін тартылатын газ құбырын салу құрылысы» жалпы құны 4 млрд. 731 млн. 563 мың теңге қаралған.  Жоба 2017 жылы аяқталады.

           Темірлан елді мекенінің ішкі газ тарату жүйесінің құрылысына жобалық сметалық 4 млн. 737 мың теңгеге әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге құжаттары толығымен ұсынылды. (мемлекеттік сараптама құны 2 млн. 200 мың  теңге).

6 елді мекенді (Қажымұқан, Көктөбе, Боралдай, Қызылсеңгір, Теспе, Ықыластемір) табиғи газбен қамтамасыз ету үшін  жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде (2016 жылға 17 773 мың теңге, 2017 жылға 7 763 мың теңге). 3 елді мекенге (Амангельды, Ынталы, Батырата) табиғи газбен қамтамасыз ету үшін  жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге 2017-2018 жылдарға 27 484 мың теңге облыстық бюджеттен бөлінді.

9 елді мекеннің (Боралдай, Қызылсеңгір, Көктөбе, Қарақұм, Бөген, Жеңіс, Төрткүл, Жамбыл, Бірлік) ішкі газ тарату жүйесінің құрылысына инженерлік-геодезиялық жұмыстарын жүргізу үшін сәулет жоспарлау тапсырмасына топографиялық түсірілімімен радиологиялық қорытындысын дайындауға аудандық бюджет есебінен 10 млн. теңге қаралып, толық игерілді.

2016 жылы 31 көше, 1 жолаяқ, 2 көпір нысандарына жалпы құны 370 млн. 874 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Оның ішінде аудандық бюджет есебінен 121 млн. 880 мың теңге,  облыстық бюджет есебінен 136 млн. 498 мың теңге, “Өңірлерді дамыту” бағдарламасы бойынша 112 млн. 496 мың теңге қаржы қаралды.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 17 аяқ жолға, 4 ойын алаңшасына және 1 сыртқы жарықтандыруға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 197 млн. 787 мың теңге қаржы бөілініп толғымен игерілді.

 

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

2016 жылы 3538 отбасындағы 18-жасқа дейінгі 13 645 балаға 281 млн. 767 мың теңге жәрдемақы төленіп тиісті кезеңмен 489 балаға  көбейіп , 41 млн. 135 мың теңгеге артты.

Аз қамтамасыз етілген мұқтаж отбасылар  21 отбасымен, кедей азаматтар 117 адамды құрап, 2015 жылмен  салыстырғанда 22 пайызға төмендеді (33 адам).

Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар  саны 22,2 пайызға төмендеп, аудан көлеміндегі  отбасылардың (17 585 отбасы) 0,1 пайызын құрады  (2015 жыл  27 отбасы, 2016 жыл 21 отбасы).

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі отбасы санына шаққанда (17 585 отбасы) 2014 жылы 6,5 пайыз, 2015 жылы 5,6 пайызды құраса, 2016 жылы 5,3 пайызды құрап, төмендеуде.

 

БІЛІМ САЛАСЫ

           Білім саласына 8 млрд. 400 млн. теңге бағыталып, әр оқушыға  шақанда 298,9 мың теңгені құрады.

2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік даму бағдарламасы аясында ауданда 59 мектепке дейінгі ұйымдарда (15 мемлекеттік 19 шағын орталық, 25 жеке меншік бала бақша) 6 375 бала тәрбиеленіп, қамтылуы тиіс баланың 82,9 пайызы қамтылды. (облыста 7-ші орын).

Аудан бойынша 1727 мектеп бітірушінің 1232 (71,3%) ҰБТ-ге қатысып, қатысушылардың орта балы 71,8 пайызды құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда – 5,9 балға төмендеген. (Облыс көлемінде 12 орын).

Республикада жүз жиырма бес балды жинаған 19 бітірушінің 2-уі біздің ауданның түлегі.

2015 жылдан өтпелі аудандық бюджет есебінен 1 мектепке (Төрткөл жалпы орта мектебі), ағымдағы жылы 1 бала бақшаға (Қызғадақ б/б) және облыстық бюджет есебінен 1 мектепке (Абай ат.жалпы орта мек.) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп пайдалануға берілді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 2 мектепке (Ө.Тұрманжанов, Қ.Бектаев ат. жалпы орта мек.), күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп пайдалануға берілді.

