Ордабасы ауданы әкімі аппараты «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды

Барлық конкурсқа қатысушыларға арналған ортақ біліктілік талаптары:

 

E-R-4 санатына: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай  құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Е-G-3  санатына:  Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай  құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Е-G-4  санатына:    Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Мынадай  құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

СанатЕңбек сіңірген жылдарына байланысты
minmax
Е-R-473 28999 105
Е-G-369 95794 108
Е-G-4  62 46184 115

Ордабасы ауданы әкімінің аппараты.

160600 Ордабасы ауданы Темірлан ауылы Т.Рысқұлов көшесі № 14 үй.

Анықтама үшін  тел: 8 (725-30) 2-12-85, тел/факс 8 (725-30) 2-12-41 эл. почта Personal_ordabasy@mail.ru

 

  1. Ордабасы аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы (санаты Е-R-4, №22-1-1), 1 бірлік

          Функционалдық міндеттері:  Бөлімде құрылыс қатынастары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкіметінің қаулылары мен өкімдерінің, Қазақстан Республикасы Құрылыс және басқа да орталық атқару органдарының нормативтік құқықтық актілерінің, облыс және аудан әкімдері шешімдері мен өкімдерінің, бөлім бастығы бұйрықтары мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Ауданда салынатын жаңа құрылыстардың құрылыс ережесіне сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету. Аудан мекемелерінен келіп түскен хаттармен жұмыс жасау және орындалуын қамтамасыз ету. Құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кенейту, техникамен қайта жарықтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, аббаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру. Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен жүргізу. Бөлімде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жұмысты іске асыру. Орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарына, құрылыс салу барысындағы жобалық техникалық қажетті құжаттарды дайындау және оның орындалуын қадағалау, құрылыс біткен ғимараттарды, тұрғын үйлерді қабылдау актісін дайындау және заңдылығын бақылауды жүргізу. Бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп мұрағатқа өткізілуі тиіс істерді анықтайды, олардың дұрыс ресімделуін тексереді, белгіленген тәртіпте іс жүргізіліп аяқталған құжаттарды сақтауға қабылдайды, мұрағатта сақталудағы құжаттардың есебін және олар жөнінде анықтамалық-ақпараттық жұмыс жүргізеді, мұрағатта сақталудағы құжаттардың құндылығын анықтайтын сараптау комиссиясының жұмысына қатысады, сараптау актілеріне сәйкес сақтау мерзімі өткен құжаттарды жоюға алады. Бөлімінің жұмыс жоспарын түзу және бағдарламалармен жұмыс жасауды ұйымдастырады. Мердігерлердің анықтаған ақауларды жою жөніндегі кепілдемелік міндеттемелердің орындалуын тексеру, орындалған жұмыстардың сапасыздығы немесе кешіктірілгені үшін айыппұл және өсімпұл ұстау жұмыстарын жүргізеді.  Мемлекеттік органдардан, мекемелерден, ұйымдардан келіп түскен хаттармен жұмыс жасау және орындалуын қамтамасыз етеді. Құрылыстардың сапасын қадағалауды қамтамасыз етеді.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  Техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс, материал тану және жаңа материалдар технологиясы), өнер (сәулет), экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару).

  1. Ордабасы ауданы Қараспан ауыл  округі  әкімі  аппаратының  бас маман- жер инспекторы, (санаты   Е-G-3),  1 бірлік.

            Функционалдық міндеттері:  Өз құзыретi шегiнде ауыл шаруашылығы және жер қатынастарын реттеу салаларындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және қызметін жетілдіру жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру. Ауыл округінде агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту бағдарламаларын, жерді аймақтарға бөлу жобаларын және ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларын, елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеу және осы саладағы бағдарламаларды iске асырудың мониторингін жүргізу. Шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, ауыл шаруашылығындағы кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдесу.  Агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн осы Заңға, осы саладағы мемлекеттiк, салалық (секторлық), өңiрлiк бағдарламаларға және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуына мониторинг жүргізу және агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің төленуін қамтамасыз ету. Ауыл округінде шаруашылық жүргізуші субъектілерін міндетті сақтандыруды ұйымдастыру, тамшылытып суғару технологияларын енгізуді реттеу, типтік кешенді жылы жай салу және өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру жөніндегі жұмыстарын жүргізу. Ауыл округінде иесіз және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу, жер учаскелерін беру жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру. Шаруа (фермер) шаруашылық бойынша есепке алу кітаптары мен статистикалық ауыл шаруашылық есепті жүргізу. Ауылшаруашылық жерлердің құнарсыздануын /сорлануын/ анықтау, тиісті мекемелерге ұсыныстар беру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Ауылшаруашылық ғылымдары, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика), құқық (құқықтану), қызмет көрсету (жерге орналастыру, кадастр), техникалық ғылымдар және технологиялар, ветеринария.

  1. Ордабасы ауданы Қажымұхан  ауыл округі әкімі аппаратының жетекші маманы – әскери есеп стол инспекторы, (санаты Е-G-4),  1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Ауыл округі бойынша әскери есепке тіркеу, әскери қызметке шақыру жұмыстарын ұйымдастыру. Әскери міндеттілер мен әскер қатарына шақырылушы жасөспірімдермен жұмыс жүргізу. Өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, мобилизациялық дайындық пен мобилизация жұмыстары бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және жүзеге асыру. Ауыл округінде өткізілетін мәдени және спорттық іс-шаралардың жоспарын бекіту, жалпы жұмысының белгіленген мерзімде орындалуын іске асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоқ.

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері министрінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзiмi – хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге жіберу туралы хабардар еткен күнннен бастап 3 жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www. kyzmet.gov.kz

Ордабасы ауданы әкімдігінің ресми сайты: www.ordabasy.ontustik.gov.kz

 

Ордабасы ауданы  әкімдігінің бірыңғай

конкурстық комиссиясы.

Back to top button
Close