ОРДАБАСЫЛЫҚ ӨРЕНДЕР ӨНЕРІМЕН ЖАРЫСТЫ

Аудандық жастар орталығының ұйымдастыруымен бүгін Ордабасыда “Экспо-2017” тақырыбында қолөнершілер байқауы өтті. Аудан бойынша 44 шебер тундыларын жұрт назарына ұсынып, қолөнерімен бөлісті.
Қазылар алқасы сараптап, жастардың жұмысын бағалай келе, бас жүлдеге “Темірлан” жалпы орта мектебінің мұғалімі, жас маман Мұғалбаев Азамат лайық деп тапты. Азамат байқауға “Темірлан” мектебінің жобасын әзірлеп, макет түрінде ұсынған.
І орын Абай жалпы орта мектебінің ұстазы, шебер Исабек Қасиетке бұйырды.
Тоқсансайлық Ибрагимов Саяттың шағын көлігі де назардан тыс қалмай, жүлделі ІІ орыннан табылды. Ал, ІІІ орын Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектептің оқушысы Жұмахан Әйгерімге берілді.
Жастар орталығының директоры Сайлыбаев Мұрат жеңімпаздарды Алғыс хатпен марапаттап, оларға аудан әкімінің жүлделерін үлестірді.

Back to top button
Close