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу бағдарламасына сәйкес 9 бағытта яғни темекі шегуге, нашақорлыққа, маскүнемдікке қарсы күрес, дене тәрбиесіне, тиімді тамақтану, ана мен баланың денсаулығын қорғау, отбасын жоспарлау, қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік маңызды мәселелердің алдын алу шаралары бойынша жұмыстар атқарылып келеді.

Жүйелі атқарылған жұмыстардың нәтижесінде нәрестелер өлім жітімі көрсеткіші тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,2 пайызға, эндокриндік ауру 5,3 пайызға төмендесе, қан айналым жүйесі аурулары 20,3 пайызға, жүйке жүйесі ауруы 5,3 пайызға жарақаттар 50,8 пайызға азайған.

Ана өлімі көрсеткіші 2015-2016 жылдары болмаған.

Тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы соңғы бес жылда 65,3-тен 70 жасқа артты.

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ

Аудан көлемінде мәдени іс-шаралар өткізуге жергілікті бюджеттен 4 млн 500 мың теңге, материалдық техникалық  базасын нығайтуға аудандық бюджеттен 6 млн. 111 мың теңге, кітапханалар жүйесіне кітап қорын толықтыруға 1 млн. 427 мың теңге қаралды.

Жалпы мәдени ошақтарында 935 түрлі тақырыпта мәдениет іс-шаралар өткізіліп, 80 000 мыңнан астам адам қамтылды.

“Жұмыспен қамту 2020” бағдарламасы аясында аудандық мәдениет үйі, Жеңіс, Төрткөл, Бөген ауылдарының мәдениет үйлері ғимараттары ағымдағы жөндеуден өткізілді.

2017 жылға Шұбар, Қарақұм  мәдениет нысанының  ғимаратын салуға жобалық сметалық құжаттары әзірленетін болады.

 

СПОРТ САЛАСЫ

Ауданның спорт саласына жалпы 129 млн. 697 мың. теңге бағытталып, оның ішінде спорттық іс-шараларға 24 млн. 819 мың теңге бөлінді.

Халықтың дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуына 184 спорт ғимараттары мен алаңшаларда 31 067 адам спортпен тұрақты түрде айналысып, халық санына шаққанда 26,3 пайызды құрап,  спортпен тұрақты шұғылданатындардың саны есепті кезеңмен салыстырғанда 10,9 пайызға артып отыр (2015 жылы 28 013 адам).

2016 жылдың қорытындысымен 244 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, 102 474 адам қамтылды.

Жыл басынан 166 спортшыға ІІ, ІІІ спорттық дәрежелер беріліп, 1 спортшы спорт шеберлігіне үміткерлігін орындады.

Есепті кезеңде 1 спорт залға (Темірлан е/м спорт залға 8 млн.250 мың теңге) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, “Жұмыспен қамту 2020 жол картасы”  бағдарламасы аясында 2 спорт алаңшаларын қоршау жұмыстары аяқталып қолданысқа берілсе, (Шұбар е/м футбол алаңын қоршауға 4 млн. 540 мың теңге, спорт алаңшасын қоршауға 4 млн. 213 мың теңге), жергілікті бюджет есебінен 1 спорт алаңшасы ашылды (Берген е/м 9 млн.теңгеге спорт алаңшасы).

Демеушілер есебінен 1 спорт зал (Қызылжар е/м), 2 спорт алаңшасы (Төрткөл, Темірлан е/м)  пайдалануға берілді.

2017 жылы аудан бюджеті есебінен Темірлан ауылында кіші футбол алаңына арналған жабық қаңқа арқылы брезент жаппа имаратының құрылысы 64 054 мың теңгеге жүргізіледі.

 

  ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ

Қоғамдық-саяси, діни ахуал тұрақты. Ауданда 3 этномәдени орталықтардың бөлімшелері (Славян, Түрік, Күрді) жұмыс атқарады. Діни экстремизм мен терроризмнің және ұлтаралық шиленістер мен қақтығыстардың алдын алу мақсатында  құрамы 50 адамнан құралған 12 ақпараттық-насихаттық топтар жұмыс жүргізеді.

Ақпараттық-насихаттық топ жұмыс жоспарларына сәйкес 181 кездесу өтті, оның 81-і білім беру мекемелерінде, 80 ауыл тұрғындарымен 20-ы мешітерде өткізіліп, 11 743 азамат қатысып,  аудандық “Ордабасы оттары” газетіне арнайы 57 мақала берілді.

