Ордабасы аудандық ветеринария бөлімі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 02 ақпандағы № 70 бұйрығына сәйкес, Ордабасы ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ордабасы ауданының ветеринарлық қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының бос тұрған директоры лауазымын иеленуге конкурс жариялайды.

Конкурс өткізілетін күні, орыны: Конкурс Темірлан ауылы, Қажымұқан көшесі №209, аудандық мәдениет үйі, 3-қабатта, «Ордабасы оттары» газетіне хабарландыру шыққан соң күнтізбелік 15 күннен кейін өтеді. Телефон: 8 (872530) 2-24-02. Пошта индексі 160600.

Біліктілікке қойылатын негізгі талаптар: Қажетті бейіні бойынша жоғары білімнің және тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кәсіби даярлық деңгейінің болуы және мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорынының бейініне сәйкес, басшы лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы

Конкурс өткізу:

  1. Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттардың тізімі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орынының басшылығынан ұсынымдар туралы құжаттардың көшірмелері, т.б.) беруіне болады.

  1. Көрсетілген барлық құжаттар болған кезде сондай-ақ тұлға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келсе, комиссия құжаттар берген тұлғаны конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды.
  2. Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделегенннен кейін конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.
  3. Комиссия конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу кезінде:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Ветеринария туралы» заңдарын, осы кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерін білетіндігі тексеріледі.

Сондай-ақ мемлекеттік басқару органы бекіткен тиісті кәсіпорын басшысының біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулығының негізінде конкурсқа қатысушылардың кәсіби білімі анықталады.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:

1) он сегіз жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Құжаттар мына мекенжайға жіберілуі тиіс: Темірлан ауылы, Қажымұқан көшесі № 209  Мәдениет үйі, 3-қабат. Анықтама телефоны: 8 (72530) 2-24-02.

Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

Back to top button
Close