Ордабасы ауданы әкімі аппараты «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды

Барлық конкурсқа қатысушыларға арналған ортақ біліктілік талаптары:

 

E-R-4 санатына: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай  құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

СанатЕңбек сіңірген жылдарына байланысты
minmax
Е-R-473 28999 105

 

Ордабасы ауданы әкімінің аппараты.

160600 Ордабасы ауданы Темірлан ауылы Т.Рысқұлов көшесі № 14 үй.

Анықтама үшін  тел: 8 (725-30) 2-12-85, тел/факс 8 (725-30) 2-12-41 эл. почта Personal_ordabasy@mail.ru

 

  1. Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек секторының бас маманы (санаты Е-R-4, №30-3-3), 1 бірлік

          Функционалдық міндеттері:  Тиісті ауыл округтері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыға және тұрғын үй көмегіне өтініш пен тиісті құжаттарды қабылдап тіркеу, «Әлеуметтік көмек көрсетудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне» белгіленген мерзімде енгізу, тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді мерзімінде дайындап, хабарламаларды уақытында тапсыру, жәрдемақыларды төлеу үшін екінші деңгейдегі банкіге жәрдемақы алушылар тізімін дайындау, жәрдемақы алушылардың  іс-құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету, Заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді келушілерге, тұрғындарға түсіндіру, арыздарға жауап беру, ауыл округіндегі учаскелік комиссия жұмыстарына практикалық, методикалық көмек көрсету, ауызша және жазбаша арыз-шағымдармен жұмыс жүргізу.  Бөлімде мұрағат ісін жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асыру.  Мұрағатқа келіп түсетін құжаттарды сақтауды және сақталуын қамтамасыз ету. Құрылымдық бөлімшелерден сақтауға келген, іс жүргізумен аяқталған құжаттарды қабылдау және тіркеу. Іс номенклатураларын әзірлеуге қатысу, олардың мұрағатқа тапсыру. Қолданылып жүрген ережелерге сәйкес сақтау бірліктеріне шифр беру, істерді жүйелендіру және орналастыру, олардың есебін жүргізу. Тұрақты және уақытша сақтау мерзім бірліктерінің тізімдеме жинағын, сонымен қатар құжаттарды мемлекеттік сақтауға беру, сақтау мерзімі өткен материалдарды есептен шығару мен жою үшін актілерін даярлау. Құжаттардың жайын, олардың қалпына келтірілуінің уақтылығын, мұрағат жайларында олардың сақталуын қамтамасыз ету. Мұрағат жайларында өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету, мұрағат жұмысы туралы есептілікті даярлау үшін мәліметтерді әзірлеу. Жұмыста қазіргі уақытқа сай техникалық құралдарды пайдалану бойынша қажетті шараларды жүзеге асыру, Lotus Notes бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізу , «Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдаудың өңірлік бағадарламасының» орындалуын қамтамасыз ету,  сектор жұмысы туралы анықтамалар, мәліметтер және хабарламалар дайындау, өз біліктілігін тұрақты түрде арттыру, ішкі және еңбек тәртібін, мемлекеттік қызметшілерінің  қызмет этикасын сақтау.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  Қызмет көрсету (әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету,  әлеуметтік жұмыс), әлеуметтік ғылымдар (әлеуметтану, аймақтану), құқық (құқықтану), экономика және бизнес (экономика,  мемлекеттік және жергілікті басқару), білім (педагогика және психология, математика, информатика, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану).

 

  1. Ордабасы аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыста болған уақытқа) (санаты Е-R-4, №21-1-1),     1 бірлік

          Функционалдық міндеттері:  Елбасы Жолдауы мен мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатын насихаттау, ақпараттық-насихаттық топ жұмыстарында, көрнекі үгіт, ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталуын ұйымдастырады.  Көрнекі үгіт ақпарат құралдарына сараптамалар жасау, ұсыныстар дайындау, қоғамдық-саяси ахуалды сараптау, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың орындалуын саяси қамтамасыз етілуіне жұмыстар ұйымдастыру, әлеуметтік сауалнамалар жүргізеді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күреске байланысты тиісті жұмыстар мен құқықтық оқу ұйымдастырады. Мемлекеттік мерекелер мен мейрамдардың мерекеленуіне байланысты іс шараларының саяси қамтамасыз етілуіне жұмыстар ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралымен жұмыс жасайды, аудан әкімдігінен, жоғары деңгейдегі мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелерден келіп түскен өз саласы бойынша ұсыныстарға, хаттарға жауаптар дайындайды.  Азаматтардың жеке мәселелері бойынша пікір-ұсыныстарының орындалуын қадағалау. Атқарған жұмыстары бойынша ақпараттық мәліметтер дайындайды. Мемлекеттік саясаттың көрнекі ақпаратта, бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталуы, ақпараттық-насихаттық топ жұмыстарын үйлестіреді.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  Әлеуметтік ғылымдар (саясаттану, әлеуметтану, аймақтану, журналистика), экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару), гуманитарлық ғылымдар (филология, дінтану, теология), құқық (құқықтану), техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер), қызмет көрсету.

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері министрінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзiмi – хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге жіберу туралы хабардар еткен күнннен бастап 3 жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www. kyzmet.gov.kz

Ордабасы ауданы әкімдігінің ресми сайты: www.ordabasy.ontustik.gov.kz

 

Ордабасы ауданы  әкімдігінің бірыңғай

конкурстық комиссиясы.

Back to top button
Close