АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП – ОРДАБАСЫДА

Облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Ордабасы ауданында болып, Төрткүл және Қарақұм ауыл округтері тұрғындарына Конституциялық реформалар мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында көзделген мақсаттарды түсіндірді. Ордабасы ауданының әкімі А.Мамытбеков жиынды ашып, бұл басқосудың маңызына тоқталды. Бүкілхалықтық талқылау арқылы толықтырылып, өзгерген Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңалығы жөнінде “Көкарал” жалпы орта мектебінің мұғалімі Ж.Мырзақұлұлы баяндады. Облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы А.Үмбеталиев бұл тақырыпты жалғастыра келе, салық жүйесіндегі жетістіктер жөнінде айтып өтті. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуының тетігі де осы салық түсімі екенін, Оңтүстік Қазақстан облысы бүгінде Республикада салық түсімдері бойынша алдыңғы қатардан табылатынын тілге тиек етті. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары М.Қоқанбаев күн тәртібіндегі мәселеге орай жүктелген міндеттер жайын әңгімеледі.

Back to top button
Close