ТАҒЫ 5 КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛДЫ

Кооперацияның игілігі жөнінде Ордабасы ауданында түсіндірме жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2016 жылы үш жақты келісім бойынша 6 өндірістік кооперативін құру жоспарланса, шаруалармен жасасқан келісім нәтижесінде бұл көрсеткіш нақты 10 кооперативті құрады. Бөген ауыл округіндегі егін шаруашылығын дамытумен «Орда-Басы Агро» кооперативі; Бөржар ауыл округі, Қайнар ауылындағы құс шаруашылығын дамытумен «Броллер-Құс» кооперативі; Шұбар ауыл округі, Тоқсансай ауылындағы ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруді дамытумен «Тоқсансай» кооперативі; Бадам ауыл округіндегі мал шаруашылығын, егін шаруашылығын дамытумен «Дәбер Агро» кооперативі; Қараспан ауыл округіндегі шаруашылықтарды сумен қамтамасыз етуді дамытумен «Ырсымбет» кооперативі; Төрткөл ауыл округіндегі балық шаруашылығын дамытумен «Орда жер» кооперативі; Шұбарсу ауыл округіндегі малдың сүтті тұқымдарын көбейтуді дамытумен «Саяжай Бастау» кооперативі; Төрткөл ауыл округіндегі егін шаруашылығын дамытумен «Төрткөл-Агро» кооперативі; Жеңіс ауыл округіндегі егін шаруашылығын, ағын сумен қамтамасыз етуді дамытумен «Халық» кооперативі; Бадам ауыл округіндегі асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытумен «Бес-Бота» кооперативі айналысуда.
Жыл басынан бері де Қараспан ауыл округінен «Ақжол-Агро» кооперативі; Қарақұм ауыл округінен «Бірлестік-Агро» кооперативі; Төрткөл ауыл округінен «Мұрагер-Береке» кооперативі; Қажымұқан ауыл округінен «Асыл тұқымды шаруашылық, Ордабасы ешкі сүт өнімдері» кооперативі; Бөржар ауыл округінен «АгроАжар» кооперативі құрылып үлгерді. Шаруалардың белсенділігі артып, бұл бағытта тиянақты тірліктер атқарылып келеді.

Ордабасы ауданы экономикасының негізін құрайтын салалардың бірі – ауыл шаруашылығы. Бүгінде осы мақсаттағы жерлердің жалпы көлемі 208 мың 662 гектарды, оның ішінде егістік – 71 мың 273 гектарды (мұның 43 мың 414 гектар жері тәлімі, 32 мың 711 гектары суармалы), жайылым – 103 мың 992 гектарды, көпжылдық қондырғылар – 1 мың 490 гектарды, тыңайған жер көлемі 18 мың 954 гектарды құрайды.

Ауыл шаруашылық саласында 2016 жылы 31 млрд. 511 млн. теңгенің өнімі өндіріл, дақылдардың егіс көлемі 54 384 гектарға жетті, 31130 гектар суармалы жер игерілді.     Үш жақты келісім бойынша 2017 жылға шаруалар  53 200 гектар жерге ауылшаруашылық дақылдарын егуді жоспарлауда. Тамшылатып суаруды қолдану әдісі қосымша 715 гектарға енгізіліп,  жалпы көлемі 4 524 гектарды құрады. Жылыжайлар қосымша 7,3 гектарға салынып, аудан бойынша жылыжай 68,45 гектарға жетті, мұнда жылына 5000 тоннаға жуық көкөніс өнімдері жиналады. Сондай-ақ, аудан көлемінде былтыр 55 жаңа ауылшаруашылық техникалары алынды, 3 МТС құрылды.

Back to top button
Close