 

ҚЫЛМЫС, СЫБАЙЛАС  ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ

Статистикалық көрсеткіштер бойынша 2016 жылы 643 қылмыс  қылмыс тіркеліп (ашылау пайызы 88,5), 2015 жылмен салыстығанда (тіркелген қылмыс 694, ашылу пайызы 51) 7,3 пайызға төмендеген.

Қылмыс, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау бағытында бағдарлама іс-шара жоспарымен қабылданып, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы жанынан «Жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесі» құрылып, жұмыс жүргізуде.

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында халық көп шоғырланған елді мекендерінің орталық көшелері, білім беру ұйымдары және сауда нысандарында жалпы- 62 бейне бақылау камералары орнатылған. (7-мәдениет нысанында, 25-көше бойларында, 23-білім беру ұйымдарында 4 мешіт және 3 кәсіпкерлердің сауда нысандары).

Жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында 11 дана жасанды жол кедергілерімен 66 дана арнайы жол белгілері орнатылды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2016 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес аудан әкімдігінің қаулысымен іс-шаралар жоспары бекітілген.  Мемлекеттік қызметкерлер арасында ашықтық пен айқындықты  қамтамасыз ету, халықты ақпараттандыру мақсатында аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсында (www.ordabasy.gov.kz) «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» атты жеке бөлімі және аудандық «Ордабасы оттары» газетінде «Жемқорлық – жегі құрт» айдары ашылып, медиа жоспарға сәйкес 48  рет мақалалар берілді.

Жыл басынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның 4 отырысы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында 6 акция, 8 семинар кеңестер ұйымдастырылды.

 

 

 

ҰСЫНЫС ПІКІРЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ

2016 жылы есеп беру барысында жалпы аудан тұрғындарынан 139 ұсыныс-пікір түсіп, барлығы дерлік сараланып, іске асыру іс-шаралар жоспары бекітілген. 139 ұсыныс-пікірдің  53-ші нақты шешімін тауып, 19-ы 2017 жылдың бюджетіне, 7-уі 2018-2019 жылдардың бюджетіне енгізілді, 19-ы ” Оңтүстік Жарық Транзит” ЖШС-нің инвестициялық жобасына енгізілген, 25-і тұрақты бақылауға алынған.

 

2017 жылы атқарылатын міндеттер:              

Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында 2017 жылы ауыл шаруашылық және өнеркәсіп саласында жаңа өндіріс орындары және ауылшаруашылық өнімдерін тереңдетіп, өңдейтін шағын кәсіпорындар ашу арқылы жұмыссыздықты жоюмен қатар жергілікті бюджетке түсетін салықтардың түсімін арттыру, ел игілігіне қажетті әлеуметтік нысандар құрылыстарын жүргізуге бағытталып отыр.

 

2017 жылға арналған ауданның бюджет көлемі 14 млрд. 817 млн. 139 мың теңге болып бекітілді, оның ішінде жергілікті кірістер 1 млрд. 018 млн теңге.

 

ҚҰРЫЛЫСТАР:

 

2017 жылы білім саласында Шұбарсу ауыл округіндегі Б.Нұрлыбеков жалпы орта мектебінің 300 орындық қосымша құрылысы,  Бадам ауыл округі Мамыр ауылындағы 1 Мамыр 200 орындық жаңа мектеп құрылысы Қараспан ауыл округі Ақжол ауылындағы Жамбыл атындағы жалпы орта мектебінің 300 орындық жаңа ғимаратының құрылысы пайдалануға беріледі.

Бөржар ауыл округі Теспе ауылынан, Шұбар ауыл округі Береке ауылынан 200 орындық, Шұбарсу ауылынан 600 орындық «Достық» жалпы орта мектептері құрылыстары басталады.

Медицина саласы бойынша ағымдағы жылдың шілде айында Шұбар ауыл округіне қарасты Шұбар ауылындағы дәрігерлік емхана құрылысы, Қажымұқан ауыл округіне қарасты Амангелді ауылында, Қараспан ауыл округіне қарасты Сарыарық ауылында фельдшерлік акушерлік пунктерінің құрылысын аяқтап пайдалануға беру жоспарлануда.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен мемлекеттік әріптестік аясында емхана құрылысына 1,5 га жерге жер таңдау актісі жасалынып күніне 120 емделушіні қабылдайтын, 2 жедел-жәрдем бригадасы бар жаңадан емхана құрылысының жұмысы басталды (жоба құны 1 млрд. 200 млн теңге).

