КЕМЕЛ ДЕ БІРЕГЕЙ ШЕШІМ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі жөніндегі Үндеуі және 31 қаңтарда жарияланған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылауға арналған келелі жиын өтті. Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттары: Қ.Ержан, К.Мұсырман, ауыл округі әкімдері, дербес бөлім басшылары, мемлекеттік қызметшілер қатысқан жиналысты аудан әкімі А.Мамытбеков ашып, мақсатына тоқталды. Парламент мәжілісінің депутаты Қ.Ержан
сөз алып, Елбасының өз билігінің елеу­лі бөлігін Парламентке беру жөніндегі кемел де бірегей шешімінің Қазақстанда пар­ла­ментаризмді дамытуға қосқан үлкен үлес екенін айтып өтті. Түптеп келгенде, Пар­ла­менттің өкілеттіктерінің кеңей­ті­­луі іске асырылып жатқан мем­­лекеттік бағдарламалардың тиім­­ділігін арттырып, бюджет қар­жысының үнемді де ұтымды жұм­салуына, сондай-ақ сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимылды одан әрі күшейтуге оң ықпалын ти­гізіп, еліміздің әлеуметтік-эко­но­микалық дамуына серпін бе­ретінін айтты. Парламент мәжілісінің депутаты К.Мұсырман Елбасы ұсынған қисынды де­мократиялық өзгерістер уа­қыт сынынан өткен күшті пре­зи­денттік билікті сақтай отырып, беделді Парламент пен ашық Үкіметті қалыптастыру ар­қылы елімізді Мәңгілік Ел болу жолы­мен одан әрі өрлеуге бас­тай­тындығын жеткізді.
Сонымен қатар, жиын барысында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында жүктелген тиянақты тапсырмалар талқыланды. Ордабасылықтар Елбасы Үндеуінің тың бастамаларға арқау болатынына сенім артатындарын, сонымен қатар Жолдауды қолдап, ондағы жоспарлардың жүзеге асуына күш салатындарын тілге тиек етті.

Back to top button
Close