АУДАН ӘКІМІ ЖҰДЫРЫҚТАЙ ЖҰМЫЛУҒА ШАҚЫРДЫ

Бүгін Ордабасы ауданының қоғамдық кеңесінің кезекті ІІІ/17 отырысы өтті.
Күн тәртібіне орай, Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Кеңесбекұлы Мамытбеков атқарылған жұмыс барысы мен биылға межеленген жоспарлар туралы баяндама жасады. Аудан басшысы қоғамдық кеңес мүшелеріне: “Жалғыздың үні, жаяудың шаңы шықпайды. Сондықтан, мен атап өткен жоспарлардың жүзеге асуына баршаңыздан қолдау күтемін. Алдымен, өлкеміздің тазалығын қолға алсақ. Әр ордабасылықты осы өңірдің дамуына үлес қосуға ынталандырсақ, кез келген қиын жұмыс жеңілдер еді” , – деп сөзін түйіндеді. Қажымұқандық ардагер Медеу Сағымбеков аудан басшысының есебіне жақсы баға беріп, соңғы кезде көп көтеріліп жүрген мәселе – кооперация құруға қатысты нақты ұсыныстарын жеткізді. Ал, Қажымұқан ауыл округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Лесбек Жүсіп елді мекендерді газдандыруға қатысты сұрақ қойып, оған “Дос и К” ЖШС директорының орынбасары Сұлтан Калиакпаровтан тиянақты жауап алды. Бұл мекеме қазіргі уақытта Темірлан ауылы маңындағы газ тарату стансасының құрылысын жүргізуде.
Мінберге екінші болып Бөржар ауыл округінің әкімі Саттар Жолболды шығып, суармалы жерлердің игерілуі мен арналардың бүгінгі жағдайы туралы баяндады. Сондай-ақ, қоғамдық кеңес мүшелері аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Болат Әлішевтың да есебін тыңдады.

Back to top button
Close