Коммуналдық сала бойынша Темірлан ауылында 14 екі пәтерлі коммуналдық тұрғын үй  құрылысы аяқталып пайдалануға берілетін болады.

Төрткөл ауыл округі Спатаев ауылына ауыз су құбыры жүргізіледі.

Спорт саласы бойынша Темірлан ауылынан салынатын кіші футбол алаңына арналған жабық қаңқа арқылы брезент жаппа имаратының құрылысы салынады.

 

           ЖОЛДАР ЖӨНДЕУГЕ  аудандық бюджеттен ішкі көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 526 млн. 846 мың теңге, күрделі жөндеу үшін 106 млн. 611 мың теңге қаралса, облыстық бюджеттен ішкі көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 510 млн. 498 мың теңге қаржы қарастыруға құжаттары рәсімделіп ұсыныс берілді.

 

2017 жылы ауылшаруашылық саласы бойынша жалпы өнім көлемін  30 млрд. теңгеге жеткізіп, егістік жерлердің көлемін 59 100 га жеткізу.

32 300 суармалы жерді игеріп, қосымша суармалы жер көлемін 900 га ұлғайту, ұсақ шаруашылықтарды біріктіретін 2 копператив, 2 бірлік МТС ашу жоспарлануда.

Ауданда тың, жаңа жобаның бірі балық шаруашылығын дамыту қолға алынатын болады.

Бөржар ауыл округінде – «Ордабасы құс» ЖШС жалға берілген «Бөржар» мен «Теспе» көлдерінен, Бөген ауыл округінде – жеке кәсіпкер Т.Жұмабаев, ««Аян» ЖШС-гі Бөген» су қоймасының жанынан жасанды суайдын жасап балық шаруашылықтарын ашу жоспарласа, “Әділхан” шаруа қожалығы 12 га жерге тереңдігі 2,5-3 метрлік су көлшіктер, 3 жерден су реттегіш нысандарын салып бітті. Алғашқы кезеңде 8 тонна сазан (карп) породасынан су көлшіктері салынды. Негізгі кезең сәуір, мамыр айларында 200-500 мың 30-70 граммдық шабақ балықтар салып, 12 айдан соң 500 тонна балық өсіріп, сатылымға шығару жоспарлануда. Даму бағдарламасы бойынша 35 млн. теңге жеке инвестиция 48 млн. теңге қаржы игерілді. Келешекте икрадан 2-20 млн-ға дейін шабақ өндіру жоспарланып, инкубациялық цех ашуға 25 млн теңге қаржы қарастырылуда.

Жоба толық іске асқан жағдайда 2018 жылдан бастап 800 мыңнан 1 млн. кг дейін балық өсіріп шығаруға мүмкіндік туады.

2017 жылы 8 каналды күрделі жөндеуден өткізу күтілуде.

Атап айтқанда: Төрткөл ауыл округінен «Шаян», «Р-11-С», «Р-12» каналдары, Бөген ауыл округінен«Р-12» каналы,  Шұбар ауыл округінен «Шұбар-қайшылы», «Қозыке», «Ақтұмсық» каналдары, Қажымұқан ауыл округінен «Құртай» каналдары. Нәтижесінде 6556 га толық ағын сумен қамтылып,  егістіктің құрылымы өзгереді.

 

Өнеркәсіп саласы: Өнеркәсіп өнімінің көлеміа 16 млрд. 246 млн. теңгеге жеткізіп, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индекісі 104,8% жеткізу жоспарланды.

Қазақ-Түрік индустриялды аймақта орналасқан, индустрияландыру картасы аясында құны 8 млрд. 96,5 млн  теңгені құрайтын 3 жоба, 633  жаңа жұмыс орнымен  ашу.

 «Madeyra-Company» ЖШС – «Панельдік, жұмсақ және кеңселік жиһаздар шығару» (3700 млн.тг., 496 жұмыс орны),

«TurKaz ffp» ЖШС – «Фибро және фомбетон өндірісі» (473,5 млн.тг., 50 жұмыс орны),

«Gold Aluminum (Голд Алюминум)» ЖШС-алюминді және биметалды радиаторлар жылыту өндірісі (3923,0 млн.тг., 87 жұмыс орны),

Бадам өндірістік аймақта орналасқан “ABF INVEST” ЖШС-нің полиэтилен бұйымдарын қайта өңдейтін зауыт, құны 6 млрд. 600,0 млн  теңгеге, 50  жаңа жұмыс орнымен  ашылады деп жоспарлануда.

 

 

 

 

 

Back to top button
Close